Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:44, доклад
Бүгінгі күнге дейін баланың психикалық жетілуі жөнінде толық қамтылған көрініс бере алатын бірегей теория жоқ. Балалардың жетілуінің, мінез-құлқының және тәрбиесінің артық немесе кем толық суретін алу үшін кезеңдену типінде білінетін бірнеше теориялармен танысу керек.
Психоаналитикалық (жүйкелік талдау) теориясы. Оның заты – адам эмоциялары мен тұлғааралық қарым-қатынас. Психоаналитикалық теория өкілдерінің екі кезеңденуі кеңінен мәлім: Зигмунд Фрейдтің және Эрик Эриксонның. З.Фрейд (1856-1939) тұлғаның дамуын биологиялық факторлардың және ерте отбасылық араласу тәжірибесінің ықпалымен түсіндірді.
Бала жетілуінің теориялары
Бүгінгі күнге
дейін баланың психикалық жетілуі
жөнінде толық қамтылған
Психоаналитикалық (жүйкелік талдау) теориясы. Оның заты – адам эмоциялары мен тұлғааралық қарым-қатынас. Психоаналитикалық теория өкілдерінің екі кезеңденуі кеңінен мәлім: Зигмунд Фрейдтің және Эрик Эриксонның. З.Фрейд (1856-1939) тұлғаның дамуын биологиялық факторлардың және ерте отбасылық араласу тәжірибесінің ықпалымен түсіндірді. Ол, балалар психикалық, турасында психосексуалдық жетілудің 5 сатысынан өтеді деп пайымдады.
Қалалардың қызығушылығы әрбір сатыда ләззат алу негізі болып қызмет ететін дененің белгілі бөлігінің айналасында шоғырланған:
1. оральдық саты (0-2 жас);
2. анальдық саты (2-3 жас);
3. фаллостық саты (4-5 жас);
4. латенттік саты (6-12 жас);
5. гениталдық саты (12-18 жас).
Э.Эриксон (1902-1979) тұлғаның психосоциалдық дамуының 8 сатысын бөліп көрсетті. Оның әрбірінде адам мағынасы сананың, психиканың қарама-қарсы жағдайларының арасындағы кикілжіңнің (конфликт) болып табылатын спецификалық тоқырауды (кризис) бастан кешіреді.
1. Қоршаған әлемге сенім сенімсіздік (0-1 жас);
2. тәуелсіздік сезімі – ұят пен күмәнді сезіну (1-3 жас);
3. ынталық – күнә сезімі (4-5 жас);
4. еңбек сүйгіштік – жарты кештік сезім (6-11 жас);
5. белгілі бір жынысқа сәйкестігін түсіну – бұл жынысқа сәйкес келетін мінез-құлық түрлерін түсінбеу (12-18 жас);
6. интимдік қатынасқа
ұмтылу – айналадағылардан
7. өмірлік белсенділік - өзіне ғана бағытталу, жас шама проблемалары (қалыпты есею);
8. өмірді толыққанды сезіну (кеш есею).
Когнитивтік теория
Ең бастысы ойлаудың, білімді сіңіру процесінің қалыптасуы мен даму проблемаларына қатыстылығы бар. Ақыл-ой жетілуінің ең толық процесін Швецариялық ғалым Жан Пиаже (1896-1980) құрастырған. Пиаже бойынша адам өзінің ақыл-ой дамуында 4 үлкен кезеңнен өтеді:
1) сезімдік-қимылдық (сенсомоторлық) – туғанынан 2 жасқа дейін;
2) оперативтікке дейінгі (2-7 жас);
3) нақты ойлау кезеңі (7-11 жас);
формальдық-логикалық, абстракттық ойлау кезеңі (11-12 – 18 жас және одан әрі).
Мінез-құлық теориясы
Балалар мен ересектердің өздерін неге, қашан және қалайша, бірақ басқаша емес ұстауға үйренетінін түсіндіруге тырысады. Бұл теорияны сондай-ақ бихевиористік (ағыл. Behavior – мінез-құлық) деп те атайды. Бихевиористіктің негізін қалаушы Джон Уотсон (1878-1958) болып табылады. Теорияны практикалық жүзеге асыруға Б. Скиннер (1904-1992) зор үлес қосты. Бихевиористер ортаның бала мінез-құлқы мен жетілуіне әсерін ерекше атап көрсетеді және социалдық оқудың 3 түрін бөліп қарастырады: классикалық және операнттық себептілік пен еліктеу.
Биологиялық теория
Адамдар мен жануарлардың мінез-құлқын табиғи жағдайда салыстырады және олардың мінез-құлқындағы жалпылық пен спецификалықты анықтауға жете көңіл бөледі. Бұл проблемалармен шұғылданатын ғылыми бағыт этология деп аталады. Конрад Лоуренц (1903-1988), белгілі этолог психологияға импритинг (қаперде ұстау) ұғымын енгізді. Этологтардың пайымдауынша, адам белгілі бір бекітілген әрекет үлгілерімен, мінез-құлықтың генетикалық детерминирленген түрлерімен инстинктермен жарық дүниеге келеді.
Гуманистикалық теория
Адамды өзін жүзеге асыруға ұмтылатын теңдесі жоқ индивид, бір тұтас тұлға ретінде қарастырады. Гуманистикалық теорияның дауына Абрам Маслау (1908-1970) ең үлкен үлес қосты.
Оның теориясына сәйкес, әрбір адамға бес деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыруға көмектесетін мотивациялық (дәлелдемелік) топтама бар:
1. ғұмыр кешу, немесе биологиялық қажеттілік;
2. қауіпсіздік және болашаққа сенімділік;
3. махаббат және нақты социалдық топқа жату (социалдық статус);
4. өзіндік баға;
5. өзін таныту.
Оларды қанағаттандырып, адам творчестволық және тәуелсіз тірі жанға айнала алады.
Л.С.Выготскийдің мәдени-тариха
теориясы: «Баланың мәдени дамуындағы
барлық функция сахнаға екі рет,
екі тұрғыда алдымен социалдық,
интерпсихикалық категория
Бұл теориялардың барлығы өзаратолықтырушы, өйткені олардың авторлары адамның психикалық дамуын зерттеу кезінде әр түрлі «аспаптарды» қолданады және баланың жетілуінің әр түрлі деңгейлері мен тұстарына жете назар аударады. Бұл оқу құралында негіз ретінде Л.С. Выготскийдің концепциясы (тұжырымы) қолданылады.