Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 12:48, курсовая работа

Краткое описание

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Оглавление

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14
2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28

Файлы: 1 файл

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі.docx

— 62.39 Кб (Скачать)

Бізге қуатты әлеуметтік тірегі бар, жұртшылықтың мүддесін анықтай  алатын, соны жеткізе алатын, сайлаушылардың дауысы үшін бір-бірімен өркениетті түрде тіресе алатын күшті, бәсекеге қабілетті партиялар керек. Сонымен қатар, олар жалпыұлттық идея төңірегінде біріккен, сындарлы тұрғыдан өзара ынтымақтасатын партиялар болуға тиіс. Елдің жедел дамуына бағыт ұстап отырған жағдайда партиялар халықты жұмылдыруға, қолға алынған өзгерістерге қоғамдық қолдау қалыптастыруға қабілетті болуы керек. Біз іс жүзінде күшті әрі бәсекеге қабілетті партиялары бар осы заманғы партиялық жүйені қалыптастыруға кірістік, деді Елбасы.

Сонымен қатар, Қазақстанда  басым күшке ие орнықты партияның құрылуы жалпыұлттық қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете алмақ. Стратегиялық келешекте таңдап алынған бағыттың сабақтастығын қамтамасыз етпек. Бұған қоса, көшбасшы партия Парламентте басым дауысқа ие бола отырып алдағы реформалардың заңнамалық негізін қалауға атсалыспақ.

Әлбетте, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген іргелі мемлекетте ірі партиялар өз халқын жалпыұлттық мақсаттарға жұмылдыра отырып, елдің дамуына қуатты серпін беріп келген.

Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын тартудай-ақ тартқан Жапония саяси жаңғыру кезеңінде елдегі ірі партияның күшіне иек сүйеп, сол мемлекеттегі либерал-демократиялық партия өзі құрылған 1955 жылдан бастап іс жүзінде дәйім билік басындағы партия болып келеді. Азия жолбарыстары Сингапур мен Малайзия, демократиялық құрылымының сан ғасырлық тарихы бар Еуропаның көптеген елдері де осы жолды таңдаған.

Мұндай қуатты партиялар  ел өмірін сәтті реформалауға, саяси тұрақтылықты қолда ұстауға қабілеті жететінін, айқын идеологиялық негіздерге арқа сүйеп, қауіпсіздікке, мемлекеттілікке, ұлттық мүдделерге, орнықты нарықтық реформаларға басымдық беретінін өмірдің өзі дәлелдеген.

Осы орайда “Отан” сияқты орасан зор қуаты бар саяси құрылымды бірізді монополияға ұрындырмай, оны заман ағымына сай дамыту да алдағы уақытта атқаруға тура келетін сындарлы міндеттердің біріне айналмақ. Атап айтсақ, заманауи менеджментке негізделген ішкі құрылымды құру, партияның басшы органдарын оңтайлы ұйымдастыру, үлкен бюрократиялық ұйым болмауына, басшы органдардың арасында функциялардың қайталануына жол бермеу бас партияның болашақтағы бағдарын айқындай түспек.

Жалпы, қоғамның барлық жасампаз күштерінің топтасуы ел дамуының басты стратегияларының бірі – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне ұйытқы бола алады. Яки, партия жалпымемлекеттік мүдделер аясында қызмет етіп, саяси бәсекелестіктегі идеялар тартысында қоғамға дамудың мейлінше тиімді стратегиясын ұсынып отырмақ. Сондай-ақ партиялардың рөлін арттыру арқылы Парламенттегі партиялық фракциялардың өкілеттіктерін кеңейту, саяси партияларды мемлекеттік қаржыландыру, Үкімет жасақтауда Парламенттегі партиялық фракциялардың қатысу тетігін жасау мүмкіндіктері жүзеге асырылмақ. Ықпалды біртұтас партия реформа барысында қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуына мүмкіндік бермек, стратегиялық келешекте жүргізіліп жатқан саяси бағыттың сабақтастығын қамтамасыз ететінін де ұмытпауымыз керек.

Біз бұдан былай “Отанның”  кемелденуін Қазақстанның қаншалықты қарышты дамуымен де қатар өлшеуімізге болады. Өйткені, соңғы жылдары тығырықтан шығып, көшін түзеп, көшелі жолға түскен көршілес Ресейдің осы жетістіктері тегеуріні темірдей “Единая Россия” саяси партиясының идеялық мақсат-мұраттарының орындалуымен қабысып жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Сөз орайы келгенде айта кетер жәйт, соңғы күндері қатары толысып жатқан “Отан” партиясының атын өзгерту жөніндегі ұсыныстар да қызу талқыға түсіп келеді. Сол ұсыныстардың ішінде “Нұр Отан” атауына көпшіліктің көңілі түсіп тұр. Газетімізге осы тақырыпта келіп түсіп жатқан хаттардың ішінде жақында Ақмола облысының тұрғыны Ғалымбек Айтмурзиннің аталған мәселе жөніндегі ойы басылым бетіне жарияланды. Хат авторы “Нұр Отан” сөз тіркесінің мағынасы “нұр елі”, “нұр жауған ел” дегенді білдіреді дей келе, сондықтан да “Нұр Отанды” жамағат ел, халыққа нұры, шапағаты түсетін партия деп қабылдайтын болады деген байламын айтады. Әрине, бұл пікірдің аталған партия көшбасшыларының бірінің емес, қарапайым ауыл адамының аузынан шыққан ақжарылқап тілегі екенін ескерсек, жаңа атауға халайықтың шынайы ниеті түсіп тұр деп те түсінуге болады. Бірақ бұл мәселенің түпкі шешімі тек “Отанның” алдағы күндері өтетін съезінің үлесінде тұрғанын да ұмытпауымыз керек.

Қорыта айтсақ, Қазақстан  саяси дамудың жаңа кезеңіне аяқ  басты. Енді салалық партиялар саясатта басымдыққа ие болмай, идеялық бәсекелестік бірінші кезекке шығарылмақ. Отандық саяси жүйе, өркениетті елдердегідей бір-бірімен шынайы бәсекелесе алатын босағасы берік оңшыл, солшыл, центристік тармақтар бойынша дамымақ. Саяси сарапшылардың пікірінше, “Отанға” осыған дейін “Асар” және Азаматтық партия біріксе, алдағы уақытта Аграрлық партия бір сапқа тұрмақ. Сонымен, “Отанның” кемелдену үдерісі аяқталып, сол тұрғыда толысуға тоқтам жасайтын қазақстандық жаңа іргелі саяси ұйымдармен демократиялық негізде тартысқа түспек. /8/ 

 

 

 

2.2ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ  ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ 

 

Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі  жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң  алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Бұл  туралы биылғы Қазақстан халқына  Жолдауымда жан-жақты айтылғанын білесіздер. Яғни, біздер үшін тұрақты даму кезеңі келді.

Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде  саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз.

"Биыл біз демократиялық  саяси жүйені дамытуда сапалы  қадам жасадық, бұл жерде президенттік  республика моделінен президенттік-парламенттік  модельге көшу жөнінде сөз  қозғалып отыр. Сондай-ақ, өкілетті  билік органдарының құзыреті  аясын кеңейттік, саяси партияларды,  жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін,  сот жүйесін, азаматтық қоғам  институттарын дамытуға тың серпін  берілді", - деді Н. Назарбаев.

"Еліміздің парламенті  жаңа Ата заңға сәйкес жұмыс  істеп, жаңаша міндеттерді атқара  бастады. Біз бұл ретте тепе-тең  әрі демократиялық саяси жүйе  ғана Қазақстанды модернизациялау  жолында алға қойған асқаралы  міндеттерді еңсере алатынын  ескердік", - деп қосты ол. /10/

Мемлекет басшысының пікірінше, "еліміздің саяси жүйесін реформалауға бағытталған дәйекті жұмыстарсыз" ілгерілеушілік пен даму болуы мүмкін емес. "Әлемдік тәжірибені зерделей, талдай және соған сүйене келе біз  саяси дамудың эволюциялық жолын  таңдап алдық және басқа елдердің қатесін қайталаған жоқпыз. Және біз  президенттік республика моделін таңдау арқылы қателікке бой алдырмадық, біз елімізді посткеңестік саяси  және экономикалық хаостан еліміз тарихындағы аса күрделі кезеңде шығара алдық", -деген сенімде президент.

Саяси жүйені реформалау мақсаты - бүкiл қоғам мүддесiн iске асыруды  қамтамасыз етуге қабiлеттi, пəрмендi саяси жүйе қалыптастыру.

Саяси жүйені реформалаудың  күшті жақтары:

-       Дəйектi саяси реформалардың нəтижесiнде мемлекеттiлiктiң негiзi қалыптасты, Қазақстанның одан əрi дамуының бағыты белгiлендi, демократиялық құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам құрудың қажеттi алғышарттары жасалды.

-       Қазақстанда саяси жүйенi дамытудың демократиялық бағыттылығы қалыптасты.

-       Мемлекеттiк құрылыста билiктiң заң шығарушылық, атқарушылық жəне сот тармақтарына бөлiну принципi конституциялық тұрғыда айқындалды.

-       Мемлекет басшысын сайлау баламалы негiзде өткiзiлдi.

-       Өкiлдi органдарға (Парламент жəне мəслихаттар) сайлауды партиялық тiзiм бойынша өткiзудiң негiзi қаланды, ол партиялық құрылыс процесiн жандандыруға, мемлекеттiң саяси өмiрiнде партияның рөлiн күшейтуге жəрдемдесуге тиiс.

-       Саяси плюрализм заң жүзiнде бекiтілді, көппартиялылықты қалыптастырудың негiзi қаланды.

-       Мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдары түзiлiп, жұмыс iстеуде. Қоғамның əр түрлi топтары мен жiктерiнiң мүддесiн бiлдiретiн үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар құру процесi жүрiп жатыр.

-       Нарықтық экономиканың дамуы қазақстандық саяси ортада дербес əлеуметтiк-демократиялық идеялардың бекуi үшiн əлеуметтiк база болған меншiк иелерiнiң жеткiлiктi өкiлдi жаңа табын құруға алыпкелдi. Қоғамды жəне оның саяси жүйесiн одан əрi ырықтандыру адамдардың осы əлеуметтiк топтарының ұмтылыстарына жауап бередi.

-       Қазақстан халқының бiлiм деңгейiнiң жоғарылығы тұтас алғанда қоғамды одан əрi демократияландыруға да ықпал етедi.

-       Ұлтаралық татулық саясатын жүргiзу құралы ретiнде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.

Саяси жүйені реформалаудың  әлсіз жақтары:

-       Атқарушы билiктiң шектен тыс орталықтандырылуы жəне тұрақсыздығы.

-       Өкiлдi органдардың қызметi қазiргi қоғамдық-саяси жəне əлеуметтiк-экономикалық жағдайға толық дəрежеде сай емес.

-       Партиялардың саяси жүйедегi рөлi əлi де əлсiз, қазiргi саяси партиялардың жұртшылыққа белгiсiздiгi жəне əрекетсiздiгi.

-       Биліктің өзара iс-қимылының тетiктерiн пысықтау жəне жетiлдiру қажеттiгi.

-       Сот жүйесiнiң жекелеген буындарының атқарушы билiкке тəуелдiлігiнің сақталуы.

-       Демократиялық дəстүрлердiң жəне ырықтандырылған, нарықтық экономика жағдайында өмiр сүру тəжiрибесiнiң жетiспеушiлігi.

Мүмкiндiктер:Қоғамның демократиялық  реформаларды жалғастыру, демократиялық  институттарды тұрақты түрде  дамыту мен нығайту қажеттiгiн  түсiнуi; Құқықтық мемлекет iсiне бүкiл  қазақстандық қоғамның күш-жiгерiн шоғырландыру, онда заң үстемдiк етедi жəне азаматтардың түбегейлi құқықтары мен бостандықтары  қамтамасыз етiледi; Елдiң əлемдiк  қауымдастыққа ақпараттық интеграциялануын кеңейтуге ықпал ететiн Қазақстан  қоғамының ашықтығы; Саяси дамудың  халықаралық оң жəне терiс тəжiрибелерiн  кеңiнен зерделеу мүмкiндiгi; Əлемде демократиялық процестердiң ғаламдануы жəне мемлекеттердiң экономикалық жəне саяси өзара тəуелдiлiгiнiң артуы./9/

Қатерлер:Шет елдердiң  тəжiрибесi, егер жүйе өз дамуында тоқырауға  ұшыраса, оның ұдайы өзгерiп отырған  сыртқы жəне iшкi жағдайларға барабар  үн қосудан қалатынын дəлелдейдi. Мұндай жағдайда болжаусыз

елдегi жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкiн əлеуметтiк-саяси зардаптар  қатерi туындайды. Демек, жүйе ұдайы  серпiндi дамып отыруға, қоғамдағы  өзгерiстерге бейiмделуге жəне сол  өзгерiстерге үн қатуға тиiс. Қазiргi уақытта  ел басынан өткерiп отырған əлеуметтiк-экономикалық қиындықтар жəне соның салдарынан халықтың бiр бөлiгiнiң əлеуметтiк қанағаттанбаушылығы  қоғамда əр алуан əлеуметтiк жанжалдардың, жалпы iшкi саяси тұрақсыздықтың туындау  қаупiн арттырады. Елдiң көпұлттылығы əр түрлi этникалық топтар мүдделерiн  үйлестiрудiң демократиялық тетiктерi болуы қажеттiгiн талап етедi. Тарихтың бiрнеше мəрте көрсеткенiндей, ұлтаралық  проблемаларды демократиялық емес əдiстермен шешу орын алған жерде  көпұлттылық мемлекеттiлiк ұстынын  шайқайтын жəне қоғамды iшкi тұрақсыздыққа  жетелейтiн фактор ретiнде көрiнедi. /11/

ХХ ғасырдың соңы демократиялық  процестердiң ғаламдануымен сипатталады. Көптеген елдер саяси жүйенi демократияландыру  жолына түстi жəне демократиялық дамудың  қандай да бiр сатысында тұр. Əрбiр  елдiң өзiнің саяси тарихы, өзiнiң  саяси дəстүрі өзiнiң саяси  мəдениетi, өзіндiк тарихи даму жолы бар. Сондықтан əрбiр елдегi демократияландыру  процесiнiң өз ерекшелiктерi, алғышарттары немесе керiсiнше, кедергiлерi бар. Саяси  жүйенi өзгертудiң едəуiр мол тəжiрибесi жинақталған, оны зерделеу мен талдау жүргiзiлiп жатқан жаңартулардың  дұрыстығын бағдарлауға мүмкiндiк  бередi.Демократиялық жетiстiктердiң  барлығына қарамастан, қазiр Қазақстанның демократияландырудың бастапқы кезеңiнде  ғана тұрғаны анық жəне алда саяси  жүйедегi реформаларды дəйектi жəне ойластырылған  түрде жалғастыру мiндетi тұр.

Мынадай стратегиялық мiндеттердi шешу қажет:

- елдiң саяси өмiрiнде  өкiлдi билiк органдарының рөлiн  кеңейту;

- соттардың iс жүзiндегi тəуелсiздiгiн жəне кəсiби құзыреттiлiгiн  қамтамасыз ету;

- басқару функцияларының  бiр бөлiгiн орталықсыздандыру;

- көппартиялық жүйенi  дамыту үшiн жағдай жасау;

- сайлау процесiн жетiлдiру;

- үкiметтiк емес қоғамдық  ұйымдардың рөлiн күшейту, олар  азаматтардың мүдделерiн iске  асыруға белсендi жəне жемiстi қатысуға тиiс.

Қазақстанның Конституциясы  қуатты президенттiк республиканың  қалыптасуын жəне билiктің үш тармағы  арасында өкілеттiктердi бөлудi заң  жүзiнде ресiмдедi. Конституция бойынша  Президент мемлекеттiк билiктiң  барлық тармақтарының үйлесiмдi жұмыс iстеуiн жəне билiк органдарының халық  алдында жауаптылығын қамтамасыз етедi. Президенттiң мұндай мəртебесi мемлекет мүддесiне, мемлекеттiк билiктiң орнықтылығы  мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге  жауап бередi. Сонымен бiрге бүгiнгi таңда билiктiң барлық тармақтарының  пəрмендiлiгiн күшейту əрбiр билiк  тармағының мемлекеттің саяси жүйесiндегi рөлiн күшейту қажеттiгi анық.

Елдiң саяси өмiрiнде  өкілдi билiк органдарының рөлiн кеңейту:

- Саяси жүйенi жетiлдiрудiң  маңызды бағыттарының бiрi елдiң  саяси өмiрiнде Парламенттiң функциясы  мен рөлiн кеңейту болады.

- Өкiлдi органдардың саяси  жүйедегi рөлiн күшейту, реформалар  процесiн толыққанды заңдық қамтамасыз  ету үшiн олардың өкiлеттiгiн  кеңейту олардың атқарушы органдардан  тəуелсiздiгiн қамтамасыз ету талап  етiледi.

- Парламенттiң рөлiн, оның  функцияларын тиiмдi пайдалана отырып  күшейту қажет. Парламент республикалық  бюджеттiң орындалуын бақылауда  неғұрлым белсендi рөл атқаруға  тиiс.

- Жергiлiктi мəслихаттар жергiлiктi бюджеттердiң орындалуын нақты  бақылауға тиiс.

- Қоғамда орын алып  отырған əлеуметтiк-саяси мүдделерге  орай тиiмдi үйлестiру мақсатында  Парламенттiң жанынан əр түрлi партиялар мен қоғамдық-саяси  қозғалыстардың, кəсiподақтардың, соның  iшiнде Парламентте өкiлдiгi жоқтардың  арасында жүйелi түрде саяси  консультациялар өткiзудi ұйымдастыру  қажет.

Соттардың тəуелсiздiгiн жəне кəсiби құзыреттiлiгінқамтамасыз ету:

Сот жүйесiнiң нақты тəуелсiздiгiне қол жеткiзу - қоғам алдында тұрған басты мiндеттердiң бiрi. Тəуелсiз  сот - өзiмiз iргесiн қалағымыз келiп  отырған құқықтық мемлекеттiң аса  маңызды институттарының бiрi болып  табылады. Сот қызметiн неғұрлым тиiмдi жүзеге асыру үшiн олардың  жоғарғы жəне төменгi инстанцияларының арасындағы функцияларды талдау жəне оңтайлы бөлу қажет. Қазақстанда  мамандандырылған соттар енгiзудiң  қажеттiгi барған сайын өзектi болып  отыр. Бұл сот-құқықтық реформаның маңызды  бағыттарының бiрi болды.

Информация о работе Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі