Мектептегі оқуға оқушыларды психологиялық даярлау мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 20:31, реферат

Краткое описание

Мектепке психологиялық дайындық - тұтас құрылым. Бір компоненттің дамуындағы артта қалушылық ерте ме, кеш пе басқаларының дамуындағы артта қалу мен бұрмалауға әкеледі. Кешендік ауыт-қулар мектепте оқуға бастапқы психо-логиялық дайындық жеткілікті түрде жоға-ры болуы мүмкін жағдайларда да байқа-лады, бірақ та кейбір жеке ерекше-ліктерінің салдарынан балалар оқуда айтарлықтай қиындықтарды бастан кешіреді.Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің қамтиды. Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

Файлы: 1 файл

псих.docx

— 125.40 Кб (Скачать)

Мектептегі оқуға оқушыларды психологиялық даярлау мәселелері

       Мектепке психологиялық дайындық - тұтас құрылым. Бір компоненттің дамуындағы артта қалушылық ерте ме, кеш пе басқаларының дамуындағы артта қалу мен бұрмалауға әкеледі. Кешендік ауыт-қулар мектепте оқуға бастапқы психо-логиялық дайындық жеткілікті түрде жоға-ры болуы мүмкін жағдайларда да байқа-лады, бірақ та кейбір жеке ерекше-ліктерінің салдарынан балалар оқуда айтарлықтай қиындықтарды бастан кешіреді.Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің қамтиды. Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

         Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблин-ская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін, әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады. В.В. Давыдов және Д.Б. Эльконин зерттеулерінде оқу тапсырмасы оқу әрекетінің маңызды компоненттерінің бірін құрайды.

      Е.Е. Кравцова жұмыстарында «мек-тептегі оқуға психологиялық даярлығы» бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді               атқарады деген тұжырымға келді .

      Л.И. Божович зерттеулерінде бала-ның мектепте табысты оқуына мотивация әсер ететін айтып, оқу мотивтерінің екі тобын бөліп көрсетті :

1. Оқудың әлеуметтік мотивтері немесе баланың басқа адамдармен қарым қатынас жасау қажеттілігімен байланысты мотивтер.

2. Оқу  әрекетімен байланысты мотив-тер немесе ақыл ой белсенділігіндегі қа-жеттілік, балалардың танымдық қызығу-шылықтары және жаңа білім, білікті, дағдыны меңгерумен байланысты мотив-тер.

Сонымен Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.

     Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың сау-сақтарының дамуы ақыл-ойыны мен сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады.

     М.М. Кольцова өзінің еңбектерінде «Бала мектепке барар алдында көру-моторлы координациясы біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары мидың сөйлеу аймағы болып табылады »деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі болмайды.

       Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады, қоршаған дүниенің заңдылықтарын, заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды, оларды өз әрекеттерінде қолдана алады, басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады .

         Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:

1. Балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

2. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;

3. Оқу әрекеттерінің алғы шарттары;

4. Баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі [1].

Л.С. Выготскийдің пікірінше, бұл өтпелі кезеңде баланың өзінің күйзеліс-уайымдарының ашылуы пайда болады. Оған дейін уайымы болады бірақ күйзеліп тұрғанын білмейді, яғни, бала уайымдап тұрған субьектілердің біріне айналады. Енді өзінің эмоцияларына белсенді, әре-кетті қатынас пайда болады. Баланың барлық өзіндік сана-сезімі, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады.                                                      Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.                                                                                                                                    Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы»атты еңбегінде «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба?» деген қорқынышпен жүреді» - дейді.Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады:

1) Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; («Мектепке барасың сонда саған көрсетеді»);

2) Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;

3) Мектептің өміріне бейімделе алмауы;

4) Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;

5) Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау;.

Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып, тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады.                                                     Г.Г. Кравцованың айтуынша, баланың мектепке дайындығын қалыптастыруда сюжетті-ролдік ойындарға үйрету керек.

Сурет 1. Баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығы

Демек, баланы мектепке психологиялық жағынан даярлау тақы-рыбын зерттеп жүрген психологтар (В.В. Холмовский, Л.А. Венгер, Н.И. Непомнящая т.б.) даярлықтың төмендегі бағыттырын көрсетті: Сызба 1.

Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан, әрбір бағытқа жеке толығырақ тоқталып кетуді жөн көрдік.

1. Ақыл-ойының даярлығы. Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді, талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі - әрекеттік ойлау қабі-леттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндет-терді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.

Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркес-терін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейне-леп және оның мазмұнын айтып беруі қажет. Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табылады.

2. Биологиялық кемелденуі. Мектеп-тегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзге-рістер туғызады. Оқушы мектептің талап-тарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағды-лануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене сал-мағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру, есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жат-қызуға болады.

3. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы. Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.

Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдас-тарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.

4. Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.

Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орын-далуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психоло-гиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.Баланың мектептегі оқуға дайын-дығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды.Мектеп өмірі баладан эмоцио-нальдық тұрақтылықты талап етеді. Оқу-шылар арасында келіспеушіліктер, реніш-тер және конфликтік жағдайлар жиі кезде-седі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мек-тепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.

Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше «Баланың мектептегі оқуға дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікте және уақытта бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің қалыптасуы» деген. Яғни, мектепке дейінгі баланың кеңістікті және уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын жеңіл-детеді.                                                                                                                  Егер баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы осы бағыт-тармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады (Сызба 2).

Қазақстанда әр жылдары мектепке даярлау мәселесін зерттеумен айналысқан ғалымдардың еңбектері жылдан жылға көбейіп, педагог психологтар өз жұмыс-тарында кеңінен қолдануда. Б. Баймұ-ратованың «Балаларды мектепке даярлау жөнінде» еңбегінде мектепке даярлау - мектепке дейінгі кезеңнің басты мәсе-лелерінің бірі деген бағытты ұстана оты-рып, осы негізгі міндетті мектепке дейінгі мекемелер қызметі деп тауып, оны бала бақшадағы оқу тәрбие үрдісі арқылы шешу жолдары ұсынылады: баланың тілін дамыту; сауат ашу жұмыстарын жандан-дыру; балаларға оқып беру, қосымша мәтінде жасау.                                                                                                                                                К. Сейсенбаевтың «Отбасы тәрбие-сіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ халық педагогикасының ойлары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы еңбегі», - негізінде жазылған.                                                                                                                                 Этникалық педагогика мен психо-логия ғылымының негіздеріне сүйене отырып, мектепке даярлауды - баланың сөздік қорын молайту, есте сақтау, ойлауын дамытуға арналған ауыз әдебиет үлгілерін және ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптарды пайдалану арқылы шешуді көздейді.Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларын мектепке қабылдаудағы психологиялық даму деңгейлерін диагнос-тикалау мәселелері Р.Т. Әлімбаев, Г.Қ. Айқынбаева, С.Б. Татманованың еңбек-терінде қарастырылған. Ал мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Қойбағаров, Қ. Сейсен-баев, Ж. Рысбекова, Н. Айғабылов, К.Т. Шериязданова, М. Оспанбаева, Б. Дабы-лова, т.б. еңбектерінде ерттелді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Кравцова Е.Е. Психологические  проблемы готовности детей к  обучению в школе. - М., 1991.

2. Мухина В.С. Детская психология. - Спб., 1992.

3. Овчарова Р. В. Практическая психология в начальной школе. - М., 2002.

4. Рогов Е.И. Настольная книга  практического психолога в образовании. - М., 1995.

5. Чейпи Дж. Готовность к школе :Как родители могут подготовить детей успешному обучению в школе / Пер. с англ. – М.: «Педагогика–Пресс», 1992.

6. Запорожец А.В. Подготовка детей  к школе. Основы дошкольной  педагогики

Под ред. А.В. Запорожца, Г.А. Марковой. - М., 1980 – с. 250-257.

7. Психолого-педгогическая помощь в устранении причин неуспеваемости детей младшего школьного возраста: учебно–методическое пособие. – Алматы, 2003. - 78 с.

8. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ  тәлім-тәрбиесі. – Алматы: «Санат», 1995.

9. Қазақстандағы психология және  педагогика ғылымдарының өзекті  проблемалары. - Алматы, 2000.

Информация о работе Мектептегі оқуға оқушыларды психологиялық даярлау мәселелері