Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 21:34, курсовая работа
Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Кіріспе...............................
1. Мемлекеттің жалпы сипаты.....................
1.1 Мемлекеттiң ұғымы және ерекшелiгi..................................................................
1.2 Қазақстан мемлекетiнiң дамуы............................................................................
1.3 Мемлекет механизмi - мемлекет функциясын жүзеге асыру............................
2. Мемлекет ақпаратыжәне мемлекет механизімі....................
2.1 Мемлекет аппараты мен мемлекет механизмiнiң сабақтастығы......................
2.2 Мемлекеттiк органдар және олардың жiктелуi..................................................
2.3Мемлекеттiк аппаратты ұйымдастыру................................................................
Қорытынды.............................................................................................................
Қолданбалы әдебиеттер тізімі...............................................................
Мемлекет функцияларының классификациясы:
а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты тұрақты және уақытша;
б) маңызына байланысты - негізгі және қосалқы;
в) қоғамдық өмірдің қай сферасында жүзеге асырылуына байланысты - ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.
Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.
Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық –регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық.
1.2 Қазақстан мемлекетiнiң дамуы
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы – мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі.
Конституцияда Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына негіз болатын барлық принциптер бекітілген. Олар:
Қазақстан Республикасының
мемлекеттілігін құру концепциясында
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде, Қазақстан Республикасы халқының ерік-жігері негізінде, басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дербес мемлекет қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы егемендігінің негізін оның аумағы, жері, қойнауы, табиғат байлықтары, мәдени құндылықтары және барлық экономикалық негіздері құрайды. Егемендіктің бастауы - халық, сонымен қатар егемендік Қазақстан Республикасының әр бір азаматына таратылады. Мемлекеттік егемендік ең алдымен мынадан көрініс табады: Қазақстан Республикасы ішкі құрылымға қатысты және басқа мемлекеттермен арадағы қатынастарға байланысты барлық мәселелерді өз алдына дербес шешуге хақылы. Егемендік идеясы 1995 жылғы ҚР-ның Конституциясында да алдыңғы қатарда тұр.
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады (2-бап). Біртұтастық Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының маңызды бір белгісі болып табылады. Қазақстан Республикасында билік біртұтас, дегенмен ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады (4-б. 3-т.).
Қазақстан Республикасының экономикалық құрылымы негізінде меншік нысандарының әр алуандылығы жатыр, сөйтіп нарықтық қатынастар конституциялық түрде бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы бірдей дәрежеде мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және қорғайды (6-б.1-т.). Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабының 3-тармағы «Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп мойындайды.
Меншіктің барлық нысандарын кімнің тарапынан болсын заңсыз араласушылығынан қорғай отырып, мемлекет оларды пайдалану, кеңейту үшін қолайлы жағдай жасайды. Мемлекеттік органдар заңдарда меншіктің субъектілері мен объектілерін, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шегін белгілейді. Сондай-ақ мемлекет мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық қызметін тура және тікелей реттейді, мемлекеттік меншік объектілерін пайдаланудың құқықтық режимін айқындайды.
Конституцияға сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс (6-б. 2-т.). Мемлекет аталған экономикалық қатынас саласын тікелей басқару мен реттеуді жүзеге асырады.
Конституция қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгіледі. Оларға қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, идеологиялық және саяси әр алуандылық, қоғамдық және мемлекеттік интститтутарды бөлу сияқты принциптерді жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының саяси жүйесін билік үшін күресті, оны ұйымдастыруды және қызмет етуін жүзеге асырушы сан-салалы ұйымдар, институттар және мекемелер құрайды. Конституция ең алдымен мақсаты мен іс-әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, т.б. бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тиым салады (5-б. 3-т.). Саяси әр алуандылық деп қоғамда өмір сүруші түрлі әлеуметтік-саяси құрылымдардың болуы ұғынылады. Саяси әр алуандылық негізінде Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет нысандарының сан алуандылығы да жатады.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық құрылыстың негізін қалаушы принциптердің бірі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық болып табылады. Саяси жүйенің кез келген институтының қызметі қоғамдағы саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуға тиіс. Қазақстан Республикасының бір ерекшелігі оның көп ұлттылығы, сондықтан қоғамдық бірлестіктер өз қызметтерінің нысандары мен бағыттарын белгілеген кезде осы жағдайды есепке алуға және қоғамдық келісім орнатуға ұмтылуға тиіс.
ҚР Конституциясына сәйкес (1-б.) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.
Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі «демократия» аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идеологиялық және саяси әр-алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.
Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді, яғни қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі.
Халық өзінің билігін
тікелей республикалық
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады. Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты онда ресми, мемлекеттік діннің болмайтындығынан – көптеген діни уағыздардың бірде бірінің міндетті немесе басым болып табылмайтындығынан көрінеді. Қазақстандағы діни бірлестіктер мемлекеттің саясатына, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік органдардың және оның лауазымды адамдарының қызметіне ықпал етпеуі тиіс. Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуімен сипатталады. Бұл сонымен бірге мемлекет органдарының діни бірлестіктердің қызметіне заңсыз араласуға, сондай-ақ діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол бермеу қажеттігін білдіреді.
Мемлекеттің зайырлылық сипатын мемлекеттің діни ұйымдарды қаржыландырмауынан да көруге болады.
Одан әрі, Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол бермеуден де көрінеді. Заң алдындағы діни ұйымдардың теңдігі ешқандай дін немесе діни ұйымдар ешқандай артықшылықты пайдаланбайтындығынан және басқамен салыстырғанда ешқандай шектеуге тартылмайтындығынан көрінеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен Конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.
Құқықтық мемлекеттің мәні – оның жүйелі демократизмі, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын мемлекет есептеледі.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының маңызды алғы шарты мен оның шегінің сипаты қоғам өмірінің барлық сферасын қамтитын толық заң шығару жүйесінің болуы. Сонымен қатар барлық нормативтік актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі қажет.
Демократиялық мемлекетте құқық нормасы барлық азаматтар үшін тең болуы қажет, сондықтан шынайы құқықтық мемлекет болып, оның заңдарының алдында оның барлық азаматтарының теңдігін қамтамасыз ететін мемлекет есептелінеді.
Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл әлеуметтік саясаты адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.
Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет. Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет араласады.
Әлеуметтік мемлекеттің маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету.
Әлеуметтік мемлекеттің ерекше сипатын, оның адамның еркін дамуы мен лайықты өмірін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік саясатынан көруге болады.
Әлеуметтік саясат қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістермен, азаматтардың жақсы тұрмысының өсуімен, олардың өмірінің жақсаруымен, олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырумен, өмір түрін жоғары көтерумен байланысты әлеуметтік топтардың, қоғам мен оның мүшелерінің арасындағы қатынасты реттейтін мемлекеттің жалпы саясатының бір бөлігін көрсетеді.
Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты адам мен қоғамның жақсы тұрмысына жету, тұлғаның дамуы үшін тең және әділетті мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады.
1.3 Мемлекет механизмi - мемлекет функциясын жүзеге асыру
Мемлекет механизмі – мемлекет әрекетінің негізгі бағыттарын жүзеге асыратын, қоғамды басқаруды жүргізетін, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі.
Мемлекет механизмі шынайы ұйымдастырушылық және материалдық күш, мемлекет оны қолдана отырып, билікті жүзеге асырады және белгілі бір саясатты жүргізеді. Заң ғылымында «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синонимдер ретінде қолданылады. Дегенмен де, мемлекеттік аппарат – басқару әрекетін тікелей жүзеге асыратын, арнайы биліктік өкілеттіліктерге ие органдар жүйесі, ал «мемлекет механизмі» түсінігіне мемлекеттік аппаратпен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың соларға сүйене отырып, өз әрекетін жүзеге асыратын «материалдық қосымшалары» (қарулы күштер, милиция, түзеу мекемелері және т.б.) жататындығын ескеру керек. Сондай-ақ, мемлекет аппараты ретінде тұрақтылықта (статика) алынған мемлекеттің барлық органдарын, ал мемлекет механизмі ретінде осы органдарды қозғалыста (динамикада) қарастырған ғылыми көзқарастар да бар. Мемлекет аппаратын зерттеу барысында белгілі бір мемлекеттік органның маңызы, құрылу тәртібі, құзіреттілігі туралы мәселелер көтеріледі, ал мемлекет механизмін зерттеу барысында мемлекеттік органдардың әрекеті, олардың мемлекеттің белгілі бір қызметін жүзеге асыру үрдісіндегі өзара байланысы қарастырылады. Мемлекет механизмінің маңызды белгілеріне мыналар жатады:
-ол өзара байланысты
мемлекеттік органдардың
Информация о работе Мемлекеттің жалпы сипаты, мемлекеттің мәні