Куратор эдвайзер жумыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 16:48, реферат

Краткое описание

Әдістемелік құралда студенттік топтың куратор-эдвайзеріне қойылатын талаптар, тәрбие жұмысының барысы, студенттік топтағы тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеудің социометрикалық әдістері, университет музейінде топпен тәрбие жұмысын жүргізудің технологиялары сипатталған. Қосымшада кураторлық қызметті реттейтін кейбір нормативтік құжаттар ұсынылған.
Оқытушыларға, куратор-эдвайзерлерге университетте студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, жоспарлау үшін әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.

Файлы: 1 файл

kurator.doc

— 564.50 Кб (Скачать)

1.3. Куратор-эдвайзердің жұмыс жоспары

Куратор-эдвайзер оқу  жылы барысындағы өзінің қызметін нақты жоспарлауы тиіс. Жұмыс жоспары бүкіл оқу жылы барысына құрылады. Жоспардың негізгі құрылымдық элементтері төмендегідей аспектілерден құралуы тиіс:

  • жеке жұмыс;
  • кураторлық сағаттар;
  • ата-аналармен өзара қарым-қатынас;
  • университеттің, факультеттің іс-шараларына топтың қатысуын қамтамасыз ету.

 

Куратор-эдвайзердің студенттік топпен жүргізетін тәрбие жұмысының үлгі жоспары:

Айы

Іс-шаралар

Тамыз - Қыркүйек

1-курстың студенттік топтарының куратор- эдвайзерлеріне:

  1. Кәсіби бағдар беру аптасы аясында бірінші курс студенттерімен танысу
  2. Студенттер туралы әлеуметтік мәліметтер жинау
  3. Студенттерді ХҚТУ студенттерінің Ар кодексімен, университеттің академиялык саясатымен, кызығушылығы бойынша үйірмелерге қатысу мүмкіндіктерімен таныстыру
  4. Көшбасшылық қабілеттерге мониторинг жүргізу

Барлық студенттік топтың куратор-эдвайзерлеріне:

  1. Конституция Күніне, Қазақстан Халықтарының тілдері мерекесі күніне арналған тақырыптық-кураторлық сағаттарды өткізу
  2. Топ активін сайлауды ұйымдастыру
  3. Оқу үдерісі кестесінің орындалуын және сабаққа қатысуды тексеру
  4. Университет, факультет іс-шараларына қатысу

Қазан

  1. Оқу үдерісі мен сабаққа қатысуды тексеру
  2. Ата-аналармен байланысу (қажет болған жағдайда)
  3. ХҚТУ мұражайларын аралау
  4. Бірінші аралық бақылауға дайындық
  5. Студенттердің тұрмыстық мәселелерін шешуге көмек көрсету, жатақханада тұратын студенттерге бару
  6. Қалалық және университеттік сенбіліктерге қатысу
  7. Салауатты өмір салтына арналған тематикалық кураторлық сағаттарды өткізу
  8. Университет, факультет іс-шараларына қатысу
  9. Топ ішінде іс-шаралар ұйымдастыру

Қараша

  1. Оқу үдерісі мен сабаққа қатысуды тексеру
  2. Бірінші аралық бақылаудың нәтижесі бойынша ата-аналарымен бірге жұмыс жасау
  3. Студенттердің тұрмыстық мәселелерін шешуге көмек көрсету, жатақханада тұратын студенттерге бару
  4. Театрға, киноға бару мәдени шараларын ұйымдастыру
  5. Екінші аралық бақылауға дайындалу
  6. Халықаралық студенттер күніне арналған тематикалық кураторлық сағатты өткізу
  7. Факультет, университет іс-шараларына катысу

Желтоқсан

  1. Оку үдерісі мен сабаққа қатысуды тексеру
  2. Емтиханға дайындалу барысын қадағалау және дайындау
  3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық кураторлық сағат өткізу
  4. Емтихан нәтижелері бойынша ата-аналармен бірігіп жұмыс жасау

Қаңтар

  1. Куратор-эдвайзерлерге арналған семинар-тренингтерге қатысу
  2. Бірінші жарты жылдыққа студенттермен жүргізілген тәрбие жұмысы туралы есепті дайындау
  3. Қысқы емтихан сессиясының қорытындысын топпен талқылау
  4. «Үздік студенттік топ» байқауының ережесімен танысу
  5. Факультет, университет іс-шараларына қатысу

Ақпан

  1. Оқу үдерісі мен сабаққа қатысуды тексеру
  2. Төмендегі тақырыптарға арналған тақырыптық кураторлық сағаттарды өткізу:

- деструктивтік діни ағымдардың иммунитетін қалыптастыру

- Президенттің жыл  сайынғы Қазақстан халқына жолдауын  талқылау

  1. «Үздік студенттік топ» байқауына қатысуға арналған құжаттарды дайындау
  2. Факультет, университет іс-шараларына қатысу

Наурыз

  1. Аралық бақылауға дайындалу
  2. Оқу үдерісі мен сабаққа қатысуды тексеру
  3. Студенттің бос уақытын тиімді өткізуге көмектесу, жатақханаға бару
  4. Халықаралық әйелдер күні мен «Наурыз» мейрамына арналған тақырыптық кураторлық сағаттар өткізу
  5. Қалалық және университеттік сенбіліктерге қатысу
  6. Факультет, университет іс-шараларына қатысу

Сәуір

  1. Оқу үдерісі мен сабаққа қатысуды тексеру
  2. Соғыс жэне еңбек ардагерлерімен кездесуді ұйымдастыру
  3. Бірлік және Жеңіс күндеріне арналған тақырыптық кураторлық сағаттарды өткізу
  4. Қалалық және университеттік сенбіліктерге қатысу
  5. Факультет, университет іс-шараларына қатысу

Мамыр

  1. Емтихан барысын бақылау
  2. Емтихан қорытындысы бойынша ата-аналарымен байланыс жасау
  3. Жүргізілген тәрбие жұмысы туралы жылдық есеп дайындау

Маусым

Куратор-эдвайзерлерге  арналған біліктілікті арттыру курстарына және семинар-тренингтерге қатысу


1.4. Куратор-эдвайзер журналы

Куратор-эдвайзер журналы  тәрбие жұмысын жүргізудің басты көрсеткіші болып табылады және бүкіл оқу жылы барысында толтырылады. Куратор журналына келесідей басты мәліметтер енуі тиіс:

  • куратор-эдвайзер туралы мәлімет;
  • топпен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының жоспары (1.3. тар. қараңыз);
  • студенттік топтың тізімі;
  • студенттің ақпараттық және диагностикалық картасы;
  • студенттермен жүргізілген тәрбие жұмысының күнделігі.

Студенттің ақпараттық және диагностикалық картасы.

Жоғары оқу орнының әкімшілігі куратор-эдвайзерді топқа бекіткен соң, одан әрбір студент үшін жауапкершілік алуға құқығы бар, яғни ол топтағы әрбір студентке жауап береді. Сондықтан да куратор-эдвайзердің өзінің міндеттерін табысты атқаруының басты шарты топтағы әрбір студентті дер кезінде ақпараттандыру болып табылады. Бұл үшін қыркүйек айында студенттің ақпараттық және диагностикалық картасы толтырылады. Ақпараттар оқу жылы барысында толықтырылып отырады.

Студенттің ақпараттық картасы студент туралы толық  мәліметтен тұрады: аты-жөні, жасы, орта білім алған жері, ата- анасы (кім болып жұмыс істейді), отбасы құрамы, материалдық жағдайы, денсаулығы, студенттің, ата-анасының байланыс телефондары, мекен жайлары, студенттерді сипаттайтын басқа да маңызды мәліметтер.

Диагностикалық картаны  толтыру барысында куратор-эдвайзер студенттің мінез-құлқының белгілі бір сипаттарының көрініс табу деңгейін бағалайды (1-кестені қараңыз).

1-кесте

Студенттің диагностикалық картасы

Сипаттама

Айқындалу дәрежесі

(қажетін белгілеу )

Ескерту

Тіл табысу

жоғары

 

орташа

 

төмен

 

Топтағыларымен қарым- қатынас

жақсы

 

қанағаттанарлық

 

қанағаттанарлықсыз

 

Ұйымдастырушылық

жоғары

 

орташа

 

төмен

 

Тәртібі

жоғары

 

орташа

 

төмен

 

Бастамашылдық

жоғары

 

орташа

 

төмен

 

Көшбасшылыққа ұмтылу

жоғары

 

орташа

 

төмен

 

Өзін-өзі ұстауы

жоғары

 

орташа

 

төмен

 

 

Ақпараттық және диагностикалық мәліметтерді алу жазбаша сауалнама, оқытушылармен, ата-аналармен, студенттермен әңгімелесу, студенттердің құжаттарын талдау, қадағалау, социометрия, сауалнамалар сияқты әдістердің кешенін пайдалануды талап етеді.

Тәрбие жұмысының күнделігі. Тәрбие жұмысының күнделігі келесідей бағыттардағы мәліметтерден тұруы тиіс:

  • топпен танысу (өздерінің арасында, факультетпен, университетпен, құқықтармен және міндеттермен және т.б.): ол қандай формада өтті, нәтижелер мен қорытындылар;
  • факультеттің, университеттің істеріне қатысу;
  • топ ішіндегі жұмыс (кештер, музейге, табиғатқа бару, топтық әңгімелер, ойындар және т.б.);
  • студенттермен, ата-аналармен жеке-дара жұмыс (студенттің аты-жөні және жұмыстың мазмұны көрсетілуі тиіс).

Оқу жылының соңында  куратордың журналы студент университетті аяқтағанша кафедрада сақталады.

1.5. Куратор-эдвайзердің есебі

Куратор-эдвайзердің  студенттік топпен жүргізген жұмысы туралы жазбаша есебі әр семестрдің соңында жасалады және деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына тапсырылады.

Куратор-эдвайзер есебінің сызбасы

    1. Топ туралы жалпы мәліметтер:
  • факультеті, мамандығы, курсы;
  • топтың әлеуметтік көрсеткіші (2-кестеге сәйкес).
  1. Топтағы студенттің үлгерімі
  1. Топ студенттерінің жетістігі (спортта, мәдениетте, қоғамдық қызметте, белсенділер туралы, студенттердің қызығушылықтары туралы мәліметтер).
  2. Куратор-эдвайзер жүргізген жұмыс:
  • топпен кездесудің мерзімділігі;
  • жұмыс жоспарының орындалуы;
  • студенттермен жүргізілген жұмыстың талдауы: өткізілген іс-шаралар, әңгімелер, кураторлық сағаттар, индивидуалдық жұмыстар қандай нәтиже берді.
  1. Ата-аналармен жүргізілген жұмыс туралы мәліметтер.
  1. Жүргізілген жұмыс, ұсыныстар туралы нәтижелер.

2-кесте

Топтың әлеуметтік көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Саны

Топтағы студенттердің  жалпы саны

 

Онын ішінде:

еркек

әйел

 

қалалықтар

оның ішінде Түркістан қаласынан

 

ауылдық

 

нашар қамсыздандырылған  отбасынан

 

көп балалы отбасынан

 

жетім балалар үйінің тәрбиеленушісі

 

жетім - қамкоршысы бар

 

білім алушы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған (біреуі немесе екеуі де тірі, бірақ ата-ана құқынан айырылған)

 

білім алушы, отбасы толық  емес

 

білім алушы, мүмкіндігі шектеулі

 

білім алушы - мүгедек

 

білім алушы, көп балалы отбасынан

 

білім алушы, туберкулезбен  ауырған немесе ауырады

 

жұмыс істейтін студент

 

жатақхана қажет студенттер саны, жатақханамен қамтамасыз етілмеген

 

 

Куратор-эдвайзер жұмысының тиімділігі келесідей көрсеткіштер бойынша анықталады:

Сандық көрсеткіштер:

- топ үлгерімінің оңтайлы қарқыны;

- топ студенттерінің арасында кұқық бұзушылықтың болмауы;

- түрлі деңгейдегі әлеуметтік-дамытушы іс-шараларға студенттердің қатысуы;

- топ студенттерінің арасында марапатталғандардың, сертификат алушылар санының көп болуы;

- тәрбие жұмысының жоспарын орындау

Сапалық көрсеткіштер:

- топпен және нақты студентпен жұмыс жасау барысында шығармашылық тұрғыдан әрекет ету;

- кураторлық жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеу;

- республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар.

 

II. СТУДЕНТТІК ТОПТАРДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ СОЦИОМЕТРИКАЛЫҚ ӘДІСІ

Куратор-эдвайзер қызметінің аса маңызды бағыттарының бірі студенттік топтарда жағымды әлеуметтік-психологиялық орта (климат) қалыптастыру болып табылады. Дж. Морено әзірлеген социометрикалық техниканы тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастарды айқындап, оларды өзгерту, жақсарту және жетілдіру үшін куратор-эдвайзерлер қолдануы мүмкін. Социметрияның көмегімен студенттік топ мүшелерінің әлеуметтік-психологиялық сәйкестілігі туралы мәлімет алуға болады.

Социометрикалық үдеріс, біріншіден, топтың қаншалықты деңгейде ұйымшыл екендігін көрсетеді. Екіншіден, «социометрикалық ұстанымдарды» анықтау, яғни симпатия-антипатия белгілері бойынша топ мүшелерінің беделін анықтау, мұнда «аластатылған» немесе топтың «көшбасшысы» оңтайлы нәтижелерге ие болады. Үшіншіден, топ ішіндегі бірлескен жүйеішілік кұрылымдарды анықтау, мұның басында өздерінің формалды емес көшбасшылары тұруы мүмкін.

Пайдаланылған социометриялар формалды және формалды емес көшбасшылардың беделіне сараптама жүргізуге мүмкіндік береді. Социометрикалық әдіс топтық әдіс бойынша өткізіледі, оны өткізу өте көп уақытты талап етпейді (15 мин).

Социометрикалық үдеріс. Топ мүшелеріне олардың симпатиялары мен антипатияларын анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтарға (социометрикалық шарттар) жауап беру ұсынылады. Куратор-эдвайзер екі сұрақ бойынша есептейді: а) және ә) студенттердің жауап беруін өтінеді. Мұнда құпиялылық толық сақталмайды, ондай болған жағдайда социометрияның тиімділігі өте төмен болады.

Жауаптардың дәлдігін нақтылау мақсатында зерттеу топта бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Қосымша зерттеу үшін басқа сұрақтар алынуы мүмкін.

Іскери қатынастарды зерттеуге арналған сұрақтардың үлгісі

1. а) Сабаққа дайындық барысында көмек қажет болса Сіз өзіңіздің студенттік тобыңыздағы қай студентті шақырасыз (біріншіден, екіншіден, үшіншіден)?

ә) Сабаққа дайындық барысында көмек қажет болса Сіз өзіңіздің студенттік тобыңыздағы қай досыңызды шақырасыз?

2. а)Ұзақ мерзімді іс-сапарға кіммен барар едіңіз?

ә) Қызметтік іс-сапарға Сіз өз тобыңыздан кімді алмайтын едіңіз?

З. а) Топтың қай мүшесі көшбасшылық қызметтерді жақсы орындайды (староста, кәсіподақ ұйымы, қоғамдық ұйымдастырушы)?

ә) Топта кімге көшбасшылық міндеттерді орындау қиынға соғады?

Жеке қарым-қатынастарды зерттеуге арналған сұрақтардың үлгісі

4. а) Өмірлік қиын жағдайға тап болғанда Сіз тобыңыздағы кімнен көмек сұрайсыз?

ә) Сіз тобыңыздың қай мүшесімен қандай да болмасын мәселе туралы мүлдем кеңескіңіз келмейді?

5. а) Егер Сіздің тобыңыздың барлық мүшелері жатақханада тұрса, Сіз олардың ішінде кімнің бөлмесінде тұрғанды қалар едіңіз?

6. а) Егер Сіздің тобыңызды қайта жасақтайтын болса, Сіз кімді оз тобыңызда қалдырар едіңіз?

ә) Топта кімді туған күніңізге шақырар едіңіз?

б) Топта кімді туған күніңізде көргіңіз келмейді?

Социометрикалық үдеріс екі формада өткізілуі мүмкін. Бірінші нұсқасы — параметрикалық емес үдеріс. Мұндай жағдайда студент социометрикалық карточкаға сандарды шексіз тандау арқылы жауап береді. Егер де топта шамамен 12 студент болса, онда көрсетілген жағдайда сұралғандардың әрқайсысы (өзінен басқа) 11 студентті көрсетуі мүмкін. Бұл нұсқаның артықшылығы топ құрылымындағы тұлғааралық байланыстың алуандығы түйісінде топтың әрбір мүшесінің эмоциялық экспансивтілігін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда топ мүшелерінің санын 12-16 адамға арттырсақ мұндай байланыстар көбейіп кетеді, мұнда олардың есептеуіш техникасыз талдау мүмкін емес.

Параметрикалық емес үдерістің тағы бір кемшілігі кездейсоқ тандалым мүмкіндігінің зор болуы болып табылады. Кейбір студенттер өздерінің жеке мүдделерін басшылыққа ала отырып, сауалнамаларда «барлығын таңдаймын» деп көп жазады. Мұндай жауаптың екі түрлі түсініктемесі бар: бірі студенттің қоршаған ортаға деген жинақталған аморфтық немесе дифференциясыз жүйелік қатынасы қалыптасқан (нану қиын), екіншісі, студент жалған ақпарат беріп отыр, яғни қоршаған ортаның формальдық лоялдығын алға тартады (нануға болады).

Екінші нұсқа - сайлау санының шектеулілігі. Студенттерге барлық топ мүшелерінің санынан белгілі санды таңдау қатаң түрде ұсынылады. Мәселен, топта 25 студент, ал әрқайсысына тек 4 және 5 қана адамды таңдау ұсынылады. Психологиялық тұрғыдан алғанда социометрикалық шектеу сұралушы топ мүшелерінің өз жауаптарына аса мұқият болуына ықпал етеді, олар бірлескен қызмет бойынша жолдас немесе кошбасшы, серіктес рөлін ұсынуға лайық топ мүшелеріне ғана дауыс береді. Таңдау лимиті кездейсоқ жауаптарды барынша азайтады және бір таңдалымдағы түрлі сандардың топтарын таңдау шарттарын бірегейлендіріп, түрлі топтардан алынған материалдарды салыстыруға мүмкіндік береді.

Информация о работе Куратор эдвайзер жумыстары