Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сыйлық

Доклад, 28 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сый. Оның лауреаттары қатарында рентген сәулеленуін, пенициллинді ойлап тапқан атақты ғалымдар бар. Нобель сыйлығымен Нельсон Манделла, Барак Обама секілді танымал қайраткерлер марапатталған. ��Жыл сайын қазан айының басында бүкіл әлем назары Швеция мен Норвегия еліне ауысады. Дәл осы уақытта Стокгольм және Осло қалаларында Нобель сыйлығы лауреаттары есімі жарияланады

Файлы: 1 файл

Нобель сыйлы.ppt

— 243.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сыйлық

 

Орындаған: Абдулханов М.М

Группа: ММГ-12-3Р

Қабылдаған: Байғұтова А.М

 

 

 

 

Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сыйлық

 

  • Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сый. Оның лауреаттары қатарында рентген сәулеленуін, пенициллинді ойлап тапқан атақты ғалымдар бар. Нобель сыйлығымен Нельсон Манделла, Барак Обама секілді танымал қайраткерлер марапатталған.  
     
    Жыл сайын қазан айының басында бүкіл әлем назары Швеция мен Норвегия еліне ауысады. Дәл осы уақытта Стокгольм және Осло қалаларында Нобель сыйлығы лауреаттары есімі жарияланады

 

 

 

 

Альфред Нобель

 

  • Динамит атасы 
  • Нобель сыйлығын құрушы Альфред Нобель инженер-химик, өнертапқыш және ірі өнеркәсіп иесі болған. Ол 1833 жылы 21 қазанда Стокгольм қаласында туылып, 1896 жылдың 10 желтоқсанында Сан-Ремода дүниеден озды. Нобель өз еңбегінің көбін жарылғыш заттарға бөлген. Ол капсюль-детонатор, динамит, түтінсіз дәрі секілді өнертабыстардың авторы. Альфред Нобель есімі бүкіл әлемге 1882 жылы Сен-Готард туннелінің құрылысы кезінде алғаш рет динамит қолданылған бойда танылды.
  • Өз өмірінде Нобель 355 өнертабысты бес түрлі елде патенттеген. Оның ойлап тапқан жарылғыш заттары әлемнің әр жерінде орналасқан 100 зауытта өндірілді.
  • Атақты өнертапқыш Швеция, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия секілді елдерде жұмыс істеген. Ол сонымен қатар 5 тілді білген, әдебиет оқу мен өлең, пьеса жазуды сүйген адам болған.

 

 

 

 

 

  • Алғашында Нобель математиканы сыйлық берілетін ғылым салаларының тізіміне қосты да, кейінірек оны әлем сыйлығымен алмастырып, сызып тастады. Анық себебі белгісіз; көбінесе оны швед математигінің атымен байланыстырады, сол уақыттағы швед математикасының озаты Миттаг-Леффлер, оны Нобель Стокгольм Университеті үшін қайырымдылықты мазасыз сұрағандықтан жақтырмай қалған болатын. Екінші болжам бойынша Нобель Софья Ковалевскаяны жақсы көрген, ал ол Миттаг-Леффлерді таңдады. Сонымен қатар мынадай болжам да бар, Нобель сыйлықты тек адамзатқа нақты және көрнекті пайдасын тигізетін жетістіктерге бермек болған, ал математика жетістіктері, әлеметтің көзқарасы бойынша, мұндайға жатпайды

 

 

 

 

«Әдебиеттен Нобель сыйлығының иегерлері»

 

  • Қытай жазушысы Мо Янь әдебиет саласы бойынша 2012 жылғы Нобель сыйлығының иегері атанды.
  • Бүгін жария етілген Нобель сыйлығы комитетінің шешімінде жазушының өз шығармаларында «галлюцинаторлық реализмді халық ертегілерімен, тарихпен және қазіргі заманмен ұштастыра білгені» айтылған.
  • Әдеби туындыларын Мо Янь деген лақап атпен шығаратын 57 жастағы қытай жазушысының шын аты-жөні – Гуань Мое. Ол Гонконг ашық университетінің құрметті докторы. Жазушының туындыларының желісі бойынша бұған дейін бірнеше көркем фильм де түсірілген. Солардың арасында 1988 жылы түсірілген «Қызыл гаолян» фильмі әлемнің көптеген елдерінде көрсетілді

 

 

 

 

Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері‎

 

  • Эйнштейн Альберт (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.
  • Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады:
  • Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).
  • Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы
  • Бозе Эйнштейн кванттық статистика.
  • Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негiзін салған.

 

 

 

 

Физиология немесе медицинадан Нобель сыйлығының иегерлері

 

  • Myрад Фepид (MuгadFerid)- (туған жылы 14 қыркүйек 1936 жыл, Уайтинг, Индиана, АҚШ), американдық фармаколог.[1]. Батыс Резервті ауданында (Батыс Резервті ауданың Кейза университетінде) медицина докторы және философия докторы дәрежесін алды.

 

  • Нитроглицерин және соған ұқсас жүрек құралдары азаот оксидінің, газдың құрылуына, қан тамырларының кеңеюіне әсер етеді. 1998 жылы азот оксидінің жүрек-қантамыр жүйесіндегі сигналды молекуланың рөлін атқарған дәлелі үшін Р.Ферчротпен және Л.Игнарромен бірге Нобель сыйлығына ие болды. Олардың бірлескен жұмысы қан тамырының босаңсуының және кеңеюінің мүлдем жаңа тетігін ашты.

 

 

 

 

 Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері

 

  • Джон Хауард Нортроп (ағылш. John Howard Northrop) (5 шілде 1891, Йонкерс, Нью-Йорк штаты, АҚШ — 27 мамыр 1987, Викенберг, Аризона штаты) — Америка биохимигі. Мансабының үлкен бөлігін Нью-Йорк штаты Рокфеллер институтында медициналық зерттеулерінен (1916–1961) бастаған.

 

  • Джонның жас кезіндегі ашыту үдерісіндегі жұмысы тамақты сіңіру, дем алу және негізгі өмірлік үдерістердегі ферменттер туралы білуге жетеледі. Ол ферменттер химиялық реакция заңдарына бағынатынын дәлелдеген. Пепсин, трипсин мен химотрипсин және олардың зимогендерін кристалл түрінде бөліп көрсетті. 1946 жылы Джон Джеймс Самнер және Уэнделл Мередит Стэнлимен Нобель сыйлығын бөлісті.

 

 

 

 

«Бейбітшіліктен Нобель сыйлығының иегерлері»

 

  • Ануар Саадат (1918 — 6.10.1981) — Мысыр Араб Республикасының президенті (15.10.1970 — 6.10.1981). Шаруа отбасында туған. Египет әскери колледжін бітіріп, әскери қызметпен шұғылданған. Ағылшындар үстемдігіне қарсы қозғалысқа белсене қатысып, бірнеше рет тұтқынға алынды. 1938 ж. астыртын құрылған, 1952 ж. шілдедегі төңкерісті бастаған “Ерікті офицерлер” ұйымының жетекшісі, Ұлттық жиналыс төрағасы (1964 — 67). 1964 — 68, 1969 — 70 ж. елдің вице-президенті. Г.А. Насер қайтыс болғаннан кейін президент болып сайланды. Билікті толық қолға алуды көздеп, бірнеше шұғыл шараларды жүзеге асырды, армияны күшейтті

 

 

 

 

Назар аударғаныңыз үшін рахмет


Информация о работе Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сыйлық