Квалиметрия

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 13:27, доклад

Краткое описание

. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
• өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
• өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
• өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
• өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

Оглавление

Стандарттаудың маңызы мен мазмұны
Стандарттау ұғымы
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар
Стандарттаудың қысқаша даму тарихы
Стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері мен функциялары
Стандарттау ұғымы

Файлы: 1 файл

Квалиметрия баяндама.doc

— 197.00 Кб (Скачать)

 

Қазіргі уақытта республиканың эталондық базасы  эталондардың 98 бірлігінен және эталон жабдықтарынан, 49 мемлекеттік эталоннан, 27 жұмыстық  эталон және  эталондық жабдықтардың 22 бірлігінен тұрады. 

№ 

 

т/т              

Эталон атауы және оның метрологиялық сипаттамасы              

Өлшеу түрі

 

 

 

«ҚазМетрИн» РМК-да құрылған Мемлекеттік эталондар және ғылыми зерттеулер орталығы физика-химиялық өлшеулер, электрлік өлшеулер, механикалық және оптика-физикалық  өлшеулер зертханаларынан тұрады.

 

Зертханаларда физикалық шамалар бірліктерінің өлшемдерін мемлекеттік эталондардан метрология қызметтердің бастапқы эталондарына беру жұмыстары, мемлекеттік эталондарды жаңарту, қамтамасыз ету және зерттеу жұмыстары атқарылады және халықаралық ғылыми метрологиялық институттардың эталондарды жалғастыру жұмыстарына қатысады.

 

Өлшем құралдарының көмегімен жүзеге асырылатын өлшеулердің күмәнді нәтижелерінен азаматтарды және экономиканы қорғау мақсатында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңымен типін бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынау жүргізу және мемлекеттік метрологиялық қызметін метрологиялық аттестаттау қарастырылған. Типін  зметтік тағайындалуына сәйкес қалыпты және төтенше пайдалану жағдайында өлшем құралдарының нақты сипаттамаларын анықтау үшін жүргізіледі.

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасына физика-химиялық өлшемдер және сұйықтар мен газдардың шығыны мен көлемін өлшеу салаларындағы жұмыстар үшін үлкен көлемде жабдықтар әкелінуде. Бұлар, әр түрлі газоанализаторлар, спектрофотометрлер, шығын өлшегіштер, рН-метрлер, газ анализаторлары, хроматографтар. Сонымен қатар соңғы уақытта әйгілі ойын автоматтары әкелінуде. Бұл өлшем құралдары мен жабдықтардың сыналуы  тапсырыс берушілердің (дайындаушылар мен импорттаушылар) базасында жүргізіледі. Халықаралық талаптарға сәйкес (ИСО/МЭК 17025:2005 Басшылығы) сынаулар қажетті сынау, өлшеу және қосымша жабдықтармен қамтылған арнайы зертханаларда білікті мамандармен жүргізілуі қажет. 

 

Осыған байланысты, «ҚазМетрИн» РМК базасында Өлшем құралдарын экспериментті зерттеу орталығы құрылды, оны жабдықтауға  техникалық құралдарды электромагниттік сыйымдылыққа сынау, климаттық және механикалық сынаулардың кең спектрін құра алатын жабдықтың 61 бірлгі сатып алынды.

 

Алынған түрлі жабдықтар азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жұмыстарында, қоршаған ортаның жағдайын бақылауда, сауда-саттық операцияларында қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша сапалы қызмет көрсету үшін салыстырып тексеру зертханаларының аккредиттеу облысын кеңейтуге мүмкіндік берді. 

 

Сонымен қатар, өлшем құралдарын экспериметті зерттеу орталығы салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану ережесіне сәйкес таңбалар жасау қызметін ұйымдастырады (түскен өтінішке талдау жүргізеді, метрологиялық қызметтерге шифр, металлдық таңбаларға реттік сан, өзі жабысатын лейблдарға, пластикалық пломбаларға нөмірлік код береді).

 

«Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді электрондық есептеу және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа тапсыру туралы ережесін бекіту туралы» Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының Міндетін атқарушының 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығының 5 тармағына сәйкес салыстырып тексеруші субъектілер салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді электрондық есептеуі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беруі қажет. 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 904 қаулысы негізінде «ҚазМетрИн» РМК базасында «Қазақстан салыстырып тексеру қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны құрылды (бұдан әрі – «ҚазСТҚ» ЕМК).

 

«ҚазСТҚ» ЕМК мынадай қызметтерді атқарады:

 

1. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізеді;

 

2. Өлшем құралдарына сынау, метрологиялық аттестаттау жүргізуде өлшем құралдарын ҚР МӨЖ тізіліміне енгізу бойынша жұмыстарға қатысады;

 

3. Техникалық (салыстырып тексеру) базаны жетілдіруге қатысады;

 

4. Өлшеу әдістемелерін, өлшем орындау әдістемелерін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкестігіне метрологиялық сараптама жүргізуге қатысады.

 

5. Метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге қатысады;

 

6. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық келісімдерді және нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады;

 

7. Сынау жабдықтарына аттестаттау жүргізеді;

 

8. Бекітілген қызмет бағыттары бойынша өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында семинарлар, курстар ұйымдастыру.

 

Республикада өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама мен нормативтік база үнемі жетілдірілетінін ескере отырып жаңа нормативтік құжаттарды (НҚ) әзірлеу, қолданыстағы НҚ-ды халықаралық талаптармен үйлестіру арқылы эталондық база, сонымен қатар жұмыс өлшем құралдары жетілдіріледі, метрология саласында біліктілікті арттыру  курстарында мамандарды оқыту 3 жылда бір рет жүзеге асыралады. 

 

Осыған байланысты «ҚазМетрИн» РМК базасында, мынадай тақырыптар бойынша мамандарды дайындауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мамандарды дайындау жене біліктілікті арттыру орталығы құрылды:

 

1) Өндірісті метрологиялық қамту;

 

2) Өлшем құралдарын (қысым, вакуум, сұйықтар мен газдардың шығыны мен мөлшері, тығыздық пен тұтқырлық, жылу физикалық және температуралық өлшеулер, уақыт пен жиіліктің электрлік шамалары, масса, күш және қаттылық, қозғалыс параметрлері, геометриялық шамалар, физика-химиялық және оптика-физикалық өлшеулер) салыстырып тексеру және калибрлеу;

 

3) Республиканың метрологиялық практикасына белгісіздік бағасын енгізу;

 

4) Техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау;

 

5) Аналитикалық өлшеулерде, өнімді сынау кезінде белгісіздікті бағалау; өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу кезінде; электрлік шамалардың белгісіздігін бағалау;

 

6) Денсаулық сақтау мен медицинаны метрологиялық қамту;

 

7) Стандарттау мен метрология бойынша ЖОО мен ОАОО оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру;

 

8) Өлшем құралдарына сынау жүргізу;

 

9) Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу құқығына заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін аккредиттеу кезінде техникалық тексеру жүргізу;

 

10) Өлшем орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттауды жүргізу құқығына заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін аккредиттеу кезінде техникалық тексеру жүргізу;

 

11) Өлшем құралдарына сынау жүргізу;

 

12) Сынау жабдығына аттестаттау жүргізу;

 

13) Өлшем орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттау жүргізу.  

 

Курс бағдарламасында мыналар оқылады: 

 

· өлшем бірлігін қамтамасыз ету, техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау саласын аккредиттеу саласындағы заңнама негіздері;

 

· метология саласындағы халықаралық ынтымақтастық; 

 

· типін бекіту мақсатында сынау және метрологиялық аттестаттау нәтижелері бойынша өлшем құралдарын қолданысқа жіберу мәселелері;

 

· эталондарды қолдану және республиканың эталондық базасының жай-күйі, 

 

· өлшем орындау әдістемелерін, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін қолдану, 

 

· өлшем құралдарына салыстырып тексеру мен калибрлеу жүргізу тәртібі, салыстырып тексеру таңбалары мен калибрлеу белгілерін қолдану;

 

· қателік және өлшем белгісіздігін бағалау ұғымдарының теориялық және математикалық негіздері;

 

· метрологиялық жұмыстарды жүргізу құқығына аккредиттеу және лицензиялау талаптары мен тәртібі, 

 

· мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүргізу тәртібі. 

 

Жыл сайын метрология мәселелері бойынша семинарлар мен конференциялар: 20 мамырда Бүкіләлемдік метрология күнін тойлауға арналған конференция,  «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласының заңнамасындағы жаңалық» семинары, өндірісті метрологиялық қамту, өлшем белгісіздіктерін бағалау мәселелері бойынша үш күндік семинар өткізіледі.  

 

Метролгия саласындағы нормативтік – құқықтық негіз

 

1. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қаңтарадағы Қазақстан Республикасының № 603II Заңы; 

 

2. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы  Қазақстан Республикасының  № 53-II Заңы;

 

3. «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» республикалық мемлекеттiк кәсiпорынын құру туралы» 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы; 

 

4. «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы;

 

5. «Қазақстан салыстырып тексеру қызметі» еншілес мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы» 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 904 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы;

 

6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1191 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы;

 

7. «Өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 626 Қаулысы;

 

8. «Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы Ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 14 Бұйрығы.

 

Сонымен қатар, «ҚазМетрИн» РМК Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімін (ҚР МӨЖ тізілімі) жүргізуді, таратуды және жариялауды іске асырады. Осы тізім мынадай тараулардан тұрады:

 

· шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары

 

· өлшем құралдарының бекітілген типтері

 

· заттар мен материалдардың қасиеті мен құрамының стандарттық үлгісінің бекітілген типтері

 

· өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері

 

· өлшем орындау әдістемелері

 

· метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары

 

· өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар

 

· өлшем құралдарының мемлекеттік эталондарын сақтаушы - ғалымдар;

 

· өлшем құралдарын салыстырып тексерушілер.

 

«Өлшем құралдардың бекітілген типтері» ҚР МӨЖ тізілімі бөлімінің қысқаша ақпараты  «Электрондық қызметтер» бөлімінде орналасқан.

 

«ҚазМетрИн» РМК туралы толық ақпарат www.kazinmetr.kz ресми сайтында орналастырылған

 

Пайдаланған әдебиет

 

 

1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы

2. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы

3.СТ РҚ 1.1-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жұйесі.

Стандарттау және көршілес әрекеттер тұрі. Терминдер және анықтамалар.

4.                        СТ РК 3.0-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жұйесі. Негізгі жағдайлар.

5.       Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 256 бет

5. Г.Х. Шәбікова, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздыков, Л.И. Сыздыкова. Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері. Алматы ҚазҰУ. 2002 ж.

6. Лифиц И.М. Стандартизация, метрология и сертификация. Учебник. М.:Юрайт-Издат, 2005 г.

7. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. Учебник для ВУЗов под ред. В.М.Мишина. М.: Юнити-Дана, 2007 г.

8. Аскаров . Е.С. Стандартизация, метрология и сертификация. Учеб. пособие. Алматы, 2006г.

9. Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии. – М., ЮНИТИ, 2000 г.

10. Маркин Н.С. Практикум по метрологии. – М.: Издательство стандартов, 1994 г.

Информация о работе Квалиметрия