Жеке адамның әлеуметтенуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 20:13, реферат

Краткое описание

Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

Оглавление

Кіріспе
Тұлға социологиясы
Жеке адамның әлеуметтенуі
Қортынды

Файлы: 1 файл

ЖЕКЕ ТҰЛҒА СОЦИОЛОГИЯСЫ.docx

— 32.19 Кб (Скачать)

Әлеуметтік іс-әрекет пен жеке адамның  мінез-құлқының механизмдері.

Әлеуметтік іс-әрекет, жеке адам мінез–құлқы социологиясының мәні адамның қоршаған ортаға деген реакциясын емес, басқа адамдардың қажеттіліктері, қызығушылықтары және әрекеттерін және қоғамдағы әлеуметтік нормаларды ескере отырып, саналы түрде жасалған мақсатты әрекеттерді бақылайды. Адамның ыстық шәйнекке тигендегі немесе екі асығыс адамның кенеттен соқтығысуына деген инстинктті реакция әлеуметтік әрекетке жатпайды. Ал басқа адамдармен қарым-қатынас және жеке адамның еңбек қызметі, оның әлеуметтік институттар арқылы қажеттіліктерін өтеуі – бұл әлеуметтік іс-әрекет түрлері.

Әлеуметтік іс-әрекет адамның әлеуметтік ортамен қатынасын, оның қажеттіліктерді өтеу мақсатымен қоғамдық қатынасты белсенді қолдану немесе өзгерту үрдісін сипаттайды.

Мотиві бар және әлеуметтік статусқа реакциясы бар жеке адамның өз қылықтарының және басқа әлеуметтік әрекеттерінің жинағы адамның мінез-құлқын құрайды. Жеке адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің объективті негізі болып оның қажеттіліктері мен қызығушылықтары табылады.

Қажеттіліктер адамның сыртқы әлемге, әлеуметтік ортаға деген тәуелділігін көрсетеді. Қажеттіліктер екі түрлі болады: табиғи және әлеуметтік (қоғаммен құрылған).

Қажеттіліктер өмір сүру жағдайын сипаттайды. Өмір жағдайларына қанағаттанбаушылық өмір жағдайларын қолда бар мүмкіндіктер және еңбек арқылы, әлеуметтік институттар арқылы өзгертуге тырысатын адамның іс-әрекетінің сипаттамасына айналады. Мүмкіндіктеріне қарай индивид мақсатты түрде белгілі бір әлеуметтік жүйедегі белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен әрекет етеді. Енді осы кезде жеке адамның мүдделері, оның мәні көрініс табады. Мүдде ретінде, ең алдымен, адамның қоғамдағы орны, екіншіден, оның басқа адамдар қызметіне тәуелділігінің сипаттамасы, үшіншіден орнаған әлеуметтік қатынастардан туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары және тәсілдері көрінеді. Адам нақты әрекетке кірісу үшін қажеттіліктер мен мүдделерді ішкі қозғаушы мотивтерін тануы керек. Мотивтер – әрекетке ішкі нақты қозғаушы, белгілі бір жағдайда адам мінез-құлқын сипаттаушы. Мотивтер – белгілі бір игіліктерді немесе тілектерді, қызмет жағдайларын орындаудағы объективті қажеттіліктерінің және мүдделердің адам санасындағы көрінісі. Мотивтер, индивидтердің белсенділігінің ішкі қозғаушысы. Олардың сыртқы қозғаушы күші – стимулдардан адамға сыртқы жағдайлардың объективті әсерімен ерекшеленеді. Стимул жеке адам қызметінің себебіне айналуы мүмкін, егер де ол объект пен субъект қажеттіліктеріне жауап беретін субъективті құндылық болып табылса.

 

Құндылықты бағыттар жеке адамның әлеуметтік ұстанымы бола отырып, оның мінез-құлқын реттейді. Әлуметтік ұстамдар – бұл жеке адамның әлуметтік белгілі әрекеті нысанына сәйкес әрекет етуі. Құндылықтық бағыттар жоғары деңгейдегі әлуметтік ұстанымдар бола отырып, жеке адамның өмір сүру жағдайымен, құндылықтарымен, индивдтің жеке әлуметтік объектке және жағдайға деген ұстанамдарымен, жеке іс-әрекеттің реттейтіндігімен ерекшеленеді. Құндылықты бағыттар жеке адамның негізгі әлуметтік мүдделерін көздеп, оның қызметінің стратегиялық бағытын анықтайды. Құндылықты бағыттар индивидтің өмірлік позициясы, оның көзқарасы, адамгершілік қағидалары түрінде болады.

Адамға жеке адам қызметін атқару бір жағынан аурытпалық туғызса, екінші жағынан – бұл бақыт. Ауртпалық болады, себебі, әлеуметтік қызметтерді орындау оңай емес. Мысалға, жауапкершілік қызметін алайық. Қайсібір әлуметтік қауымдастықтың мүшесі бола тұрып жеке адамның бұл функцияны орындамауы мүмкін емес. Ол дегеніміз, индивидтің арасында байланыс орнату, және екі жақты міндеттер қабылдау. Басқаға деген жауапкершілігі бар жеке адам қауымдастықтың өзіне де осы талапты қоюға құқылы. Бірақ жауапты болу адамның көптеген қоғамдық міндеттерді орындауында талап етеді. Соның нәтижесінде өз қызметін, қажеттіліктерін және мүдделерін шектеу.талаптарына сай болуға мәжбүр.

Қортынды

Эвололюциялық дамудың ең жоғарғы  сатысына көтерілген, қоршаған ортаға белсенді ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға мәселесі, оның даму ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп жатқанымен, дамып келе жатқан әлеуметтік орта мұны жеткіліксіз деп бағалайды. Қазіргі таңда әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу мәселелерінің бірі – тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері. Профессор Е. С. Кузыминнің тұжырымдамасына сүйенсек, адамның енуі, тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы, оның негізгі қатынастарының көтеріліс беруіндегі, дамуындағы, негізгі бастау көзі болып келеді. Бұл қатынастар іс - әрекеттің мінез – құлықтық, танымдық, эмоционалды және ерік – жігерлік қортындыларды қамтиды. Осындай қатынастар адамның жалпы қоғамға, ақын топтарға және өзіне деген мінез – құлқының стратегиялық, тактикалық және жағдайлық бағдарламасының негізін құрайды. Ғалымдардың пайымдауларына сүйенсек, адамдардың әлеуметтік – психологиялық мінездемелеріне байланысты тұлғаның ең негізгі құрылымдық компоненттері ретінде мыналар есептелінеді: сана; мінез; қабілет, интеллект, темперамент, тәжірибе, өзін - өзі бақылау [2 б. 5]. Зерттеу объектісі: Тұлғаның әлеуметтенуі. Зерттеу пәні: Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігінің қалыптасуына әсер ететін жағдайлар мен ахуалдар. Зерттеу мақсаты: Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігін қарастыру. Зерттеу міндеттер: 1. Жеке тұлғаның ғылыми тұрғыдан қарастырылуын анықтау; 2. Әлеуметтену ұғымының мәнін қарастыру; 3. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін әлеуметтенуді анықтау; 4. Тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның әсері Зерттеу болжамы: Тұлғаның әлеуметтену ерекшелігін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады.


Информация о работе Жеке адамның әлеуметтенуі