Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:58, курсовая работа

Краткое описание

Банктер мен клиенттер араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды, несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Банк сферасындағы несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. Несиелік қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.

Файлы: 1 файл

КУАНГАЛИЕВА Банктік несиелендіру және оны жетілдіру.doc

— 995.50 Кб (Скачать)

 

Бұл кестені қорытындылай келе « БТА банк»  АҚ әсіресе коммерциялық несиелендіруге көп көңіл бөліп отырғандығын көруге болады сонымен қатар ірі корпоративтік клиенттерге берілетін несие де соңғы жылдары көлемін арттыруда.

Банктің жалпы барлық операциялары белгілі бір табыс немесе шығын әкеледі. Мысалы, активті операциялары табыс көзі болса, пассивті операциялары бұл шығын көзі. Оның ішінде несиелік операциялар жоғары тәукелді актвиті операция болғанымен, жоғары табысты операция болып саналады. Сондықтан несие тәуекелінің мониторингі табыстың тұрақты болуына ықпал етеді. Төменде (сурет 6) «БТА банкі » АҚ   бизнесті несиелеу көрсеткіштері салыстырылған.

                                                                           млрд.тг

           

                              01.01.08               01.01.09                01.01.10

 

Сурет 6. 2008-2010жж  «БТА банкі » АҚ  бизнесті несиелендіру динамикасы

            Ескерту :  « БТА банк»  АҚ жылдық есептері

Бұл суреттен  банктің бизнесті несиелендіруі жылдан-жылға тұрақты артып келе жатқанын көруге болады.

«БТА банкі»  АҚ экономика салаларын несиелендіру кең көлемде жүзеге асырып отыр төменде  2010жыл бойынша (сурет 7) экономика салары бойынша несиелік портфельінің үлесі қарастырылған.

жеке тұлғалар

 

жылжымайтын мүлік

 

сауда кәсіпорындары

 

өнеркәсіп

 

жеке кәсіпкерлер

 

транспорт

 

                                                                       басқа да

 

Сурет 7. «БТА банкі»  АҚ экономика салалары бойынша несиелік портфельінің үлесі

Ескерту: «БТА банк» АҚ жылдық есептері негізінде автормен құрастырылған

Бұл суреттен экономика слаларын несиелендіру арасында жоғарғы көлемді  42,4%-ды жеке тұлғаларды несиелендіру алып одан кейінгі үлесті 31,2%-ды сауда кәсіпорындары алып отыр ал ең төменгі үлес 1,5%- транспорт пен жеке кәсіпкерлерді несиелендіру алып отыр.

           

                       Коммерциялық               жеке кәсіпкерлерді    тұтынушылық            Жиыны (брутто)

                         несиелендіру                   несиелендіру        несиелендіру           

                           

                                             

 

    Сурет 8. 2009-2010жж несиелендіру көлемінің динамикасы

     Ескерту :  2009-2010жж « БТА банк»  АҚ жылдық есептері

Бұл  диаграмма бойынша еліміздің басқа да екінші деңгейлі банктері секілді « БТА банк»  АҚ  коммерциялық несиелендіру жылдан-жылға тұрақты өсіп отыр.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуы барсында БТА Банкі «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске қосқан сәттен бастап, атап айтқанда 2010 жылдың шілде айынан бастап оны жүзеге асыруға белсене ат салысып келеді. Қазіргі таңда Бағдарламаны жүзеге асыру төрт бағытта жүргізіліп жатыр: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту және 2011 жылдың көктемінде іске қосылған жаңа төртінші бағыт – кәсіпкерлік әлеуетті күшейту [ 18 ]. 

Бағдарлама кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау арқылы Қазақстан экономикасына басым жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған, алайда ондай кредиттердің теңгедегі пайыздық ставкасы 1 және 3-бағыт бойынша 14% аспауы тиіс, ал 2-бағыт бойынша 12% аспауы тиіс, бұл ретте субсидиялардың мөлшері 1-бағыт бойынша 7%, 2-бағыт бойынша 5% және 3-бағыт бойынша 8% құрайды.

Бағдарламаны жүзеге асыру механизмдерін жетілдіру және жеңілдету мақсатында оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде, бірінші бағыт бойынша 30% дейін айналымдағы қаражаттарды субсидиялауға рұқсат етілді, ал бұған дейін айналымдағы қаражаттарға субсидия беру рұқсат етілмейтін, екінші бағыт бойынша өтінімдерді қабылдау 2011 жылдың соңына дейін жалғасады. Тағы бір өзгеріс валюталық кредиттерді субсидиялау болып табылады. Бұл ретте субсидиялау кезеңін есептеу «Даму» КДҚ тарапынан шартқа қол қоюды күтпей, банк және кәсіпкер арасында шартқа қол қойылған сәттен басталады. Қатысушы банктер, Қор және «Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ арасында сыртқы регламентке қол қойылды әрі ол жобаларды қарастырудың барлық сатысында өтінімдерді қарау мерзімдерін нақты реттейді.

01.08.2011 жылғы жағдай бойынша Банкке Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерлерден 183 өтінім келіп түсті, бұл ретте кредиттердің жалпы сомасы 27,9 млрд. теңгені құрайды, олардың ішінде Банктің Уәкілетті органдары жалпы сомасы 22 млрд. теңгені құрайтын 162 өтінімді қарап, мақұлдады. Бүгінгі таңда Уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауында 141 өтінім жатыр, олардың ішінде 106 өтінім – бірінші бағыт бойынша, 25 өтінім – екінші бағыт бойынша және 10 өтінім – үшінші бағыт бойынша.

Байқау гранттарының жүйесі 2007 жылдан бастап БТА Банкі Дүниежүзілік Банкпен бірлесе отырып жүзеге асатын Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Байқау гранттарының жүйесі» атты бағдарламаға қатысады. 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БТА Банкі арқылы қаржыландырылған грант сомасы 2,23 млрд теңгені құрады.

             

Сурет 9. Несиелендіруде көрсетілген қызмет көлемі

Ескерту: Статискалық мәліметтер негізінде автормен құрастырылған.

 

Бұл динамиканы қарытындылай келе «БТА банкі» АҚ несиелеуде ең көп қызметті банктен тыс заңды тұлғаларға көрсететінін көруге болады ал жеке тұлғалардан кейін банктерге қызмет ең аз көрсеткішті беріп отыр.

«БТА Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды.

2011 ж. 28 мамырында «БТА Банкі» АҚ өзінің 2 442 млрд теңге (16,65 млрд АҚШ доллары) сомасындағы қаржылық берешегінің жалпы мөлшерінің 92,03 пайызын құрайтын 2 247,4 млрд тенге шамасындағы банктің міндеттеріне иелік ететін қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдады. Дауыс беруге БТА-ның сыртқы және ішкі облигациялары бойынша, екі жақты және синдикацияланған займдар бойынша, исламдық және сауданы қаржыландыруды, сонымен қатар деривация бойынша борыштық құралдардың барлық түрлері бойынша кредиторлар қатысты.

16 маусым 2010 ж. БТА Банкі аймақтық кәсіпкерліктің «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. «Бизнестің жол картасының» мақсаты – аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету мен істеп жатқан жұмысты сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру. Қарастырылған Бағдарлама міндеттерін шешу жаңа бизнес-ынталандырушыларды қолдау, кәсіпкерлік секторды қалпына келтіру, экспорттық – бағдарлық өндірісті қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады.

19 тамыз 2010 ж. БТА Банкі қайта құрылымдау үдерісін жүргізу аясында шығарылған бірінші 44 175 794 956 дана қарапайым акцияларын орналастыруды жүзеге асырды. Акциялар «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ иелігіне жататын жалпы 671 472 083 334 теңге сомасындағы Банктің екі облигациялық бағдарламасына жататын барлық шығарылған облигацияларды айырбастау негізінде шығарылған болатын. 1 қыркүйек 2010 ж. БТА Банкі кредиторлары алдындағы қаржылық міндеттемелерін 16,65 млрд. АҚШ долларына қайта құрылымдау үдерісін табысты аяқтады. Бұндай шешімді 2010 ж. 31 тамызында Алматы қ. Мамандандырылған қаржы сотымен шығарылған болатын. Кредиторларының алдындағы қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауы аясында Банк бұрындары шығарылған облигацияларының және басқа міндеттерінің күшін жойып, кредиторларға 945 млн. АҚШ долларын төледі, сонымен қатар жаңадан борыштық бағалы қағаздарды – қалпына келтіруге арналған 5,2 млрд. АҚШ доллар сомасын құрайтын облигациялар, 2,3 млрд. АҚШ доллар сомасын құрайтын үлкен облигацияларды, 429 млн. АҚШ долларын құрайтын қашықтық (OID) бар арнайы борыштық жабдықтарды және 773 млн. АҚШ долларын құрайтын қаржыланған облигацияларды шығарды, сондай-ақ 698 млн. АҚШ долларын құрайтын сауданы қаржыландыру бойынша жаңартылатын кредит желісі бойынша Келісімді қорытындылады [ 18 ].

Қайта құрылымдау нәтижесінде Банктің қарыздық берешегінің көлемі 16,65-тен 4,2 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарып, кредиторлар алдындағы берешекті өтеу мерзімі 8 жылдан 20 жылға дейін ұзартылды. Банк капиталының жарғысына 4,6 млрд. АҚШ доллар сомасындағы облигациялар айырбасталды, соның нәтижесінде ішкі және сыртқы кредиторлар Банк акционерлік капиталының 18,5% пайыздық жиынтығына иелік ететін акционерлерге айналды. Банктің негізгі акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры», қаржы институтының облигацияларын қарапайым акцияларға айырбастаудың нәтижесінде оның үлесі Банк акционерлік капиталының 81,48%-ға дейін ұлғайды. Миноритарлы акционерлерге өз кезегінде Банк акциясының 0,02 % тиесілі.

Банктің 2011 жылдың 8 айы ішіндегі жұмыстарының қорытындысы бойынша бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарына сәйкес дайындалмаған, аудиттелмеген және шоғырландырылмаған қаржы есептілігінің деректеріне сәйкес 2010 жылдың 31 тамызында Банк активтерінің көлемі 1 952,9 млрд. теңгені (соның ішінде клиенттерге арналған несиелер – 1 844,1 млрд. теңге), өзіндік капиталының көлемі 108,8 млрд. теңгені, міндеттемелері – 1 844,1 млрд. теңгені құрады. 2010 жылдың 8 айында Банктің таза пайдасы 1 090,9 млрд. теңгені құрады.

8 қараша 2010 ж. БТА Банкі аймақтық кәсіпкерліктің «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асырудың аралық қорытындысын шығарды. Аталмыш бағдарлама бойынша төрт жарым ай белсенді жұмыс барысында Банк кәсіпкерлерден жалпы 40,1 млрд. теңге сомасын құрайтын 147 өтініш қабылдады. Осы көлемнің негізінде Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (жаңа жобаларды қолдау) жалпы 16,6 млрд. теңге сомасын құрайтын 66 өтініш, екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлік секторды қалпына келтіру) – жалпы 22,8 млрд. теңге сомасын құрайтын 76 өтініш, үшінші бағыт бойынша (экспорттық – бағдарлық өндірісті қолдау) – жалпы 742 млн. теңге сомасын құрайтын 5 өтінішті қабылдады. Банк қабылдаған өтініштерінің жалпы көлемінен уәкілет органы Бағдарламаға бірінші бағыт бойынша 24 жобаны, екінші бағыт бойынша – 3 жоба және үшінші бағыт бойынша – 4 жобаны бекітті. Мақұлданған шаралардың көлемінен салалардың 45,16% бөлінісі қызмет ұсыну саласымен айналысатын кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталған болатын. Қалған қаражат өндіріспен айналысатын компанияларға (38,71%), ауыл шаруашылығы (12,90%) және өңдеуші өнеркәсіптерге (3,23%) бөлініп берілді. Аймақтардың аралығында кәсіпорындар үшін Ақтөбе (21,4%), Қарағанды (14,3%), Батыс Қазақстан облысы (14,3%), сонымен қатар Астана қаласына 21,4% жобалардың көбісі мақұлданды.

18 қараша 2010 ж. «Эксперт РА Қазақстан» рейтингілік агенттігі кредиторлар алдындағы берешегін қайта құрылымдау үдерісінде БТА Банкінің топ-менеджментінің жетістігі үшін «Қайта құрылымдауды ойдағыдай аяқтағаны үшін» атты марапатын ұсынды. Аталмыш рейтингтің номинанттарын марапаттау салтанаты Астана қаласында «Эксперт-100-Қазақстан» ІІ Экономикалық форумының аясында өтті.

10 желтоқсан 2010 ж. Fitch Ratings халықаралық рейтингілік агенттігі БТА Банкінің кредиттік рейтингілерінің көтерілгенін хабарлады. Соған сәйкес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді эмитент дефольтының рейтингілері (ЭДР) «В-» деңгейіне дейін көтерілді, оның қорытындысын «Тұрақты» деп бағалауға болады. Ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР «RD»-дан «B»-ға дейін, жеке рейтингісі «F»-тен «E»-ге дейін, ал қолдау рейтингісі «5» деңгейіне дейін көтерілді.

21 желтоқсан 2010 ж. «Эксперт РА Қазақстан» рейтингілік агенттігі «БТА Банкі» АҚ-на В+ деңгейінде крдит қабілеттілік рейтінгісін ұсынды (кредит қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі). Сондай-ақ банк облигациялық заимдарының Reg S шығарылымын В+ деңгейінде сенімділік рейтінгісі ұсынылды (сенімділік деңгейінің жеткіліктілігі).

22 желтоқсан 2010 ж. БТА Банкі «КазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясымен шартты банктік салымдар жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісімнің мақсаты Бағдарламаның аясында қазақстандағы шикізаттық емес өнімді экспорттаушы кәсіпорындарға саудалық қаржыландыруды ұсыну болып отыр. Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жедел индустриялды-инновациялық дамуы атты мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылы «КазЭкспортГарант»-пен дамытылды. Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі шетел сатып алушылары тарапынан жеңілдік талаптарындағы сауданы қаржыландыруды ұсыну арқылы қазақстандық өнімге сұранысын ынталандыру болып табылады.

24 желтоқсан 2010 ж. БТА Банкі «Ньюсмейкер «Интерфакс-Қазақстан 2010» («НИК 2010») байқауының жеңімпазы ретінде 2010 жылы қазақстандық банк секторының өкілдері арасында ақпараттық агенттіктің таспасында көп аталғандар санатының лидері ретінде таңдалды [ 30 ].

БТА Банкінің тұтынушылық кредиттеу бағдарламалары – бұл Сіздің сұрақтарыңыздың қолайлы шешімі және халық тұтынатын тауарларды кредитке сатып алу, әр алуан қызметтер ақысын төлеу, тұрғын үйді, автомобильді және тағы басқаларды сатып алу үшін қажетті қаржыларды жедел ұсыну. Банк құжаттардың шағын топтамасын талап етеді, оларды қарастырған соң, әрбір клиенттік өтінім бойынша шешім қабылданады.

Қызмет көрсету артықшылықтары:

                  Қаржыландырудың жоғары емес құны. Кешенді кредиттеудің әр алуан сұлбаларын пайдалана отырып, банк клиенттердің пайыздық шығындарын оңтайландыруға ықпал етеді;

                  Пайыздық ставкаларды төмендету мүмкіндігі. Кредиттік операциялар бойынша ставкалары нарықтық коньюнктураның өзгерістеріне сәйкес белгіленеді және түзетіледі және банктің клиентпен ынтымақтастығы масштабтарын ұлғайту шамасына қарай төмендетілуі мүмкін;

Информация о работе Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi