Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 15:38, реферат

Краткое описание

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» д

Оглавление

Кіріспе
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
1.3 Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері
1.4 Қаржылық жағдайды экспресс талдау

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.doc

— 280.50 Кб (Скачать)
align="justify">      Талдау  жүргізіп отырған кәсіпорын өткен  жылы да, есепті жылда да не ұзақ мерзімді, не қысқа мерзімді несиелер алмаған. Сондықтан да «Қайтарыл  уы қамтымасыз етілмеген несиелер» бабы бойынша  да мәліметтер жоқ. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіндегі қалған басқа да «осал» көрсеткіштерін айтатын болсақ, онда оларды тек аналитикалық есеп мәліметтері бойынша ғана анықтауға болады.

      Бұдан кейін экспресс-талдаудың әдістемесі бойынша қаржылық есепті талдау жүзгізіледі. Ол үшін ең алдымен көрсеткіштерді есептеуге салыстырмалы түрде қиын емес есептеулер жүргізіледі, содан кейін олардың ішінен ең маңызды болып табылатын көрсеткіштерінің аздаған саны сұрыпталып алынады. Көрсеткіштерді сұрыптау субъективті және оны талдаушы жүзеге асырады. Бұл көрсеткіштердің жиынтығы кәсіпорынның салыстырмалы кеңістіктік-мерзімдік қызметін сипаттайды. Кәсіпорынның экономикалық потенциялы екі жақты сипатталуы мүмкін: кәсіпорынның мүліктік жағдайы және оның қаржылық жағдайы тұрғысында. Бұл екеуі өзара байланысты, ол көрсеткіштердің өзгеру қарқынын есепке ала отырып, динамикада қарастырылуы тиіс. Экспресс-талдауды жүргізу барысындағы аналитикалық көрсеткіштерді сұрыптаудың варианттарың бірі 3-кестеде көрсетілген.

3-кесте 

Экспресс-талдау үшін аналитикалық көрсеткіштер жүйесі 

Талдау  бағыты Көрсеткіштер
1 2
1. Шаруашылық субъектісінің  экономикалық потенциалын  бағалау
1.1. Мүліктік  жағдайды жалпы   бағалау 1) активтердің  жалпы құны (жалпы капитал-валюта, баланс эжиыны);

2) өндірістік  мүліктің құны;

3) негізгі құралдардың құны және олардың активтердің жалпы құнындағы үлесі;

4) негізгі құралдардың  тозукоэффициенті.

1.2. Қаржылық  жағдайды бағалау 1) меншікті капитал  және оның жалпы капиталдағы  (тәуелсіздік коэффициенті) үлесі;

2) қатыстырылған  және меншікті капиталдың арақатынасының коэффициенті

3) ағымдағы өтімділік  коэффициенті;

4) ағымдағы активтердегі  меншікті айналым қаражаттарының  үлесі;

5) қорларды жабу (өтеу) коэффициенті.

1.3. «Осал»  баптарының болуы 1) жабылмаған  зиян;

2) қамтамасыз  етілмеген несие.

2. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық  қызметінің нәтижелігін  бағалау
2.1. Табыстылық  бағалау 1) жалпы, жиынтық  және таза табыс;

2) таратылмаған  табыс;

3) негізгі қызметтің  табыстылығы.

2.2. Өсіңкілікті  бағалау 1) Өнімді (жұмыс,  қызмет) сатудан және жалпы (авансталған) капиталдан алынған (ақшаның) табыстың салыстырмалы өсу қарқыны;

2) жалпы, жиынтық  және таза табыстың өсу қарқыны;

3) меншікті капиталдың  өсу қарқыны.

2.3. Кәсіпорынның  қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігі  мен іскерлік белсенділігін бағалау 1) ағымдағы активтердің айналымдылығы;

2) еңбек өнімділігі;

3) қор қайтарымдылығы;

4) өнімнің материалдық  сыйымдылығы;

5) меншікті капиталдың  табыстылығы;

6) жалпы капиталдың  табыстылығы.

 

      Келтірілген жүйеде берілген көрсеткіштерге қосымша экспресс-талдау шеңберінде кәсіпорын қызметініңтүрлі жақтарын, атап айтқанда оның нарықтық және инвестициялық белсенділігін сипаттайтын бірқатар басқа да көрсеткіштерді қолдануға болады.

      Жоғарыда  берілген көрсеткіштердің көбісі олардың  өзгеру тенденциясы сияқты жеткілікті дәрежеде экономикалық жағынан айқын түсіндірілген, сондықтан кейбір түсініктемелермен ғана шектелеміз.

      Кәсіпорынның  қаржы жағдайын ұзақ және қысқа мерзімді даму барысы тұрғысынан бағалауға болады. Бірінші жағдайдағы қаржы жағдайын бағалау өлшемдері – кәсіпорынның өтімділігі мен төлеу қабілеттілігі.

      Кәсіпорынның  өтімділігі жөнінде айтқан кезде, ондағы бар ағымдағы активтердің мөлшерінің теориялық тұрғыдан алғанда келісім-шартта белгіленген өтеу мерзімі сақталмаған жағдайдың өзінде, олардың қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті болуы назарға алынады.

      Төлеу қабілеті тез арада өтеуді талап  ететін кредиторлық борыш бойынша  есеп айырысу мақсатында осы кәсіпорында  ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің  жеткілікті дәрежеде бар екендігін  көрсетеді. Экспресс-талдау шеңберінде анықталған кассадағы және банктің есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаларды сипаттайтын баптарына көңіл бөледі. Бұл жағдай түсінікті де: олар жиынтық қолма-қол ақша қаражаттарын сипаттайды, яғни кез келген басқа салыстырмалы бағасы ғана бар мүлікті сипаттайды. Бұл ресурстар әлдеқайда мобильді, олар кез келген уақытта қаржы-шаруашылық қызметке енгізілуі мүмкін.

      Кәсіпорынның  қаржы жағдайы ұзақ мерзімді келешекке  арналған бағытта қаражат көздерінің құрылымымен, кәсіпорынның сыртқы инвестициялар мен кредиторлардан тәуелсіздік деңгейімен сипатталады және ол туралы келесі бөлімдерде айтылады. Осы жерде айта кетейік, кәсіпорынның қаржы жағдайын экспресс-талдау түрліше дайындалуы мүмкін: жиынтық көрсеткіштер, қысқаша тестік есебі түрінде, аналитикалық кесте түрінде және ол осы кәсіпорынның қаржы жағдайын әлдеқайда терең әрі нақтылы талдау қажетті немесе талдаудың мақсатқа сай екендігін туралы және осы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытындымен аяқталады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайы