Жәрдемақылар – әлеуметтік қамсыздандырудың бір құралы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 10:16, курсовая работа

Краткое описание

Қоғамның қай дәуірінде болмасын, ауқатты адамдар жоқшылық пен жетпеушілік көріп отырған адамдарға қолдау, көмек көрсетіп отырған. Ол жүйесіз түрде жекелеген адамның бір жолғы көмегі немесе діни ұйымдардың қолдауы арқылы жүзеге асырылған. Уақыт өте келе ол мемлекеттердің қалыптасуымен қатар дами отырып, әлеуметтік қорғау жүйесіне айналды. Яғни қазіргі кездегі әлеуметтік қорғау ұғымы қалыптастырылды.

Оглавление

І. Кіріспе ......................................................................................................2

ІІ. 1. Жәрдемақы ұғымы мен тағайындаудағы негізгі шарттар .......4

1.1. Жәрдемақы түсінігі, белгілері ........................................................4

1.2. Жәрдемақы тағайындау кезінде ескерілетін негізгі шарттар .......8

2. Қазақстан Республикасында төленетін жәрдемақы түрлері ..10

2.1. Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты төленетін жәрдемақылар ...................................10

2.2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар ...........................................16

2.3. Әр түрлі жағдайларға байланысты төленетін жәрдемақылар ....19

3. Қазақстан Республикасында жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі ..........................................................................................23

3.1. Жәрдемақы тағайындайтын органдар ..........................................23

3.2. Жәрдемақы төлеу жүйесінің қазіргі жағдайы ..............................25

ІІІ.Қорытынды ..........................................................................................27

Қолданылған әдебиеттер ......................................................................28

Файлы: 1 файл

Жәрдемақылар – әлеуметтік қамсыздандырудың бір құралы ретінде.doc

— 175.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды Банк колледжі

«Қазақстан  тарихы және құқық» кафедрасы 
 

Қорғауға жіберілді:

«___» _______ 20__ ж. 
 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Жәрдемақылар – әлеуметтік қамсыздандырудың бір құралы ретінде». 
 
 

                                                                               Дайындаған: құқық және әлеуметтік

                                                                             қамсыздандыруды ұйымдастыру

                                                                             мамандығының күндізгі бөлімінің

                                                                             ІІ курс студенті ..

                                                                             Тексерген: доцент Жарикова А. Ж. 
 
 
 

Қарағанды – 2011 ж. 
 
 

Жоспар: 
 

І.   Кіріспе ......................................................................................................2

ІІ. 1. Жәрдемақы ұғымы мен тағайындаудағы негізгі шарттар .......4

    1.1. Жәрдемақы түсінігі, белгілері ........................................................4

    1.2. Жәрдемақы тағайындау кезінде ескерілетін негізгі шарттар .......8

     2. Қазақстан Республикасында төленетін жәрдемақы түрлері ..10

    2.1. Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты төленетін жәрдемақылар ...................................10

    2.2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар ...........................................16

    2.3. Әр түрлі жағдайларға байланысты төленетін жәрдемақылар ....19

    3. Қазақстан Республикасында жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі ..........................................................................................23

    3.1. Жәрдемақы тағайындайтын органдар ..........................................23

    3.2. Жәрдемақы төлеу жүйесінің қазіргі жағдайы ..............................25

ІІІ.Қорытынды ..........................................................................................27

     Қолданылған әдебиеттер ......................................................................28 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Кіріспе. 

      Қоғамның  қай дәуірінде болмасын, ауқатты  адамдар жоқшылық пен жетпеушілік  көріп отырған адамдарға қолдау, көмек көрсетіп отырған. Ол жүйесіз түрде жекелеген адамның бір жолғы көмегі немесе діни ұйымдардың қолдауы арқылы жүзеге асырылған. Уақыт өте келе ол мемлекеттердің қалыптасуымен қатар дами отырып, әлеуметтік қорғау жүйесіне айналды. Яғни қазіргі кездегі әлеуметтік қорғау ұғымы қалыптастырылды.

     Қазіргі кездегі әлеуметтік қорғау ұғымы  Заң негізінде еңбек қабілеттілігі шектеулі, яғни еңбек етіп, табыс тауып өзінің материалдық сұранысын қамтамасыз ете алмайтын адамдар мен тапқан табысы, кірісі отбасы мүшелеріне шаққанда жеткіліксіз жағдайда өмір сүріп отырған адамдарға мемлекеттің қаржысынан көмек көрсету немесе тұрмыстық қажеттіліктерін шешу, өтеу ұғымын білдіреді.  ҚР Конституциясының 28-бабының 1-тармағында «ҚР азаматы жасы келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі» - деп көрсетілген.  Яғни, кез-келген уақытта мүгедектік, асыраушысынан айырылу, т. б. жағдайларға ұшыраған әрбір азаматқа мемлекет көмекке келеді. Осы көмектің бір түрі, әлеуметтік қорғаудың, қамсыздандырудың бір түрі – жәрдемақылар болып табылады.

     Менің курстық жұмысыма «жәрдемақылар – әлеуметтік қамсыздандырудың бір құралы ретінде» тақырыбын таңдап алуымның себебі де осы. Әрбір ҚР азаматы ҚР Конституциясына сәйкес жасы келгенде, мүгедектікке шалдыққанда, асыраушысынан айырылғанда, т. б. жағдайларда мемлекет тарапынан жәрдемақымен қамсыздандыру құқығына ие бола алады. Елбасының 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында айтқандай: «алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту». Басқаша айтқанда, мемлекетіміздің жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайын – әлеуметтік қамсыздандырылуы мен қызмет алуын дұрыс әрі жүйелі жүзеге асыруымыз қажет екендігін атап көрсеткен. Осы орайда менің курстық жұмысымның тақырыбы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі деуге болады. Еліміздегі әлеуметтік қорғауды керек ететін топтарды жәрдемақылармен қамсыздандыру негіздері, жалпы жәрдемақы ұғымы, жәрдемақыны тағайындау, төлеу, оны жүзеге асыратын органдар, осы жүйенің даму барысы – барлығы да осы курстық жұмысымда жеке бөлімдерде қарастырылған.  Менің курстық жұмысымның басты мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік қорғауды керек ететін топтардың өз құқығын дұрыс пайдалана отырып, жүйелі әлеуметтік қамсыздандырылуын қарастыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің даму деңгейін талдау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1. Жәрдемақы ұғымы  мен тағайындаудағы негізгі шарттар. 

1.1. Жәрдемақы  түсінігі, түрлері. 

      ХХ  ғасырда кез-келген мемлекеттің  ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екендігі дәлелденген. Ал, әлеуметтік саясаттың басым міндеті – қоғамдық өмірдегі белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Осы орайда, кез-келген азамат  өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру ретінде әлеуметтік қорғалуға құқылы болып табылады. Әлеуметтік қорғау дегеніміз – күнкөріс деңгейі төмен азаматтардың әлеуметтік материалдық қамсыздандыру құқығын иеленуі. Әлеуметтік қамсыздандырудың бір құралы, әр түрлі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар бойынша мемлекет қаржысынан Заң негізінде төленетін ақшалай көмек – жәрдемақы деп аталады. Жәрдемақы заңдарда көзделген жағдайларда беріледі.Олар, әдетте, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұлғаларға негізінен бюджеттік қаражат есебінен немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен беріледі. Жалпы, жәрдемақылар әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде маңызды орынды иеленген. Біздің мемлекетіміздің тарихында жәрдемақылардың кейбір отбасылардың өмір сүруінің жалғыз көзі болып табылған кездері болған. Бұл 90-жылдарда әлеуметтік күйзеліс пен жұмыссыздық белең алған кезде, әсіресе, көпбалалы жас отбасылар үшін аса керек болды.

      Жәрдемақылар  ақшалай нысанда беріледі, олар көмекке мұқтаж отбасылар мен азаматтардың табыстарын реттеуге бағытталған. Жәрдемақылардың негізгі мақсаты – отбасылар мен азаматтар заңдарда көзделген кезеңдерде, мұқтаждыққа ұшыраған кезде мемлекеттің оларға материалдық көмек көрсетуінен тұрады.

      Жәрдемақылар  бірқатар айрықша белгілерге ие, бұл  белгілер оларды зейнетақылардан, өтемақылардан, материалдық көмектен ерекшелендіреді. Мұндай белгілерге мыналар жатады:

  1. жәрдемақы алуға құқылы тұлғалар шеңбері. Егер зейнетақы алу құқығын негізінен жұмыс істемейтін тұлғалар иеленсе, жәрдемақылар барлық тұлғаларға бағытталған;
  2. жәрдемақылардың мақсатты бағыттылығы. Жәрдемақылар уақытша жоғалтылған жалақыны толығымен, не ішінара орнын толтыру немесе заңдарда көзделген жағдайларда отбасының қосымша шығындарының орнын толтыру мақсатында төленеді;
  3. жәрдемақыларды төлеу мерзімдері. Жәрдемақылар, жоғарыда атап өткендей, уақытша жоғалытған жалақының немесе қосымша шығындардың орнын толтыру үшін тұрақты түрде емес, уақытша төленеді. Ал зейнетақы, мысалы, тұрақты төленеді.

      Қазақстан Республикасында жәрдемақының түрлері Заңмен және нормативтік актілермен бекітілген. Оның түрлерінің көптігі оларды белгілі бір белгілері, мақсаттары және міндеттері бойынша түрлерге бөлу, топтастыру қажеттігін туғызады. Оларды топтастырудың басты белгісі жәрдемақы берудің әлеуметтік-құқықтық негіздері және мақсатты бағыттылығы табылады.Бұл белгі жәрдемақылардың мақсатты бағыттылығын ғана емес, сонымен қатар оны алуға құқылы тұлғалардың құрамын және оны төлеудің ұзақтығын анықтайды. Жалпы, осы саладағы заңдарға талдау жасау, жәрдемақылардың келесі түрлерін анықтауға мүмкіндік береді:

  1. Жәрдемақылардың бірінші тобының негізіне мүгедектілік жағдайы, асыраушысынан айырылу жағдайы және зейнеткерлік жасқа жетуі жағдайлары жатқызылады. Осы себептер негізінде төленетін жәрдемақылар негізгі бірінші топқа жатады. Жәрдемақылардың бұл түрлерінің барлығы құжаттық куәландыру кезінде беріледі, жәрдемақының өзі де осыған орай төленеді;
  2. Жәрдемақылардың екінші тобына арнаулы жәрдемақылар жатады. Ол 1999 жылы 5 сәуірде қабылданған «ҚР-дағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңның күшіне енуіне байланысты бұрынғы жылдары зейнетақы төлемін алып келген азаматтардың барлығына дерлік сол зейнетақы мөлшерінде тағайындалады;
  3. Жәрдемақылардың үшінші тобына әлеуметтік көмек түрінде тағайындалатын жәрдемақылар жатады. Бұл топтың жәрдемақылары әр түрлі жағдайларға байланысты төленеді. Бұл жәрдемақы мөлшері алушы нақты тұлғаға қарай әртүрлі болуы мүмкін.

      Жәрдемақылардың маңызды белгісі болып, оларды төлеудің ұзақтылығы да табылады. Жәрдемақылар осы белгісі бойынша бір жолғы, мерзімдік және ай сайынғы болып келесі түрде топтастырылады:

  1. Бір жолғы төлемдерге бала туған кезде, оралмандарға берілетін, жерлеуге және т. б. қатысты берілетін жәрдемақылар жатады. Олар әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңдарда көзделген жағдайлар орын алған кезде, азаматтардың қосымша шығындарын өтеу үшін арналған,
  2. Мерзімдік жәрдемақыларға белгілі бір уақытта төленетін жәрдемақылар жатады (мысалы, ауырған кезде, жүктілігіне байланысты және босануына байланысты және т. б. жағдайларда төленетін жәрдемақылар). Мерзімдік жәрдемақылардың мақсаты болып, заңдарда көзделген жағдайлар орын алған жағдайда, жалақыдан айырылу кезінде, оны толығымен немесе ішінара орнын толтыру болып табылады. Мерзімдік жәрдемақылардың біржолғы жәрдемақылардан айырмашылығы – олар уақытта белгілі бір ұзақтыққа ие болады, алайда олар ай сайынғы жәрдемақыларға айналмайды;
  3. Ай сайынғы жәрдемақылар ұзақ уақыт бойы, белгілі бір уақыт ішінде тұрақты түрде төленеді. Бұл жәрдемақыларды төлеудің ұзақтылығы заңдарда анықталған және жәрдемақы түріне тәуелді болады. Аталған жәрдемақылардың қатарына мүгедектілігіне байланысты, асыраушысынан айырылуына байланысты, жасына байланысты және т. б. жәрдемақылар жатады.

      Жәрдемақылар, сонымен қатар, жәрдемақының қандай да бір түрі төленетін тұлғалар шеңбері бойынша да түрлерге бөлінеді. Жәрдемақылардың осы белгісі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Мүгедектілігіне байланысты жәрдемақылар;
  2. Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақылар;
  3. Жасына байланысты жәрдемақылар;
  4. Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар;
  5. Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар;
  6. Бала туған кезде берілетін жәрдемақылар;
  7. Балалары бар азаматтарға берілетін жәрдемақылар;
  8. Оралмандарға берілетін жәрдемақылар;
  9. Қолайсыз аудандарда тұратын азаматтарға берілетін жәрдемақылар;
  10. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін өзге де жәрдемақылар.

      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының  әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі  заңдарында жәрдемақылардың мөлшерін анықтаудың бірыңғай тәртібі анықталмаған, сол себепті жәрдемақылардың мөлшерін анықтау ұшін бірнеше тәсілдер көзделген.

      1-тәсіл  – жәрдемақының мөлшерін негіздік  сомада анықтау. Бұл тәсілмен, негізінен, уақытша жоғалтылған  жалақыны өтеуге бағытталған  және табыстың өзге көздерімен бірге төленетін жәрдемақылардың мөлшері анықталады.

      Жәрдемақының  мөлшерін анықтау үшін негіздік сома ретінде айлық есептік көрсеткіш  пайдаланылады.

      2-тәсіл  – жәрдемақының мөлшерін өмір  сүру деңгейінің ең төменгі  мөлшеріне немесе кедейліктің шегіне қарай анықтау. Мемлекет жәрдемақылардың жекелеген түрлерінің мөлшерін, өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшеріне қарай анықтайды. Бұл жәрдемақылар көмекке мұқтаж азаматтарды қандай да бір өмір сүру көзімен қамтамасыз ету мақсатында беріледі.

      3-тәсіл – бұл жәрдемақының мөлшерін оны алушының жалақысына қарай анықтау. Осы тәсіл арқылы жәрдемақы алушының уақытша жоғалтылған жалақысын толығымен немесе ішінара өтеуі тиіс жәрдемақылардың мөлшері анықталады. Мысалы, жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, жәрдемақылар орташа айлық жалақы есебінде төленеді.  

1.2. Жәрдемақы  тағайындау кезінде ескерілетін  негізгі шарттар. 

Информация о работе Жәрдемақылар – әлеуметтік қамсыздандырудың бір құралы ретінде