Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 19:03, контрольная работа
Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен «даму» деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады.