Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 13:27, доклад
. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
• өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
• өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
• өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
• өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
Стандарттаудың маңызы мен мазмұны
Стандарттау ұғымы
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар
Стандарттаудың қысқаша даму тарихы
Стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері мен функциялары
Стандарттау ұғымы
4 -құрылым — инспекциялық бақылауды өткізу, міндетті жағдайда пайдаланылады.
5-6құрылым - өндірілетін өнім қоспасына қатаң талап қойғанда пайдаланылады.
7-8 құрылымдар — бір рет қойылатын өнімдерге арналады.
9-10 құрылымдар - кіші кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлерге жарамды.
2.6. Қызмет етуді сертификаттау
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына (әрі қарай ДСУ) кіруге әзірлік жасап жатыр. Осы ұйымның қызмет саудасының Бас келісіміне (ҚСБК) қол қойған ел, техникалық кедергілер, инвестицияның бір елден бір елге еркін жүруіне кедергі жасамайды. Бас келісім бағалы қағаздар, көлік түрлері, телекоммуникация, құрылыс, банк жүйесі, туризм, білім, медициналық қызметтер т.б. қызмет ету түрлерін қамтиды. Бас келісімге қол қойған ел, қатысушы елдерге өз рыногында ең қолайлы жағдайлар жасауға тиіс, оның ішінде, сауда тарифын төмендеті, реттеу мәселелерінің анықтығы т.с.с. Қызмет етуді сертификаттау, көрсетілетін жұмыска нақты стандарт талабы болуын қажет етеді. Республикада қалыптасқан тұрмыстық қызмет етудің ішінде-шаштараз, монша, тұрмыстық радиоэлектроника, электр аппараттары, бас киім, сәнді бұйымдар тігу, автокөлік жөндеу, химиялық тазарту, кір жуу, аяк киім тігу және жөндеу, үйді жөндеу т.с. кең тараған. Нарықтык экономикага көшкелі халықаралық туризм және қонақ үй қызмет ету жұмысы да кең тарап келе жатыр.
Аталған қызмет көрсету жұмысы сертификаттауды талап етеді.
Қызмет етудің қауіпсіздігіне байланысты басты міндеті бірнеше сатыларға бөлінеді. Осы көрсеткіштерге қарай сертификаттау құрылымы да өзгеріп отырады. Мысалы, шаштараз қызмет ету жұмысында әртүрлі пайдаланатын химикаттар т.б. заттар адам өміріне қауіпсіз болуы керек. Осындай көрсеткіштер автокөлік, киім тазарту т.с.с. қызмет етуде де орындалуы қажет.
Қазақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттау автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және өңдеу (ҚР Е 3.24-94), химиялық тазарту мен бояу, туристік, қонақ үй қызмет ету, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды сертификаттау жаңа калылтасып келеді.
Қызмет етуді сертификаттау жүйесінің принципі, өнімдерді сертификаттау жүйесімен бірдей (міндеттілігі жэне өз еркімен, үшіші жақтың қатынасуы, сертификаттау органын аккредитациялау, сәйкестік сертификатын беру т.б.). Сонымен қатар қызмет етуді сертификаттаудың өзіндік ерекшелігі де бар, қызмет ету барысында орындаушы мен тұтынушының қарым-қатынасы, түтынушыға көрсетілген қызметтік әсері, уақыты, сапасы т.б.
Қызмет ету жұмысын салыстырмалы түрде материалды емес (қасиетінің өзгеруі, жасауы, т.б.) және моральдық-психологиялык рухына әсер ету деп бөлуге болады.
Қызмет етуді сертификаттау құрылымына мына жұмыстарды қосуға болады:
- материалдық қызмет етудің нәтижесін тексеру;
- көрсетілген қызметтің сапа жүйесін сертификаттау;
- қызмет ететін жұмыскерді аттестациялау;
- қызмет ету технология тәсілін аттестаттау;
- қызмет көрсететін кәсіпорындарды сертификаттау;
- инспекциялық бақылау.
Қызмет етуді сертификаттау құрылымы негізінен орындаушының шеберлігін, көрсетілген қызмет етудің үрдісін, кәсіпорынды аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау, қызмет етудің нәтижесін қалауынша тексеруден тұратындай етіп алуға болады. Ал, инспекциялық бақылауды қызмет ету нәтижесін бағалау, технологиялық бағалау, үрдістің тұрақтылығын тексеру арқылы жүргізуге болады, ол көрсетілетін қызметке байланысты таңдап алынады.
Қызмет етудің материалдық түрін сертификаттағанда орындаушының кәсіптік деңгейін аттестациялау (шағын кәсіпорындар және кәсіпкерлерді) қызмет ету үрдісін аттестациялау, сапа жүйесін сертификаттау және осы аталған көрсеткіштерді инспекциялық бақылау арқылы жүргізіледі.
Қызмет көрсетуді сертификаттау үшін халықаралық, регионалдық және ұлттық стандарттардың талаптарын пайдаланады.
Қазақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттауды мемлекет деңгейінде заң, ережелер, негіз болатын стандарттар, классификатор пайдаланылады. ҚР СТ-ы кәсіпорын деңгейінде нақты қызмет ету түріне техникалық шарт, фирма, кәсіпорын стандарттары, конструкторлық, технологиялық құжаттар рецептер және мөлшерлеуіш құжаттары пайдаланылады.
Міндетті сертификаттауда пайдаланылатын құжаттарда адамның денсаулығы мен өміріне қауіпсіздік нормасы, экологиялық параметрлері, қызмет ету тәсілі, технологиялық үрдістің орындалу, орындаушының шеберлігін, сапа жүйесін қамтамасыз ету тәсілдерінің талаптары көрсетілуі тиіс.
Сертификаттау жүйесінде қызмет етуді инспекциялық бақылауды сертификаттау органы немесе эксперт-аудитор жүргізеді.
Метрология туралы
Метрология («метро» – өлшем, «логос» – ғылым деген грек сөзінен шыққан) – өлшемдер, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігінің әдістері туралы ғылым.
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің ажырамас бөлігі болып метрология табылады (өлшем құралдарының бірлігін және өлшемдердің шынайылығын қамтамасыз ету).
Метрологияның басты міндеттерінің бірі - өлшем бірліктерін қамтамасыз ету – негізгі деп атауға болатын екі шартты сақтаған кезде шешуге болады. Олар:
өлшем нәтижелерін бірыңғай заңдастырылған бірліктермен көрсету;
олар берілген жорамалдан шықпауы тиіс өлшем нәтижелерінің жол берілетін қателерін (қателіктерін) және шектерін белгілеу.
Метрология
Бөлімнің толық атауы: «ҰлтССО» АҚ метрологиялық қызметі
Байланыс ақпараты: телефон 8 (7172) 31-58-63; e-mail: metrology@naceks.kz
Бөлімнің қысқаша сипаттауы:
Қазіргі кезде адам өмір сүретін кез келген ортаны өлшемдерсіз, шама бірліктерінсіз және осы бірліктердің эталондарынсыз елестету мүмкін емес, ал ұлттық, не халықаралық өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету ісін өлшем бірліктерін қамсыздандыру бойынша арнайы белгіленген қызметсіз іске асыру мүмкін емес.
Біздің мемлекетімізде осы қызметпен мемлекеттік метрологиялық қызмет және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері айналысады.
«ҰлтССО» АҚ Метрологиялық қызметі 1923-жылы құрылды және Қазақстан Республикасындағы ең алғашқысы ғана емес, ең ірісі болып табылады
Бүгіні күні «ҰлтССО» АҚ Метрологиялық қызметінің эталондық базасының бастапқы өлшем құралдары 2000-нан астам санға және бағындырылған өлшем құралдары және өлшеу жабдықтары 20000-нан астам санға жетті.Республиканың барлық ірі әкімшілік орталықтарында орналасқан «ҰлтССО» АҚ Метрологиялық қызметінің 18 филиалы өлшем құрадарын тексеру, өлшем құралдарын жөндеу, өлшеу және сынау зертханаларындағы өлшемдердің жай-күйін бағалау істерін жүзеге асырады, өлшемдерді орындау әдістемелерін аттестаттау, техникалық құжаттарды метрологиялық сараптаумен айналысады.
«ҰлтССО» АҚ Метрологиялық қызметінде өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласында алда тұрған мәселелерді шешуге қабілетті 350-ден астам білікті маман еңбек етеді.
Филиалдардың техникалық базасын қайта жабдықтау, аккредиттеу саласын ұлғайту, республика аймағынан тыс жерлерге тексеруге шығарылатын өлшем құралдарының тізімін қысқарту және ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыру мақсатында «ҰлтССО» АҚ тұрақты түрде жоғары технологиялық жаңа салыстырып тексеру құралдарын сатып алады.
2002-жылдан бастап 2009-жылға дейінгі кезеңде 620 салыстырып тексеру құралдары, соның ішінде электр қуатының электронды есептеуіштерін салыстырып тексеруге арналған құрылғылар, отын тарататын бағаналарды салыстырып тексеруге арналған жылжымалы зертханалар, автомобильдік таразыларды салыстырып тексеруге арналған жылжымалы тексеру зертханалары, «МИГ» резервуарларын градуирлеу кешендері, тұрмыстық газ есептеуіштерін салыстырып тексеруге арналған қоңыраулы құрылғылар, ыстық және суық су есептеуіштерін салыстырып тексеруге арналған құрылғылар, электронды зертханалық таразылар және компараторлар және көптеген тағы да басқалары сатып алынды.
«ҰлтССО» АҚ Метрологиялық қызметінің 2010-2011-жылдар кезеңіндегі негізгі мәселесі төмендегілер болып табылады:
Салыстырып тексеру үшін шетке шығарылатын бастапқы эталондық өлшем құралдарының санын қысқарту мақсатында салыстырып тексеру базаларын дамыту
Салыстырып тексеру ісінің жаңа түрлерін меңгеру арқылы аккредиттеу саласын ұлғайту
Жылу энергетикалық кешенді, медициналық бағыттағы өлшем құралдарын, жиілік пен қуаттың рұқсат етілетін ауытқуларын бақылауға арналған өлшем құралдарын, радиотарату құрылғыларын метрологиялық қамтамасыз етуді дамыту
Эталондық базаны қазіргі заманғы жоғары технологиялық құралдармен толықтыру
Ақтау, Атырау, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай, Өскемен қалаларындағы ӨҚ метрологиялық қызмет жасау ісін жақсарту үшін құрал жөндеу базасын дамыту және жетілдіру
Қызмет көрсетулер тізбесі:
өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу;
жөндеу, баптау, өлшем құралдарының осьтерін туралау;
өлшемдерді, соның ішінде аса күрделі және дәл өлшемдерді жүргізу;
өлшем құралдарын сынау және метрологиялық аттестаттау істерін жүргізуге қатысу;
сынау, аналитикалық және өлшеу зертханаларында өлшемдердің жай-күйін бағалауды жүргізу;
өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына заңды тұлғаларды аккредиттеу ісіне қатысу;
келісім негізінде метрология саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу және әзірлеу ісіне қатысу; өлшемдерді орындау әдістемелерін аттестаттау;
заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне келісім негізінде ғылыми-әдістемелік және техникалық көмек көрсету.
Метрология
Метрология («метро» – өлшем, «логос» – ғылым деген грек сөзінен шыққан) өлшемдер, олардың бірлігін және қамтамасыз ету әдістері мен құралдары, қажет дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Бүгінгі күнде Республикада метрологиялық қызмет «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысымен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ҚазМетрИн» РМК) құрылды және халықаралық талаптарға сай өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология жөніндегі техникалық (эталондық) базаны және нормативтік құжаттардың үйлесімділігін жетілдіру, осы салада мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мақсаттарды орындау үшін Қазақстан Республикасындағы метрология бойынша жалғыз институт болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығын іске асыру шегінде республикада болып жатқан экономикалық өзгерістер, метрология қызметінің техникалық негізін - республиканың эталондық базасын тиісті деңгейде ұстап тұру арқылы қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін тасымалдау қадамдарын жүзеге асыруды қажет етеді.
Республиканың эталондық базасы экономиканы метрологиялық қамтамасыз ету жүйесінің орталықтандырылған элементі болып табылады. Эталондық базаның даму деңгейі түпкі қорытындыда барлық техникалық өлшемдердің деңгейі мен дамуын анықтайды.