Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 13:34, курсовая работа
Азаматтық құқықтық қатынас және қоғамдық қатынастарды азаматтық -–құқықтық реттеу механизмі. Түрлі нормативті актілердегі азаматтық-құқықтық нормалар азаматтық құқық пәнің құрайтың қоғамдвқ қатынастарды реттеуге шақырылған. Азаматтық-құқықтық реттеу механизмін ашуда басты рольды азаматтық құқықтық қатынас түсінігі атқарады.
1 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы.
2 Азаматтық құқықтық қатынастардың негіздемелері
3 Өкілеттілік. Өкілеттілік түсінігі және түрлері
4 Азаматтық құқықтағы мерзімдер.Мерзімдердің түсінігі, есептелуі және түрлері
5 Талаптың ескіруі.
Жоспар:
1 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы.
2 Азаматтық құқықтық қатынастардың негіздемелері
3 Өкілеттілік. Өкілеттілік түсінігі және түрлері
4 Азаматтық құқықтағы мерзімдер.Мерзімдердің түсінігі, есептелуі және түрлері
5 Талаптың
ескіруі.
1.
Азаматтық құқықтық
қатынастардың түсінігі
мен құрылымы.
Азаматтық құқықтық қатынас және қоғамдық қатынастарды азаматтық -–құқықтық реттеу механизмі. Түрлі нормативті актілердегі азаматтық-құқықтық нормалар азаматтық құқық пәнің құрайтың қоғамдвқ қатынастарды реттеуге шақырылған. Азаматтық-құқықтық реттеу механизмін ашуда басты рольды азаматтық құқықтық қатынас түсінігі атқарады.
Қоғамдық катынастардың азаматтық құқық нормаларын реттеу нәтижесінде олар құқықтық форманы иемденіп, азаматтық құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл азаматтық құқық нормасымен реттелген қоғамдық қатынас сияқты. Оның пәніне мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар кіреді. Мүліктік қатынастарды азаматтық құқықпен реттеу нәтижесінде азаматтық мүліктік құқық қатынастары туындайды. Егер жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеме, жеке мүліктік емес құқық қатынастары тағайындалады.
Азаматтық құқық ең алдымен, қоғамның экономикалық базисі сферасында жатқан мүліктік қатынастармен байланысты. Олардың құқықтық реттелуі азаматтық құқықтық қатынастарда көрінбейтін бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.
Азаматтық
құқықтық қатынастардың ерекшеліктері.
Азаматтық құқық пәніне кіретін
қоғамдық қатынастар жақтардың заңдық
теңдігі әдісімен реттеледі. Жақтардың
заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастын
бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Осы
қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас
табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық
қатынас оның қураумен элементтері түрінде
қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың
мазмұны, формасы, субъектілері мен объектілері
кіреді.
Азаматтық
құқықтық қатынастың
мазмұны мен формасы.
Азаматтық құқықтық формасы. Қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу процесінде олардың мүшелері субъективті құқықтар мен міндеттемелермен бөлінеді, ол болашақта құқықтық қатынас шегіндегі мүшелер тәртібін анықтайды. Азаматтық құқықтық қатынас формасы. Мүшелерге тән субъективті құқықтар мен міндеттер оның құқықтық формасын қурайды. Субъективті құқық түрінде құқықтық тулғаның тәртібінің заңдық қамтылған өлшемі түсіндіріледі, ал субъективті міндеттеме – азаматтық құқықтық қатынастасы міндетті тулғаның қажетті тәртібінің заңдық қамтылған өлшемі.
Азаматтық құқықтық қатынас мазмұны мен формасының бірлігі. Азаматтық мүліктік қатынасты оның экономиялық базисіне толық жатқызуға болмайды. Ол экономиялық мазмұны мен құқықтық формасының диалектикалық бірлігін көрсетеді. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынас мазмұны экономиялық базис сферасында болады. Азаматтық құқықтық қатынас спецификасы оның субъектілері мен объектілеріненде байқалады.
Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері. Азаматтық құқық қатынас мүшелер олардың субъектілер мен аталады. Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түрінде жеке индивидтер, әйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шет ел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.
Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:
1.
Қазақстан азаматтары, шет елдік
азаматтар, жеке азаматтығы
2. Қазақстандық жеке шет елдік заңды тұлғалар
3. Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық бірлестер
Азаматтық құқық қатынас объектілері. Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған тәртібі көрінеді. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың спецификасы сол, оның мүшелері өз тәртібі мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге жер ете алады. Азаматтық құқық қатынас субъектілерінің тәртібі азаматтық мүліктік құқықтық қатынастық объектісін құрайды. Субъектілердің өзара әрекет ету процессіндегі жеке материалдық игілікке бағытталған тәртібін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, азаматтық мүліктік, құқықтық қатынас мазмұнын құраса, екіншісі – оның объектісін құрайды. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың өз мазмұнымен объектігі әсерінің механизмі келесідей: құқықтық тұлға өз тәртібімен сәйкес материалдық игілікке бағытталған әрекет жасайтын міндетті жаққа әсер етеді.
Жеке
мүліктік емес құқықтық қатынаста болып
- бедел, жетістік қызмет репутациясы,
адам аты, заңды тұлға атауы,
тағы басқа сияқты материалдық игіліктерге
бағытталған жақтардың тәртібі
табылады. Бірақ кез келген азаматтық
құқықтық қатынаста объект адам қажеттілігін
қанағаттандыруға қабілетті белгілі бір
игіліктерге бағытталған оның мүшелерінің
тәртібінен сипатталады.
Азаматтық
құқық қатынас
түрлері.
Мүліктік
және жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар.
Қандай қоғамдық қатынастын азаматтық
құқық нормасымен реттелгеніне
қарап, мүліктік және жеке мүліктік емес
құқықтық қатынастарды бөліп көрсетеді.
Мүліктік құқықтық қатынастар құндық
қатынастарды реттеу нәтижесінде,
ал жеке мүліктік емес – азаматтық
заңның жеке мүліктік емес қатынастарды
реттеу нәтижесінде бекітіледі.
Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтық
қатынас спецификасы субъективті құқықты
қорғаудың ерекше әдістерін
анықтайды. Мүлік құқығы зиянның
орнын толтыру жолымен қорғалса,
жеке мүліктік еемес құқықты қорғау
басқа әдістермен жүргізіледі.
Қатысты
және абсолюттік
азаматтық құқықтық
қатынастар.
Субъект аралық байланыс құрылымына орай; барлық азаматтық құқықтық қатынастар қатысты және абсолюттік болып бөлінеді. Қатысты құқықтық қатынаста құқықтық тұлғаға міндет қатаң белгіленген тұлғалар қарсы турады. Ол бір немесе бірнеше тұлғалар болуы мүмкін. Абсолюттік құқық қатынаста құқықтық тұлғаға міндетті тұлғалардың белгісіз саны қарсы тұрады. Абсолюттік құқықтық қатынаста құқықтық тұлға құқығын кез келген тұлға бұза алады. Ал қатысты құқықтық қатынаста құқықтық тұлға құқығы осы құқытық қатынасқа қатысатын белгілі бір тұлғалар жағынан бұзылуы мүмкін.
Заттық
және міндеттемелік құқықтық қатынастар.
Тұлға көзқарасын қатынастандыру
тәсіліне байланысты заттық
және міндеттемелік құқықтық қатынастарды
ажыратады. Заттық қатынаста құқықтық
тұлға көзқарасы заттардың пайдалы
қасиеттері есебінен қанағаттандырылады.
Міндеттемелік құқықтық қатынаста
тұлға көзқарасы (қызығушылығы)
материалдық игіліктерді құқықтық
тұлғаға ұсыну бойынша міндетт
тұлғаның белгілі бір әрекет есебінен
қанағаттандырылуы мүмкін. Мұндай
жіктеудің тәжірибелік мәні
заттық және міндетті құқық қатынастағы
тұлғалар тәртібінің түрлі құқықтық
регламентациясынан тұрады. Заттық
құқық қатынастарда міндетті тұлғалар
пассивті роль атқарады. Міндет
құқықтық қатынас міндет тұлғаның
белгілі бір әрекетті жасау жолымен
жүргізіледі. Міндетт құқықтық қатынастарда
міндет тұлғалар құқықтық тұлғаға
материалдық игілікті ұсыну бойынша
белгілі бір белсенді әрекеттер жасайды.
2
Азаматтық құқықтық
қатынастардың
негіздемелері
Азаматтық құқықтық қатынас негіздерінің
түсінігі. Азаматтық заңдағы
құқықтық нормалар өз бетімен
азаматтық құқықтық
Заңдық фактілер азаматтық құқықтық қатынас негізінде жатқандықтан және олардв бекітуді, өзгертуді немесе жоюды тудыратындықтан, оларды азаматтық құқықтық қатынас негіздемелер деп атайды.
Азаматтық құқықтық қатынас негіздерінің түрлері. Азаматтық құқықтық қатынас негізі болып заңдық бірліктік факт қызмет етуі мүмкін. Кейбір азаматтық құқықтық қатынас негіздемелері екі немесе одан да көп заңдық фактілерді құрайды, олар бір уақытта немесе тізбектік түрде туындайды. Мұндай негіздемелер күрделі заңдық құраммен немесе күрделі заңдық фактімен аталады.
Азаматтық заңда азаматтық құқықты қатынастар негізі түріндегі бірнеше заңдық фактілер қарастырылған. Осы фактілердің жалпы тізімі АК 7 бабында берілген. Экономикалық айналым дамуының қажеттіліктері, әсіресе нарықтық өту кезеңінде алдын – ала азаматтық заңда қарастырылуы мүмкін емес жағдайлармен байланысты. Сондықтан азаматтық заңда сәйкес ереже қарастырылған, оған сәйкес азаматтық заңда қарастырылмаған заңдық факлітер жалпы бастамалар мен азаматтық заң мәніне қайшы келмес, сәйкес заңдық зардаптарды тудырады (АК 7б).
Азаматтық құқықта заңдық фактілерді жіктеу. Азаматтық құқықтағы барлық заңдық фактілер жеке ерекшеліктеріне байланысты жіктеуге ұшырайды, ол көптеген заңды фактілер ішінен негғұрлым еркін бағытталып, оларды бір-бірінен нақты шектеуге мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде, азаматтық құқықтық субъектілер мен құқық қорғау органдарының азаматтық заңды дұрыс қолдануына жағдай жасайды.
Заңдық фактілер ағымдық сипатына қарай оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаларға адам ерінен тыс шығатын жағдайлар жатады. Мысалы, апат жағдайлары, адамның тууы мен өлуі, белгілі бір уақыт аралығының аяқталуы, т.б. Ал әрекет адам еркімен жасалады. Мысалы, келісімге отыру, міндетті орындау, туынды жасау, ұрпақ қабылдау, т.б. Оқиға тек табиғат күшімен емес, адам әрекетімен де жасалады. Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен, азаматтық құқықта заңды фактілердің негізгі массасын адамдар әрекеті құрайды.
Әрекет өз кезегінде құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді. Кұқықтық емес әрекеттер заң талаптарына немесе басқа нормативтік актілерге қайшы келеді. Мысалы, басқа тұлғаға зиян келтіру оның орнын жабу бойынша міндет бекітуді тудырады. Ал құқықтық әрекеттер азаматтық заң талаптарына сай келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның қалыпты дамуын қамтамасыз ететіндіктен, заңдық фактілердің көбісін азаматтық құқықта құқықтық әрекеттер құрайды. Бірақ құқықтық әрекеттердің заңдық мағыналары азаматтық құқықта әрқашан бірдей емес.
Барлық құқықтық әрекеттер өзінің заңдық мәні бойынша заңдық әрекет және заңдық актілер деп бөлінеді. Заңдық әрекет – бұл заңдық әрекет жасаған тұлға еркінен тыс, ал кейде тәуелді азаматтық – құқықтық зардап тудыратын құқықтық әрекеттер. Ал заңдық әрекеттерге қарағанда заңдық актілер – бұл осы зардапты арнайы тудыру үшін жасалғанда сәйкес заңдық зардаптарды тудыратын құқықтық әрекеттер. Заңдық актілер құрамына әкімшілік актілер мен мәлімелелерді жатқызады.
Әкімшілік актілер әрқашан сәйкес әкімшілік – құқықтық зардап тудыру үшін жасалады. Сондықтан әкімшілік актілердің көбісі әкімшілік құқықтық қатынас негізі болып табылады және азаматтық-құқықтық заң фактілер санына кірмейді.
Әкімшілік актілерге қарағанда, мәлімелер тек қана азаматтық-құқықтық зардап тудыру мақсатында ғана жасалады. АК 147 бабына сәйкес, мәміле ретінде азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқық пен міндетті бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған әрекеттер мойындалады. Мәлімелер санына түрлі келеісім шарттар, конкурс жариялау, т.б. жатады.