Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:08, реферат

Краткое описание

Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде қылмыс туралы ұғым, жаза түрлерінің тізбегі, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жалпы принциптері ( қағидалары ) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты қандай қоғамға қауіпті іс - әрекеттің қауіпті қылмыс болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларымен белгіленген нақты бір жаза түрін тағайындау мәселелері қарастырылады.

Оглавление

Ерекше бөлімнің түсінігі және маңызы.
Қылмысты дұрыс саралаудың әділсоттылықты жүзеге асырудағы маңызы.
Қылмыстық құқық ерекше бөлімінің нормаларын формальды – тоғышарлықпен талқылауға және ерекше бөлімнің нормаларының заңдылық табиғатын түсіндіруде нигилистік көзқарасқа жол бермеу.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің жүйелері.

Файлы: 1 файл

Қылмыстық құқық пәнінен лекциялар.doc

— 177.00 Кб (Скачать)

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады (1); Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы (2); Кәмелетке толмаған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті (3) – делінген.

1997 жылы қабылданған  жаңа Қылмыстық кодекстің Ерекше  бөлімінің 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық белгілеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты қылмыстардың мынадай түрлері көрсетілген: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап); кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); баланы ауыстыру (134-бап); бала асырап алу құпиясын жария ету (135-бап); балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап); кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап); балалардың өмірі мен денсаулығының кауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау (138-бап); қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану (139-бап); еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап). Осы топқа жататын қылмыстардың объектісі ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене бітімі, интеллектуальдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады.

     Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық істеуге тарту (131-бап)

    Кәмелетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның қылмыстық іске тартуы жеке қылмыс құрамы ретінде қарастырылады.

     Қылмыстың тікелей объектісі – кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады.

    Қылмыстың жәбірленушісі – 18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке толмағандар.

     Қылмыс объективтік жағынан алғанда әртүрлі әдістер (тәсілдер) қолдана отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге асырылады.

     Қылмыс формальдық құрамға жатады. Және ол кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартқан уақыттан (яғни 18-ге толмаған адамның оған келіскен сәтінен бастап ) аяқталған деп танылады. Қылмыстық кодекстің 131-бабының 1-тармағы бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарды істеуге кәмелетке толмағандарды тартқаны үшін ғана жауаптылық көзделген. Субъективтік жағынан ҚК-тің 131- бабында көзделген қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі.

     Қылмыстың субъектісі заңда тура атап көрсетілгендей кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқан жасы 18-ге толған адам. Кәмелетке толмаған адамның екінші бір кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуы бұл қылмыс құрамына жатпайды.

     Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет- осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 131-бабының 2-тармағы). Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер (131-баптың 3-тармағы)-осы қылмыстың тағы бір ауырлататын түрі болып табылады.

      2.  Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (131-бап)

    Криминологиялық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары елімізде кәмелетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған.

       Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады.

     Объективтік жағынан қылмыс кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға немесе спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады.

    Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту формальдық қылмыс құрамына жатадыжәне ол заңда (132-бап) көрсетілген әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.

      Кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133 - бап)

    Қылмыстың тікелей объектісі – кәмелетке толмағандардың мүддесі, олардың дұрыс дамуы, жетілу, білім алу, тәрбиелену жағдайлары.

     Қылмыс объективтік жағынан кәмелетке толмаған адамды сатып алу не кәмелетке толмаған адамға қатысты оны біреуге беру немесе оны иемдену түрінде өзге мәмілелер жасау арқылы жүзеге асырылады.

    Кәмелетке толмаған адамды белгілі келісімді ақы алып (ақшалай, заттай, қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлік) басқаға беру, сату немесе сатып алу деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс – кәмелетке толмағандарды саудаға салу тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі – 16-ға толған кез келген есі дұрыс кәмелетке толмағандарды саудаға салуға қатысқан адамдар.

      Баланы ауыстыру (134 - бап)

     Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, баланы ауыстыру арқылы ата-анамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып, адамгершілік принциптеріне жатпайтын әрекеттер жүзеге асырылады.

    Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол бір баланы екінші бір баламен заңсыз ауыстырған сәттен бастап аяқталған деп табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған есі дұрыс баланы нақты ауыстырған адам (босану немесе балалар үйінің медицина қызметкерлері, жаңа туған баланың анасы) т.с.с

Балаларын немесе еңбекке  жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136 - бап)

    Қылмыстық кодекс бойынша:

     Ата - ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ он сегіз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейі жалтаруы (136 - баптың 1- тармағы);

     Кәмелетке толған  еңбекке жарамды адамның сот  шешімі бойынша өзінің еңбекке  қабілетсіз ата - анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейі жалтаруы (136 - баптың 2 – тармағы ) ұшін жеке-жеке жауаптылық көзделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адамның және азаматтың  конституциялық құқықтары мен бостандықтарына  қарсы қылмыстар.

 

     1) Адамның  және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының түсінігі.

        2) Адамның және азаматтың конституциялық  құқықтары мен бостандықтарының түрлері.

        Тәуелсіз Қазақстан  мемлекетінің басты міндеттерінің  бірі өз азаматтарының бостандықтары  мен заңды құқықтарын барынша  қорғау болып табылады. Оның айғағы  азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік  және басқа да құқықтарының  ҚР – ң Конституциясында толық, жан – жақты көрініс табуы болып табылады.

        ҚР – ң  Конституциясының 1 – бабында ең  қымбат қазына адам және адамның  өмірі, құқықтары мен бостандықтары  деп белгіленген. Адам құқықтары  мен бостандықтары әркімге тумысынан  жазылған, олар абсолютті деп тагылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады делінген Конституцияның 1, 2 – тармағында.

        Конституцияның 2 – бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі ( 14 – баптың 2 – тармағы ). Азаматтық құқық пен бостандықтарға; экономикалық және әлеуметтік құқықтарға ҚР – сы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды ( 1 – бап ).

         Азаматтардың  саяси, әлеуметтік және басқа  да құқықтарына қарсы қылмыстық  жауаптылық нормалары Қылмыстық  кондекстің төртінші тарауында  көрсетілген. Бұл қылмыстық заң  нормалары азаматтардың конституциялық  осы құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды роль атқарады.

         2. Айтылып отырған қылмыстың топтық обьектісі болып азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары саналады. Қылмыстардың осы тобы қылмыстың тікелей обьектісіне сәйкес және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мәніне қарай мынадай негізгі топтарға бөлінеді :

        Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар : азаматтардың тең құқықтылығын бұзу ( 141 – бап ); сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау ( 146 – бап ); сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу ( 147 – бап ); журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру ( 155 – бап ); жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау ( 151 – бап ); ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу ( 153 – бап ); қоғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау ( 150 – бап ).

          Адамның және азаматтың әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар : еңбек туралы заңдарды бұзу ( 148 – бап ); еңбекті қорғау ережелерін бұзу ( 152 – бап ).

          Жеке құқықтар мен бостандықтарға  қарсы қылмыстар : жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу ( 142 – бап ); хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу ( 143 – бап ); дәрігерлік құпияны жария ету ( 144 – бап ); тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу ( 145 – бап ); ар – ұждан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау ( 149 – бап ).

 

 

 

 

Саяси және әлеуметтік –  экономикалық құқықтар мен бостандықтарына  қарсы қылмыстар.

 

         1) Азаматтардың саяси құқықтары  мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың  түрлері

         2) Азаматтардың әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы  қылмыстардың түрлері.

         Азаматтардың  тең құқықтылығын бұзу ( 141 – бап  ); Сайлау құқығын жүзеге асыруға  немесе сайлау комиссияларының  жұмысына кедергі жасау ( 146 –  бап ); Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу ( 147 – бап); Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру ( 155 – бап ); Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау ( 151 – бап)

Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу ( 153 – бап ); Қоғамдық бірлестіктердің  қызметіне кедергі жасау ( 150 –  бап ).  

                                 Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу ( 141 – бап ).    

         Қылмыстың тікелей обьектісі ҚР – ң Конституциясының 14 – бабының 1 – тармағында көрсетілген тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деген қағида болып табылады.

          Қылмыс обьективтік жағынан адамның ( азаматтың ) құқықтары мен бостандықтарын тегі, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығы себептермен немесе өзге кез келген жағдаяттар бойынша тікелей немесе жанама шектеу арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген құқықтар мен бостандықтарды тікелей шектеу деп азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын ашық түрде оның белгілі бір ұлтқа, дінге, нәсілге жататындығына немесе басқадай белгілеріне байланысты бұзу ( жұмысқа алуға кедергі қою, қоғамдық көлікті ұлтына, тіліне байланысты пайдалануға кедергі жасау, тұрғын үй беруден шектеу, белгілі бір аумақта көрсетілген белгілерге байланысты тұруға тыйым салу және т.б ). Көрсетілген белгілер бойынша жанама түрде шектеуге азаматтардың жалақысын кеміту, мамандығы немесе тиісті кәсібі бойынша еңбек етуіне жол бермеу, көрсетілген белгілер бойынша оларды үнемі мінеу, сынау, олардың өз ойларын, пікірлерін айтуына жол бермеу немесе басқадай түрдегі әртүрлі кемсітулер жатады.

          Қылмыс құрамы формальдық. Ол осы заңда белгіленген тең құқықтар мен бостандықтарды тікелей немесе жанама шектеу орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

         Субьективтік жағынан алғанда аталған қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі.

          Қылмыстың субьектісі 16 – ға толған кез келген адам. Көрсетілген ауырлататын қылмыс құрамының субьектісі – арнаулы ( лауазымды адам немесе қоғамдық бірлестіктің жетекшісі ).

          2. Еңбек туралы заңдарды бұзу ( 148 – бап ).

          Қылмыстық заң еңбек жөніндегі заңды және еңбек қорғау ережелерін бұзғандық үшін арнаулы баптар бойынша жауаптылық белгілеген. ҚР – ң Қылмыстық кодексінде қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату, соттың жұмысты қайта қалпына келтіру туралы шешімін орындамау, сондай – ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соққан еңбек туралы заңдарды өзге де бұзу үшін жауаптылық көзделген ( 148 – баптың 1 – тармағы ).

Информация о работе Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі және оның маңызы