Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:58, курсовая работа

Краткое описание

Банктер мен клиенттер араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды, несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Банк сферасындағы несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. Несиелік қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.

Файлы: 1 файл

КУАНГАЛИЕВА Банктік несиелендіру және оны жетілдіру.doc

— 995.50 Кб (Скачать)

Несиелік қарым қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.

Банктік несиелік қарым қатынастардың даму деңгейі әр өңірдің мамандануы ерекшелігіне тікелей байланысты. Өңірдің өндірістік даму деңгейі банктердің несиелік әлеуеті салым механизмі арқылы және өнеркәсіптің есеп шотындағы қалдықтары жүзінде көрініп тұрады.Банктердің несиелік саясатына ықпалын тигізетін, оның өңірдегі банк қызметтерінің нарықтық ерекшеліктері: көлемі, қызмет көрсетудің толық мөлшері, бәсекелестік несие алушының қаржылық жағдайы және салалық спецификасы.

Қазіргі қалыптасатын несиелік  қарым қатынастары дамуының қарқыны нарықтағы бәсеке факторына тәуелді болып отыр, сондықтан ілгері дамыған банктік менеджмент және маркетинг әдістерін іс әрекетте қолдану оның нарықты алатын орнын анықтап отырады. Банктің қаржылық тұрақтылық деңгейі көптеген сол нарыққа қатысушыларға қажетті индикатор ретінде танылады және Ұлттық Банк тарататын ақпараттар көзіне қосымша салыстыру көрсеткіші болып отыр  [ 29 ]. 

Банктің несиелік менеджерлері қарыз алушылардың жалпы қызметін және қаржылық жағдайын талдау кезінде несиелік меморандум толтырады. Онда қарыз алушының қызмет түрі, қызмет ету кезеңі, географиялық жағдайы, байланысты компаниялары, қызмет көрсететін банктермен қарым – қатынасы, несиелік тарихы, менеджменті көрсетіліп, қаржылық жағдайына: балансына, пайдасы мен зияны туралы есебіне толық зерттеу жүргізіледі де, соған байланысты коэффициенттері бағаланады. Сонымен қатар, несиелік қаражаттарды жұмсайтыны туралы жоба, тәуекелдер талданады, оң және теріс жақтары қарастырылады. Соңында мониторинг жоспары мен несиенің берілуі туралы оң шешім қабылданған жағдайда несиелеуді оптималды құрылымы көрсетіледі. Осы жерде, менің ойымша банктік несиелеу тәртібіне байланысты келесідей жетілдіру жолдарын енгізген жөн:

 

ҰСЫНЫСТАР ТІЗІМІ:

1.

Бөлшектелген талдауларды біріктіре келе несие қабілеттілігін рейтингтік бағалаудың бірегей сызбасы бойынша жұмыс жүргізу;

 

2.

Несие қабілеттілігін бағалау кезінде анықталатын коэффициенттердің белгілі бір түрін біріктіретін оптималды жүйесін енгізу;

 

3.

Несиені беру мүмкіндігінің баллдық бағасын қолдану;

4.

Ссуда берілгеннен кейін қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторинг жасау кезінде баланс баптарының, соның ішінде ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерінің өзгерісіне аса көңіл бөлген жөн;

 

5.

Ақша қаражаттарының қозғалысына толық талдау жүргізіп, өзгеру мүмкіндіктерін болжау;

 

6.

Қарыз алушыдан міндетті түрде жобаның іске асырылуына толық талдау жасалған бизнес – жоспарын талап ету;

 

7.

Потенциалды қарыз алушылар қызмет ететін аймақтағы нарық сегменттерін зерттеу бойынша жұмысты жақсарту.

 

8.

несиелік ресурстардың көзі ретінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін, соның ішінде зейнетақы қорларының салымдарын ынталандыру;

 

 

9.

несиелік келісімшарттарда негізгі қарыз бен пайыздың қайтарылмауының алдын алу баптарына көңіл бөлу;

10.

кепіл механизмін жетілдіру,соның ішінде банкрот болған кәсіпорынның мүлкін таратуда банктің талаптарын бірінші кезекте орындау;

11.

кейбір салаларды, мысалы, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тәрізді салаларды несиелеу кезінде мемлекеттің қатысуы маңызды болып табылады. Атап айтсақ, оларды мемлекеттік банктер арқылы жеңілдетіліп қаржыландыру, салықтық ынталандыруды жүзеге асырған жөн;

12.

несиелік тәуекелді басқаруда маңызды рөл атқаратын провизияны құру кезінде шетел тәжірибесіне сүйену.

 

Жалпы алғанда, банктік несиелеу процесін жетілдіруге Қазақстан Ұлттық банкі және екінші деңгейлі банктердің несиелік менеджерлерінің тарапынан жан – жақты ат салысу қажет.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, Қазақстан Республикасы экономикасының қарқынды өсіп дамуы қаржы мекемелерінің қызметтеріменен тығыз байланысты болып отыр. Өйткені, экономикадағы қаржы секторының дамуы негізінде экономиканың өндіріс секторларын ақшалай қаражаттарымен қамтамсыз ету мүмкіндігіне ие боламыз. Кәсіпкерлер және ірі кәсіпорындар банктің несиесінсіз өз қызметтерін толығымен дұрыс жолға қоя алмайды. Оларды әр уақытта ақша қаражаттарына деген қажеттілік туып отырады. Ол қажеттілікті банк несиесі арқылы қанағаттандыру мүмкіндігі бар.Сондықтан қазіргі таңда несие жағдайында банктің атқаратын қызметі аса зор.

Осы жұмысты, яғни “Банктік несиелендіруді ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары”  тақырыбын толық зерттеу нәтижесінде келесі ұсыныстар мен қорытындылар берілді:

─ Банктік несие–бұл банктердің, арнайы несие қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең;

─ Банктік несие арқылы  халық өз мұқтаждығына қажетті қаржы ресуртарын  қамтамасыз ете алады;

─ Несие алатын ақша айналысы қоғамдық өндірістің шеңберін кеңейтеді;

─ Айналым шығындарын үнемдеуге көмектеседі, несиенің дамуыны барысында әр түрлі банктік шарттар мен салымдар пайда болып, нақтысыз ақша айналымының өсуіне артады.

Сонымен, ел халқының банк тарапынан несие алуының көлемін ұлғайту, дамыту мәселелері актуалды және мемлекет үшін де, халық үшін де және банк жүйесі үшін де біршама маңызды болып табылады. Несиені тұтыну дәрежесінің  және сұраныстың  арта түсуінен банк қызметінің уақыт өткен сайын дамып келе жатқандығын көре аламыз. Банк өз клиенттеріне олардың қажеттілігіне сәйкес несие береді, солай тұра олардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың  “Қазақстан-2030”  стратегиялық жоспары бойынша басты мақсат-ауылдың ең елеулі проблемаларын шешу, халықтың әл ауқатын жақсарту, кедейлік пен жұмыссыздықпен күресу болып табылады. Сол себепті ел экономикасының дамығандығын банк сферасы тарапынан келтірілген статистикалық көрсеткіштерден көруге болады.

Көптеген банктік несие тұрғысынан қарастырылмай қалған мәселелерді мемлекет тарапынан зерттеліп, оларды шешудегі тәсілдерді барынша тез арада сапалы түрде жүзеге асыру- Қазақстан Республикасы экономикасының қарқынды дамып, дамыған елдер қатарына қосылуына алып келер еді.

Банктік займдар негізінен, айналым қаражаттарын толтыру мен негізгі

құралдарды сатып алуға бағытталған.Олардың мерзімі бойынша сыныпталуында оң өзгерістер бар. Сондай – ақ салалық құрылымы бойынша несиелердің көп үлесі өнеркәсіп және сауда саласына келеді. Ал, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салалары берілген несиелердің ішінде аз үлес алады. Жалпы алғанда, қазіргі несиелеу жүйесінің әрі қарайғы дамуын ынталандыру үшін келесідей шараларды ұсынамыз:

      несиелік ресурстардың көзі ретінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін, соның ішінде зейнетақы қорларының салымдарын ынталандыру;

      несиелік келісімшарттарда негізгі қарыз бен пайыздың қайтарылмауының алдын алу баптарына көңіл бөлу;

      кепіл механизмін жетілдіру,соның ішінде банкрот болған кәсіпорынның мүлкін таратуда банктің талаптарын бірінші кезекте орындау;

      кейбір салаларды, мысалы, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі тәрізді салаларды несиелеу кезінде мемлекеттің қатысуы маңызды болып табылады. Атап айтсақ, оларды мемлекеттік банктер арқылы жеңілдетіліп қаржыландыру, салықтық ынталандыруды жүзеге асырған жөн;

      несиелік тәуекелді басқаруда маңызды рөл атқаратын провизияны құру кезінде шетел тәжірибесіне сүйену.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. Мақыш С.Б.  «Банк ісі»  оқулық Алматы 2007,

2. Хамитов Н.Н. «Банк ісі» оқулық, Алматы 2007

3. Тулембаева А.Н. «Банковский маркетинг» Учебное пособие. 2007

4. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. Алматы 2002.

5. Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп», Алматы 2005.

6. Сейітқасымов Г.К. «Бухгалтерский коммерческих банках»

7. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Алматы 1999 ж.

8. «ҚР Ұлттық Банкі туралы» ҚР заңы 1995 ж.

9. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» ҚР заңы 1995 ж.

10. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР заңы.

11. Кабилтаева А.Б. «Проблемы кредитования реального сектора в казахстанских банках» // Банки Казахстана, №7, 2010ж.

12.ҚР-ның кейбір заң актілеріне ипотекалық несиелеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР-ның заңы: 2009ж. 3 маусым №427, Егемен Қазақстан 2009ж. 10 маусым № 140-141, 5 бет

13. Ғ.С. Сейітқасымов. Ақша, несие, банктер. Алматы 2001 ж.

14. Давлетова М.Т. «Кредитная деятельность банков в Казахстане», Алматы 2001г.

15. Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп», Алматы 2008.

16. Положение об ипотечном кредитовании физических лиц. 2009г.

17. Процедура проведения оценки залогового имущества и методические рекомендации по определению стоимости объекта залога, 6 май 2000г.

18. «БТА банк» АҚ-ның жылдық қаржылық есебі (2010ж.)

19. «Статистическое обозрение Казахстана», №1,2010

20. Мадиярова А. «Кредит – нужда или надобность» // Банки Казахстана, №5, 2011 ж.

21. «Банки Казахстана», №5,2009. Конакбаева А.Г. «Кридитная система РК: современное состояние и проблемы развития».

22. «Банки Казахстана», № 2, 2010

23.  «Континет», Татишева Е., «Рынок становиться чище» №25, 2006

24. «ҚазҰУ Хабаршысы» №3(43) 2009ж

25. «ҚазҰУ Хабаршысы» №3(55) 2010ж

26. «ҚазҰУ Хабаршысы» №3 (49) 2009ж

27. «Қаржы қаражат» №1 2010

28. Ұлттық банктің Жылдық есебі. – Алматы, 2010.

29. « Қаржы қаражат»

30. www.google.kz.

31.  www.yandex.ru.

32. www.bta.kz.

33. www.nationalbank.kz.

34. www.khabar.kz

35. www.afn.kz

ҚОСЫМША  А.

 

Екінші деңгейдегі банктердің несие портфелі бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент еместеріне берілген несиелер бойынша 2009-2010 жж ақпарат

 

 

 

 

Банктердің атауы

 

 

Несие портфелі

 

ҚР резидент

еместердің

заемдары

 

 

 

Несие

Портфеліндегі ҚР

резидент еместерінің

заемдар үлесі, %

 

    Жылдар

 

2009

 

2010

 

2011

 

2010

 

2011

 

2010

 

 

2011

11.

"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ

 

2268,2

 

   2337,4

 

2275,6

 

271,4

 

 

196,4

 

11,6

 

8,6

2

2.

"БТА Банкі" АҚ

 

 

 

1598,5

 

2199,0

 

1640,7

 

   1212,3

 

 

848,3

 

55,1

 

53,5

3

3.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

 

 

1548,1

 

1201,4

 

1250,2

 

75,9

 

 

102,3

 

6,3

 

8,2

44.

 

"АТФБанк" АҚ

 

 

798,9

 

828,4

 

1840,9

 

13,3

 

56,4

 

1,6

 

6,7

5

5.

"Банк ЦентрКредит" АҚ

 

 

702,1

 

684,8

 

756,9

 

24,4

 

 

24,7

 

3,6

 

3,3

66.

"Альянс Банк" АҚ

 

 

550,6

 

574,2

 

565,6

 

15,3

 

 

15,2

 

2,7

 

2,7

77.

"KASPI BANK" АҚ

 

 

248,3

 

254,1

 

297,1

 

2,0

 

 

00

 

0,8

 

00

88.

"Еуразиялық Банк" АҚ

 

 

243,2

 

249,9

 

249,3

 

0,0

 

 

22,1

 

0,0

 

8,9

99.

"ТЕМIРБАНК" АҚ

 

 

202,9

 

238,1

 

207,6

 

9,7

 

 

1,4

 

4,1

 

0,7

10.

"Сбербанк" АҚ ЕБ  

 

 

202,6

 

200,2

 

205,1

 

8,0

 

 

4,0

 

9,0

 

00

111

"Цеснабанк" АҚ

 

 

188,2

 

116,6

 

194,8

 

0,0

 

1,0

 

0,0

 

0,5

112

"Нұрбанк" АҚ

 

 

187,5

 

106,6

 

188,8

 

2,2

 

00

 

2,1

 

00

113

"HSBCБАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ ЕБ

 

 

74,5

 

62,9

 

94,5

 

0,4

 

0,4

 

0,7

 

0,4

114

"Қазақстанның тұрғын ұй құрылыс жинақ банкі» АҚ

 

 

65,9

 

58,3

 

74,0

 

-

 

 

-

 

00

115

 

"ЭКСИМБАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ ЕБ

 

57,1

 

52,4

 

58,9

 

0,0

 

 

0,1

 

00

116

"Қазинвестбанк" АҚ

 

 

52,0

 

52,1

 

52,9

 

-

   

00

 

-

 

00

117

"Delta Bank" АҚ   

 

 

48,2

 

43,8

 

48,0

 

0,1

 

 

0,1

 

00

118

"АЛЬФА-БАНК" ЕБ" АҚ

 

 

35,1

 

35,5

 

38,8

 

0,0

 

00

 

0,1

 

0,1

119

"Ситибанк Қазақстан" АҚ

 

 

31,6

 

23,9

 

36,9

 

-

 

00

 

-

 

0,1

220

"Хоум Кредит Банк" АҚ

 

 

16,3

 

19,1

 

16,6

 

0,2

 

 

0,0

 

00

221

"Астана-финанс" банкі" АҚ

 

 

15,1

 

11,3

 

16,0

 

0,0

 

 

0,0

 

00

222

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

 

6,7

 

7,8

 

12,8

 

0,0

 

      00

 

0,6

 

00

223

"RBS (Kazakhstan)" ЕБ АҚ

 

 

4,1

 

4,3

 

12,0

 

-

      00

 

-

 

0,1

224

"МЕТРОКОМБАНК" АҚ

 

3

  3,9

 

4,2

 

8,3

 

0,5

 

 

12,5-

 

00

225

"Қазинкомбанк" АҚ

 

3,5

3,7

7,5

-

 

   2,0

00

226

"Банк Kassa Nova" АҚ

 

 

2,9

 

3,4

 

6,7

 

0,1

 

 

-

 

00

227

"AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)"АҚ

 

23,9

 

2,6

 

5,3

 

-

 

 

-

 

00

228

"Заман-Банк" АҚ

 

 

2,9

 

2,5

 

4,1

 

-

 

 

00

229

"КЗИ БАНК" ЕБ" АҚ

 

2,3

2,5

     4,0

-

    0,1

-

2,8

330

"Кредит Алтын Банк" АҚ

 

 

2,5

 

2,1

 

3,3

 

-

 

 

-

 

00

331

"Сенім-Банк" АҚ

 

 

1,9

 

2,0

 

3,1

 

0,1

 

 

3,9

 

00

 

332

"Банк Позитив Қазақстан" АҚ

 

1,5

 

1,5

 

3,0

 

-

 

0,1

 

 

-

 

1,7

333

"ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ БАНКІ" ЕҰ АҚ

 

1,5

 

1,3

 

2.7

 

0,0

 

 

0,4

 

00

334

"Шинхан Банк Қазақстан" АҚ

 

 

1,2

 

1,1

 

2,2

 

0,1

 

10,3

 

6,0

 

58,9

335

Қазақстандағы "Пəкістанның ҰБ" ЕҰ АҚ

 

1,0

1,0

2,2

-

 

-                       

00

336

 

"Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ

 

 

0,9

 

0,8

 

1,2

 

-

 

-

 

-

 

00

337

"ТАИБ ҚАЗАҚ БАНК" ЕБ АҚ

 

0,8

 

0,7

 

1,0

 

0,7

 

00

 

-

 

0,3

338

"Данабанк" АҚ

 

 

0,0

 

0,0

 

0,3

 

0,0

 

-

 

-

 

00

339

"Алматы қ. Қытай СӨБ" АҚ

 

 

-

 

-

 

0,2

 

-

 

0,2

 

100,0

 

100,0

 

БАРЛЫҒЫ

 

9178,1

9391,7

9189,0

1646,7

1299,9

17,5

14,1

Ескерту:  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі  №13 баспасөз - р е л и зі  2011 жылғы 31 мамыр алынып автормен құрастырылған

 

 

ҚОСЫМША Б.

 

2009-2011жж екінші деңгейлер банктер займдарын экономикалық қызмет түрі бойынша несиелендіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША В.

 

2009-2011жж екінші деңгейлі банктердің несие портфелі сапасының динамикасы

 

 

 

 

ҚОСЫМША Г.

 

2009-2011жж екінші деңгейлі банктердің несие портфелі бойынша провизиялар

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША Д.

 

2009-2011жж ЕДБ шетел валютасындағы активтер мен несие портфельінің өзгеру динамикасы

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША Е.

 

2009-2011жж шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің өзгеру динамикасы

 

 

 

 

 

58

 



Информация о работе Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi