Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 13:03, реферат
Карта масштабында көрсетуге келмейтін географиялық объектілер масштабтан тыс белгілер әдісімен бейнеленеді. Мысалы, ондай белгілермен заводтар, фабрикалар, диірмендер, электр станциялар, елді мекендер мен олардағы тұрғындардың саны, темір жол станциялары, порттар, пайдалы қазбалардың кен орындары, аэродромдар, ескерткіштер т. с. с. белгіленеді. Көбінесе олар ортасы объект орналасқан пунктке сәйкес келетін қарапайым суреттер немесе геометриялық фигуралар (шеңбер, квадрат, тік бұрыш, т. б.) түрінде болады.
Топографиялық материалдардың шартты белгілері.
Карта масштабында көрсетуге келмейтін географиялық объектілер масштабтан тыс белгілер әдісімен бейнеленеді. Мысалы, ондай белгілермен заводтар, фабрикалар, диірмендер, электр станциялар, елді мекендер мен олардағы тұрғындардың саны, темір жол станциялары, порттар, пайдалы қазбалардың кен орындары, аэродромдар, ескерткіштер т. с. с. белгіленеді. Көбінесе олар ортасы объект орналасқан пунктке сәйкес келетін қарапайым суреттер немесе геометриялық фигуралар (шеңбер, квадрат, тік бұрыш, т. б.) түрінде болады.
Кейде белгінің суреті бейнелейтін заттың пішініне ұқсас болады. Шартты белгінің мөлшері картада бейнеленетін объектінің мөлшерін немесе мәнін (маңызын) сипаттайды. Мысалы, СССР-дің, одақтас және автономиялы республикалардың астаналары үшін мөлшері әр түрлі жұлдызшалар мен дөңгелекшелер қолданылады.Аудандары мен ұзындықтарын картаның масштабында бейнелеуге болатын объектілерді белгілеу үшін де шартты белгілер қолданылады. Масштабтан тыс белгілерден ерекше оларды аудандық және сызықты белгілер деп атайды.
Аудандық белгілермен, мысалға, орман алқаптары, ауылшаруашылық жерлері, көлдер, батпақтар және басқа да объектілер көрсетіледі. Сызықты белгілер өзен, жол, шекара, құбырларды белгілеу үшін пайдаланылады. Алайда масштабта сызықты белгілер объектілердің ұзындығын ғана көрсете алатындығын естен шығармау керек.Ал объектілердің ені үлкейтіліп беріледі, сондықтан оны картадан өлшеуге болмайды. Мәселен, 1 : 100 000 масштабтағы картада көрсетілген темір жолдың ені оның нақтылы енінен 10 еседен асып түседі.
Сол себептен де ұсақ масштабты картадан тіпті Волга сияқты ірі өзендердің де енін өлшеуге болмайды.Бұлардан басқа түсініктеме шартты белгілер де болады. Олар объектінің сипаттамасын толықтырып тұрады. Мәселен, өзендегі көрсеткіш белгі ағыстың бағытын көрсетеді, орманның пішініндегі ағаштың (жапырақты немесе қылқан жапырақты) суреті белгілі бір ағаш тұқымының басым екенін білдіреді.Жер бетін планда немесе картада кескіндегенде жер контурының горизонталь проекцияларын табиғи шамасымен бірме-бір көрсету мүмкін емес. Демек, план немесе карта жер контурының горизонталь проекцияларының кішірейген кескінің береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады. Осындай масштаб сандық масштаб деп аталады, оның бөлімі жердегі сызықтардың план мен картаға кескіндеу кезінде қаншалықты кішірейгенін көрсетеді. Мәселен, 1 : 1000 масштаб планда барлық ұзындық өлшемдер 1000 есе кішірейгенін, яғни пландағы 1 см жердегі 10 м-ге сәйкес келетінін көрсетеді,
Масштаб әрбір план мен карта бетінің рамкасының оңтүстік қабыр-ғасының астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) түрде көрсетіледі. Сандық масштабты біле отырып, картада жердегі өлшенген кесіндінің ұзындығын, керісінше картадағы ара қашықтықты өлшеп, оның жердегі шамасын табуға болады. Мысалы, егер жердегі горизонталь ара қашықтығы 145,3 м-ге тең (яғни, 1 см 10 м-ге тең) кесіндінің масштабы 1 : 1000, пландағы ұзындығы 145,3 : 10= 14,53 см. Егер картадағы кесіндінің ұзындығы 9,13 см, ал картаның масштабы 1 : 10000 (яғни 1 см — 100 м) болса, онда жердегі сызықтың горизонталь ара қашықтығы 9,13-100 = 913 м болады.
Пландар мен карталардың шартты белгілері. Жер бетін планға, картаға түсіру күрделі жұмыс, ол өте аса дәлдікті қажет етеді және дәл аспаптарды пайдаланып, маман- геодезистер, маркшейдерлер жасайды. План мен картаның мазмұны толық, түсінікті және көрнекті болуы үшін пішіні, түрі мүмкіндігінше жердегі заттарды бейнелейтін белгілер қолданылады. Топографиялық картадагы шартты белгілер: карталарды түрлі- түсті безендіруден, түсіндірме жазулардан, цифрлы белгілерден тұратын бір тұтас жүйеден түрады. Шартты белгілер мен олардың түстері жердін әртүрлі объектілері, тектік түрлерін көрнектендіре түседі. Ал, түсіндірме жазбалар мен цифрлык белгілеулер шартты белгілерде кескінделетін объектілердің және ерекшеліктері туралы мәліметгермен толықтырылады. Карталар мен пландардағы шартты белгілер масштабты (контурлық), сызықтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілерге бөлінеді .
Контурлық белгілер орманның, шабындықтың және олардың көлемін де білуге мүмкіндік береді. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирлермен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің белдерін және шын мәніндегі сұлбаға үұқсастығын сақтай отырып белгіленеді. Бейнелейтін заттардың көлемі кішкентай болып, оны масштаб арқылы көрсету мүмкін болса, ондай заттар масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Мәселен, жаңа өскен ағаштар, құдықтар, километр бағаналары, т.б. заттардың мөлшері көрсетілмей тұрған орындары белгіленеді, яғни масштабтан тыс шартты белгілер тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын геометриялық фигуралар. Өзендер, каналдар, жолдар, т.б. сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Олар объекті осін оның табиги орнына сәйкес береді, ал олардың ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі. Контурлық және масштабтан тыс белгілерді толықтыратын және оларды түсіндіретін белгілерді түсіндіргіш шартты белгілер дейді. Мәселен, өзендердің ағын жылдамдығы, көпірдің ұзындыгы мен көтерімділігі, геодезиялык пункттердің, ормандағы ағаштардың жанында жазылган сандар, т.б. түсіндіргіш белгілеріне жатады. Елді-мекендердің, өзен-көлдердің, таулардың, т.б. аттары толық жазылады. Қысқартьшған жазулар объектілердің маңызын немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы: вкз-вокзал; ск-скважина; қ-құдық деген мағынаны береді. Топографиялық карталардагы түрлі-түсті бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын өзіне сәйкес болып келеді; мәселен: ормандар-жасыл; су-көк, жер бедері-қоңыр, темір жолдар, өнеркәсіптік, шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері-қара бояулармен боялады.
Информация о работе Топографиялық материалдардың шартты белгілері