Жеке қорғаныс құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 00:07, реферат

Краткое описание

Жеке қорғану құралдары — жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, колғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған.

Файлы: 1 файл

Жеке қорғаныс құралдары пейдж.doc

— 58.50 Кб (Скачать)

Жеке қорғаныс құралдары

 

   Жеке қорғану құралдары  — жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік  заттар және биологиялық құралдардың  организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу  зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, колғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған.

    Жеке қорғаныс құралдары - өндіріс процесіндегі қауіпті және зиянды факторлардан және ластанудан  қорғану мақсатында жұмысшылар тарапынан пайдаланылатын жабдықтар. ЖҚҚ өндіріс ұйымы тарапынан жұмысшыларға жұмыс істеу қауіпсіздігі, ұжымдық қорғаныс құралдары негізіндегі жабдықтардың жиынтығы толық қамтамасыз етілмеген жағдайда пайдаланылады. Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету типтік тармақ нормасына сәйкес болуы керек, яғни жұмысшыларға арнайы киім, аяқ киім және басқа қажетті жеке қорғаныс құралдары тегін беріледі.                                                                                                              

   Оқшаулау костьюмдері

  • пневмокостьюмдер;
  • гидрооқшаулаушы костьюмдер;
  • скафандрлар;

   Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары 

  • противогаздар;
  • респираторлар;
  • пневмошлемдер;
  • пневмомаскалар;

 

  -   арнайы киімдерді - комбинезондар, полукомбинезондар; курткалар; 

                                         шалбарлар; костюмдер; халаттар; плащтар;

                                         полушубалар, тулуптар; фартуктар; жилеттер; қолғаптар.

 

-    арнайы аяқ қиім - етіктер, ботфорттар, полусапожкалар, ботиноктар,

                                      полуботиноктар, туфлилар, галоштар, боты, бахилдар;

 

 -    қолды қорғау құралдары - қолғаптар;

 

 -   басты қорғау құралдары - каскалар; шлемдар, подшлемниктер; шапкалар,

                                                   береттер, шляпалар;

 

 -     бетті қорғау құралдары - қорғау маскалары; қорғау щитоктары;

 

 -     есту мүшелерін қорғау құралдары - шуға қарсы шлемдар; наушниктар;

                                                                     вкладыштар;

-     көзді қорғау құралдары - қорғау көзілдіріктері;

 

 -     сақтандырғыш құралдар - сақтандырғыш белдіктер;  диэлектрикалы 

                                                     төсеніштер; қол қыспақтар; манипуляторлар;

                                                    тізе қаптар, шынтаққаптар, иыққаптар;

 

  • қорғаушы, дерматологиялық құралдар - жуу құралдары; пасталар; кремдар;

                                                                           мазьдар.

 

  ЖҚҚ пайдалану максималды түрдегі қауіпсіздікпен қамтамасыз етуі, ал оларды пайдаланудан туатын ыңғайсыздық минимумға тең болу керек.

 

   Ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан бір уақытта қорғанулары үшін арналған техникалық жабдық. Емдеу-профилактикалық құрал – жұмысшы денесінің ашық жерлерін химиялық өндіріс факторларынан қорғауға арналған түрлі кремдер, пасталар мен басқа да заласыздандыру құралдары.

  Жұмысшыларды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету

  Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлы-тұрмыстық құралдармен, емдеу профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету ережесіне сәйкес жұмысшыларды өз есебінен жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, емдеу профилактикалық құралдармен қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады.   

   Жеке қорғану құралдарының қатары жеке және ұжымдық келісім - шарттармен анықталады. Жеке қорғаныс құралдары жұмысшылардың басқа жұмысқа ауысып немесе қүралдардаң қолдану мерзімі аяқталған кездерде беріледі.

   Ұйымда міндетті түрде санитарлы - тұрмыстық орындар болуы қажет. Оларға: киім ілу, жуыну, тазалау, дәретханалар, ішетін су орнатылған орындар, арнайы киімдерді жуып, тазалау орындары кіреді. Жұмыс берушілер жеке қорғаныс құралдарының тек сертификатталған түрлерін беруі тиіс. Жеке қорғаныс құралдары қозғалуы кезінде кедергі келтірмейтін ыңғайлы болуы және жұмысшылардың өз өлшемімен берілуі тиіс.

   Талапқа сай емес және қолдау мерзімінен өтіп кеткен арнайы киімдер мен аяқ  киімдерін жұмысшы тарапынан  әсерсіз оны ауыстыру қажет .

   Маусым келген кезде арнайы киімдер мен аяқ киімдер өткен маусымда пайдаланған жұмысшыларға қайтарылып беріледі .

  Жеке қорғаныс құралдары  (газдан қорғану құралы, қорғану белдіктері, каскалар және т.б.) тұрақты тексерістен өткізіліп  жөнделіп отыруы, ал әйнектер  мен басқа да қорғаныс құралдары  уақтылы жаңарып отыруы тиіс.

   Жұмысшыларға берілген арнайы кімдер мен жеке қорғаныс құралдары  арнайы кеңістіктің санитарлық нормаларына  сәйкес сақталады.

   Жеке және ұжымдық қорғану  құралдарын пайдалану керек.

   Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен,санитарлы-тұрмыстық құралдармен, емдеу профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғаныс жабдықтарын сақтауды ұйымдастырады.

   Профилактикалық өңдеуді және жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жөндеуді уақытында жасау керек.

   Егер бұл еңбек жағдайында талап етілетін болса, ұйымдарда кептіргіштер, қоймалар мен жеке қорғаныс құралдарына басқа да профилактикалық өңдеулер жүргізіледі:

  - Арнайы киімдер мен аяқ киімдерді сақтау кезінде олар залалсыздандырылып,

  шаң тозаңнан тазартылуы, кептірілуі тиіс;

- Жеке қорғаныс құралдарын өңдеу мен жөндеу өзара ауысу үзілісі немесе

жұмысшылар жұмыс істеп жатпаған кезде жасалуы тиіс.

    Егержұмысшыларға екі немесе үш арнайы киім берілу нормамен қарас- тырылған болса, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары басқа кездерде жасалады. Қауіпті және зиянды жерлерде жұмыс істейтін (сынап, қорғасын, этилді бензин, радиоактивті заттар) жұмысшылардың жеке қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары өз күшіндегі заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

   Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін  олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.

   Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану құрылымы орналасуы  бойынша қосылып салынған және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып  бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс құрылымдардың ішінде кең тарағаны. Қорғану құрылымының жеке тұрғызылған түрі ғимараттан бөлек орналасады.

   Тұрғызылу уақыты бойынша алдын ала тұрғызылған және тез арада  тұрғызылған болып келеді. Алдын ала тұрғызылған қорғаныс құрылымы  жанбайтын құрылыс материалдарын пайдаланып салынған салынған тұрғылықты құрылым. Ал тез арда тұрғызылатын қорғаныс құрылымы қолдағы бар материалдармен төтенше жағдай туындағанда ғана тұрғызылатын құрылым.

   Қорғаныс қасиеті бойынша қорғану  құрылымы (убежище) бірнеше топқа  бөлінеді. Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне, оның қабырғаларының конструкциясына  және оның соққылы толқынының қысымының  белгілі бір шамасына шыдамдылығына  байланысты болуы.

Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.

   Ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдарды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.

   Ұжымдық қорғану құралдары - қорғану құралдары, құрылымдық және функционалды түрде өндіріс процессімен, өндіріс құралдарымен, ғимаратпен, қондырғымен, өндіріс алаңымен тығыз байланысты.

 

 

Бағытына байланысты былай бөлінеді:

- өндіріс ғимараттары мен жұмыс орындарының әуе кеңістігін реттейтін, зиянды

   факторларды оқшаулау, жылу беру, желдету құралдары;

- жұмыс орындары мен  ғимараттарды  жарықтандыруды нормалайтын  құралдар 

   (жарық көздері, жарықтандыру  құралдары және т.б.);

- ионданушы сәулелерден қорғану  құралдары (шектеуіш, герметизациялау 

  құралдары, қауіпсіздік белгілері және т.б.); 

- инфракүлгін сәулелерден қорғау құралдары (шектеуіш, герметизациялау,

  жылуды оқшалаушы құралдар және т.б.); 

- ультракүлгін және электромагниттік сәулеленуден қорғау құралдары (ауаны

   желдету мен алыстан басқаруға арналған шектеуіштер және т.б.);

- лазерлі сәулеленуден қорғау  құралдары (шектеуіштер, қауіпсіздік  белгілері

   және т.б.); 

- шу мен ультрадыбыстан қорғау құралдары (шектеуіштер, дыбысты оқшау-   

   лаушы құралдар және т.б.);

-  вибрациядан қорғау құралдары  (вибрацияоқшаулаушы, вибросөндіруші,

  виброжұтушы құралдар және т.б.); 

- электр тогымен зақымданудын сақтау құралдары (шектеуіштер,

   дабылқаққыштар, оқшаулаушы құрылғылар, жерге тұйықтау, зануление

   (нөлдік деңгейлеу) және т.б.);

- жоғарғы және төменгі температурадан  сақтау құралдары (шектеуіштер,

  термооқшаулаушы жабдықтар, жылыту жіне салқындату);

- химиялық факторлар әсерінен  қорғау құралдары (герметизацияға  арналған

  жабдықтар, желдету және  ауаны тазарту, қашықтықтан басқару  және т.б.);

 - биологиялық факторлардан қорғану құралдары (шектеуіштер, желдету,

    қауіпсіздік белгілері және т.б.);

 

  Ұжымдық қорғаныс құралдары: шектеуіш, сақтандырғыш, тежегіш  жабдықтар, автоматты бақылау және дабылқаққыш  жабдықтар, қашықтықтан басқару, қауіпсіздік  белгілері болып бөлінеді. Шектеуіш құралдар адамның қауіпті аймаққа өтіп кетуінен сақтау үшін пайдаланылады.  

  Сақтандырғыш құралдар адамның қауіпті аймаққа түсіп кеткен кезіндегі және көліктің немесе құрылғылардың  қалыпты жүрісінен ауытқуы кезінде автоматты түрде өшіріру үшін пайдаланылады. Бақылау құралдары - бұлар қан қысымын, дене қызуын, статистикалық және динамикалық жүктемелерді өлшеу және сипаттаушы құралдар.

 


Информация о работе Жеке қорғаныс құралдары