Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:58, курсовая работа

Краткое описание

Банктер мен клиенттер араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды, несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Банк сферасындағы несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. Несиелік қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.

Файлы: 1 файл

КУАНГАЛИЕВА Банктік несиелендіру және оны жетілдіру.doc

— 995.50 Кб (Скачать)

3)     алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;

4)     түскен түсімді бірден ссудалық қарызды жабуға есептеу;

5)     несиенің қайтарылу мерзімін созу;

6)     мерзімі өткен қарызды «мерзімі өткен несиелер» шотына аудару;

7)     банк резерві есебінен мерзімі өткен ссудаларды шегеру.

Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы немесе қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады.

Кепілге алынған мүлікті бағалау әдістері де несиелеу механизмінің құрамдас бөлігіне жатады. Кепілді пайдалану кепіл механизмінің қолданылуын талап етеді.

Кепіл механизмі – кепіл туралы шартты дайындау, жасау және орындау процесін білдіреді.

Кепіл механизмін іске асырудың негізгі кезеңдеріне жататындар: кепіл заты мен түрін таңдау, кепіл затын бағалауды жүзеге асыру, кепіл туралы шарт жасау және орындау, кепілді пайдалану [ 1, 98-102б ].

Несиелеу механизмінің құрамдас элементі – несиені  беру  процесінің  өзіндік кезеңдері болады. Жалпы, несиелік процесті келесі сызбамен көрсетуге болады (1-сурет):

 

Несиелік комитетке дайындау

Несиелік қабілетін талдау

ия

жоқ

Несиелік комитет

 

Несиелік процесс

Несиені қайтару

Төлемдер.

Мониторинг.

Мерзімі өткен төлем.

 

                 

 

             

1-ші өтініш


 


    

 

 

 

2-ші өтініш

 

 

 

 

 

 

 

     Сурет 1. Банктердегі несиелік процес.

Ескерту:  Мақыш С.Б. «Банк ісі»  оқулық Алматы 2007

 

Бұл суретте несиелік процестің айналу кезеңі көрсетілген. Несие беру процесінің 1-кезеңінде банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарайды. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

2-кезеңінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау кезінде қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілеті талданады.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:

1)     ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, оның атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;

2)     қарыз алушының іскерлік беделі. Ол қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана емес, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерін орындауын білдіреді;

3)     табыс алу қабілеті. Оны анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға:   кәсіпорынның       орналасқан       жері,        тауарлары       мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.

Несиелеу процесінің 3-кезеңінде несиелік келісім-шарт жасалады. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.Оның мазмұнын жақтардың өздері анықтайды. Бұл жерде отандық банктер оның типтік формаларын пайдаланады. Несиелік келісім-шартта несиелеу мақсаты, обьектісі, оның мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері және несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.

4 - кезеңде нақты несиені беру кезеңі жүзеге асырылады. Бұл кезең ссудалық шот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін, ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Соңғы 5-кезеңде несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасалады. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттар формасына, банк қаражаттарын пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы роліне байланысты. Жай шоттар бойынша банкке қарызы есеп-айырысу шотындағы меншікті қаражаттардан аударатын жарналар жолымен қайтарылса, арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тікелей осы шотқа келіп түсетін түсімдер есебінен жүзеге асырылады [ 13, 95б ].

Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді.

Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады. Жай сыйақыны есептеу формуласы  келесідей түрде беріледі:

                                 J=(i*p*n)/360*100%,

 

мұндағы: і – сыйақы мөлшері;

       р – қарыз қалдығы;

       n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны.

Күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:

 

                        J=p * ((1+(i/1200))^n – 1),

 

мұндағы: і – сыйақы мөлшері;

                 р – несиенің бастапқы сомасы;

                 j – несиенің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы сомасы;

                     n – аймен берілген несиенің ұзақтығы.

Егер несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақыны есептеу келесідей формулаға байланысты жүргізіледі:

 

              Jg=Q*[(1+ig/1200)^t1-(1+ig/1200)^t2],

мұндағы: Jg – мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;

                 Q – мерзімі өткен қарыз сомасы;

                 Ig – мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі   

                        (айыппұл);

                 t1 – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мерзімі;

                 t2 – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға  дейінгі уақыт мерзімі.

Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны – 30, ал жылдағы – 360 күнмен алынады.

Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға, несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға хұқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы [ 6, 89б ].

 

 

1.3. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері

 

Банктер қарыз алушы және алынатын несие туралы мәліметтер жинағаннан кейін қарыз алушылардың несие және төлем қабілеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтайды. Қарыз алушылардың жеке немесе заңды тұлға болғандығына байланысты олардың несие және төлем қабілеттері де әртүрлі анықталады.

Жеке тұлға болып табылатын клиенттің төлем және несие қабілетін бағалау үшін отандың тәжірибеде мынадай көрсеткіштер қолданылады:

1. Ай сайынғы төленетін негізгі қарыз сомасын анықтау, яғни қарыз алушының ай сайын несие бойынша пайызды қоспағанда төлеуге тиісті сомасы. Бұл коэффициент келесідей формуламен есептеледі:

 

               Ат = Берілетін несие сомасы / Берілген мерзімі

 

2.  Ай сайынғы төленетін пайыз сомасы. Бұл жерде ай сайын несие бойынша пайыздың төленуге тиісті сомасы анықталады. Бұл келесі формулаға сәйкес есептеледі:

                      

            A% = Берілетін несие сомасы * % /  Берілген несие мерзімі

                                                                        

3. Ай сайынғы несие бойынша төлемдер мен пайыздар мөлшері. Келесідей анықталады:

                                              А = Ат + А%

 

4. Нақты несие қабілеттілік коэффициенті, яғни қарыз алушының өтеуге мүмкіндігі бар соманы көрсетеді. Басқаша айтқанда, тек осы сома шегінде банк клиентіне несие бере алады. Ол мына формуламен есептеледі:

             

     Нақты несие қаб.коэф. =              Ат + А% / Таза табыс

                                                                                                 

Сондай-ақ, жеке тұлғаның төлем қабілетін есептеудің тағы бір түрін келтіруге болады, бұл банктің несиеге бере алатын максималды соманы көрсетеді. Ол келесідей есептеледі:

          Тқ  = Таза табыс * % * несиенің мерзімі

 

Заңды тұлға болып табылатын қарыз алушылардың несие қабілетін анықтауда басқа көрсеткіштер пайдаланады. Қарыз алушының несие қабілетін бағалайтын негізгі көрсеткіштерге жатады:

      Ағымдағы өтімділік коэффициенті;

      Жалпы өтеу коэффициенті;

      Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыздану көрсеткіші;

ҚР ҰБ несие қабілетті бағалауда банктерге келесідей қосымша көрсеткіштерді анықтауды ұсынады. Олар үш топқа бөлінеді:

1)Қаржылық тұрақтылық коэффициенттері жоғарыда аталғандармен бірге:

-   Қаржылық тұтқа коэффициенті;

-    Жалпы айналым қаражаттарының ішіндегі меншікті қаражаттардың үлесі;

2)  Кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштері, соның ішінде:

-   Сату рентабельдігі;

-    Кәсіпорынның рентабельдігі;

-    Меншікті капитал рентабельдігі;

3)   Айналымдылық көрсеткіштері, соның ішінде:

-   Сатудан түскен 1 күндік орташа түсім;

-   Айналым қаражаттарының айналымдылық мерзімі (күнмен);

-   Дебиторлық қарыз айналымының мерзімі (күнмен);

-   Кредиторлық қарыз айналымының мерзімі (күнмен);

Информация о работе Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi