Машиналар, жабдықтар мен көліктік құралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 13:15, курсовая работа

Краткое описание

Машиналар, жабдықтар мен көліктік құралдар — бұл жеке және заңды тұлғалардың меншігінде болатын мүлік түрі. Бағалау тәжірибесіне заңды тұлғалардың, яғни кәсіпорындардың меншігінде болатын мүлікті қарастыру тән.Кәсіпорынның барлық мүліктері жылжитын және жылжымайтын мүлік болып бөлінеді. Жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, жер қойнаулары, жеке су объектілері, ормандар, ғимараттар мен құрылыстар жатады.

Оглавление

Кіріспе....................................................................................................................................3
1.Машина мен құрал жабдықтар және көлік құралдарын бағалау, тәсілдері және жіктеу
1.1. Машина мен құрал жабдықтар және көлік құралдарын бағалау...............................5
1.2. Машина мен құрал жабдықтар және көлік құралдарын бағалау тәсілдері..............10
1.3. Машина мен құрал жабдықтар және көлік құралдарын жіктеу............ ..................14
2. Машиналар мен құрал жабдықтар және көлік құралдарын бағалауда компьютерлік бағдарламалардың қолданылуы.
2.1.Компьютерлік диагностика..................................................................................20
2.2.Машинаға техникалық қызмет көрсету..................................................................29
2.3.Машинаға техникалық қызмет көрсету кезінде көрсететін қызметтер мен талаптар.........................................................................................................................32
Қорытынды..........................................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................................38

Файлы: 1 файл

машина курсовой.docx

— 90.21 Кб (Скачать)

Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы  барлық қатысушылардың үлестерi және тиiсiнше  олардың шаруашылық серiктестiгi мүлкiнiң  құнындағы үлестерi (мүлiктегi үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына  барабар болады.Шаруашылық серiктестiкке  қатысушы серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып  қоюға және сатуға құқылы.Жарғылық капиталға салым салудың тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды  құру жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшiн жауапкершiлiк заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында белгiленедi.Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын  азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Олар бұл жағдайда серiктестiктiң  мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын  немесе тиiстi мiндеттемелерiн орындауын  және оның зиянды өтеуiн талап етуге  құқылы.

Осы тармақта белгiленген тәртiптi бұза отырып жарғылық капиталды азайту мүдделi адамдардың арызы бойынша  сот шешiмiмен серiктестiктi таратуға негiз болып табылады.Шаруашылық серiктестiктiң жоғары органы оның қатысушыларының  жалпы жиналысы болып табылады.Толық  серiктестiктен және сенiм серiктестiгiнен  басқа, бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден бiр қатысушысына тиесiлi болады.Шаруашылық серiктестiкте  оның қызметiне күнделiктi басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы  жиналысына есеп берiп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе) жеке-дара құрылады). Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн.

Серiктестiктiң алқалы органдары  ретiнде:

басқарма (дирекция);

байқаушы кеңес;

     Заң актiлерiнде  немесе шаруашылық серiктестiгi  қатысушыларының жалпы жиналысының  шешiмiнде көзделген жағдайларда  басқа да органдар құрылуы  мүмкiн.Шаруашылық серiктестiктiң  органдарының құзыретi, оларды сайлау (тағайындау) тәртiбi, сондай-ақ олардың  шешiмдер қабылдау тәртiбi Азаматтық  Кодекске, заң құжаттарына және  құрылтай құжаттарына сәйкес  белгiленедi. Шаруашылық серiктестiгi  қаржы есептерiнiң дұрыстығын  тексеру және растату үшiн серiктестiкпен  немесе оның қатысушыларымен  мүлiктiк мүдделер жөнiнен байланысы  жоқ аудиторлық ұйымды тарта  алады (сыртқы аудит). Шаруашылық  серiктестiгiн аудиторлық тексеру  серiктестiк бiр немесе бiрнеше  қатысушысының талап етуi бойынша  солардың есебiнен кез келген  уақытта жүргiзiлуге тиiс. Шаруашылық  серiктестiгiнiң қызметiне аудиторлық  тексерудi жүргiзу тәртiбi заңдармен  және серiктестiктiң құрылтай құжаттарымен  белгiленедi.

 

2.3.Машинаға техникалық қызмет көрсету кезінде көрсететін қызметтер

 

Автомобильдің диагностикасы бөлшектер мен  тораптардың ақауы мен тозуын анықтау мақсатында автомобильдің  барлық тораптары мен агрегаттарын тексеруді білдіреді. Автомобильдің  толық диагностикасына қозғалтқыштың  және тұтандыру жүйесінің компьютерлік диагностикасы, жүріс бөлігінің  диагностикасы, тежегіш жүйесінің  диагностикасы, электр жабдығының диагностикасы  және түтін шығару диагностикасы  міндетті түрде кіреді. Берілісті  ауыстырудың автоматты қорабымен (БААҚ) жабдықталған  
автомобильдерде тағыда БААҚ диагностикасы жүргізіледі. (Жабдықтар және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

Жоспарлы техникалық қызмет көрсету

Жоспарлы  техникалық қызмет көрсетуге ТО1 және ТО2 (техникалық қызмет көрсетудің ТО-А  және ТО-В, ТО-С еуропалық стандарттары) жатады.

Автокөліктің қозғалтқыштарында, беріліс қорабында майды жедел  ауыстыру

Қажет болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушіге автокөліктің қозғалтқышындағы, беріліс қорабындағы майды және май сүзгіштерін жедел ауыстыру қажеттігін хабарлайды. Бұл ретте, егер Тапсырыс берушіде ауыстыру үшін тиісті тараулар болмаса, онда Өнім беруші оларды Тапсырыс берушінің өкілімен келісім  бойынша сатып алады.

Инжекторды жуу

Инжекторларды жуу қажеттігі еуропалық стандарттарға  сай келмейтін сапасыз отынды пайдаланудан туындайды. Инжекторды жуу  арнайы өткізгіштердің көмегімен автомобильдің  инжекторына тікелей қосылатын  арнайы жабдықта жүргізіледі. (Жуылатын стендінің және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

Автомобильдің ауабаптағыштарына  қызмет көрсету және оларды толтыру

Қажетіне  қарай Тапсырыс берушінің өтінімі  бойынша Өнім беруші автомобиль ауабаптағыштарына  қызмет көрсетеді және оған құяды.

Автоауабаптағыштарға  қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар мыналардан тұрады:

автоауабаптағыштар  диагностикасы

автоауабаптағышқа фреон құю

шлангіге  түтікті ауыстыру

буландырғышты бактерияға қарсы өңдеу

салондағы жағымсыз иістерді жою

конденсорды, буландырғышты іштен жуу

автоауабаптағыш жүйесін жуу (автоауабаптағыштарды толтыру станциясының және мамандардың  болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

Ағымдағы жөндеу

Жөндеу  экономикалық орындылығымен айқындалатын шектелген номенклатураның құрамдас бөлшектерді ауыстырып немесе қалпына  келтіріп, автокөлік ресурсының ақауын жою және ішінара қалпына келтіруді  қамтамасыз етуі тиіс.

Жөндеу  Тапсырыс берушіні хабарлай отырып және Тапсырыс берушінің уәкілетті адамының өтінімі негізінде жүргізіледі. Жөндеу әрбір автокөлік үшін орнатылған техникалық қызмет көрсету тізбегінің құрылымын бұзбауға тиіс. Жөндеу кезінде  жұмыс көлеміне мыналар кіреді:

1) ақаудың  диагностикасы – визуалды қарау,  бақылау өлшеуі және ауыстырылуы  немесе қалпына келтірілуі тиіс  жекелеген бөлшектерді, тораптарды, тетіктер мен платаларды айқындау;

2) базалықтарынан  басқа, тораптар мен тетіктердің  шектелген номенклатурасын алып  жабдықты ішінара бөлшектеу;

3) алынған  тораптарды бөлшектеу (қажетіне  қарай);

4) базалықтарынан  басқа, ақауы бар жекелеген  бөлшектерді, тетіктерді, платаларды  және құрылғыларды ауыстыру немесе  жөндеу;

5) жабдықтарды  техникалық және электрлік параметрлер  бойынша реттеу;

6) жабдықтың  бақылау және жұмысшы материалда  дұрыс жұмыс істеуін тексеру;

7) автокөлікті  пайдалануға беру.

Жабдықты  жөндеу мерзімі автокөліктің түріне байланысты және жөндеудің күрделігіне  қарай өзгеруі мүмкін, бірақ автокөлікті  жөндеуге арналған өтінім тіркелген  күннен бастап 3 күннен аспауы тиіс. Егер тапсырыс бойынша шетелден жеткізілетін жекелеген тораптарды, бөлшектерді  тетіктерді ауыстыру қажет болған жағдайда, жөндеу мерзімі Тапсырыс берушінің  жазбаша келісімі бойынша ұзартылуы  мүмкін, бірақ ол 30 күннен аспайды. (Жабдықтардың және мамандардың болуын міндетті түрде  көрсету тиіс).

Қозғалтқышты жөндеу

Қозғалтқышты  жөндеу жөніндегі орындалатын жұмыстардың  тізбесі:

Отын  жүйесін жөндеу;

біліктерді  ажарлау;

цилиндрлерді  жону;

цилиндрлер  блогын жөндеу, пісіру;

блок  бастиегін жөндеу;

агрегаттардың бөлшектерін, тораптарды жөндеу;

автомобильдердің  қозғалтқыштарын жөндеу құны қызметтердің жалпы сомасына кіреді. (Жабдықтардың және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

БААҚ-ты жөндеу және оның диагностикасы

Қажеті  болғанда БААҚ-ты жөндеу әзірлеуші  зауыттың техникалық талаптарына сәйкес жүргізіледі.

БААҚ  диагнотикасының жалпы дәйектілігі:

БААҚ-тың  кіріс диагностикасы;

БААҚ-ты алу;

БААҚ-ты бөлшектеу;

Жөндеу  құнын есептеудің ақау хаттамасын жасау;

Шотты тапсырыс берушімен келісу;

Қосалқы бөлшектерді жинақтау;

БАҚ-ты жинау;

БААҚ-ты автомобильге орнату;

шығыс диагностикасы (Жабдықтардың және мамандардың  болуын міндетті түрде көрсету тиіс).

 

Жүріс бөлшегін жөндеу

Өнім  беруші автомобильдің жүріс бөлігінің  диагностикасы арқылы өзінің мерзімін аяқтаған және ауыстырылуы тиіс бөлшектерді  нақты айқындауы керек.

Жүріс бөлігін жөндеу жұмыстары:

Диагностика;

Амортизаторларды  немесе сайлент-блоктарды ауыстыру (жұбымен ауыстырылады).

(Жабдықтардың  және мамандардың болуын міндетті  түрде көрсету тиіс).

 

 

 

Компьютерлік жақындату - алыстату

Өнім  беруші кез келген моделдегі автомобильдер  дөңгелегінің бұрышын орнату жөніндегі  барлық көрсеткіштерді сапалы реттеуді қамтамасыз етуі тиіс:

Жақындауы;

Бұрылыстағы кері жақындау;

Алыстау бұрышы;

Шквордың  көлденең иілуі;

Бұрылыстың  барынша үлкен бұрышы; 

Басқарылатын  артқы дөңгелектер;

Симметрия өсі және өстердің ауытқуы;

Дөңгелектерді жылжыту;

Орнатылатын биіктік;

(Жабдықтардың  және мамандардың болуын міндетті  түрде көрсету тиіс).

Шинамонтаж, дөңгелек теңгерімі

Өнім  беруші шинаны монтаждауды жоғары жабдығында мынадай жұмыс түрлерін орындауды  қамтамасыз етуі тиіс:

Дөңгелектерді алу және салу (пневматикалық көтергіште немесе жылжымалу домкратта) ;

R 13-R22 құйылған және штампталған дискілердегі  дөңгелектерді электрондық теңдеу;Дөңгелектерді  монтаждау, бөлшектеу;Дөңгелектің  тесігін жөндеу (грибті немесе  ширатылманы орнату әдісімен) ;Закраина  арқылы шинаның шығаруын жою  (қалпақша герметизациялау әдісімен) ;(Жабдықтардың және мамандардың  болуын міндетті түрде көрсету  тиіс).

Шанақ жұмыстары

Шанақ жұмыстары қажетіне қарай жол-көлік  оқиғасы (ЖКО) жағдайында Тапсырыс берушінің  өтініміне сәйкес жүргізіледі.Жұмыстың бұл түрі автомобиль қорабының бастапқы геометриясын қалпына келтіруді  немесе жекелеген бөлшектерін ауыстыруды/қалпына  келтіруді, бояуларды іріктеу лабораториясын пайдаланып, сырлауды қамтитын автомобильдің  сыртқы түрін қалпына келтіруді  көздейді. (Жабдықтардың және мамандардың болуын міндетті түрде көрсету тиіс).Жұмыстың бұл түрін бұл автокөлік сақтандырылған сақтандыру компаниясы төлейді.Бұл жағдайда Өнім берушінің қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі барлық жұмыстар сақтандыру компаниясы арқылы жүргізіледі. Сот шешімін қоса алғанда, барлық қажетті құжаттар көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді талап ету үшін Өнім берушіге беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Машиналар, жабдықтар және көлік құралдар нарығындағы  қолданылатын негізгі терминдер  және анықтамалармен таныстым. Машиналар, жабдықтар және көлік құралдарын бағалау тәсілдерінің ішінен шығындық әдіспен бағалау жүргіздім.  Шығындық тәсіл бағаланатын жабдықтың  нарықтық құнын анықтау үшін сол  жабдықтың шығуына және нақтылануына кеткен ең бірінші шығындарды айтамыз. Осындай жолмен анықталған құн нарық  құнымен сәйкес келмеуі мүмкін, себебі, шығындар- құнға әсер ететін жалғыз фактор емес, оған пайдалылық, сапа және бәсекеге жармадылық сияқты факторлар  ықпал етеді. Бірақ-та, көліктер мен  жабдықтарды арнай бекітуде, бірегей  объектілерді, жеке тапсырыстар бойынша  дайындаулар және нарықта ұқсастықтардың болмауы үшін қолданылатын шығындар тәсілі ақталған және мүмкін болатын  негізгі тәсіл екенін көп деңгейде дәлелдеді.

Объектінің  қанша тұратынын, егер оны қалыптасқан  баға деңгеімен бір күнде өндіріп, сол күні сатып анықтаса, шығындар тәсілімен бағаланған нарықтық құн- ұдайы өндіріс құны болып табылады.

Машиналар, жабдықтар мен көліктік құралдар — бұл жеке және заңды тұлғалардың меншігінде болатын мүлік түрі. Бағалау тәжірибесіне заңды тұлғалардың, яғни кәсіпорындардың  меншігінде болатын мүлікті қарастыру тән.Кәсіпорынның барлық мүліктері жылжитын және жылжымайтын мүлік болып бөлінеді. Жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, жер қойнаулары, жеке су объектілері, ормандар, ғимараттар мен құрылыстар жатады. Сонымен жылжымайтын мүлікке жер учаскелері және де жер учаскесінің астындағы, үстіндегі заттар кіреді. Содан басқа ресейлік заңнама жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеуге жататын теңіз кемелері, ішкі жүзу кемелері, ғарыштық объектілер кіреді. Заңға сәйкес жылжымайтын мүлікке басқа да мүлік түрі жатуы мүмкін. Жылжымайтын мүлікпен байланысты кез келген мәмілелер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі керек.Жылжымайтын мүлікке жатпайтын заттар, оның ішінде ақшалар мен бағалы қағаздар жылжитын мүлік болып танылады. Заңда ерекше жағдайлар қарастырылмаса онда жылжитын мүлікке құқықты тіркеуге міндетті емес. Кәсіпорындағы жылжитын мүлік құрамындағы басым бөлігі — бұл әр түрлі жабдықтар: машиналар, қондырғылар, аппараттар, аспаптар, механизмдер, құралдар, көліктік құралдар, жиһаздар, байланыс құралдары, есептеу техникасы және т.б. Жылжитын мүліктің кейбір түрлері мемлекеттік оргнадарда тіркеуге жатады. Мысалы, автотранспорттық құралдар ГИБДД органдарында тіркеледі, котельдік және энергетикалық қондырғылар сәйкес техникалық қадағалау органдарында тіркелуі керек.Жабдықтар мен көліктік құралдардың машина объектілерінен айырмашылығы олар тек қана жермен байланысты емес, олар басқа жерге ауыстырылуы мүмкін, өз алдына жеке және функционалды немесе байланыста болып технологиялық кешендер құруы мүмкін. Сонымен қатар ғимараттың бөлінбес бөлігін құрайтын жылжымайтын мүлік құрамында есептелетін (лифттер, вентиляция жүйелері, жарықтандыру және т.б.) кейбір жабдықтар түрін кездестіруге болады.Жол көлік құралы – бұл жалпы қолданыстағы жолдарда адамдар, онда орнатылған жүктерді немесе жабдықтарды тасымалдауға арналған қондырғы.Механикалық көлік құрал – двигательмен қозғалысқа келетін мопедтен басқа жол көліктік құрал. Механикалық көлік құралы құрамына автотранспорттық құралдар, мототранспорттық құралдар, троллейбустер, коммунальды автотехника, тракторлардың жеке түрлері кіреді.Автотранспорттық құралдар – бұл жабдықталған түрінде 400 кг салмағы бар механикалық көлік құралы. Жабдықталған салмақ толығымен жанармай, майлар, салқындататын сұйық құйылған және де жүксіз, жолаушыларсыз, жүргізушісіз жинақталған көлік құралының салмағы түрінде анықталады. Автотранспорттық құралдар  жолуашылық, жүктік, арнайы деп бөлінеді. Жолаушылық автотранспорттық құрал құрамына жеңіл көлік және автобустар кіреді. Жүктік автотранспорттық құрал құрамына жүк көліктері, соның ішінде мамандандырылғандар кіреді. Арнайы автотранспорттық құралдарға көліктік емес жұмыстар орындауға арналған арнайы жабдығы бар құралдар кіреді.Жүктік автомобиль – бұл жүктерді тасымалдауға арналған втотранспорттық құрал. Жүктік автомобильдер борттық соның ішінде прицеппен (борттық тягач), автомобильдік тягачтар жартылай прицеппен (седельді тягач), самосвалдар және мамандандырылған автомобильдер болып бөлінеді. Мамандандырылған автомобиль -  бұл арнайы кузовпен және құрылғымен жабдықталған белгілі бір жүк түрлерін тасымалдауға арналған прицеп немесе жартылай прицебі бар жүк көлігі. Мамандандырылған автомобильдерге фургоны бар көліктер (жалпыға арналған изотермиялық, нан, жиһаз, киім, жануарлар үшін рефрижераторлар) немесе цистерналарымен (сұйық және сусымалы үшін); контейнеровоздар; ауыстырылатын кузовтары бар көліктер; ұзын жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдер;  тяжеловоздар; панелевоздар; блоковоздар; фермовоздар; плитовоздар; балковоздар; сантехкабиновоздар; құрылыс қоспаларын тасымалдауға жабдықталған автомобильвоздар кіреді.

Информация о работе Машиналар, жабдықтар мен көліктік құралдар