Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 00:07, реферат
Жеке қорғану құралдары — жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, колғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған.