Коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 19:06, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.

Файлы: 1 файл

меруерт.doc

— 247.50 Кб (Скачать)

      Қалыптасып  отырған  қазіргі  несиелеу жүйесінің   келесі  маңызды  ерекшелігі,  бұл  несиелеудің  объектіден  субъектіні  несиелеуге  өтуі  болып  табылады.  Бұрынғы  несиелеу  жүйесі  объектіні  несиелеуге  ғана  негізделгендігі   бізге  белгілі.  Тауарлы – материалдық  құндылықтар  қоры және өндірістік  шығындардың  болуы  несиені  алуға  кұқық  берді де,  ссуданың  қайтарылу  барысына  терең  талдау  жасалмады,  клиент  үшін  жоспардың  орындалуы  ссуданың  қайтарылуына  автаматты  түрде  кепіл  болады.          

      Жаңа  несиелеу  жүйесі  дәстүрлі  және өзіндік  ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік  және қамтамасыз   ету  қағидалары,  сол  сияқты  несиенің  ақылық  сипаты  да  ескеріледі. Сонымен қатар, олардың  бір  қатарының  мазмұны   түбірімен  өзгерген.  Бұдан бірнеше  жылдар  бұрын  жақсы және жаман жұмыс  жасайтын   кәсіпорындар  категориялары  өмір   сүріп,  несиелеуде  дифференцирленген   режим  қолданылған.  Кәсіпорынды  бағалау  негізінде  олардың  жоспарлы  көрсеткіштерін  орындау  дәрежелері жатқызылды.  Бүгінгі таңда  қалыптасқан жүйе  несиенің уақытында  қайтармау тәуекелін   төмендететін  клиенттің несиелік қабілетін  ескереді.  Сондай-ақ коммерциялық  банк  қарыз  алушыны   төлем  қабілетінсіз  деп  жариялай  отырып,  оны қайта ұйымдастыру  және  тарату  туралы   сұрақты  қоюға  құқылы.                                                                                         

      Несиелік  саясат  банктың  несиелік  қызметтерінің    міндеттерін   оларды   іске   асыру  құралдары  мен  әдістерін,  сондай -  ақ   несиелік  процесті  ұйымдастыру принциптері және  тәртібін  белгілейді.   Несиелік  саясат,  несиелік  механизм  көмегімен  жүзеге  асырылады. Несиелік  саясат -  бұл  банктің   несиелік  жұмысын   ұйымдастыру   негізін   және   несиелеу   процесіне  қажетті   құжаттар    жүйесін   жасау   шарттарын  білдіреді.

      Кең  мағынасында,  несиелік  саясатты  несие беруші  банк  пен қарыз алушылар  тұрғысыннан   қарастыруға болады. 

      Тар  мағынасында,  несиелік   саясат  бұл несиелік  процесті  ұйымдастыру барысында банктің   стратегиясы   мен тактикасын  сипаттайды.

      Барлық  банктер  үшін  бірдей  несиелік  саясат  болмайды.  Әрбір    банк,  елдегі  экономикалық,  саяси,  әлеуметтік  жағдайды  ескере  отырып  өзінің  меншікті  несиелік  асясатын  анықтайды.  Несиелік  саясатты   жасау  барысында  банктер  олардың   қызметтеріне   тікелей  әсер  ететін  көптеген  факторларды  талдайды.  Ол ардың  ішінде  макроэкономикалық,  яғни  нақты  бір  банктің  жұмысына  ықпал  ететін  факторлар  болады.  Несиелік  саясат  банктің  қызметтерінің  міндеттері   мен   маңыздылығын, бұлардың   іске  асыру құралдары мен әдістерін,  сондай -  несиелік  процесті  ұйымдастыру  принциптері  мен  тәртіптерін  анықтайды. Несиелік  саясат  банктің  несиелік  жұмысын,  оның  жалпы  стратегияларына  сай  ұйымдастыру  негізін  және  несиелік  процесін   қалыптастыруға  қажетті құжаттар   жүйесін жасау шарттарын білдіреді.

      Несиелік  саясат  банк  қызметін  диверсификациялаудағы  іс  әрекеттердің  тізбектелуін  қамтамасыз  ету  үшін  және несиелік  қызметкерлердің  лауазымды  міндетемелерін анықтау   үшін  қажет.  Несиелік  саясатты  іске   асырудың  белгілі бір тәртібі   болмайынша  несиелеудің бір ережелерін  тәжірбиеге  енгізу мүмкін  емес.  Сондықтан да,  жазбаша түрде жазылған  несиелік  саясат   пен оны іске  асырудың  соған сәйкес  ержелері  несиелік  процессті  жүргізудің  негізін   құрайды. Несиелік  саясат  банк  қызметкерінің   бүгінгі  таңда  несиелеуге  болатын  экономика  секторын  дұрыс  таңдай  білуіне,  сондай-ақ,  несие беру  мүмкіндігі   туралы  сұрақты шешуде  банк  үшін  бірінші  реттік  маңызы  бар басқа факторлар  мен  қарыз  алушының  несиелік  қабілетіне  қарап  өз клиентін  таңдаудағы  біліктілігіне  негізделеді.  Сондай-ақ  несиелік  саясат  банктің  бүгінгі  иелігіндегі  немесе  ертең  енгізуді  дұрыс  санайтын  несиелік  өнімдермен  анықталады.  Мысалға  кісіпорындарға  қысқа  мерзімді  несиелер  (айналым  қаражаттарын   толықтыруға)   және  ұзақ  мерзімді  инвестициялық  несиелер  (өндірісті  жаңғыртуға,  кеңейтуге,  техникалық  қайта  қаруландыруға, ғылыми  техникалық  инновацияларды  енгізуге)  берген  қолайлы.

      Несиелік  саясат   жүйелі  түрде  қайта  өңделіп,   банк  жүйесіндегі  және банк  ішіндегі  өзгерістерді ескере  отырып  толықтырылады.  Сондықтан  да,  несиелік  саясат  пен  соған  сай  стандарттар  мен  нұсқаулықтардың  мазмұны  нарық конъюктурасындағы  өзгере  отырып  түзеледі.

      Несиелік  саясатты  іске  асыру  формалары. 

Іс  жүзінде  несиелік  саясатты  іске  асыру  тәсілдері   мен  әдістерін    белгілі  бір  формада, яғни  соған  сай   келетін  төмендегідей  үш  құжат  түрінде  көруге  болады:                                                                                                            

      1.                Несиелік  саясат;

      2.                Несиелеу  стандарты;

      3.                Несиелеу  нұсқаулықтары.

      Сондай  – ақ  аталған  үш  құжатты  ерекше  бір  құжатта – «несиелік  саясат  бойынша  жетекшілік  ету» -  біріктіруге  болады.  Онда  несиелік  саясат  несиелеуді  жүзеге  асыратын  бөлімшелер  жұмыскерлерінің   қызметтерін  нақтылайтын  несиелік  нұсқаулықтар  мен  несиелеу  стандарты,  несиелеудің   жалпы  бағыттары  мен  бағдарламары  анықталады. Несиелеу  стандарты бұл банкте  несиелік  қызметі жүзеге  асыратын   барлық  қызметкерлердің жетекшілікке  алатын  құжаты. 

      Несиелік  нұсқаулық -  несиелеу  процедурасын  іске  асырудың  алгоритмін  бекітетін  кезектіліктің  қадамдарын  суреттеуді  білдіреді. Басқаша  айтқанда,  ол несиелік  қызметтін  нақты бір  бағыттарына  жатады. 

      Несиелеу  шарты – несилеудің  басты  элементтеріне  яғни  несиелеу субъектілері     мен  объектілеріне  және   несиенің  қамтамасыз етілуіне  қойылатын  талаптарды   білдіреді. Несиелеу  шарты,  біріншіден,  несиелік  мәміле  жасайтын  екі  жақтың  мүдделерін  ескереді. Банктер  шаруашылық   қажеттілігін  мүдделеріне  сай клиенттің  қажеттілігін   қанағаттандыруға  бағытталады.  Несиелеу  шарты,  сондай – ақ  несие  беруші  банктердің  мүдделері   қорғалуын  көздейді. Несиелеу  шарты,  екіншіден  несиелеу  принциптерінің  сақталуын  талап  етеді.  Егер   клиент   аталған  принциптердің  біреуін  бұзатын  болса, онда несиелеу  мғмілесі  жасалмайды. Несиелеу  шарты, үшіншіден, банктің  коммерциялық  мүддесі сақталатын   негізде  жүзеге  асырылады. Несиелеу  ақылы  түрде жүргізіледі. Оның  ақысы  көбінесе  несиелік  тәуекелге, Орталық банктің қайта қаржыландыру  мөлшерлемесінің деңгейіне нарықтағы несиеге деген сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына байланысты  анықталады. Несиелеудің төртінші  шарты банк  пен қарыз алушы арасындағы   жасалатын  несиелік  келісімді  қамтиды. Несиелеу  несиелік  мәмілеге  қатынасатын  тараптардың  міндеттерімен  құқықтарын  экономикалық  жауапкершілігін көздейтін  келісім  негізінде  іске асады. Соңғы  бір  несиелеу  шарты  екі  жақтың өз ара қарым- қатынастарының  жоспарлануын  қамтиды. Банктегі  жоспарлау объектісіне берілетін  несиенің  соммасы, оның  қайтарылатын  мөлшері  несиелік операцияларға байланысты  табыстар  мен  шығыстар  жатады. Несиелік  процесс  қарыз  алушыны  алынған  несиені  уақытылы жғне  толық  қайтаруын, сондай-ақ  ссудалық  пайызды  төлеуді  алдын  ала  қарауда өндірістік  жғне  қаржылық  мүмкіндігін  соған  сай  реттеп  отыруға  міндеттейді.

      Сонымен, несиелеу  шарттарын  төмендегідей  түрде  жеке  қарастыруға  болады: 

      ·                     несиелеудің  басты  элементтеріне  қойылатын талаптардың  сақталуы;

      ·                     несиелік  мәміле  жасаушы екі жақтың  мүдделерінің  сәйкес келуі;

      ·                     несие  беруші  банк  пен  қарыз алушының өз міндеттемелерінің болуы;

      ·                     несиелеу  принциптерінің  сақталуы;

      ·                     кепілдің  іске  асырылу  мүмкіндігі және кепілдеменің болуы;

      ·                     банктің  коммерциялық  мүделерінің  қамтамасыз  етілуі;

      ·                    несиелік  мәміле  жасаушы тараптардың өзара  қарым-қатынастардың  жоспарлануы;

      Несиелік  механизмнің экономикалық  мазмұны. Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықты экономика  жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін  пайдаланылатын  несиелік  механизм өзінің негізгі және  құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік  механизм несиенің  экономикалық категория ретіндегі қызмет  етуін  жеткізе  және  тура  бейнелей  алмай,  сондай-ақ оның  қозғалысының  объективті негізінен  айырылып  қалар еді. Несиелік  механизм  сипатының объективтігін айта отырып, екі элементті: несиені  және  несиелік  механизмді бір-бірінен  бөліп  қарау дұрыс емес. Соңғысы несиенің бейнелейтін қатынастарынан  алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір  қабатын  құрайды. Несиелік  механизм несиелеуді  экономикалық- ұйымдастыру  қатынастарын белгілі бір  қабатын,  яғни  несиелік  қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мұндағы  буын  ретінде несиелік объективті  сипатын және  несиелік  қатынастарды  ұйымдастыруға  байланысты   шаруашылықтың  субъективтің  қызметінің  өзара іс  әрекеті  түсіндіріледі. Демек, несиелік  механизмге несиенің  мазмұны  және өзіндік ерекшеліктерін  сипаттайтын  қатынастар  және  олардың  пайда болу  әдістері, тәсілдері  және формалары жатады. Соңғылары  несиелік  қатынастардың  мәніне  жатпағанымен  де, олар  несиелік  іс-тәжірибиені   сипаттайтын  процесске  жақын немесе  оның  үстінде  қалыптасады. Осы  тұрғыдан, кейбір  мамандар  несие категориясын жалпы  әдістемелік  жоспардан оқып  біле  отырып, ғылыми таным  барысында  бірден  несиенің  мазмұнын, оның  қызметтерін  талдаудан несиелеу механизіміне  өтеді. Сондай-ақ    қазіргі    несиелік   миханизмнің   басқа   да экономикалық  механизмдер сияқты,  мынадай құрылымдық элементтері болады:

      ·                   несиенің  түрлері;

      ·                   несиелеу  объектілері;

      ·                   несиелеу  субъектілері;

      ·                   несиелеу  принциптері;

      ·                   несиелеу тәуекелді  басқару:                                                                                                                                            

      Несиенің  түрі -  бұл  несиелік  қатынастар құрылымының  олардың  негізгі  қызметтерінің, яғни  әр  алуан  сыртқы  және  ішкі  өзгерістер  барысында  толық  сақталатын  көрінісі. Несие  берушілер  мен  қарыз  алушылар  арасындағы  байланыстар  қалай  өзгергенімен  де,  несиенің  түрі  сол  қалпында  сақталады. Іс  жүзінде  несиенің  екі  формасы  болады: товар  және  ақша. Ал, несиенің жекелеген  түрлеріне  келсек, олар  несиенің  осы екі формасының  қолданылуы   барысында  қалыптасады. 

      Несиелеу  субъектілері  мен  объектілері. Несие  құрылымы  несие  беруші  мен  қарыз  алушыдан, сондай-ақ  қарыз капиталынан тұрады.  Мұндағы  несие  беруші  мен  қарыз  алушыларды  несиелік  мәміліге  қатысушы  тарапынан оларды  несиелік  қатынас  субъектілері  деп  атауға  болады.  Осы  тараптардың  бірі  болмаса  несиелік  мәміле  жасалмайды. Несие  берушілерге  мемлекет, банктер, банк  типтес  мекемелер  мен  қаржылық  ұйымдар  сондай-ақ   халықаралық  қаржы  ұйымдары  да  жатады.  Кейбір  жағдайларда,  несиенің  коммерциялық  формада  берілуіне  байланысты несие  берушіге  өнім  өндіруші  кәсіпкерлер  де  жатуы  мүмкін. Ал,  қарыз  алушыларға  қаражатқа  деген  уақытша  қажеттілігі  бар  кез – келген  заңды  жғне  жеке  тұлғалар  жатады.  Несиелеу  объектісі – бұл несиенің  пайдалану  заты  яғни  несинің  іске  асырылу  аясы  деп  түсіеуге  болады. Қазақстанның  банктік  тғжірбиесінде  қысқа  мерзімді  несиелеу  объектісіне  «экономиканы  қысқа  мерзімді  несиелеу» ережесіне  сәйкес, банк  несиесі  есебінен  құралатын  өндірісті  айналым  қорлары  мен  айналыс  қорларының  бір  бөлігі  жатады. Несиелеу объектісі  материалдық  құндылықтар  өндіріс  және  айналыс  шығындары  түрінде  сол  сияқты  егер  несие  материалдық  жағынан  қамтамасыз  етілмеген  жағдайда  банк  алдындағы  шаруашылық ұйымның  міндеттемесі  ретінде де болады. Материалды  қамтамасыз  етілген несиелеу  объектісіне өндірістік  шикі  зат қорларын, негізгі жғне  көмекші материалдарды,  жанар май,  ыдыстар,  сатып алынатын   жартылай  өнімдер тағы  да  басқа материалды  құндылықтардың  маусымдық жинағы  және  өнеркәсіптегі дайын өнімдердің  және  сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды  қорлары жатады.  Мұндай  қорларды  жасау ең  бастысы,  өндіріспен  және  өнімдерді сату  процесімен  тығыз байланысты.

Информация о работе Коммерциялық банктер