Куратор эдвайзер жумыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 16:48, реферат

Краткое описание

Әдістемелік құралда студенттік топтың куратор-эдвайзеріне қойылатын талаптар, тәрбие жұмысының барысы, студенттік топтағы тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеудің социометрикалық әдістері, университет музейінде топпен тәрбие жұмысын жүргізудің технологиялары сипатталған. Қосымшада кураторлық қызметті реттейтін кейбір нормативтік құжаттар ұсынылған.
Оқытушыларға, куратор-эдвайзерлерге университетте студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, жоспарлау үшін әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.

Файлы: 1 файл

kurator.doc

— 564.50 Кб (Скачать)

Қожа Ахмет  Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік  университеті

 

 

Тәрбие  орталығы

 

 

 

 

 

 

ТӘРБИЕ  ҮДЕРІСІНДЕГІ

КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРДІҢ 

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

Студенттік  топтарда тәрбие жұмысын ұйымдастыру  бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан-2011

 

 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘРБИЕ  ҮДЕРІСІНДЕГІ

КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРДІҢ 

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

Студенттік  топтарда тәрбие жұмысын ұйымдастыру  бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

 

Жалпы редакциясын басқарған профессор Ж.Т.Айменов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан-2011


Қ.А.Ясауи атындағы  ХҚТУ-нің Тәрбие жұмыстары бойынша координациялық кеңестің мәжілісінде бекітілген

 

 

 

 

 

Әдістемелік құралда  студенттік топтың куратор-эдвайзеріне  қойылатын талаптар, тәрбие жұмысының  барысы, студенттік топтағы тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеудің социометрикалық әдістері, университет музейінде топпен тәрбие жұмысын жүргізудің технологиялары сипатталған. Қосымшада кураторлық қызметті реттейтін  кейбір нормативтік құжаттар ұсынылған.

Оқытушыларға, куратор-эдвайзерлерге университетте студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, жоспарлау үшін әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.  

 

 КІРІСПЕ

Тәрбие саласы мемлекеттік саясаттың білім беру саласындағы басым бағыттарының бірі болып табылады. Жоғары оқу орнында жастардың тұлға ретінде қалыптасу мәселелері студенттік топтардағы тәрбие жұмысының тиімді жүйесінсіз жүзеге асуы мүмкін емес.

Студенттік топ жоғары оқу орнындағы студенттердің өмірлік қызметі құрылымының ұйымдастырушылық негізі болып табылады. Мұнда студенттердің аса маңызды өзін-өзі тануы, қарым-қатынас, басқа тұлғаларды бағалау, тұлға ретінде өзіне баға беру сияқты әлеуметтік қажеттіліктері жүзеге асырылады. Топтың бірлігіне, оның мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас, көшбасшылардың беделі көптеген жағдайда оның ұжым ретіндегі даму деңгейіне байланысты болады, яғни әрбір студенттің тұлғалық әлеуметтену үдерісіне тиімді ықпал етеді. Сондықтан да топ университеттің бүкіл оқытушылар ұжымының жүзеге асыратын тәрбие жұмысының негізгі нысаны болуы тиіс.

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де куратор-эдвайзер студенттік топтарда оқу-тәрбие жұмысын жүргізу барысындағы басты тұлға болып табылады. Ол топтағы студенттердің қызметін ұйымдастырушы және тәрбие жұмысының үйлестірушісі болып табылады. Ол оқытушылармен де, студенттермен де тікелей тығыз қарым- қатынаста жұмыс істейді.

Куратор-эдвайзердің  тәрбие қызметінің аса маңызды бағыттары  бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделуі, студенттерге әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты ұтымды өткізу мәселелерін шешу барысында көмек көрсету, студенттік топта достықты, қайырымдылықты, бірлікті, өзара қолдауды қалыптастыру, бірегей жоғары оқу орны қауымдастығының оқытушылары мен студенттеріне қатыстылығын сезіндіру, бірыңғай әрі біріктіріле ұйымдасқан мәдениетке, жүйеге және көзқарастар мен қиындылықтарға тиістілігін ұғындыру болып табылады.

Сондай-ақ куратордың міндеттері одан ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттерді, оқу-тәрбие материалын оқытушы ретінде оңтайлы үйлестіре білу дағдыларын талап етеді. Куратор-эдвайзер өзінің педагогикалық қызметін, тұлғалық өсуі мен өзін-өзі көрсетуі барысындағы ұмтылысын ұтымды бағалауы және талдауы аса маңызды болып табылады.

Ұсынылып отырған  әдістемелік құралда кураторлық жұмысты ұйымдастырудың келелі мәселелері көрініс тапқан: куратор-эдвайзерге қойылатын талаптар, кураторлық жұмысты жоспарлау барысындағы басты межелер және оның тәртібі, топтағы тұлғааралық қатынастар диагностикасының социометрикалық әдістері, университет музейінде топпен тәрбие жұмысын жүргізудің технологиялары баяндалған. Қосымшада студенттік топтармен жүргізілетін тәрбие жұмысын реттейтін және куратор-эдвайзерлер өздерінің практикалық қызметі барысында пайдаланатын кейбір нормативтік құжаттар ұсынылған.

 

I. КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРДІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1.1. Куратор-эдвайзерге қойылатын талаптар

Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысы шығармашылық жұмыс болып табылады, бірақ аталған жұмыстың креативтілігі тәрбие саласы қызметінің нақты негізгі бағыттарын және мазмұнын анықтайтын жүйеде көрініс табуы тиіс. Тәрбие қызметінің табыстылығы көптеген жағдайда студенттік топ куратор-эдвайзерлерінің кәсіби педагогикалық шеберлігіне байланысты болады.

Университеттің куратор-эдвайзері  студенттің ұстазы, жасы үлкен жолдасы рөлін атқарады. Куратор топтың ұйымдастырушысы, әдістемелік басшысы, тәрбиешісі, педагог-психологы болып табылады. Осыған орай студенттермен тәрбие жұмысын жүргізу барысында куратор-эдвайзерге қойылатын негізгі талаптарды атап көрсетуге болады:

  1. Оқу жылы барысында студенттік топтың өміріне ұдайы қатысу: мәселелерін шешуге көмек көрсету, топта достық ортасын қалыптастыру, әрбір студентке тұлға ретінде қарау.
  2. Студенттердің сабаққа қатысуын және үлгерімін бақылауды ұйымдастыру: сабаққа қатысу журналын тексеру, сабаққа қатысуын тексеру, оқытушылармен әңгімелесу.
  3. Оқу сабақтарына, аралық, апталық және сессияға байланысты мәселелер туындаса көмек көрсету.
  4. Топтағы әрбір студенттің денсаулығын және тұрмыстық жағдайын білу.
  5. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми мүдделерін ескеру, зерделеу.
  6. Студенттерді студенттік өмірге баулу, өздерін-өзі танытуына жағдай жасау.
  7. Әрбір студентпен: жоғары оқу орнына бейімделу барысында қиындыққа тап болған студенттермен, оқу пәндерін жан-жақты әрі тереңнен оқығысы келетін студенттермен жеке-дара жұмыс жасау. Сонымен қатар куратор-эдвайзер студенттердің жеке мәселелеріне, оқытушылармен, студенттермен өзара қарым-қатынасына назар аударуы тиіс.
  8. Ата-аналармен жұмыс: студенттердің сабақка қатысуы (қатыспауы), үлгерімі (үлгермеуі), жоғары оқу орнындағы іс-әрекеті туралы қажетті ақпаратты дер кезінде беруі қажет.
  9. Топтағы студенттердің этикалық тәрбиесі: сыртқы келбетіне назар аудару, топтағы студенттің мінез-құлқына мән беру, олардың университеттің ішкі тәртібін қадағалауын бақылау.
  10. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби, мәдени және физиологиялық тәрбие беру бағытында нақты іс-шаралар ұйымдастыру.

1.2. Куратор-эдвайзердің жұмыс тәртібі

Куратор-эдвайзердің кәсіби бағдар беру аптасында және алғашқы оқу күндерінде 1 курс студенттерімен жүргізетін жұмысы. Жаңа топпен танысуды оқу жылы басталғанға дейін, тамыз айында бастау қажет. Куратор-эдвайзердің жұмысы бұл кезеңдегі топтың тізімін дайындау (оны куратор журналына енгізу), студенттердің жеке парағымен танысу, болашақтағы көшбасшыларды және үлгерімі нашар студенттерді (мектептегі үлгерімі нашар балалар) анықтау болып табылады.

Куратор-эдвайзер академиялық  кеңес беруді жүзеге асыра отырып, бірінші курс студенттеріне оқытудың кредиттік технологиясының қызмет етуі және жүзеге асуының негіздерін түсіндіреді, студенттерді білім беру үдерісінің ережелерімен, типтік және жұмыс оқу жоспарымен және элективті пәндер каталогымен, жеке оқу жоспарын қарастырудың талаптарымен таныстырады.

Куратор-эдвайзер алғашқы  оқу күні сабақ кестесін түсіндіруге көмек көрсетеді. Куратор-эдвайзер мүмкіндігінше 1 қыркүйекте топпен болғаны дұрыс, бұл студенттерді тануға ықпал етіп, олардың бойындағы сенімділікті арттырады.

Университетпен, факультетпен танысу. Студенттерді университетпен, факультетпен келесідей формада таныстыруға болады:

  • сырттай танысу: топпен әңгімелесу, университеттің және факультеттің тарихы туралы фильм көру;
  • факультет бойынша экскурсия жасау, студенттерді жоғары оқу орнының аса қызықты және қажетті орындарымен таныстыру;
  • университет тарихы музейіне бару;
  • университеттегі студенттік өмірмен таныстыру: студенттік өзін-өзі басқару жүйесі, үйірмелер, қызығушылықтар бойынша клубтар және секциялар;
  • университеттің Жарғысымен, студенттердің құқықтары және міндеттерін, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру және түсіндіру.

Студенттік топ активін сайлау. Топтың активі қыркүйек айының басында сайланады. Топ активі старостадан және қоғамдық ұйымдастырушыдан тұрады.

Топтағы көптеген іс-әрекеттің табысты жүзеге асырылуы куратордың ұйымдастырушылық - тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюына байланысты болады. Куратор-эдвайзер әрбір студенттің биографиялық, индивидуальды-психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерделеп, белсенді активті анықтауы тиіс. Егер де актив топта беделді болатын болса, ол өз міндетін тиімді атқарады. Яғни, куратор топпен алғашқы қарым-қатынас жасау барысында студенттердің арасындағы беделді көшбасшыларды таңдауға баса назар аударуы тиіс.

Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бағытындағы жұмыс оқытушылар мен студенттердің шығармашылық бірлескен қызметін қамтамасыз ететін зор мүмкіндік болып табылады.

Куратор-эдвайзер сағаты. Куратор-эдвайзер сағаты екі аптада бір рет өткізілуі тиіс. Алайда оқу кезеңінің немесе топтағы жағдайға байланысты аптасына бірнеше рет те өткізілуі мүмкін (әсіресе, оқу жылының алғашқы айларында). Куратор-эдвайзер сағаттарының тақырыптары:

  • топта туындайтын күнделікті мәселелер мен сұрақтарды шешу;
  • қазіргі заманғы (заманауи) өзекті мәселелерді талқылау (өзінің құқықтарын білу және қорғау; салауатты өмір салтын бағалау; құқық бұзушылықтың алдын алу; белсенді азаматтық ұстаным, патриотизм және жоғарғы моральдық қасиеттерді қалыптастыру; аса маңызды мемлекеттік экономикалық және саяси оқиғаларды және т.б. талқылау);
  • факультеттің түлектерімен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және т.б. кездесу;
  • студенттердің бір-біріне деген сенімдерін, ұжымдық бірлікті дамыту мақсатында іскери ойындар өткізу;
  • оқу жұмысына қатысты туындайтын мәселелер туралы студенттермен жеке-дара әңгімелесу.

Топпен өткізілетін іс-шаралар. Куратор-эдвайзер университетте және факультетте өткізілетін іс-шараларға топпен бірге қатысуы тиіс.

Куратор-эдвайзер оқу  жылы барысында топтар және курстар арасында, топ ішінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырады. Мұндай іс-шаралардың бағыттары:

  • қаланың көрікті жерлерін аралау: театрлар, көрмелер, музейлер;
  • спорттық шаралар;
  • жаяу қыдыру, табиғатқа шығу;
  • тарихи орындарға сапар шегу;
  • интеллектуальдық (зияткерлік) ойындар;
  • атаулы күндерге, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған іс-шаралар;
  • пікірсайыс алаңдары және т.б.

Студенттерді университеттегі студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен таныстыру. Университетте студенттік өзін-өзі басқарудың дамытылған құрылымы жұмыс атқарады. Студенттер мұнда ұжыммен жұмыс істеу тәжірибесін үйреніп, өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамытуға, өзінің ішкі шығармашылық әлеуетін ашуға, әлеуметтік маңызы бар қызметте өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік алады. Әрине, мұндай қызметте студенттерге педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету аса қажет. Студенттерге жоғары оқу орнындағы жұмыс жасайтын студенттік ұйымдар мен олардың қызметіне қалай араласуға болатындығы туралы түсіндіріп беру куратор-эдвайзерлердің міндеті.

Университеттегі студенттік өзін-өзі басқару (СӨӨБ) білім алушы студенттердің ой-пікірлері мен қажеттіліктерін ашық айтуға негізделген. Сондай-ақ, бұл студенттердің жоғары оқу орнында білім алу кезеңіндегі кез-келген мәселені шешуге бағытталған әрі өз тағдырларына бейтарап қарай алмайтын белсенді тобының өзара бірлескен іс-әрекеті.

Студенттік өзін-өзі басқарудың мақсаттары:

  • университет әкімшілігімен бірге студенттер мүддесі тұрғысынан оқу үдерісі мен оқудан тыс жұмысты жетілдіру мақсатындағы бірлесе басқару.
  • студенттерді болашақ кәсіби іс қызметіне белсенді өмірлік ұстанымдары мен басқару дағдыларын қалыптастыру, шешім қабылдау мен олар үшін жауапкершілікті мойнына ала білу қасиеттерін дамыту арқылы дайындау.

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары студенттік топтар, факультеттер, жатақханалар және жалпы, ЖОО деңгейінде құрылады.

Факультеттік деңгейде оқыту шарттарын жетілдіру үдерісі факультеттің Студенттік деканат тарапынан басқарылады.

Студенттік деканат студенттердің оқу, қоғамдық-саяси, спорттық және мәдени- көпшілік қызметіне қатысуын ұйымдастыру үдерісін басқарады.

Жатақханада тұратын студенттердің қоғамдық-саяси, спорттық және мәдени-көпшілік қызметін ұйымдастыру мен олардың осы шараларға қатысуын қамтамасыз ету Жатақхана студенттері Кеңесінің қызметі болып табылады.

Факультеттегі Студенттік деканат

  • Факультет деканы
  • Жатақхана студенттерінің студенттік кеңесі

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де студенттік өзін-өзі басқарудың ең жоғарғы ұйымы Жастар ұйымы болып табылады. Ол студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі субъектілері болып табылатын студенттік ректорат және деканат, жатақханалар студенттік Кеңестерін, Студенттік құрылыс жасақтарын, студенттік ұйымдар мен клубтардың жұмыстарын үйлестіреді. Қазіргі таңда университетте барлығы 30-дан аса түрлі студенттік клубтар мен үйірмелер жұмыс атқарады.

Студенттерді студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен таныстыру үшін куратор-эдвайзерлерге өз топтарына интерактивті сабақ өткізу ұсынылады. Сабаққа дейін студенттерге студенттік өзін-өзі басқару туралы жалпы ақпарат жинақтау туралы тапсырма беруге болады.

Алдын-ала берілген өтініштер бойынша университеттегі өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері сабақты өткізуге көмектеседі.

Оку жылының және бірінші семестрдің қорытындысын шығару. Қорытынды шығару оқу семестрінің соңында топтың мәжілісінде жүргізіледі. Қорытынды бірнеше тармақ бойынша шығарылады:

  • сабақ үлгерімі;
  • сабаққа қатысуы;
  • студенттің әлеуметтік белсенділігі;
  • ұжымның бірлігі, осы бағытта туындайтын мәселелер;
  • топтың активін қайта сайлау (оқу жылының соңында).

Информация о работе Куратор эдвайзер жумыстары