Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 21:09, контрольная работа
Елестеушілік (галлюцинация) – нақтылы объекті болмаған жағдайдағы қабылдау.Нақтылы зат жоқ,бірақ адам оны көреді,ешқандай сөйлеу жок жағдайында адам дауыстарды естиді.Елестеушілік сезім мүшелеріне байланысты көру,есту,жанасу,дәм сезу,иіс сезу сияқты бөлінеді.
Көру елестеушілігі.Ауру әр түрлі заттарды,адамдарды бүтіндей не оларды бөлшекті түрде көреді.Ауру ұшқын мен көлеңкені,заттарды, адамдарды,жануарлардыкөреді.Бұлар дара да көптеп те кздеседі.Кейде ауру үлкен бір көзд,құлақты,білезік пен қолды ғана көреді.Бұл көріністер жиі өзгеріп тұрады.Елестеушілік әр түрлі түсті болады.Елестеушілік белгілер көбіне табиғи түсті,өмірдегідей болып кездеседі.Кейде елестеушілік таң қаларлық жағдайда кездеседі.Мысалы,ауру арыстан басты әйелді не әйелдің басы балық денесіне орнатылған сияқты құбылыстарды көреді.Кейде елестеушілік бейнелер кішірейге не үлкейген болып көрінуі мүмкін.Көру елестеушілігі жиі сананың бұзылуында қатты және жылдам өтетін жұқпалы не улану психозында болады.