Квалиметрия

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 13:27, доклад

Краткое описание

. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
• өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
• өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
• өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
• өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

Оглавление

Стандарттаудың маңызы мен мазмұны
Стандарттау ұғымы
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар
Стандарттаудың қысқаша даму тарихы
Стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері мен функциялары
Стандарттау ұғымы

Файлы: 1 файл

Квалиметрия баяндама.doc

— 197.00 Кб (Скачать)

 

 

 

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.

Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда    егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.

Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.

Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді.  Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып отыр.

Көптеген дамыған елдерде сапамен қамтамсыз ету сұрақтарына, өндірісті басқару, тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау әдістеріне көп көңіл бөлінеді.

Сапамен қамтамасыздандыруға байланысты мәселелерді шешу үшін дүние жүзі бойынша, тиімді сапа менеджментінің жүйелерін енгізу және оны қамтамсыз ету ұжымдарға 9001 сериясының ИСО стандарттары көмек ретінде дамытылды.

 

Сапа менеджмент жүйесі (СМЖ) – бұл түпкі нәтиженің сапасына бағытталған ұжымның бүкіл өндірістік-шаруашылық қызметін басқару, ал бұл ең алдымен терең қарастырылған жұмыс ережелері және жұмысшылардың кәсіпорын ішіндегі қажетті көлемде документелетін өзара әрекеттері.

 

«Г4С Қазақстан» ЖШС-і банк, мұнай және газ, металлургия, энергетика секторларына және коммерциялық ғимараттарға күзет қызметін көрсете отырып, осы қызмет саласында озық дәрежеге қол жеткізді, себебі ең алдымен қаражаттарды халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін озық күзет технологияларына инвестизациалайды.

2009 жылы Компанияда 9001 сериясының халықаралық ИСО талаптары мен қағидаларына сай СМЖ-ін жетілдіру және оны енгізу туралы стратегиялық шешім қабылданды. Қазіргі кезде біздің СМЖ сәтті енгізіліп, SGS United Kingdom ltd. Systems & Services Certification (HU 09/4062) мекемесімен аккредетивтеліп, сертификациаланды.

Сапа саласындағы саясатты жетілдіре отырып, «Г4С Қазақстан» ЖШС-нің басшылары 9001:2008 ИСО стандартының жаңа болжамасына көшу және дәйекті түрде СМЖ-ні компанияның барлық филиалдарына енгізу туралы мақсат қойды. 2010 жылы бұл шараларды Астана, Ақсай және Өскемен филиалдарында қолдану жоспарланады. СМЖ-ні филиалдарда енгізу, олардың күштерін тікелей сапаға қарай бағдарлауға, әкімшілік басқару тиімділгін көтеруге, құжаттаманы жүйелеуге, бөлімшелер арасындағы өзара әрекетті ретке келтіруге, олардың жұмысын жоспарлы етіп жасауға, өндірістік процесс пен процедураны пысықтап анықтауға, қателіктерді жоюға емес, керісінше оларды ескертуге, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету жайлы өз мүмкіншіліктерін көрсету мүмкіндік туғызады.

Біз, СМЖ-нің енгізілуі, қызметтің сапасын арттыруға, жалпы Компанияның имиджін көтеруге және де бәсекешілер алдында белгілі артықшылықтар беретініне сенімдіміз.



Информация о работе Квалиметрия