Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:58, курсовая работа

Краткое описание

Банктер мен клиенттер араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды, несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Банк сферасындағы несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. Несиелік қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.

Файлы: 1 файл

КУАНГАЛИЕВА Банктік несиелендіру және оны жетілдіру.doc

— 995.50 Кб (Скачать)
style="text-align:justify">   Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді,ал несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның «арзанға сатып алып, қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.

Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар [ 2, 245-24б ].

Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен бенк арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады. Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.

Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі – бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі. Бұрынғы несиелеу жүйесі объектіні несиелеуге ғана негізделгені бізге белгілі. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жүргізілмеді, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болады.

Жаңа несиелеу жүйесі дәтүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз етілу қағидалары, сол сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар олардың бірқатарының  мазмұны  түбірімен  өзгерген.  Бұдан  бірнеше  жылдар    бұрын     жақсы және жаман жұмыс жасайтын кәсіпорындар категориялары өмір сүріп, несиелеуде дифференциалданған режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, коммерциялық банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.

Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады.

Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді [ 21 ].

Жалпы, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды.

 

 

1.2 Банктік несиелеу принциптері және несиелеу механизмі

 

Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмінің «техникалық қабаты» ретінде бөліп қарастырады.

Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Басқаша айтқанда несиелеу механизмі несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм тәжірибеде нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.

Қазіргі несиелеу механизмінің құрамы төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:

      несиелік әдістері және ссудалық шот түрлері;

      несиелік мәмілені құжаттау;

      несиенің мөлшерін белгілеу;

      несиені беру процедурасы;

      несиені қайтару тәртібі;

      несиелеу процесіне жасалатын бақылау;

      кепіл заттарын бағалау және іске асыру.

Несиелеу әдістері – ссуданың берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат

Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады :

      айналым бойынша несиелеу әдістері;

      қалдық бойынша несиелеу әдістері;

      айналым-қалдықтық;

Айналым бойынша несиелеу барысында несие  несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Ссудаға деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты ссуда мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты ссуда қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын процесс болып табылады.

Қалдық бойынша несиелеу барысында несие ссудаға деген қажеттілікті туындататын тауарлы-материалды құндылықтар мен шығындар қалдықтарымен өзара байланысқан. Несие бұл жағдайда тауарлы-материалды құндылықтардың қалдықтарын есепке ала отырып, компенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті материалдарды сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді. Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде объектісі толығымен қамтылады.

Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі [ 8 ].

Несиелеу  әдістері  несиені беру және қайтаруға арналған  ссудалық шоттар формаларын  анықтауға  негіз  болады.  Несиенің  ұйымдастырылу  қозғалысы банктің клиентке ашқан ссудалық шотында көрсетіледі.

Ссудалық шот – клиенттің банктен олған несиесіне байланысты қарызы көрсетілетін, яғни ссуданың берілуі мен қайтарылуы көрсетілетін шотты білдіреді.

Несиенің берілуі мен өтелуі, қарыздың көрсетілуінің ортақ біртұтас сызбасы барысында ссудалық шоттар өзара бөлінеді:

      ашылу мақсатына қарай;

      айналыммен өзара байланысы бойынша.

Ашылу мақсатына қарай ссудалық шоттар депозиттік-ссудалық болып келеді. Мұндай жағдайда, клиент өзінің банктік депозитке салынған меншікті қаражатын жұмсап қойған кезде ғана белгілі бір мөлшерде несие алуға хұқық алады. Егер бұл шотта дебеттік қалдық шықса, онда ол депозиттік шоттан ссудалық шотқа айналады.

Айналымы мен өзара байланысы бойынша ссудалық шоттардың үш типі болуы мүмкін:

1)     айналым-төлемдік;

2)     қалдықты-компенсациялық;

3)     айналым-қалдықтық.

Осы үш типі мәні жағынан несиелеудің үш әдісіне сәйкес келеді.

Айналым-төлемдік шотты ашу барысында клиент әр түрлі қажеттіліктерге байланысты төлем құжаттарын: тауарлар мен қызметтер шотын, жалақыға берілетін чектерді, берешек қарызды өтеуге, салықтар мен басқа да төлемдерді аударуға байланысты төлем тапсырмаларын төлеуге мүмкіндік алады.

Клиент барлық төлемдерді төлеуде қалдықты-компенсациялық шотты пайдалана алады. Клиенттің қанша несиелеу объектісі болса, сонша қалдықты-компенсациялық шоты болуы мүмкін. Бұл ссудалық шот алдындағы екі ссудалық шотқа қарағанда біршама қолайлы және көп техникалық рәсімделуді қажет етеді, Сол сияқты несиенің белгілі бір мақсатқа берілуі қатаң қадағаланады. Айналым-төлемдік ссудалық шоттың ерекше бір түрін контокорренттік шот құрайды [ 9, 248-252б ].

Контокоррент шоты – банктік тәжірибеде банктердің бірінші класты несиелік және төмен қабылеті бар қарыз алушыларға несие беруде активті-пассивті (есеп айырысу-ссудалық) шоттарды біріктіре отырып, пайдалануын білдіреді.

Қарыз алушыларды несиелеуге байланысты операцияларды жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банктер оларға ссудалық шоттар ашады: жай және арнайы. Кәсіпорынға тек бір ғана арнайы ссудалық шот ашылуы мүмкін. Бірақ та банк кәсіпорындағы жекелеген қандай-да бір тауарлар, шаралары үстіне несиелеу қажет деп санаса, онда оған жай ссудалық шоттар ашуға мүмкіндік береді. Жай ссудалық шоттар бір рет ссудалар беру үшін ғана банктік тәжірибеде қолданылады. Мұндай шоттар бойынша қарыздың өтелуі қарыз алушының келісілген мерзімде мерзімді міндеттеме-тапсырмалар негізінде жүзеге асырылады.

Несиелеу механизмінің екінші құрамдас бөлігі – несиелік мәмілені құжаттау. Бастапқы кезде банк пен клиент арасында ауызша келісім жасалып, оның соңы банкке несиелік ресурсқа сұралатын өтініштің жазбаша түрде несиенің мақсатын көрсете отырып тапсырылуымен аяқталады. Банкте клиенттің қаржылық жағдайын анықтауға және оның несиелік қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін материалдар болуы керек. Сондықтан да, банк клиенттен оның қызметі жайлы соңғы екі-үш жылдағы жыл басына жасайтын кәсіпорынның балансын, қажет болған жағдайларда таяу айдағы күнге жасалған балансын талап етеді. Кәсіпорынның балансына қоса банкке пайда және зиян туралы, ақшалай қаражаттар қозғалысы туралы есептерін береді. Клиенттің белгілі мақсатқа несие алуға, оның қажетті мөлшерін, сыйақы мөлшерін және нақты мерзімнен тұратын несиеге деген қажеттілікті негіздейтін техникалық-экономикалық негіздемесі немесе бизнес жоспары болуы тиіс.

Банк   пен   қарыз   алушы   арасындағы   жасалатын    несиелік    мәміленің құқықтары мен міндеттерін белгілейтін маңызды құжат – несиелік шарт жасалады. Онда екі жақтың экономикалық және заңи жауапкершіліктері көрсетіледі. Елімізде қатаң белгіленген несиелік шарттың арнайы формасы жоқ. Ал, ондай формалар Германия, Австрия сияқты елдердің тәжірибелерінде кездеседі. Несиелік шарттан басқа кепіл туралы келісім-шарт жасалады. Іс жүзінде, егер кепіл несиелік мәмілеге қатысатын болса, онда міндетті түрде кепіл туралы келісім-шарт жасалуға тиіс.Кейде ол нотариалды түрде куәландырылуы да мүмкін. Несие банктің тиісті қызметкерінің жазбаша үкім шығару барысында беріледі. Бұл қызметкер ретінде: банктің басшысы, оның орынбасары, несиелік департамент бастығы, несиелік бөлім басшысы және банктің несиелік офицерлерінің біреуі болуы мүмкін. Несиенің берілуі туралы үкім клиенттердің шоттары бойынша есеп - айырысу және несиелік операцияларын жүргізумен айналысатын бөлімге түседі. Онда клиенттің аты-жөні, несиенің сомасы, несие беретін шоты көрсетіледі [ 8, 245-24б ].

Үкім несиенің бағытын белгілейді. Бағыттарына байланысты несиенің берілуі үш түрлі болуы мүмкін:

1)     ссуда клиенттің есеп-айырысу шотына аударылады;

2)     ссуда есеп-айырысу шотына түспей, тауарлы және тауарлы емес операциялары бойынша әр түрлі төлем құжаттарын төлеуге беріледі;

3)     ссуда бұрын берілген несиелерді қайтаруға беріледі.

Жалпы, клиентке берілетін несиенің мөлшері көптеген жағдайларға байланысты. Несиенің мөлшері несиелік келісім негізінде беріледі. Бұл келісімде жазылған сома клиент үшін алуға тиісті ең жоғарғы соманы білдіреді. Бұл сома өзінің мәні жағынан несиелеу лимиті болып табылады. Несие мөлшері мыналарға:

      қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтыққа;

      несиенің қамтамасыз етуіне түскен тауарлы-материалды бағалылықтардың нақты жинағына және олардың өтімділік дәрежесіне;

      маржа деңгейіне;

      тәуекел дәрежесі мен банктің клиентке сенім дәрежесіне;

      банктегі бар ресурс көлеміне байланысты.

Әр жекелеген жағдайларда бұл мөлшер қамтамасыз ету құнымен және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне байланысты анықталады.

Несиелеу механизмінің бір құрамдас бөлігі – несиені қайтару тәсілдері. Оның бірегей жасалған үлгісі жоқ. Оның төмендегідей көптеген варианттары болады:

1)     мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;

2)     меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп-айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;

Информация о работе Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi