Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:08, реферат

Краткое описание

Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде қылмыс туралы ұғым, жаза түрлерінің тізбегі, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жалпы принциптері ( қағидалары ) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты қандай қоғамға қауіпті іс - әрекеттің қауіпті қылмыс болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларымен белгіленген нақты бір жаза түрін тағайындау мәселелері қарастырылады.

Оглавление

Ерекше бөлімнің түсінігі және маңызы.
Қылмысты дұрыс саралаудың әділсоттылықты жүзеге асырудағы маңызы.
Қылмыстық құқық ерекше бөлімінің нормаларын формальды – тоғышарлықпен талқылауға және ерекше бөлімнің нормаларының заңдылық табиғатын түсіндіруде нигилистік көзқарасқа жол бермеу.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің жүйелері.

Файлы: 1 файл

Қылмыстық құқық пәнінен лекциялар.doc

— 177.00 Кб (Скачать)

 

                   Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы.

 

  1. Ерекше бөлімнің түсінігі және маңызы.
  2. Қылмысты дұрыс саралаудың әділсоттылықты жүзеге асырудағы маңызы.
  3. Қылмыстық құқық ерекше бөлімінің нормаларын формальды – тоғышарлықпен талқылауға және ерекше бөлімнің нормаларының заңдылық табиғатын түсіндіруде нигилистік көзқарасқа жол бермеу.
  4. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің жүйелері.

            Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының белгілерін, сондай – ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

            Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде қылмыс туралы ұғым, жаза түрлерінің тізбегі, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жалпы принциптері ( қағидалары ) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты қандай қоғамға қауіпті іс - әрекеттің қауіпті қылмыс болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларымен белгіленген нақты бір жаза түрін тағайындау мәселелері қарастырылады.

            Жалпы бөлімнің нормаларын басшылыққа алмайынша Ерекше бөлімнің нормаларын қолдану мүмкін емес, немесе керісінше Ерекше бөлім нормалары болмаса Жалпы бөлім нормаларының іске асырылуы мүмкін емес.

            Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде көрсетілген Қылмыстық құқықтың нақты белгілі бір бабы бойынша қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде көрсетілген Қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Жалпы бөлімде көрсетілген нормаларға соқпай өтуге болмайды. Мысалы, кінәнің нысандары және олардың мазмұны, қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жас мөлшері, қылмысқа қатысудың ұғымы, қылмысқа қатысу нысандары және қатысушылардың түрлері, қылмысқа даярланғандық немесе оқталғандық сияқты түсініктер тек қана Жалпы бөлімде айқындалған. ҚР – ы ҚК – ң 103 – бабы бойынша – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәліні қылмыстық жауапқа тартып, соттау үшін, біріншіден бұл қылмысты жасы 14 – ке толған есі дұрыс ( 15, 16 – баптар ), қылмысты қасақаналықпен ( 20 – бап ), қажетті қорғану белгілері жоқ болған жағдайда ( 32 – бап ) жасалғанын анықтау қажет. Осы жасалған қылмыс үшін жаза тағайындағанда сот ҚК – ң Жалпы бөлімінің мынадай қағидаларын басшылыққа алады : 38 – бап ( жазаның мақсаттары ), 52 – бап ( жаза тағайындаудың жалпы негіздері ), 53, 54 – баптар ( жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән – жайлар ) және т.б. Немесе ҚК – ң 55 – бабын қолданып заңда көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауы мүмкін. Жалпы және Ерекше бөлімдердің мақсаты қоғамға қауіпті іс - әрекеттерге заңдылық баға беріп, істелген қылмыс үшін заңда белгіленген жазаны әділ қолдану болып табылады.

           Қылмыстық  құқықтың Ерекше бөлімі курсының  пәні дегеніміз қылмыстың жеке  түрлеріне қылмыстық жауаптылық  белгілеу және осы қылмыстың құрамының белгілерін, оларға тиісті жазаны анықтайтын нормалардың мазмұнын ашу болып табылады.

           2. Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің маңызы өте ерекше. Қылмыстық құқықтың 19 – бабының 3 – тармағында көрсетілгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін және оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп табу үшін оның жасаған іс - әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының белгілері болуы керек екендігін және қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс - әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден – бір негізі болып табылатынын айқындайды. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс - әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы іс - әрекетке Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды. Қылмысты дұрыс саралау құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік борышы, негізгі міндеті.

           Қоғамға  қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы  іс - әрекеттерді Қылмыстық құқықтың  Жалпы және Ерекше бөлімдеріндегі  баптарға дәлме – дәл жатқызу,  дұрыс саралау – заңдылық принципін  бұлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады. Егер нақты бір іс - әрекетті, мысалы ұрлықты, бір сот ұрлық деп, екіншісі тонау, ал үшіншісі қарақшылық деп сараласа, бұл заңдылық жөніндегі конституциялық принциптің өрескел бұзылғандығы болып саналады. Қылмысты дұрыс сараламаудың нәтижесінде қылмысты іс - әрекетті жасаған кінәлі адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін.

           Қылмысты  дұрыс сараламаудың өзі қылмыстық  құқықтың алға қойған басты  мақсаттарының бірі жасалған  іс - әрекеттерге дұрыс, әділ жаза тағайындау принципіне қайшы келеді. Қылмысты дұрыс саралау – жеке адамдардың ҚР – сы Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын, бостандықтарын қорғаудың кепілі болып табылады. Қылмысты дұрыс сараламаудың сотталған адамға тигізетін адамға зардабы да зор. Кінәлінің іс - әрекетін дұрыс сараламау, оның заң қорғайтын мүддесіне келтірілген зор кесел болып табылады. Іс - әрекетті дұрыс сараламау салдарынан – адамға негізделмеген жаза тағайындалып қана қоймайды, ол оның тағдырына байланысты көптеген зардаптарға әкеп соғады. Мысалы : қылмысты дұрыс сараламаған жағдайда, оған көп немесе аз жаза тағайындалуы мүмкін. Қылмысты дұрыс сараламау оған белгіленген түзеу колониясының түріне де, сондай – ақ кінәліні мерзімінен бұрын шартты жазамен босату немесе босатпауға да әсер етеді.

           Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын оқығанда оны формальды – тоғышарлық әдіспен пайдалануға ешқандай да жол берілмеуі керек. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын Жалпы бөлім нормаларымен байланыссыз, жеке дара, оларды әлеуметтік – саяси бағыттарынан тысқары, қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайынан мүлдем сыртқары түрде зерттеу – формальды – тоғышарлық әдіс болып табылады. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімін формальды – тоғышарлықпен оқып білуге, зерттеуге үзілді – кесілді тыйым салыну керек.

           Сонымен  бірге Қылмыстық құқықтың Ерекше  бөлімінің нормаларын оқып үйренуде  нигилистік көзқарасқа жол берілмеуі  керек. Нигилистік көзқарастар  қылмыстың құрамының белгілерін  өзінше, заңға байланыссыз талқылау немесе арнаулы қылмыстық заң нормалары жоқ болғанына қарамастан, соған ұқсас басқа заңдармен қылмыстық жауапқа тартуды көздейді. Мұндай көзқарас заңдылық принципіне мүлдем қайшы.

           4. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөліміндегі нормалар белгілі бір тәртіппен, жүйеге бөлініп орналасады. Ерекше бөлімнің жүйелері деп – қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жеке қылмыстық нормалардың топтық обьектілік белгісі бойынша белгілі бір жекелеген топтарға бөлініп, қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай рет – ретімен, дәйектілікпен орналасу тәртібін айтамыз. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйесін дұрыс құру қылмысты дұрыс саралауға ғана емес, сонымен бірге онымен белсенді күрес жүргізуге, оның алдын алуға, әділ жаза тағайындауға толық мүмкіндік береді. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі нормаларын бөлудің негізі болып – қылмыс обьектісі, атап айтқанда қылмыстың топтық обьектісі негіз бола алады. Топтық обьект қоғамға қауіптілігі бірдей едәуір қылмыс топтарының обьектісі, яғни ол өзара ұқсас қылмыстардың бір тарауға топтастырылуының негізі. Кейбір қылмыстарды топқа бөлу – топтық обьект ғана емес, қылмыстың субьектісінің ерекшеліктері де ескеріледі. Мысалы, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы, әскери қылмыстар.

           ҚР – ң жаңа ҚК – ң  Ерекше бөлімінде мынадай 16 – тарау бар :

  1. Жеке адамға қарсы қылмыстар ;
  2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар ;
  3. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар ;
  4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар ;
  5. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар ;
  6. Меншікке қарсы қылмыстар ;
  7. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар ;
  8. Коммерциялық және өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар ;
  9. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ;
  10. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар ;
  11. Экологиялық қылмыстар ;
  12. Көліктегі қылмыстар ;
  13. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар ;
  14. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар ;
  15. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар ;
  16. Әскери қылмыстар.

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Жеке адамға қарсы қылмыстар.

 

           1. Жеке  адамға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.

           2. Адам өлтіру.

           Адамның  және азаматтың құқықтары мен  бостандықтары мемлекет арқылы  қорғалады. ҚР – ң Конституциясының 2 – бөлімі осы мәселеге тікелей  арналған. Конституцияның 1 – бабында  «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп жарияланған. Осыған орай ҚР – ғы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқық та адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. ҚР – ң ҚК – ң 2 – бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. ҚР – ң барлық заңідары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарынқорғауға әруақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да ҚР – ң ҚК – ң Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық обьектісі жеке адамның дұрыс іс – қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Тікелей обьектілерінің ерекшеліктеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді :

           1. Өмірге қарсы қылмыстар : адам өлтіру ( 96 – бап ); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі ( 97 – бап ); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру ( 98 – бап ); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру ( 99 – бап ); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру ( 100 – бап ); абайсызда адам өлтіру ( 101 – бап ); өзін - өзі өлтіруге дейін жеткізу ( 102 – бап ).

           2. Денсаулыққа  қарсы қылмыстар : Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ( 103 – бап); денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру ( 104 – бап ); денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ( 105 – бап ); денсаулыққа жан күйзелісі ( аффект ) жағдайында зиян келтіру ( 108 – бап ); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ( 109 – бап ); қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру

( 110 – бап ); денсаулыққа  абайсызда зиян келтіру ( 111 –  бап ); азаптау ( 107 – бап ); қорқыту  ( 112 – бап ); ауыстырып салу  не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету ( 113 – бап ); соз ауруларын жұқтыру ( 115 – бап ); адамның иммун тапшылығы вирусын ( ВИЧ/ЖҚТБ ) жұқтыру ( 116 – бап ); медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы ( 114 – бап ); заңсыз аборт жасау ( 117 – бап ); науқасқа көмек көрсетпеу ( 118 – бап ); қауіпті жағдайда қалдыру ( 119 – бап ).

           3. Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар : Адамды ұрлау ( 125 – бап ); бас бостандығынан заңсыз айыру ( 126 – бап ); психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру

( 127 – бап ); адамдарды  пайдалану үшін азғырып – көндіру  ( 128 – бап ).

           4. Жеке  адамның ар – намысына және  адамгершілігіне қарсы қылмыстар  : Жала жабу

( 129 – бап ); қорлау ( 130 – бап ).

           5. Жыныстық қылмыстар : Зорлау ( 120 – бап ); нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану ( 121 – бап ); он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу  және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс - әрекеттер ( 122 – бап ); жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс - әрекеттерге мәжбүр ету ( 123 – бап ); жас балаларды азғындату ( 124 – бап ).

           2. ҚР – ң  1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің түсінігі берілген. «Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру» деп ҚК – ң 96 – бабында тура көрсетілген. Өмірге қарсы қылмыстың соның ішінде адам өлтірудің де тікелей обьектісі адамның өмірі болып табылады.

          Адам өлтірудің обьективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс - әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет.

         Адам өлтірудің обьективтік жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстық зардаптың - өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады.

          Адам өлтіру - материалдық құрамға жатады.

          Адам өлтірудің субьективтік жағы – ҚК – ң 96 – бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады.

          Кінәлінің  ниетінің түрі туралы мәселені  шешкенде соттар жасалған қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда : қылмыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшауларын ( мысалы адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау ), кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай – ақ кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез – құлқы, оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс.

           Қасақана  адам өлтірудің субьектісі 14 жасқа  толған жеке тұлға болып табылады, ал 

ҚК – ң 97 – 102 – баптарында көрсетілген жағдайларда адам өлтірудің субьектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады.

Информация о работе Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы