Барлау жумыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 20:09, реферат

Краткое описание

Барлау жұмыстары шурф, штольня, канава, шахта қазу, ұңғыма бұрғылау арқылы кен орнындағы кен денелерінің шегін белгілеу, олардан сынама алып, анализ жасау арқылы жүзеге асырылады. Геол. құрылысы қарапайым, ірі және тереңде жатқан кендер (мыс., тас көмір, қабаттасқан кендер, құрылыс материалдары, т.б.) түгелдей ұңғыма бұрғылау, пішіні мен құрылысы күрделі, жер бетінде тайыз жатқан және кішігірім кендер, негізінен, қазып алу, ал көптеген кендер осы тәсілдің екеуімен де барланады. Сондай-ақ, геофиз., геохим. қосалқы тәсілдер де кеңінен қолданылады.

Файлы: 1 файл

Барлау жұмыстары.docx

— 18.87 Кб (Скачать)

Барлау жұмыстары


Барлау  жұмыстары шурф, штольня, канава, шахта қазу, ұңғыма бұрғылау арқылы кен орнындағы кен денелерінің шегін белгілеу, олардан сынама алып, анализ жасау арқылы жүзеге асырылады. Геол. құрылысы қарапайым, ірі және тереңде жатқан кендер (мыс., тас көмір, қабаттасқан кендер, құрылыс материалдары, т.б.) түгелдей ұңғыма бұрғылау, пішіні мен құрылысы күрделі, жер бетінде тайыз жатқан және кішігірім кендер, негізінен, қазып алу, ал көптеген кендер осы тәсілдің екеуімен де барланады. Сондай-ақ, геофиз., геохим. қосалқы тәсілдер де кеңінен қолданылады. Кен денесінің көлемін айнала шектеу үшін ұңғыма, тау-кен қазбалары белгілі бір жиілікпен төртбұрыш, ромб тәріздес тор бойынша (жазық, көлбеу кен денелері) немесе кен денесінің ұзындығына көлденеңінен (линза, желі тәрізді не күрделі кен денелері) орналастырылады. Тордың жиілігі (тау-кен қазбаларының ара қашықтығы) барлау мақсатына, кен орнының геол. құрылысы мен аумағына, ерекшеліктеріне (морфологиясы, пайдалы құраушыларының таралуы, т.б.) қарай белгіленеді. Тау қазбалары мен ұңғымалардан алынған сынамалар лабораторияларда жан-жақты зерттеледі, хим. анализ жасау арқылы пайдалы және зиянды құраушылардың мөлшері, кентастың минералдық құрамы, менш. салмағы, дымқылдығы, т.б. қасиеттері, байыту және металлургиялық өңдеу технологиясы анықталады. Осы анықтаулардың нәтижелері ірі масштабты геол. картаға түсіріледі, сөйтіп геол. құжаттар жасалады. Осы құжаттардың негізінде кеннің қоры есептеледі, сапасы анықталады, кен орнына өнеркәсіптік баға беріледі. Геол. барлау үш сатыда жүргізіледі: 1) алдын ала барлау кен орнының геол. құрылысын, кен денесінің пішінін, аумағын, сапасын анықтау, кеннің жалпы қорын есептеу, кен орнының өнеркәсіптік маңызы туралы тех.-экон. баяндама (ТЭБ) жасау үшін жүргізіледі. 2) Жете барлау кезінде кен денесінің орналасуы, морфологиясы, көлемі, геол. жату ерекшеліктері, табиғи типтері мен өнеркәсіптік сорттары, байыту және металлургиялық өңдеу технологиясы, кентас пен сыйыстырушы жыныстардың физ.-тех. қасиеттері, кен өрісінің гидрогеол. сипаттамасы жан-жақты тексеріліп дәл анықталады. Кен орнындағы кеннің қоры мен барлану дәрежесі кеннің түрлері бойынша жеке-жеке есептеледі де, кен байлықтарының қоры арнаулы мемл. комиссияда бекітіледі. 3) Игеру кезіндегі барлау кен қазумен бірге басталып, одан біршама оза жүреді. Кейбір жағдайларда, мыс., кішігірім болғанмен, өте бағалы кен орындарында (пьезооптикалық шикізаттар, алмас және асыл тастар, т.б.) іздеу, бағалау жұмыстары біткен соң кен орны бірден пайдалануға беріледі. Кен орындарын барлауда жоспарлылық, әмбебаптық, қоршаған ортаға залалсыздық талаптары қойылады.Қазақстанда Барлау жұмыстарын арнайы құрылған аймақтық-өндірістік геол. іздеу және барлау экспедициялары мен партиялары, сондай-ақ кеніштер мен шахталардың геол. қызметтері жүргізеді.

Инженерлік-геологиялық  карта


ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОЛОГИЯЛЫҚ  КАРТА  – белгілі бір ауданда әр түрлі құрылыстар жүргізу, кен орнын игеру, жобалау және белгілі бір аумақты шаруашылық салаларында пайдалану мүмкіндіктеріне баға беріп, оның инженерлік-геологиялық жағдайларын сипаттайтын геология картаның бір түрі.

Иженерлік-геологиялық комитеда тау  жыныстарының пайда болу уақыты, генезисі, орналасуы, құрамы, құрылысы, физикалық-мех. қасиеттері; ауданның геоморфол. сипаты, гидрогеологиялық жағдайы, геодинам. құбылыстары  шартты белгілер мен түрлі түсті  бояулар арқылы көрсетіледі. Карта  қималармен, кестелермен, түсіндірмелік  мәтінмен толықтырылады.

Иженерлік-геологиялық комителар  атқаратын мақсатына, мазмұнына, масштабына қарай ажыратылады. Мақсаты бойынша жалпы және арнайы, мазмұны бойынша аналитикалық және кешенді карталар болып бөлінеді. Масштабына қарай жалпы шолу (1:1000 000 және одан да ұсақ), ұсақ масштабты (1:500 000 – 1:100 000), орта масштабты (1:50 000 – 1:25 000) және ірі масштабты (1:10000 және одан да ірі) карталарға ажыратылады.

Инженерлік-геологиялық  түсірім


ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОЛОГИЯЛЫҚ  ТҮСІРІМ – геология орта факторларының кеңістіктік өзгеру заңдылықтары мен морфологиясын анықтау мақсатында және картаға, қимаға, сондай-ақ есеп беру құжаттарына түсіру үшін жүргізілетін инженер-геологиялық зерттеулер; ал геология орта факторларының өзгерісі инженер құрылыстарды салу, оларды пайдалану жағдайын анықтайды, олардың инженер іс-әрекеттер нәтижесінен болатын өзгерістерін болжайды.

Инженерлік-геологиялық  түсірімнің қарастыратын негізгі мәселелері: ауданның геология құрылысын, геоморфол. және гидрогеологиялық ерекшеліктерін, тау жыныстарының инженер-геологиялық  қасиеттерін, қазіргі геология процестер  мен құбылыстарды зерттеу; инженер-геологиялық  жағдайлардың кеңістіктік өзгеру заңдылықтарын  анықтау; инженер-геологиялық жағдайлардың жеке құраушылары арасындағы өзара  байланысты анықтау; салынған инженер  құрылыстар мен геология орта арасындағы өзара әсерді зерттеу; инженер-геологиялық  жағдайлар дамуының қалыптасу тарихын  және қазіргі тенденцияларын анықтау; аумақтарды шаруашылық мақсатында игеру  процесінде инженер-геологиялық жағдайлардың өзгеруінің болжамын жасау.

Инженерлік-геологиялық  түсірімнің ауқымы мен мазмұны ауданның инженер-геологиялық жағдайларының  күрделілігіне, зерттеу міндеттеріне, жобалау сатыларына қарай анықталады. Ірі масштабты инженерлік-геологиялық  түсірімде бақылау пункттерінің негізгі нобайы, барлау қазбаларының орындары геодезиялық аспаптар көмегімен  анықталады, аэрофототеодолиттік суреттермен  салыстырылады. Инженерлік-геологиялық  түсірімнің нәтижесінде аймақтың инженер-геологиялық  картасы жасалады. Аймақ құрылыс  салуға жарамдылығы мен қолайлылық белгілеріне қарай аудандарға бөлінеді.


Информация о работе Барлау жумыстары