Рефераты по политологии
Қазақтың саяси ой-пікірлері
Доклад, 23 Февраля 2013
Әрбір мемлекет өзінің нышандарымен мақтанады. Ол нышандары әрине, оның тілі, ділі, ұлты, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық байлығы, рухани қазынасы. Әрбір ұлт қаншама заманнан бері көптеген қиыншылықтарды бастан өткеріп келе жатыр. Біздің қазақ та сондай жігерлі, намысшыл халықтың бірі. Тәуелсіздік жолында жандарын құбан еткен батыр бабаларымыздың асыл мұрасы – сөз қазынасы бүгінгі күні болашақ ұрпақ үшін үлкен рухани азық болып отыр.
Қоғамның саяси өмірі. Азаматтардың мемлекеттік саясатқа әсер ету нысандары
Контрольная работа, 27 Октября 2013
Саяси жүйе – елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Сонымен, қоғамның саяси жүйесі – мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі – мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элемент-терін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз – қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.
Қылмыстық процесті сот сараптамасының түсінігі
Реферат, 05 Февраля 2013
Сот сараптамасы органдарындағы сот сараптамаларын жүргізудің іс жүргізу мәселелері ҚІЖК-нің 245-бабында сараптамамен, ұйымдастырушылық – ведомстволық заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен (ережелермен, нұсқаулықтармен) реттеледі. Әділет министрлігінің сот сараптама органдарына қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 24 казандағы № 158 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сараптамалары мен мамандандырылған зерттеулер жүргізу жөніндегі нұсқаулық қолданылады.
Құқық пәні
Реферат, 16 Февраля 2013
Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік – жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет – ғұрыптар адамдардың сана – сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу.
Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.