Коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 19:06, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.

Файлы: 1 файл

меруерт.doc

— 247.50 Кб (Скачать)

2.3 Несиелік потенциалды  талдау 

       Қазақстан республикасының ұлттық  банктің бекіткен “екінші деңгейдегі  банктердің активтернің шартты  міндеттемелерінің жіктелуі және  олар бойынша провизиялар құру” туралы ережесіне сәйкес банктер ҰБ ай сайын айлық баланспен бірге ҰБ-тің банктерді қадағалау департаментінің активтері мен шартты міндеттемелерінің жіктелуі мен олар бойынша провизиялар құру туралы мәліметтер береді. Активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жекеленген болып келеді.

       Стандартты активтер мен шартты  міндеттемелер бұл ағымдағы сатып  алу құнынан төмен немесе келісім  шартқа сәйкес актив бойынша  талаптардың орындалмауын сипаттайды. Жіктелген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді және үмітсіз болып бөлінеді.

       Провизиялар - активтердің қайтарылмауы  немесе олардың құнының төмендеуінен  келген шығындарды жабу үшін  қажетті құралдардың сомасы.

       Арнайы провизиялар-бұл құны өзінің  сатып алу құнынан екі есе төмен қайтарылмай қалуы үмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабуға арналған.

       Провизиялардың көлемі активтердің  сомасынан олардың сапасына байланысты 5% -дан 100%-ға дейін құрылады.      

      Қазақстан республикасының ҰБ белгілеген екінше деңгейдегі банктердің қаржылық есеп беру туралы тәртібіне сәйкес банктер Банктік қадағалау департаментіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізделген қаржылық есеп береді.

      Банктер әртүрлі есеп берудің негізінде  дистанционды қадағалаудың қызметкерлері тоқсан сайын Статус-репорт деп аталатын банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалау туралы қорытынды жасайды.

      Қаржыны талдау мақсаты – енді пайда болып  келе жатқан мғселелерді қаржылық тұрақсыздыққа  дейін айқындау. Мұндай мәселелерді  айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселелерге қатысты басқа да ақпараттардан алынатын қаржылық талдауды жүзеге асырумен іске асады.

      Капиталды талдау. Банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші. Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып отыруға тиіс.

      Активтердің сапасын талдау. Банктердің болашақтағы  активтерінің сапасы қазіргі уақытта  берілетін жаңа ссудаларға байланысты болады.

      Өтімділікті талдау. Банктің өтімділік жағдайы  оның барлық қызметінің көрсеткіштеріне әсер етеді.

      Банк  өтімділігі-бұл салымшылар мен қарыз  берушілер алдында өз міндеттемелерін  уақытында және шығынсыз орындау  қабілеттігін білдіреді.

      Осы аталған қаражат көздерін пайдалану  банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын-ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.

      Банк  өтімділігі мынадай қызметтерді  атқарады:

      · депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;

      · тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;

      · активтерді зиянсыз сату;

      · тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекел үшін уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.

      Ішкі  факторлар қатарына мыналар жатады:

      · банк капиталының базасы;

      · банк активтерінің сапасы;

      · депозит сапасы;

      · сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелділігі;

      · мерзімі бойынша активтер мен пассивтер өзара сәйкестігінің;

      · сауатты менеджмент;

      · Банктің жоғарғы дәрежелі;

      Бірінші топқа, банк кассасындағы немесе корреспонденттік шоттардағы ақшалай қаражаттар; банкт  портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздар екінші топқа заңды және жеке тұлғаларға берілетін қысқа  мерзімді қарыздар, банкарлық несиелер, факторинг, операциялар, акционерлік қоғамдардың коммерциялық бағалы қағаздары жатады. Оларды қолма-қол ақшаларға айналу мерзімі активтердің алғашқы тобына қарағанда ұзақ болып келеді. Үшінші топ активтеріне: банктің ұзақ мерзімді салымдарымен инвестициялары, ұзақ мерзімді қарыздар, лизингтік операциялар, инвестициялық бағалы қағаздар жатады.

      Активтер  тәуекел критерийі, олардың ақшалай формаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, ссудалық тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға байланысты.

      Банк  активтерінің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.

      Қазақстан Республикасының банк ісі тәжірибесінде  өтімділік көрсеткішін бағалау  мен есептеу үшін коммерциялық банктердің активтері банк салымдары мен  оларды қайтармау жағдайында өз құнының  бір бөлігін жоғалту мүмкіндігінің  тәуекел дәрежесі бойынша төрт топқа бөлінеді (олар туралы 2-ші тарауда Пруденциялық нормативтер арқылы реттеуде берілген).

      Банктің табыстары. Коммерциялық банктердің табыс  көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:

      Ссудалық  бизнес; дисконттық бизнес; сақтау бизнесі; банктің кепіл беру қызметі; бағалы қағаздармен жасалатын бизнес; салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі; басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес; дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.

      Ссудалық  бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге  ссудалар беру және бос ресурстарды  басқа да коммерциялық банктерге  уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру.

      Ссудалық  бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие және басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Ссудалық бизнестен пайз түрінде табыс түседі.

      Бағалы  қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:

      1.                Банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару.

      2.               Оларды нарықта сату.

      3.              Кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарымен қайталама нарықтағы операциялары.

      Мұндай  бизнестен түсетін табыстар келесідей  көздерден құралады:

      1.               Өзінің жғне басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айырмадан.

      2.               Жекешелендіруге байланысты қызметі үшін комиссия.

      Банктің кепіл беру қызметі клиенттерге  есеп айырысу үшін және несие алу  үшін банктің әртүрлі формалардағы берілген кепіл хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды.

      Банктік шығыстары.Коммерциялық банктердің шығыстардың  формасына және есепке алу тәсіліне қарай жіктеуге болады. Формасына  қарай, олар мынадай түрлерге бөлінеді: пайыздық шығыстар, пайызсыз шығыстар, басқа да шығыстар.

      Пайыздық  шығыстар клиенттердің талап ету  және мерзімі депозиттері, басқа  да банктердің депозиттері бойынша, басқа да банктен сатып алынған  несиелік ресурстар үшін сондай-ақ шығарған бағалы қағаздар бойынша төленген пайыздардан құралады. 

Кесте 1  

Саудаға түсетін бағалы қағаздар операциялары бойынша таза пайда/ (залал) 
 

      Көрсеткіштер 2004ж. 2005ж. 2006ж. 2004-2006 жж. ауытқу
 
 
 
 
 
 
 
 
абсолют салыстырмалы, %
Қарыздық  бағалы қағаздар 885357 26814 44925 -840432 -94,9
Акциялар 50636 290178 67078 16442 +32,4
Таза  пайда/(залал) 935993 316992 22153 -913840 -97,6
 
 

    Талдау  жасалған кезеңде саудаға түсетін  бағалы қағаз операциялары бойынша  таза пайда азайып бара жатқанын байқау қиын емес. Оған қарызддық бағалы қағаздар бойынша залал ықпал еткен.

      Банктік баланс – банктің қызметін кешенді  сипаттаушы ақпараттардың негізгі  көзі болып табылады. Банк балансын талдау үш бағыт бойынша жүруі  мүмкін:

      ·                     функционалдық талдау;

      ·                     құрылымдық талдау;

      ·                     операциялық талдау.

     Функционалдық талдау. Талдаудың бұл түрінің  мазмұны банк қызметін тұтастай конрагенттермен, оның ішінде бәсекелестермен қатынасын  бағалауға келіп тіреледі. Ол банктің  орындайтын функцияларының, олардың  алдында тұрған міндеттерге сәйкестігі мәселелерді қарауға мүмкіндік береді. Мұнда баланстың жалпы сомасы депозиттер мен несиелер, меншік және займдық қаржылар мөлшерінің арақатынасы т.б.

      Құрылымдық  талдау. Талдаудың бұл түрі операциялардың жекелеген түрлерін, сондай-ақ шығыстар мен кірістердің құрылымын және банктердің пайдаларын қозғайды.

      Енді  оның мазмұнына қысқаша тоқталып көрсек.

      Талдау  кезінде барлық тартылған қаржылар топтарға толықтырылады:

      ·                   жедел депозиттер және талап етілгенге дейінгі депозиттер. Бұған халықтың, мемлекеттік ұйымдардың, тұтынушылар кооперацияларының, кооперативтердің және т.б. қаржылары жатады.

      ·                   есеп айырысу шоттардағы қаржылар. Бұл банктің басқа ұйымдармен есеп айырысулары, банк филиалдары арасындағы айналымдар, арнайы шоттардағы қаржылар

      ·                   заңды және жеке тұлғалардың акциялары және басқа бағалы қағаздарды сатуларынан түсетін қаржылар

      ·                   кредиторлар

      ·                   басқа банктердің несиелері

      Банк  пассивіне жататын меншікті қаржылар сомасын бағалау тартылған қаржыларға талдау жасаған сияқты бағаланады. Активтік операциялар құрылымына талдау жүргізген кезде қаржыларды пайдаланудың мақсаттары, көлемі мен бағыттары зерттеледі.   
 
 

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ  НЕСИЕЛІК ПОТЕНЦИАЛЫН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 

3.1 Банктің несиелік  потенциалын арттыру  жолдары 

Информация о работе Коммерциялық банктер