Коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 19:06, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.

Файлы: 1 файл

меруерт.doc

— 247.50 Кб (Скачать)

      Депозиттерді  жүргізетін ағымдағы экономикалық жұмыс  пассивті басқару бойынша банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ол банк клиенттерінің шоттары бойынша  қаражаттар қозғалысын және депозиттердің неғұрлым өтімдірек топтарынан соғұрлым азырақ өтімді топтарына қатыстьы өткізгіштік мүмкіндіктерін талдайды.

      Банктің тартылған қаражаттары-активтік операцияларды  оның ішінде несиелік операцияларды 90% ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады.

      Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына  мыналар жатады:

      1)               банк пайдасы        

      2)               акцияларды шығару

      3)               құрылтайшылар мен пай қосушылардың санын арттыру

      4)               облигациялар шығару

      Акционерлік банктер өзінің жарғылық капиталын  ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды және бұрыңғы шығарылған акциялардың бағасын өсіреді. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан  ҰБ пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады.

      Жылдың  аяғында банктің түскен пайдасы барлық нәтижелік шарттардың сомалары пайдалылар мен зияндылар шотына аударылады. Бұл сомалардың бір бөлігі пайдалар және зияндар шотына екінші бөлігі – төленетін девиденттер шотына үшінші бөлігі салық төлеуге, төртінші бөлігі – резервтік қорға қалғаны –үлестірілмеген пайда несиелік ресурстар ретінде жұмсалады.

      Өз  капиталының тапшылығын сезетін  банктер ҰБ-ке қайта қаржыландыру бойынша шаралар мен бағдарламаларын  табыс етеді, ғрі олардың орындалуы  туралы есеп беріп тұрады.

      Бүгінгі таңда ҚР-ғы II-деңгейдегі банктер ақшалай қаражаттарын пайда табу мақсатында бағалы қағаздарға жұмсау инвестициялық қызметке жатады.

      Бұл операцияларды ұйымдастырудың басты  мақсаты банктың өтімділігін  жақсарту болып табылады.

      Депозит емес ресурстарға банкаралық нарықтан займдар алу, бағалы қағаздарды сата отырып, кейін қайта сатып алу туралы келісім жасау, вексельдерді есепке алу жғне Ұлттық банктен ссуда алу, банктік акцептілерін сату, коммерциялық бағалы қағаздарды шығару, евродоллар нарығында займдар, облигациялар шығару. 

      Несиелік  ресурстар нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері  ретінде бағалы қағаздар мен факторинг, лизинг және т.б. операциялармен тікелей  жұмыс істей бастады. Коммерциялық банктер ерекше кәсіпорын ретінде делдалды қызмет атқарып несиелік ресурстар нарығында ресурстарды сатып ала отырып оны қажет ететін кғсіпорындарға, халыққа сатып отырады.

      Бұл жағдайда банк үшін активті және пассивті операциялардың маңызы зор. Пассивтік  операцияларға банк ресурстарының мөлшері тәуелді. Пасивтік операциялардың төмендегідей формалары болады:

      - коммерциялық банктердің бағалы  қағаздарды алғашқы эмиссиялау;

      - банк пайдасына капиталдарды  немесе қорларды ұлғайту жғне  құру;

      - басқа да заңды тұлғалардан несие алу;

      - депозиттік операциялар.

     Банкаралық  несиелердің негізгі көлемі ұйымдастырылған  банкаралық нарықта аукциондық сату арқылы ұсынылады. Негізгі кредитор ретінде – ірі коммерциялық банктер. Банкаралық займдар – банктің  ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық займдардың ерекшелігі мынада: біріншілен, банкаралық ақша нарығында тартылады, екіншіден, банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корореспонденттік шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шегінде жүзеге асырылады. Банкаралық нарықта Ұлттық банктің резерв шотында сақтандырылатын депозиттер сатылады жғне сатып алынады. Міндетті минимуммен салыстырғанда резервтік шотта артық қаражаттар бар көптеген банктер қосымша пайда түсіру үшін қарыздарға ұсынады.

     Банкаралық  ақша нарығында бос несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда коммерциялық банктер  Ұлттық банктен қысқа мерзімді несие  алады. Оларға ломбардтық несие, овернайдтық, овердрафтық несиелер жатады.

     Банк  резервтерінің шамадан тыс өсуіне резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар резервтердің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болады, яғни экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспонденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервтік талаптардан кем болмайды. 
 

2.2 Қазақстан Республикасындағы несиелік потенциалдың дамуын талдау 

      1992 ж. Қ.Р-ның экономикасы нарықтық  қатынастарға көшу кезінде несиені  басқарудың жүйесін және шаруашылық  қызметіне банктік қызмет көрсету  механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану банк пен клиенттері арасында сонымен қатар банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым – қатынастар жүйесін қайта құру, яғни жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып принципті түрде реформалау қажет болып саналады.

      1992 жылдары ҰБ- тің несиені қайтару  қаржыландыру тәжірибесінің жетіспеушілігі  келеседі, болды:

      -                    банктер қаржылық емес несиелерге емін- еркін кіру мүмкіндігіне ие бола отырып депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру ынтасынан айрылуда.

      -                    Бұдан басқа мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділік ескерілмейді, несиелік ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбеді

      -                    Несиелерді тиімді орналастыруда кедергі болған тағы да бір фактор – бұл төмен пайыздық мөлшерлеме саясаты.

      Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген  қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртібінің әлсіреуіне әсер етті.

      Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, яғни жалақы төлеуге және материалды құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланады.

      Нақты активтер, ақшалар, қорларды құнсызданудан  және генфляциядан қорғайтын ең басты  құрал. Салымдар үшін төлейтін банк пайыздары  генфляциядан туындайтын шығынның орның  жаппады. Несиелік ресурстар жеткіліксіздігі  банктердің мекемелерге халыққа несие беруге мүмкіндік бермеді.

      Инфляция  деңгейі мен ҰБ несиесінің наминалдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға  болады.

      1992 жылы наурыз айында 25 % жылдық  мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда  бағаларының жылдық инфляциясы 500%- дан жоғары.

      1992 жылдың қараша айында наминалды пайыздық мөлшерлемесі 65%- ға дейін жоғарлағанда ал инфлиция 1000% құраған.

      Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық жағдайын жақсатруға және жұмыстарын қайта құруға қол  жеткізе алмады.

      Осылайша  мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу саясаты төменгі пайыздық мөлшерлеме саясаты несиелік ресурстарды орналастырмауға әкелді.

      Уақытша бас жинақ ақшаларды банкке толық  мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік  берген жоқ.

      Несиелік  ресурстарды үлестіру сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі ірі ықпалын тигізді.

      Ауылшаруашылық  кәсіпорындарға және есеп – айырысуда  өзара есептесуді жүргізу үшін жеңілдетілген  несиелерді беру тәжірибесі кеңінен  қолданғанмен, олар кәсіпорын шығындарын қаржыландыру құрамына айналды. Қаражаттандырылған несиелер саясаты кәдімгі несие мен мемлекеттік дотация арасындағы қарыздарды кәсіпорындар өтеледі. 

      1995 жылдан бастап директивті несиелерді  беру тоқтатылды.

      Ұлттық  валюта тұрақты болып, ҰБ ақшалай- несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалды. Банктердің қайта қаржыландыру механизмін де маңызды өзгерістер болды.

      1995 жылдан бастап ҰБ екінші деңгейдегі  банктерге беретін несиеллерінің негізгі массасы алғашқыда укцион арқылы ресурстар 3 ай мерзімге берілсе, кейін операциялардың барлық ауыртпалығы бағалы қағаздар нарығына көше бастады, сөйтіп банкаралық несие нарығы дами түсті.

      Ең  алдымен ақша – несиелік реттеу құралдары және әдістері дами бастады.

      Банк  өтімділігін басқару әдісі.

      1.                Қаражаттардың ортақ қоры әдісі негізінде банк ресурстарының жалпы суммасын ресурстардың құралу көздеріне қарамастан активтердің әртүрлі түрлерге бөлу жатады. Осы әдісте қаражат өтіміділігінің адекватты деңгейінің, яғни табыстылық-өтімділік арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы шарт. Содан кейін банк қаражаттары активтері екінші ретті резервтер тобына орналастырылады. Екінші ретті резервтер көлемі несиеге сұраныс пен салымдардың мөлшерімен анықталады. Демек олар неғұрлым көп болса, соғұрлым көп резервтер талап етіледі. Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде көтеру мерзімі жоғары ұзақ мерзімді бағалы қағаздар жатады.

      2.                Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне банктегі банктер әдісі жатады. Бұл  әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға жғне тартылған ресурстардың құрамына байланысты. Бұнда әрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты әртүрлі қамтамасыз етуді және сәйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді. Осы әдіске сәйкес әртүрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланылатын табыстылық-өтімділік орталары анықталады.  Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етуді талап етеді. Сондықтан талап ету салымдар банкісі қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал талап ету салымдарының қалған екінші резервтерге бағытталады және аз бөлігі қысқа мерзімді судаларға беріледі.

      3.                Активтерді басқарудың ғылыми басқару әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы табыстар мен шығыстар туралы есбіндегі әртүрлі бағыттар арасында күрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарды.

    Коммерциялық банктердің өтімділігі мынадай екі әдіспен есептелінеді:

     - баланстың өтімділігін көрсететін  және баланстар бойынша есептелінетін  қаржылық коэффициенттер негізінде;

     - сәйкес кезеңдердегі банк балансының  активтері мен пассивтері бойынша  айналымдардың талдауын ескеріп өтімді қаражаттарға потенциалды қажеттілігін анықтау негізінде.

     Депозиттер  тұрақтылық дәрежесін сипаттайтын  көрсеткіш негізгі депозиттер (талап  ету депозиттері + жинақ шоттар) сомасының  жалпы депозиттер мөлшеріне қатынасы. Егер негізгі депозиттердің үлесі 75 %-дан жоғары болса, онда банк өтімді болып есептелінеді. Банктік ресурс базасының сапалығы коммерциялық банктің сыртқы көздеріне банкаралық несиелерге шығу мүмкінділік көрсеткішпен сипатталады. Оның формуласы:

     Ұлттық  банк және басқа да банктерден алынған қарыздар

     Тартылған қаражаттар сомасы

     Несиелік  үлкен шығындарды болдырмас үшін берілген несиенің қаншалықты қауіп-қатерінің  маңызды екенін білу керек. Көбінесе қарыз алушының статистикалық берілгені  жеткілікті. Сондықтан ссуда берілген кездегі проблеманың бірі қарыз алушының несиені қайтара алу қабілетінің бағасы.  
 

Информация о работе Коммерциялық банктер