Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 12:37, творческая работа
Жол белгілері СТ РК 1125-2002 "Жол белгілеу" мемлекеттік стандарттарына сәйкес келеді. Белгілер ені 1,0 және 1,5мм қалайымен қапталған металдан жасалып, ауа райына төзімді полимерлік ұнтақ бояумен боялады. Өндіру кезінде америкалық «ЗМ» фирмасының жарық қайтарғыш инженерлік, жоғары қарқынды және алмазды үлгілі қағазы қолданылады. Қағаз арнайы бояумен трафаретті баспа әдісі бойынша боялады, бұл өнім сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді.
Жол Белгілері
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.
Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.
Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.
Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.
Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.
Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.
Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.
ҚазАқпарат - Астана, Алматы қалаларында және Павлодар мен Ақтөбеден басқа барлық облыс орталықтарында көлік құралдарының жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлері беріле бастады, деп хабарлады ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінен.
Бұған дейін хабарлағандай, жаңа үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің дизайны Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 31 тамызындағы Заңымен ратификацияланған БҰҰ Конвенциясының жол қозғалысы туралы талаптарына сәйкес жасалып отыр.
Енді қазақстандық автожүргізушілер халықаралық қозғалысқа қатысу барысында ешқандай қиыншылықтарға кездеспейді. Себебі жаңа мемлекеттік нөмірлерде халықаралық сәйкентендіру белгісі қарастырылған.
Алғашқы бағдаршам 1868 жылы 10 желтоқсан күні Лондондағы Британия парламенті ғимаратының маңында орналастырылған. Бағдаршамды ойлап тапқан адамның есімі Дж. П. Найт. Найт теміржолда қолданылған семафорларды құрастырумен айналысқан маман еді. Алғашқы бағдаршамның екі ғана семафорлық қанаты болған. Көлденеңінен орналасқан қанат "тоқта" дегенді білдірсе, 45 градус бұрышқа еңкейтілген белгі - "абайлап өтіңіз" дегенді білдірді.
Назарларыңызға рахмет!