Психикалық бұзылыстар этиологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2011 в 17:28, реферат

Краткое описание

Психикалық ауруларды тудыратын себептерді зерттеу олардың екі топтан (ішкі және сыртқы) құралатынын көрсетті. Ішкі себептерге генетикалық факторлар, ерте жастағы дамуының бұзылысы, ми қызметіне әсер ететін әр түрлі соматикалық аурулар (ишемия, эндокринопатия, аутоинтоксикация, т.б.). Сыртқы себептер өз алдына 2 негізгі топшаларға бөлінеді: 1) миға органикалық әсер ету, соның ішінде жарақаттанулар, интоксикациялар, инфекция, радиациялық зақымданулар; 2) эмоциональды күйзелістің зақымданушылық әсері, тұлға аралық және тұлға ішілік қайшылықтар, дисгармониялық тәрбиелену, жанұялық және әлеуметтік мәселелер.

Файлы: 1 файл

Психикалық бұзылыстар этиологиясы.doc

— 90.50 Кб (Скачать)

Психикалық  бұзылыстар этиологиясы

      Психикалық  ауруларды тудыратын себептерді зерттеу олардың екі топтан (ішкі және сыртқы) құралатынын көрсетті. Ішкі себептерге генетикалық факторлар, ерте жастағы дамуының бұзылысы, ми қызметіне әсер ететін әр түрлі соматикалық аурулар (ишемия, эндокринопатия, аутоинтоксикация, т.б.). Сыртқы себептер өз алдына 2 негізгі топшаларға бөлінеді: 1) миға органикалық әсер ету, соның ішінде жарақаттанулар, интоксикациялар, инфекция, радиациялық зақымданулар; 2) эмоциональды күйзелістің зақымданушылық әсері, тұлға аралық және тұлға ішілік қайшылықтар, дисгармониялық тәрбиелену, жанұялық және әлеуметтік мәселелер. Аурудың сыртқы фактордың әсерінен шақырылғанына еш күмән болмаса да, ішкі фактордың әсеріне назар аудармауға болмайды. Бұл екі фактордың әсер етуі бір-бірімен байланысты.

      Аурудың негізгі себептік факторы тек  осы аурудың өту барысында  анықталатын, оның пайда болуын, ары  қарай дамуын, өршуін, ремиссиясын  және қорытындысын анықтай алатын ғана фактор болып табылады. Бұл фактордың әсерінің тоқтатылуы аурудың тоқтауына әкеледі. Мұндай әсерлер триггерлік деп аталады. 

Психикалық  аурулардың генетикасы

      Психикалық  бұзылыстардың дамуында генетиканың  маңызы зор болғанымен, маңызды психикалық аурулар үшін тұқым қуалаудың  спецификалық түрі айқындалған жоқ. Бұл тұқым қуалаудың полигенділігіне, немесе анықталған нозологиялардың гетерогенділігіне байланысты. Сонымен қатар, кейбір гендердің аз да болса пенетранттылық қасиетінің бар екендігіне де назар аудару қажет. Осы кезде бұндай гендер ерекше жағдайлар туындаған кезде ғана пайда болады. Психикалық бұзылыстардың біршамасы ғана белгілі бір генотиппен қатаң байланысты. Төмендегі кестеде тұқым қуалаудың типі анықталған кейбір аурулар келтірілген. Негізінен, олар ауыр, ақыл-ой кемістігіне әкелетін үрдістер. 

Белгіленген генетикалық табиғаты бар кейбір аурулар 

Аурудың аты Генетикалық бұзылыс
Даун  ауруы

Клайнфельтер  ауруы 

Шерешевский-Тернер

Мартин-Белл синдромы 
 

Мысық айқайы

Гентингтон  хореясы 

Фенилкетонурия 

Гомоцистинурия

Марфан  синдромы

21 хромосоманың трисомиясы

Ү-хромосомасы  бар кезде, Х-хромосомасының бірден көп болуы

Бір Х-хромосома, Ү-хромосома жоқ

Рецессивті, жыныспен тіркес тұқым қуалау түрі, Х-хромосомасының сынғыштығымен көрінеді (fragile Х syndrome)

5-жұп  хромосаманың бір бөлігі жоқ

Патологиялық  ген 4 хромосоманың қысқа иінінде

Тұқым қуалаудың аутосомды-рецессивті түрі

Сол сияқты

Тұқым қуалаудың аутосомды-доминантты түрі

 
 
 
 

     Кейбір  жағдайларда генетикалық дефектінің бар болуы қандай да бір бұзылыстың ықтималдылығын тек жоғарылатады, бірақ оның пайда болуын анықтамайды. Мысалы, артық Ү-хромосомасы бар еркектік генотип төмен интеллектпен, ұзын боймен және бақыланбайтын агрессиямен сипатталады. Дегенмен олдені сау адамдарда да кездесуі мүмкін.

      Патологияның  дамуында бірден бірнеше гендердің болуы Альцгеймер ауруымен ауыратын науқастарда кездеседі. Бұл ауруға жанұялық варианттармен қоса спорадикалық (тұқым қуаламайтын) варианттардың да бар болуы тән. 1, 14, 21 хромосомаларда орналасқан гендердің зақымдануы ерте, қатерлі, тұқым қуалайтын варианттармен байланысты. 19 хромосомадағы спецификалық геннің дефекті кеш спорадикалық жағдайлармен көрінеді.

      Шизофрения, эпилепсия, биполярлы психоз кезінде  аурудың өзі емес, оған бейімділік берілетіні көрсетілген. Оның ауруға айналуы  көптеген факторларға, сонымен қатар кездейсоқ факторларға да байланысты.

      Басқаларынан  жиі генетикалық зерттеулерде генеалогиялық  әдіс қолданылады. Ол әдіс  зерттелетін  адамнан (пробанд) бастап, оның ата-тегін  зерттеуден тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Шизофрениямен ауыратын науқаспен туыстық қатынас түріне байланысты шизофренияның даму қаупі:

 
 
 

     Сонымен қатар егіздік әдістің маңызы да зор. Егіздерде белгілердің (аурудың) бар болуы бойынша дәл келу жиілігі конкорданттылық ұғымымен анықталады. Шизофрения, эпилепсия, аффективті психоздар кезінде монозиготты егіздер арасындағы конкорданттылық  40 – 60 %-ды құрайды. Дегенмен, дизиготты егіздерде бұл аурулар бойынша конкорданттылық 3-4 есе аз. Бұл патологияның дамуында генетикалық факторлардың маңызды орнын дәлелдейді.  
 
 
 
 
 

Сыртқы себептер

      Инфекциялар. Кез келген инфекциялар орталық  нерв жүйесіне әсер етеді. Әсіресе нерв жүйесіне әсер ететін нейротропты инфекциялар  бар (тұмау, бөртпе сүзек). Жұқпалы аурулардағы  психикалық бұзылыстар екі механизмге байланысты. Бірінші жалпы организм мен мидың микробтармен және олардың уларымен улануына байланысты. Оларды инфекциялы психоздар деп атайды. Кейбір жағдайда инфекция миды органикалық түрде зақымдап, менингит пен энцефалитке әкеледі.

      Инфекциялық фактор балалар тәжірибесінде ереше  орын алады. Ол онтогенездің әр түрлі кезеңінде әсер етеді. Мысалы, анасы вирусты тұмау, қызамық, токсоплазмозбен ауырса нәрестеде менингоэнцефалит пайда болып, оның миында терең өзгерістер дамиды.

      Уланулар (токсикомания). Психиатрия тәжірибесінде  алкогольді уланулар жиі кездеседі. Алкоголь орталық нерв жүйесіне және барлық организмге әсерін тигізеді.

      Алкогольды  ұзақ уақыт ішсе маскүнемдік дамып, алдымен мида өзгерістер болады. Адамның  жеке басы өзгеріп, алкогольді психоздар  пайда болады.

      Наркотикалық  және токсикоманиялық  заттар психиканы жіті және созылмалы түрде өзгертеді. Жүктілік кезінде улы заттардың нәрестеге әсер етуінің ерекше маңызы бар. 60 жылдары Батыс Германияда аналар жақсы ұйықтау үшін талидамидты қолданғандықтан психикалық және физикалық кемтарлығы бар балалар саны көбейді.

      Жүктілік  кезінде психотропты препаратты қабылдау нәрестенің қан айналуының бұзылуына , оттегінің азаюына, ми қоректенуінің  кемуіне әкеліп соқтырады.

      Психикалық  зақымдану психикалық аурулардың пайда  болуында үлкен орын алады. Егер психоздар  психикалық зақымданудың тікелей себебінен  болса, онда психогенді не реактивті  психоз туралы айтады. Реактивті психоздар  психиканы зақымдандыратын себептің ұзақ  әсер етуінен пайда болады. Невроздардың негізінде де қатты не ұзық әсерлі психикалық зақымдану жатыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Психикалық  патологияның дамуындағы қауіп факторлар

      Бұндай  факторлар өздігінен психикалық ауруды шақырмайды, дегенмен жан ауруларының  көрініс беруіне модификациялық әсер етеді, психикалық бұзылыстардың пайда болуына қолайлы жағдай жасайды.

      Психикалық  аурулардың негізгі қауіп факторлары:

  • критикалық жас кезеңдері;
  • жыныс;
  • психофизиологиялық конституция;
  • әлеуметтік жағдайдың нашарлығы;
  • мәдениеттік ерекшеліктер;
  • географиялық, метеорологиялық және климаттық факторлар.
 

   Науқастың жасы психикалық аурудың пайда болуы  мен оның ағымына айтарлықтай  әсер етеді. Авторлар келесі жас кезеңдерін ажыратады: балалық шақ, жасөспірімдік  шақ және онымен тығыз байланысты пубертатты кезең, жастық және кәмелетке толу кезеңі, инволюциялық кезең (әйелдерде климакс), егде жас және қарттық кезең. Бұл кезеңдердің дәл шекаралары әр түрлі мәдениетте сйкес келмейді және әлеуметтік жағдайларға байланысты. Зерттеулер нәтижесі бойынша, психикалық бұзылыстар жиірек осы жастық кезеңдердің бірінен біріне өтуі кезінде прайда болады (сәбиліктен балалық шаққа, балалық шақтан жасөспірімдікке, жастық шақтан егделік жасқа, егделік жастан қарттық кезеңге өту). Бұған көптеген авторлармен сипатталатын критикалық жас кезеңдері сәйкес келеді. 

Кезең Болжамалы жас, жылдар
Ерте  балалық

Мектепке  бару

Пубертатты

Орта  жастық

Климакстық 

Жұмыстан  босау

2 – 4

6 –  8

12 –  14

40 –  42

45 –  50

60 - 70

 

      Ерте  балалық криз невротикалық реакциялардың  жоғары ықтималдылығымен, сонымен қатар, физиологиялық функциялардың бұзылыстарымен байланысты (кекештену, қорқыныш, тәбеттің бұзылуы). Мектепке бару кезеңінде назардың жеткіліксіздігі, тыңдамау, білімді игеруде қиыншылықтар көріне бастайды. Пубертатты криз кезінде айқын тұлғалық девиациялар (психопатиялар), өзінің сыртқы келбетін асыра бағалау (дисморфофобия және нервтік анорексия). Орта жас кризмсіне депрессияның жоғары ықтималдылығы сәйкес келеді. Климакстық кезеңде невроздар, психосоматикалық бұзылыстар, маскіленген депрессияның пайда болады.

      Көптеген  эндогенді ауруларға олардың  манифестациясының белгілі бір  жасы сәйкес келеді. Осылайша, генуинді эпилепсия балалық және жасөспірімдік  шақта пайда болады. Шизофрения әдетте жас кезеңде немесе ерте егделікте  пайда болады. Қарттық  жаста мидың дегенеративті және тамырлық аурулары пайда болады (Альцгеймер ауруы, Пик ауруы, Гентингтон хореясы, атеросклеротикалық энцефалопатия, т.б.).

      Науқастың жынысы тек кейбір жағдайларда ғана ауруға модифицирлеуші әсер етеді. Психикалық аурулардың көпшлігі еркектер мен әйелдерде бірдей жиілікпен кездеседі. Соған қарамастан, олигофрения мен балалық кезеңде патологиялық варианттардың дамуы жиі ер балаларда кездеседі. Альцгеймер ауруының типтік пресенильдік түрі әйелдерде 5 – 8 рет жиі байқалады. Шизофренияның дамуы әйелдер мен еркектерде біршама бірдей кездессе де, аурудың көрінісі әр түрлі. Осылайша, әйелдер үшін аурудың ерте басталуы, психоздың клиникалық көрінісінің жітілігі, симтомдардың аффективті бұзылыстармен (депрессиялармен) бірге кездесуі байқалады. 
 

     Психофизиологиялық  конституция.

Психофизиологиялық  конституцияның негізгі типтері 

Дене  бітімі Мінез түрі Келесі бұзылыстардың  қаупі жоғары
Астеникалық (лептосомды) – арық, ұзынша келген, бұрышты Шизоидты: абстрактты ойлаудың сезімге қатысты артық болуы (екінші сигналды жүйенің артық болуы), тұйықтық, интроверттілік, арманшылдық, ренжігіштік, ұстамдылық, кейде құштарлыққа айналуы да мүмкін. Шизофрения, шизотиптік бұзылыстар, фобиялық невроз, ипохондриялық  невроз, шизоидты және параноялық психопатия
Пикниктік – домалақтанған пропорциялардың  артық болуы Циклоидты: эмоционалды-ашық, ашық, реалист, жерге жақын, көпшіл (экстраверт), көңіл-күйінің құбылуына бейім Монополярлы депрессия, маскіленген депрессия, депрессивті  невроз
Атлетикалық – жақсы дамыған қаңқа-бұлшықеттік аппарат, бұлшықеті жақсы дамыған, конустық кеуде торы Эпилептоидты: стеникалық, өзін танытуға талпыну, өзін жоғары бағалау, айқын эмоция, агрессияға бейім, сонымен бірге бір жерде  тұрып қалатын, тұтқыр. Қозғыш және параноялық психопатия, бас жарақаттары, алкоголизм, эпилепсия
 

Әлеуметтік  факторлар психологиялық бұзылыстардың  дамуына жағдай жасайды. Реактивті  депрессиялардың даму ықтималдылығы  әлеуметтік апаттар кезінде жоғарылайды. Кедейшілік, жұмыссыздық, әлеуметтік кепілсіздік, тұрғын үй мәселесі сияқты факторлардың да маңызы аз емес. Жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұяларда алкоголизм, асоциальді психопатиялар, ақыл-ой дамуындағы артта қалушылық кездеседі. Дегенмен, жұмыс істемейтін үй шаруасымен айналысатын әйелдер әр түрлі невроздармен, психосоматикалық бұзылыстармен зардап шегеді, ал қамтамасыз етілген ата-аналардың балалары психопатиялық қылықтарға, алкогольді, психо активті заттарды қолдануға бейім. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Жоспар:

  1. Психикалық бұзылыстардың дамуындағы генетиканың ролі
  2. Психикалық бұзылыстардың дамуындағы сыртқы факторлар ролі
  3. Психикалық бұзылыстар дамуындағы қауіп-қатер факторлары

Информация о работе Психикалық бұзылыстар этиологиясы