Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 10:16, курсовая работа
Қоғамның қай дәуірінде болмасын, ауқатты адамдар жоқшылық пен жетпеушілік көріп отырған адамдарға қолдау, көмек көрсетіп отырған. Ол жүйесіз түрде жекелеген адамның бір жолғы көмегі немесе діни ұйымдардың қолдауы арқылы жүзеге асырылған. Уақыт өте келе ол мемлекеттердің қалыптасуымен қатар дами отырып, әлеуметтік қорғау жүйесіне айналды. Яғни қазіргі кездегі әлеуметтік қорғау ұғымы қалыптастырылды.
І. Кіріспе ......................................................................................................2
ІІ. 1. Жәрдемақы ұғымы мен тағайындаудағы негізгі шарттар .......4
1.1. Жәрдемақы түсінігі, белгілері ........................................................4
1.2. Жәрдемақы тағайындау кезінде ескерілетін негізгі шарттар .......8
2. Қазақстан Республикасында төленетін жәрдемақы түрлері ..10
2.1. Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты төленетін жәрдемақылар ...................................10
2.2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар ...........................................16
2.3. Әр түрлі жағдайларға байланысты төленетін жәрдемақылар ....19
3. Қазақстан Республикасында жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі ..........................................................................................23
3.1. Жәрдемақы тағайындайтын органдар ..........................................23
3.2. Жәрдемақы төлеу жүйесінің қазіргі жағдайы ..............................25
ІІІ.Қорытынды ..........................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер ......................................................................28
Азаматтардың жәрдемақы алуға құқығын Қазақстан Республикасы заңдары мен өзге де нормативтік актілерде белгіленген шартты жағдайлар тұтас болғанда өкілеттік берілген мемлекеттік органдар белгілейді. Азаматтардың жәрдемақы алу құқығын белгілеу рәсімі өтініш берген күннен басталады. Өтінішпен қоса жәрдемақы тағайындауға керекті қосымша құжаттар:
Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқығы бар адам жәрдемақы тағайындау жөніндегі органға береді. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарауды орталық атқарушы орган құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күн мерзімде жүзеге асырады, ол құжаттың тізбегін орталық атқарушы орган белгілейді. Орталық атқарушы орган тиісті шешім шығарылғаннан кейін арыз берушіге ол туралы 5 күннен кешіктірмей жазбаша нысанды хабарлайды. Жәрдемақы барлық қажетті құжаттар қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, өкілетті орган шешім шығарудан бас тартудың себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге барлық құжаттарын қайтаруға міндетті. Өкілетті орган шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.
Әрбір
жәрдемақы алуға мүдделі
Кез-келген жәрдемақы басқадай әлеуметтік қамсыздандырылу жағдайына қарамастан тағайындалып төленеді. Жәрдемақының мөлшері және оны қаржыландыру Қазақстан Республикасы бюджет туралы заңдарымен реттелінеді.
Жәрдемақының барлық түрлері азаматтың оны алуға құқығы туындаған күннен бастап, бірақ 12 айдан кейінгі емес уақытқа тағайындалып төленеді. Жәрдемақы тағайындауды, төлеуді тоқтататын немесе өзгерістер енгізетін жағдайлар туындағанда тиісті жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады немесе өзгертіледі, жаңартылады.
Қазақстан
Республикасында жәрдемақы
Сонымен
қатар, кез-келген азаматтың бір уақытта
бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы
алуға құқығы пайда болған кезеңде оның
өз қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша
берілетін жәрдемақы төленеді.
2.
Қазақстан Республикасында
төленетін жәрдемақы
түрлері.
2.1. Мүгедектігі
мен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
төленетін жәрдемақылар.
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңында көзделген негіздерге және тәртіппен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар. Жәрдемақыға құқығы бар адамдарға тізбесін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бекітетін керекті құжаттарды қоса бере отырып, тұратын жері бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшелері арқылы, тағайындау жөніндегі өкілдікке жәрдемақы тағайындау туралы өтініш береді. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарау, оны тағайындауға өтініш келіп түскен күннен бастап 10 күн мерзімде жүзеге асырылады. Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері азаматтардың ұсынылған өтініштері мен құжаттарының негізінде Орталықтың облыстық бөлімшесі арқылы 5 күн мерзімде құжаттар мен жәрдемақы тағайындау туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны тағайындау жөніндегі өкілдікке жолдайды. Тағайындау жөніндегі өкілдік Орталықтың облыстық бөлімшесінен құжаттар мен шешімінің жобасын келіп түскен күннен бастап 5 күн мерзімде жәрдемақы тағайындау туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және бұл шешімді Орталықтың облыстық бөлімшесі арқылы орталықтың аудандық бөлімшесіне береді. Жәрдемақының мөлшерін қайта қарау жыл сайын Республикалық бюджет туралы Заңымен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне, сондай-ақ мүгедектілік тобының, асыраушысынан айыррылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелері санының өзгеруіне, зейнетақы тағайындау құқығының туындауына байланысты жүргізіледі. Жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру, жәрдемақы тағайындау үшін белгіленген тәртіп пен жәрдемақы алуға құқығы бар адмның өтініші негізінде, облыстық тағайындау жөніндегі өкілдіктің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының осы заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген негіздерде және тәртіп пен мүгедектілігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мемлекеттік-әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және мүгедектілігіне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты оларды алуға құқықтан және толық мемлекет есебінен қамтылмаған азаматтарға ақша қаражатын мемлекеттің мезгіл-мезгіл төлеп тұруы болып табылады. Осы заңғасәйкес жәрдемақылар төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жәрдемақы тағайындайтын және төлейтін органның кінәсі бойынша уақытында алынбаған жәрдемақы сомасы қандайда бір мерзіммен шектелмей, өткен уақыт үшін бір мерзімде төленеді.
Мүгедектілігі бойынша жәрдемақы. Мүгедектілігі бойынша жәрдемақылар мүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқталғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады. Мүгедек адамға зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 12-бабының 5-тармағына сәйкес зейнетақы төлеу орталық мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері шегеріле отырып қайта қаралады. Зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткен мүгедек адамдарды қайта куәландыру олардың өтініші бойынша ғана жүргізіледі. Еңбек қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектілік 3 топқа бөлінеді. Мүгедектіліктің себептері мен топтарын, сондай-ақ мүгедектікке душар болған уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өздері туралы ереже негізінде жұмыс істейтін медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясы (МӘСК) анықтайды. Мүгедектілігі анықталып, мүгедектілік жағдайын куәландыратын куәлігін алғаннан бастап мемлекеттік зейнетақы тағайындау орталығына өтініш жасауға құқылы. Өтінішке төмендегі құжаттарды қоса ұсынады:
Мүгедектігі
бойынша жәрдемақы
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар мүгедектер санаттарына:
Мүгедектіліктің
туындау себептері мен
Асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы. Асыраушы дегеніміз – отбасын асырап, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етіп отырған адам. Оның қайтыс болуына байланысты отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында тағайындалатын жәрдемақы – асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы деп аталады. «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы жәрдемақы төлемдерін алуға еңбекке жарамсыз және оның асырауында болған мүшелерінің санаттарын белгілеген. Олар:
Жәрдемақы
тағайындау отбасы мүшелерінің өтініші
бойынша асыраушысы қайтыс болған күннен
бастап немесе өтініш берген күннен бастап
тағайындалады. Асыраушысынан айырылу
жағдайы бойынша жәрдемақы
Информация о работе Жәрдемақылар – әлеуметтік қамсыздандырудың бір құралы ретінде