Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 13:08, реферат
Қазіргі заман қоғамының сұранысы және еліміздің жаңарған идеологиясы жас ұрпақтың табиғатты қорғауға әзірлігін дамыту қабілетін балабақшадан бастап жаңа сапаға көтерілуіне міндет қойып отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясында қоршаған ортаны қорғау әрбір қазақстандықтың абыройлы мақсат-міндеті болып саналатыны атап көрсетілген. Онда «мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды», - делінген. Ата заңымыздың басты талаптарының бірі – табиғат қорғауды күшейтіп, табиғи қорларды тиімді пайдалануды жолға қою болып табылады. Осыны негізге алған республикамыздың экологиялық білім жүйесі мен табиғат қорғау қоғамдары, мекемелері өндірісті ұйымдастыру ісінде экологиялық талаптарын орындауды, білім жүйесінде ел болашағы жастарды,-жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеуге баса назар аударады.
1.Кіріспе
Экологиялық тәрбие - болашақ кепілі
2.Негізгі бөлім
2.1К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі.
2.2Тәрбиенің халықтық идеясы туралы.
2.3Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері.
2.4Оқытудың дидактикалық негіздері.
2.5 Мұғалімнің жеке басының үлгісі.
2.6 К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның басқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері.
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Қорыта келе айтарымыз, бала тәрбиесімен,
оған жүйелі білім беру мәселесімен шұғылданған
қандай да ғалымдар болмасын табиғатты
назарынан тыс қалдырған емес. Себебі
дүниеде, айнала қоршаған ортада адам
танып-білетін, зерттейтін, оны күтіп-баптап,
қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем — тек
табиғат!
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Шалғынбаева Қ.
Экологиялық тәрбие. \\ Отбасы және балабақша. – 2001. № 12. 55 – 58б.
2. WWW. Google. kz
3. Қоқанбаева Р. И.
Экологиялық тәрбие беру. \\ Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.
4.