Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 13:27, доклад
. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
• өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
• өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
• өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
• өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
Стандарттаудың маңызы мен мазмұны
Стандарттау ұғымы
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар
Стандарттаудың қысқаша даму тарихы
Стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері мен функциялары
Стандарттау ұғымы
Өтінілген немесе соған ұқсас өнімге республикадағы нормативтік құжаттың болмаған жағдайында өнімді жіберетін ел (фирма) өтініш ұсынған нормативті құжаттарына сәйкес жүргізеді.
1.2. Өнім сәйкестігін растауды тіркеу саласына сәйкес сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар, ал олар жоқ болса өкілетті орган берген сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге біржолғы рұқсат бойынша құзыретті мекемелер жүргізіледі..
1.3. Қазақстан Республикасының МСЖ аясында сертификаттау сынақтарын өткізуге тек аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары), өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын нормативті құжаттарда көрсетілген сынақтардың өз аккредитациясы аясында ғана өткізе алады. Сертификаттау кезінде аккредиттелген сынақ зертханалары жоқ болған жағдайда өкілетті ұйым аккредиттелмеген, бірақ сынақтың объективті нәтижесін бере алатын сынақ зертханасында өткізуге біржолғы рұқсаты бойынша өткізіледі.
1.4. Өтінуші сәйкестікті растауға шығатын барлығ шығынды оның нәтижесіне қарамай сертификаттау ұйымы мен сынақ зертханалары мен отырған келісім бойынша түгел төлейді. Келісім тек сертификаттау ұйымымен ғана жасалуы мүмкін, бұл жағдайда өнімнің сәйкестігін жүргізуде қатынасушылармен есепті өзі айырысады.
Өнімнің сәйкестігін растау жұмыстарына төлемақы төлеу тәртібі ҚР СТ 50.3.01 тәртібінде бекітілген.
1.5 Осы стандартың негізінде сертификаттау ұйымдары беріктікті өнімді сертификаттауды жүргізудің нақты процедураларын бекітітін (егер олар бұрын әзірленбеген болса) арнайы тәртіптерді, Қазақстан Республикасының МСЖ [1], [2] аккредиттеу куәлігі бойынша және осы стандарттың талаптарын сай әзірлейді.
2. Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу.
2.1 Өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізу реті былай:
қазақстан Республикасының МСЖ өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуді мына реттермен көздейді:
- сертификаттау ұйымына өтініш беру (сәйкестік өтінішін) және оны қарау;
- өтініш (сәйкестік өтінішін) қарау, сертификаттау үлгілерін таңдау нәтижелері бойынша шешім қабылдау;
- өтініуші мен сертификаттау ұйымының арасында сертификаттау жұмыстарын жүргізу туралы келісімге отыру;
- өтінілген өнімді ұқсастыру, үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларын жүргізу туралы келісімге отыру;
- өтінілген өнімді ұқсастыру үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларына жіберу;
- Өтінілген өнімнің үлгілерін сертификаттау сынақтарын жүргізу және де басқа да сертификаттау үлгілері бойынша жұмыстарды жүргізу;
- Сынақ нәтижесін талдау немесе сәйкестік өтініші бойынша берілген құжаттарды қарау;
-сәйкестік сертификатын беру мүмкіншілігін ьеру туралы шешім қабылдау;
- сертификатты Қазақстан Республикасының МСЖ мемлекеттік тізіміне тіркеу және оны өтінушіге беру, сейкестік белгісімен өнімді таңбалау (егер ол сертификаттау үлгісі бойынша көзделген бойынша) құқығын беру;
- өнімнің сертификатталған сипаттарының тұрақтыығына және сакпаның менеджмент жүйесінің жүзеге асуына (егерол сертификаттау үлгісі көзделген болса) инспекциялық бақылау жүргізу;
-өнімді сертификаттау туралы ақпарат беру;
3. Өтініш беру және оны қарау
3.1. Өнімді сертификаттауды өтушінің аккредиттеу аясына осы өнім кіретін сертификаттау ұйымына берген өтініші негізінде жүргізіледі.
Өтініш сертификаттау ұйымымен бірлесе отырып өнімді сертификаттау үшін сертификаттау үлгісін таңдайды.
3.2. Осы өнімді сертификаттайтын бірнеше ұйым болған жағдайдв өтінуші өз өтінішін оның кез-келгеніне жіберуі мүмкін.
3.3 Сертификаттау ұйымы, өтініш алынған және және тіркелген күннен бастап 2 апта ішінде, өтінушіге өтінішті қарау негізінде шығарылған шешімді және өтінілген өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған 2 дана келісімді жібереді.
Шағын кәсіпкер субъектері үшін бұл жұмыс бір апта ішінде жүргізілуі тиіс.
Өтініш бойынша қабылданған шешімде сертификаттаудың негізгі жағдайлары көрсетіледі: ұсынылған сертификаттау үлгісі сынақ зертханасы сертификатталған өнімге өткізілетін инспекциялық бақылау.
Өтініш бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін өнімді сертификаттауға қатысушыларға жібереді.
3.4 Өтінішті қанағаттандырылмаған жағдайда сертификаттау ұйымы өтініш бойын шешімімен бірге нақты негіздегі бас тарту мен бірге оны меншікті құжаттарын қайырады.
3.5 Өтінуші өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге келіскен жағдайда, ол сертификаттау ұйымына өзі қол қойған келісімнің бір данасын және осы келісімде көрсетілген шамадағы алдын-ала тқлем ақысын сертификаттау ұйымының есепшотына жіберілген туралы құжат көшірмесіне бірге жібереді.
Сонымен бірге өтінуші, қажетіне орай, сертификаттау ұйымымен өтінілген өнімнің үлгісін іріктеу мерзімін келіседі.
4. Үлгіні іріктеу және өнімді ұқсастыру.
4.1 Өтінілген өнімнің үлгіні сертификаттау ұйымы іріктейді.
Қажетіне орай сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді аккредиттелген сынақ зертханасына жүктеуі мүмкін.
Сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді өтінушінің өзінеде жүктеуі мүмкін. Бұл жағдайда өтінуші бұйрығымен тағайындалған үш адамнан кем емес тұратын тәуелсіз ұйымдардың өкілдерінің құралған білікті коммиссия үлгіні іріктейді. Комиссия мүшелерінің жұмыс төлемінің өтінуші төлейді.
4.2 Іріктелетін үлгі саны оны іріктеу әдістері, ұқсастыру және сақтау өтінілетін өнімнің нормативті құжаттарында көрсетілген талаптарына сәйкес болуы тиіс. Бұндай нормативтік құжат жоқ болғанда немесе олардың талаптары жетімсіз болғанда, үлгіні сертификатту ұйымы қабылдаған әдістерге немесе басқа құжаттарға сәйкес іріктейді. Іріктелетін үлгінің конструкциясы, құрамы және өндіру технологиясы тұтынушыға (тапсырушыға) жіберілетін, өтінілген өніммен бірдей болуытиіс.
4.3 ҚР СТ 1014 талаптарына сәйкес қажетті түріне ұқсастырылған, іріктелген үлгіні іріктеген адамдардың (комиссияның) көз алдында қапталады және пломбыланады (егер оның қажеттілігі немесе мүмкіншілігі болса). Содан соң іріктеу актісі және құрамы мен мазмұны сертификаттау ұйымы бекіткен техникалық құжаттың есептелген данасымен бірге стандарттау ұйымы анықтағанаккредиттелген зертханаға орталыққы жіберіледі. Өнімді сертификаттау кезінде қолданыладын үлгілеімен іс істеуді ҚР ЕР 50.3.19 жағдайларын басшылыққа алу қажет.
5. Сертификаттау мақсатында сынау жүргізу.
5.1 Сынақ зертханасы өтінілген өнімге сынақты сертификаттау ұйымымен сынау әдістерін бекіткен нормативті құжат көрсеткен мерзім ішінде жүргізуі тиіс. Ең болмаса көрсеткіштерідң бірінен сынаулардың жағымсыз нәтижелерінде өнді сертификаттау мақсаты мен сынаулар тоқтатылады.
5.2 Хаттама ретінде дайындалған сынақ зертханасы сертификаттау ұйымына жібереді
5.3 Сынақтың терсі нәтижесі болғанда сертификаттау ұйымы сәйкестік сертфикатын бермеу туралы шешімді сынақ хаттамасы мен бірге өтінушіге және өкілетті ұйымға жібереді.
5.4 Өтінушінің өтініш беру кезінде қолында өкілетті ұйымның мемлекеттік бақылау бқлімшесінің өкілі іріктеп, Қазақстан Республикасының МСЖ аккредиттелген немесе танылған сынақ зертханасында сыналғаны туралы сынақ хаттамасы болған жағдайда сертификаттау ұйымының шешімі бойынша өнінің сыналған көрсеткіштерін сынақ жүргізбеуі мүмкін.
5.5 егер нормативті құжатта бекітілген сынаққа шығатын шығын қамбат, мерзімі ұзақ, және де қиын тасылатын заттар, сертификаттау сынағы күрделі, үлгі іріктеу қымбат болған жағдайда сертификаттау ұйымы сертификаттау сынағы мен сертификаттау ұйымының өкілі қатысатын өндіріс процесінде өтетін сынағын біріктіру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
6. Сәйкестік өтінішін қарау және өндіріс жағдайын талдау.
6.1 Сертификаттау үлгісіна байланысты өнімді сертификаттау сынағынан өткізкізгенінен басқа өндіріс жағдайын таңдау (2,3,4,10 үлгілері,), өндірісте немесе сапа менеджменті жүйесін сертификатттау (5 және6 үлгілері) жүргізіледі.9 және 10 үлгілері бойынша өнімді сертификаттату үшін сәйкестік өтінішін берілген құжаттармен бірге қарайды.
6.2. Өндіріс жағдайын талдау сертификаттау ұйымының өнімнің және оның өндіріс ерекшелігін еске ала отырып жасаған бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Бұл кезде:
- нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, оның жағдайлары;
- технологиялық процестерді сақтау және оның метрологиялық қамсыздану жағдайлары ;
- кіріс қабылдау, тексеру жүйелері және кезеңдік сынақ жүргізілуі болуы;
- сертификатталған өнім сапасының тұрақтылығы
- сақталу жағдайларының болуы;
- шағымдарды есепке алу және талдау тексеріледі;
Тексеру нәтижесі акт пен аяқталады және қажетті қорытындысымен өтінушігі беріледі. Тексерудің теріс нәтижесі болған жағдайда өтінілген өнімді таңдалған үлгі бойынша сертфикаттау жұмыстары тоқтатылады да, ол туралы сертификаттау ұйымы үш күн ішінде өтінушіге жазба түрінде хаттар береді. Анықталған жетіспеушіліктерді жойған соң немесе сертификаттаудың басқа үлгісін таңдаған өтінукші сертификациялауға жаңа өтініш береді.
6.3 Өтінушіде Қазақстан Республикасы МСЖ ұйымы немесе Қазақстан Республикасы МСЖ танылған ұйым берген өндіріске немесе сертификатталған өнімніңөндірісіне немесе сапа жүйесе менеджментіне сертификаты болған жағдайда, өндіріс жағдайын талдау қажеттігі жоқ.
6.4 Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау процедуралары жеке де және өнімді сертификаттау процедураларына қосымша болуы мүмкін. Екі жағдайларда да бұл жұмыстарды өнімге сәйкестік сертификатын бермес бұрын жүргізіледі.
Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау тәртіптері ҚР СТ 3.15.1, ҚР СТ 3.15.2, ҚР СТ 3.15.3.
7. Инспекциялық бақылау.
7.1. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды. Егер ол сертификаттау үлгісімен көзделген болса. Сертификат берген ұйымы жүргізеді.
Инспекциялық бақылау сертификаттың әрекеті мерзіміне және өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығына бірреттен кем емес, кезеңдік және жоспардан тыс бақылаулар арқылы жүргізіледі. Инспекциялық бақылаудың кезеңін сертификаттау ұйымы анықтайды. Жоспардан тыс бақылауды сертификатталған өнімді шағымдар түскен кезде жүргізеді.
Инспекциялық бақылаудың жұмыс түрін, көлемін және кезеңдерін, сертификатталған үлгісін өнімнің сипаттарының тұрақтылығын, өнімнің қауіптілік дәрежесін, өндіру көлемін ескере отырып сертификаттау ұйымы анықтайды.
7.2. Инспекциялық бақылауға әдетте мына жұмыстар тіркеледі:
- сертификатталған өнімге түскен ақпараттарды талдау;
- өнім сапасының тұрақтылығына қажетті жағдайларды сақтауды тексеру;
- өнімді сынау және оның нәтижесін талдау;
- бақылау нәтижелерін дайындау және шешімін қабылдау;
Нақты өнімнің өндірісінің және сапа жүйесі менеджментінің сертификаты болған жағдайда және инспекциялық бақылаудың нәтижесі оң болса өнім тұрақтылығы жағдайында талдау жүргізілмейді.
Сертификаттаудың мағынасы мен мазмұны
2 - ТАРАУ. СЕРТИФИКАТТАУ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Сертификаттаудың мағынасы мен мазмұны
Сертификаттау латыншадан аударғанда «дұрыс жасалған» «деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қандай талаптар қарастырылып отырғанын, сол талаптарға сәйкестігін бақылаудың түрін анықтап алу қажет.
Бақылаулар, негізінен сынақ зертханаларында іске асырылады.Берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелі түрдегі тексеруді сәйкестік багасы деп атайды.
Сәйкестік бағасын «үшінші жақтың» сынақтан өткізуінің нәтижесі бойынша анықтайды. «Тасымалдаушы» (бірінші жақ) мен «сатып алушыларға» (екінші жақ) тәуелсіз қызмет орнын «үшінші жақ» деп атаймыз.
Сәйкестік багасы сәйкестікке тексерумен, сэйкестікті қадағалаумен және сәйкестікпен қамтамасыз етулермен тығыз байланысты.
Сәйкестікке тексеру - өнімнің (процестің, қызметтің) қабылданған талаптарға дәлелдемелер бойынша сәйкестігін мақұлдау.
Сәйкестікті қадагалау - өнімнің (процестің, қызметтің) қабылданған талаптарға сәйкес жүмыс жасап жатқандығына көз жеткізудегі қайта бағалау.
Сәйкестікпен камтамасыз етілу - өнімнің (процестің, қызмет-тің) берілген талаптармен қамтылуы жайлы мэлімделуі болып табылады.
Тасымалдаушының сәйкестік туралы мәліметі - өнімнің берілген талаптарға сәйкес келуі жайындағы жазбаша кепілдік беруі, яғни ол каталогте, пайдалану жайлы басшылықта, этикет түрлерінде болып келеді.
Сертификаттау туралы заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (бұдан әрі қарай процестерді), сертификаттаудың кұқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауга қатысушылардың қүқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды /2,8/.
Осы заңда төмендегідей үғымдар пайдаланылады:
1)тіркеу - уәкілетті мемлекеттік органның сертификттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы (орталығы) ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігінің ресми тануы;
2)тіркеу аттестаты - белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының (орталығының) нақты жұмыстарды орындауға деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне берілетін қүжат;