Коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 19:06, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.

Файлы: 1 файл

меруерт.doc

— 247.50 Кб (Скачать)

      Ұзақ  мерзімді  несиелеу  объектілерінде  жататындар  мынадай  түрлерге  бөлінеді:

      ·                   өндіріс объектілерінің  құрылысы;

      ·                   өндіріс  объектілерін  қайта  құру, техникалық  жағынан қайта  қаруландыру, кеңейту;

      ·                   техникалар, құрал жабдықтар  және  көлік  құралдарын сатып  алу;

      ·                   жаңа  өнім  шығаруды  ұйымдастыру;

      ·                   өндірістік  емес  маңызы  бар  объектілерді  салу;

      Несиелеу  принциптері. Несиелеу  принциптері  несиенің  мәнін  және  қызметтерін,  сондай- ақ  несиелік  қатынастарды  ұйымдастыру облысындағы объективті  экономикалық  заңдардың талаптарды   бейнелейді. Несиелеу  принциптері негізінде несиелік  процесс яғни,  банктік несиелердің берілуі,  пайдаланылуы  және  қайтарылуы  жүзеге  асырылады. Несиелеу  принциптеріне  байланысты  банктік  несиелердің  берілуінің  басты  шарттары: несиенің  мақсаты  және  мерзімі  олардың  қаражаттар  айналымы  шеңберінде  қатынасу  нәтижелілігі  және  т.б. анықталады.

      Қазіргі  несиелік  қатынастарды  ұйымдастыру  принциптері  екі  топқа  бөлінеді:

      1                  топқа  - жалпы  экономикалық  тәртіптегі  принциптері:

      ·                   несиенің  мақсаттылығы;

      ·                   несиенің  дифференциялдығы;

      2                  топқа  -  несиенің  мәнін  бейнелейтін  принциптер:

      ·                   несиенің  мерзімділігі;

      ·                   несиенің  қайтарылымдылығы;

      ·                   несиенің  төлемділігі;

      ·                   несиенің  қамтамасыз етілуі;

      Қазіргі  несиенің  дифференциялдық  принципінің  мазмұны  өзгерген десе  де болады. Біріншіден, ол  мерзімділік  принципімен  байланысады, яғни  несие  уақытында  қайтара  алатын  шаруашылық  органдарына  беріледі. Сондықтан  да  несиелеудің  дифференциялануы тек  несиелік  қабілетті  сипаттайтын  негізінде  ғана  жүзеге  асырылады. Екіншіден, бұл  принцип  несиелік  келісім  жасалғанға  дейін  және  банктер  несиелік  ресурстарға  деген  сұранысын  оқып  үйрену  барысында  потенциялды  қарыз  алушылардың  несиелік  қабілетін  және  сұралып  отырған  ссуданың  қамтамасыз  етілу  сипатын  және олардың  банк  үшін  пайдалылығын,  сондай-ақ  қаражаттардың  жұмсалу  ұзақтылығын  жетекшілікке  ала  отырып  бастапқы  несиені  орналастырғанға  дейін  іске  қосылады.  Үшіншіден,  несиелік  қабілеттілігіне  байланысты  несиелудің  дифференциялануы,  оның  өткен  жүйедегі  вариантымен  салыстырғанда  қаталдау  болып  табылады.    Мерзімділік  белгілі  экономикалық  категория  ретіндегі  мғніне  негізделген  несиенің  ерекше  бір  белгісі. Ол яғни, несие  берушінің қарыз  алушыға  берілген  қаражаты  белгілі  бір  уақыт  ішінде  келісілген  тәртіпке  сай  қайтарылуға  тиістілігімен  қортындыланады. Осыдан  келіп  несиенің  қайтарымдылық  принципі  туындайды. Несиенің  қайтарылымдылығы  оның  экономикалық  категория  ретінде  басқа  да  тауарлы  қатынастардың  экономикалық  категори-яларынан  ажыратылатын  ерекшеліктерімен  сипатталады. Қайтарылмайтын  несие  болмайды. Сондықтан  да  қайтарылымдылық  несиенің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.

      Несиенің  төлемділігі – бұл  несие  беруші  қарыз  алушыға  берілетін  қаражатты  қайтару  барысында  бастапқы  сомадан  өсіп  қайтарылатындығын  білдіреді. Іс жүзінде ақылық  несиені  пайдаланғаны  үшін  төленетін сыйақы (пайыз)  түрінде беріледі.

      Енді  осы несиенің  қамтамасыз  етілу  тәсілдеріне тоқталайық:

Кепілге  берілетін ссуда – бұл  қарыз  алушының  активтерімен  қамтамасыз  етілген  несие. Кепіл  берілетін  активтер  қарыз  алушының  иелігінде  қалып,  оның  пайдалануында  болады.  Экономикасы жақсы  дамыған  елдердегі  қарыз  алушының  жағдайы   жақсы  болып  келген  жағдайларда  несие  қамтамасыз  етілмеуі  де  мүмкін.  Кепіл  несиені  қамтамасыз  етудің  ең  тұрақты  формасы  ретінде  мынадай  шарттарды  сақтайды: біріншіден, кепілдің  құнын  анықтау  барысында  несие  мөлшері  мен  пайыз  мөлшерлемесін  қоса  алғандағы  сомасын, сол  сияқты  кепілді  іске  асыруда  жғне  оны  ақшаға  айналдыру  үшін  уақытты  дұрыс  анықтау  қажет. Екіншіден,  кепіл  туралы  келісім  жасаған  кезде,  барлық  заңдылық  жақтарын, құқылығын міндеттілігін тексере отырып,  тұрақты және  заңды түрде қорғалуын қамтамасыз  ету қажет,  бүгінгі жағдайға  сай, қарыз алушының  иелігінде болатын кепілдің  тұрған  жерін, жағдайын  құндылығымен  үнемі бақылап отыру қажет. Бұл атылған жағдайлар  көбіне  бағалы  қағаздарға  да  байланысты  келеді.

      Несие  берушінің  кейбір  активтерді  анықтаудағы  нақты  мәселелері   кездеседі. Сондықтан  кепілге  берілетін  кейбір  активтердің  төмендегідей  сипатта  болуын  білу  шарт: Біріншіден, кепілге  несие берілуі туралы  шешім қабылдағанаға дейін жеңіл бағаланатын болуға  тиіс. Екіншіден,  кепілге алынатын  мүліктің  нарықтағы қозғалыс  мүмкіндігін үнемі тексеріп  отыру қажет. Үшіншіден кепілдің  өтімділік дәрежесін есепке  алу өте маңызды   басқаша  айтсақ, кепілге  алынатын  зат  көп  уақыт өтпей нақты ақшаға   айналуға  тиісті. Төртіншіден  кепіл  туралы  келісім  жасасқанда   кепілдің  амортизациясын  немесе  моральдік  тозу  жақтарын  ескеру  қажет.  Өйткені,  кейбір  активтер  басқаларына  қарағанда  өзінің  бастапқы  құнын  тез  жоғалтады. Кепіл-хат- қарыз  алушы  төлеуден  бас  тартқан  жағдайда, үшінші  бір  жақтың  қарызды  өтеймін  деген  жазбаша  міндеттемесін  береді. Бұл  жағдайда  кепіл  хаттың  заңдылығы  туралы  несие берушіге  қарыз алушыдан  төлеуді   кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы  сұрақтың  маңыздылығын  ескеру  қажет. Кепіл-хаттың, ссуданың    қамтамасыз  ету құралы  ретінде пайдалану,  кепіл-хатты берушінің тұрақтылығын  алдын ала бағалап білуді  талап  етеді.

      Кепіл-хат  күрделі  экономикалық  құрал  ретінде  мынадай  түрлерге  бөлінеді.

      Біріншіден  ол  қамтамасыз  етілген  немесе  қамтамасыз  етілмеген  болып  келеді.

      Екіншіден,  ол  шектеулі  немесе  шектеусіз  болып  келеді. Шектеусіз  кепіл-хат  бойынша, оны  беруші  бір  қарыз  алушының  барлық  несие  берушіге  төлей  алмайтындығы  жағдайында  төлеуге  кепіл  береді. Мұндағы  кепіл-хат  етілмеген  болып  келеді. Шектеулі  кепілдеме – бұл  нақты  бір  қарыз  алушының  ссудаға  байланысты  болатын  қарыздарын  төлеуге  кепілдік  береді. Кепіл-хаттың  бұл  түрі  біздің  елімізде  дами  алған  жоқ.

      Үшіншіден, жеке  немесе  корпоративтік  кепіл-хаттар. Жеке  кепіл-хат  жеке  тұлғаларды, серіктестіктерді  несиелеу  барысында  қолданылады. Корпорациялардың  кепіл-хаттары  басқа  да  бір  корпорациялардың  алған  ссудаларын  қамтамасыз  етуде  жиі  пайданылады. Бұл  аталған  кепіл-хаттар  дамыған  елдер  тәжірбиесінде кең  қолданылғанымен  де,  біздегі  корпорациялардың  беретін  кепіл-хаттарына  банктер  әлі  де болса,  олардың  түбінде  өтей  алмайтындығына  сенімсіздік  танытуда.

      Несиелік  тәуекелді басқару. Кез-келген  банктің  қызметінің  табыстылығы  банктің  барлық  несиелерінің   сапасына,  яғни  оның  қайтарымдылық  дәрежесіне  тікелей  байланысты.  Несиенің  уақытылы   қайтарылмауы   банктің зиян  шегуіне  итермелейді.  Сондықтанда   банктер   несиелік   тәуекелді  басқару  шараларымен  уақытылы   айналысып  отыруға  тиіс.  

      Қазіргі  несиелеу  механизмінің  құрамы  төмендегідей   құрамдас  бөліктерден  тұрады.

      ·                   Несиелеу  әдістері   және  ссудалық  шот  түрлері

      ·                   Несиелік мәмілені  құжаттау 

      ·                   Несиенің  мөлшерін  белгілеу

      ·                   Несиені   беру  процедурасы

      ·                   Несиені  қайтару  тәртібі 

      ·                   Несиелеу  процедурасына  жасалатын  бақылау  

      ·                   Кепіл  заттарын  бағалау  және  іске  асыру 

      Несиелеу  әдістері  -  ссуданың   берілу  және  қайтарылу  ерекшеліктерімен  болатын,   банктік  несиенің   кәсіпорындардың қаражат   айналымының  шеңберінде  қатынасу  тәсілдерімен  беріледі . 

      Реформалауға  дейінгі  кезеңдегі  отандық  банктік  тәжірбиеде  несиелеудің  екі  әдісі  қолданылған.

      - қалдық  бойынша

      - айналым  бойынша

      Қалдық  бойынша несиелеу  барысында несие қозғалысы (яғни,   несиені беру және  қайтару) несиеленетін  құндықтар  қалдықтарымен тығыз  байланысты  болады. Ондай  құндылықтарға, әр  түрлі  тауарлы- материалды  құндылықтар  (шикізат, негізгі және  қосымша  материалдар  қосалқы  бөлшектер,  тауарлар  және т. б.) аяқталмаған  өндіріс, алдағы  кезеңдегі  шығыстар,  дайын  өнімдер  жғне  жөнелетін тауарлар  жатады.  Қорлардың  нормативпен жоғары  өсуі  несиеге  деген  сұраныс  тудырып,  ал  олардың  азаюы несиенің  сол  мөлшерде  қайтарылуын  талап  етеді.  Мұндай  несиелеу  әдісінде  несие  компенсациялық  сипатта  болады,  өйткені,  несие шаруашылық  органдардың құндылықтары  мен  шығындары  қорларының  нормативтен  жоғары  бөлігіне  жұмсалған  меншікті  қаражаттарының  орынын  жабуға  бағытталады. Компенсациялық несиелер  жай  ссудалық  шоттар  бойынша  беріледі. Сондай-ақ бұл несиенің  қайтарылуы  есеп  айырысу  шотынан шегеру  жолымен  жүзеге  асырылады.

      Айналым  бойынша  несиелеу. (тауар айналымы)  әдісінің  ерекшелігі  ондағы  несие  қозғалысы  материалық  құндылықтар  айналымымен  яғни, олардың  түсу  және  жұмсалуына  байланысты  анықталады.  Бұл  несиелеу  ғдісінде жаңа  несиенің  берілуі  мен  бұрын  берілген несие бойынша қарыздын қайтарылуы уақыт бойынша ұштасып қалып отырады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды. Себебі ссуда берілуі тікелей төлемге қатысты, жғне заемдық қаражаттарға қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп айналым бойынша несилеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердін көмегімен жүргізіліп , арнайы ссудалық  шоттар бойынша беріліп отырылған. Бұл жерде несиенін қайтарылуы өнімді сатудан түскен түсімдер есебінен банктік ссудалық шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.

      Демек бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса ал екіншісі ссудаларды үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының қорларының айналым шенберін және төлем айналымын ұйымдастыруда оның рөлі арта түсті.

      Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несилеу әдісінін үш түрі қарастырылады.

      ·                   айналым бойынша несилеу әдістері

      ·                   қалдық бойынша несиелеу әдістері

      ·                   айналым қалдықтық.

      Несилеу әдістері несиені беру және қайтаруға байланысты ссудалық шоттар формаларын анықтауға негіз болады. Несиенін ұйымдастырылу қозғалысы (оның берліу және қайтарылуы) банктін клиентке ашқан ссудалық шотында көрсетіледі. Ссудалық шот клиенттін банктен алған несиеніне байланысты қарызы көрсетілетін яғни ссуданын берілуі мен қайтарылуы көрсетілетін шотты білдіреді. Барлық ссудалық шоттарға ортақ тәртіп былай сипатталады; несиені беру олардын  дебеті бойынша ал қайтарылуы кредит бойынша клиенттін банкке әрдайым сол жағында яғни ссудалық шоттын дебеттік жағында көрсетіледі.  

      Ссудалық  шот 
 

                     Дебеті            Кредиті
        Несиені беру       Несиені қайтару
      Ссудалық  шот қалдығы 

      (несие  бойынша қарыз)

 
                 -

Информация о работе Коммерциялық банктер