Қалай жеке сот орындаушысы болу керек

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2014 в 20:08, доклад

Краткое описание

Жеке сот орындаушысы лауазымына жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік бiлiмi бар, жеке сот орындаушысында кемінде бір жыл мерзімде үздіксіз тағылымдамадан өткен, біліктілік емтиханын тапсырған, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия алған, жеке сот орындаушысы лауазымының бос орнына орналасуға конкурстан өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.

Файлы: 1 файл

Қалай жеке сот орындаушы болу керек.doc

— 54.50 Кб (Скачать)

Қалай жеке сот орындаушы болу керек?

Жеке сот орындаушысы лауазымына жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік бiлiмi бар, жеке сот орындаушысында кемінде бір жыл мерзімде үздіксіз тағылымдамадан өткен, біліктілік емтиханын тапсырған, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия алған, жеке сот орындаушысы лауазымының бос орнына орналасуға конкурстан өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.

1 қадам

Жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өту.

Тағылымдамадан өту тәртібі, шарттары мен мерзімі Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 03 қарашадағы № 303 «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту Ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6625 тіркелген). 
Тағылымдамашылар сот орындаушысы болып кемінде үш жыл, оның ішінде жеке сот орындаушысы болып кемінде бір жыл жұмыс істеген жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өтеді. 
Тағылымдама ұзақтығы бір жылдан кем болмауы тиіс. 
тағылымдамадан өтуге ниет білдірген тұлға еркін нысанындағы өтінішпен жеке сот орындаушылары алқасының төрағасына жүгінеді және өтініш тапсыру күнінен бастап он күнтізбелік күннің ішінде жеке сот орындаушылары алқасымен тағылымдамадан өту шарт жасасады. Өтінішке нотариалды куәландырылған жеке куәлік құжатының және жоғары заңгерлік білім туралы дипломның көшірмелері тіркеледі . 
Тағылымдама жеке сот орындаушыларының аумақтық алқасының төрағасымен тағайындалған жеке сот орындаушысының басшылығымен өтеді.

2 қадам

Біліктілік емтиханын тапсыру 
Біліктілік емтиханынан өту Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы «03» қарашадағы № 302 «Біліктілік емтихандары туралы Ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6624 тіркелген)

3 қадам

Лицензия алу үшін төменде көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетіне жолдануы тиіс (мекенжайы: 010000 Астана қ., Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс):

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 «Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген нысандағы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі (СТН);
  4. жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат.

Лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық заңнамасына сәйкес төлему уақыты бойынша жергілікті бюджетке 6 АЕК көлемінде төленеді. 
Алым төлегені туралы түбіртекте мына деректемелерді көрсету қажет: 
Алушы: Тұрғылықты жердегі Салық комитеті 
Бюджеттік сыныптамасының коды: 105402 
Сомасы: 9708 теңге. 
Төлемнің атауы: жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;

5) жоғары заңгерлік білім  туралы дипломның нотариалды  куәландырылған көшірмесі (қосымшасымен  бірге); 
6) лицензия алуға емтиханды өткені туралы біліктілік комиссиясының шешімі; 
7) жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өткені туралы шарттың көшірмесі; 
8) жеке сот орындаушысы тағылымдамашысының жетекшісін тағайындау туралы жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы төрағасының бұйрығының көшірмесі немесе үзіндісі; 
9) тағылымдамашының жалпы дайындық деңгейі, тағылымдаманы өту барысында үйренген кәсіби білімі мен практикалық дағдылары көрсетілетін жеке сот орындаушысының тағылымдамашысы жетекшісінің ұсынысы; 
10) жеке сот орындаушыларының аумақтық алқасы куәландырған тағылымдамадан өтудің аяқталуы туралы қорытындының көшірмесі; 
11) лицензиарға ұсынғанға дейінгі бір айдан кем емес уақытта арыз берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамалары; 
12) лицензиарға ұсынғанға дейінгі бір айдан бұрын емес уақытта арыз берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген республиканың барлық аумағы бойынша мәліметтерді қамтыған соттылығы жоқ екені туралы анықтама. 
6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген жұмыс істеп жүрген тұрақты судьялар, өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар не уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында атқарушылық іс жүргізу саласында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар, теріс қылықтары бойынша босатылғандарды қоспағанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері он жылдан кем емес жұмыс істеген, көрсетілген құжаттарды ұсынудан босатылады және тағылымдамадан өтпей және біліктілік емтиханын тапсырмай-ақ жеке сот орындаушысы лицензиясын алады.

Мыналар өтініш берушіні тағылымдамадан өтуден және біліктілік емтиханын тапсырудан босатуды растайтын құжаттар болып табылады:

1) оны лицензиарға тапсырғанға  дейін кемінде бір ай бұрын  құзыретті лауазымды адам берген  өтініш берушінің судья лауазымындағы  жұмысын растайтын анықтама; 
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты судья лауазымынан босату туралы Жарлығының немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қаулысының көшірмесі; 
3) атқарушылық іс жүргізу саласында кемінде бес жыл, құқық қорғау органдарында кемінде он жыл жұмыс өтілін растайтын және атқарған қызметінен босатылу себебін қамтитын еңбек кітапшасының немесе өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі. 
Егер лицензия алу үшін тұрақты жұмыс істейтін судья өтініш білдірген жағдайда, онда оның лицензиарға осы Қағиданың 5-тармағының 11), 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.

4 қадам

Лицензия алу 
Лицензияны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 қаулысымен бекітілген «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасын және оған қойылатын біліктілік талаптарына» сәйкес өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 
Лицензия лицензиантқа немесе азаматтық заңнамаға сәйкес ол уәкілеттік берген өкіліне беріледі (сенімхаттың түпнұсқасы - өкілдің жеке куәлігі). 
Сонымен бiрге Е-лицензиялау бағдарламасы шенберінде электрондық цифралық қол қою болған жағдайда (ЭЦҚ) электрондық лицензияны алу мүмкiндiгі ескерiлген.

Электрондық лицензияны алу үшін өтініш беруші http://www.elicense.kz Е-лицензиялау интернет-порталына өтінішке қоса тіркелетін құжаттардың көшiрмелерiмен бірге электрондық цифрлық қол қойылған электрондық құжат түрінде жүгіне алады.

5 қадам

Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасу конкурсына қатысу

Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 03 қарашадағы № 305 «Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6627 тіркелген). 
Жеке сот орындаушыларының бос лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеу атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар тұлғалардың қатарынан жүзеге асырылады. 
Конкурсты өткізу туралы хабарлама республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. 
Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 03 қарашадағы № 305 «Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6627 тіркелген) нысандағы үміткерлердің өтініштерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті жанынан құрылған біліктілік комиссиясымен (мекенжайы: 010000 Астана қ., Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс) хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн аралығында қабылданады.

Өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:

  1. үміткердің суреті бар кадрларды есепке алудың жеке іс парағы (оның іс жүзінде тұрғылықты жерінің мекен-жайын және байланыс телефоның нөмірін көрсете отырып);
  2. нотариалды куәландырылған жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиясының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  4. жұмыс стажын растайтын және атқарған қызметінен босатылу себебін қамтитын еңбек кітапшысының немесе өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  5. республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, комиссияға ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын үміткердің тұрғылықты жері бойынша соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
  6. кандидаттың тұрғылықты мекен – жайы бойынша комиссияға бір айдан кем емес мерзімде наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған медициналық анықтамалар.

Үміткер біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежесі мен атақтарын беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар мен сол сияқты) бере алады. 
Комиссияның үміткердің конкурстан өткендігі туралы шешімі оны жеке сот орындаушысы бос лауазымына тиісті атқару округының өңірлік алқасы мүшелігіне қабылдау және уәкілетті органның аумақтық органында оның есептік тіркелуі үшін негіз болып табылады. 
 
Нормативтік-құқықтық база

  1. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңы
  2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы» Заңы
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 «Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» қаулысы
  4. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі)
  5. Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 03 қарашадағы № 303 «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту Ережесін бекіту туралы» бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6625 тіркелген).
  6. Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы «03» қарашадағы № 302 «Біліктілік емтихандары туралы Ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6624 тіркелген)
  7. Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 03 қарашадағы № 305 «Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6627 тіркелген).

 


Информация о работе Қалай жеке сот орындаушысы болу керек