Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 09:27, курсовая работа

Краткое описание

МКурстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы, дамыту жолдарына сипаттама.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін қарастыру;
• Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін талдау;
• Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін ұлттық ойындар арқылы жамыту жолдары.

Файлы: 1 файл

НЕГІЗкурсовойІ.doc

— 208.00 Кб (Скачать)

2-жүргізуші:

-«Алтын сақа»  танымдық сайысы бес бөлімнен  тұрады.

  • «Табалдырық»  бөлімінің  сұрақтарына жауап берген 4 оқушы көрермендер арасынан іріктелініп алынады.
  • «Әудем жер» бөлімінде 4 оқушыға сұрақтар қойылады.
  • «Қозы көш» бөлімінде сұрақтарға жауап берген 3 оқушы қалады.
  • «Бел асар» бөлімінде сұрақтарға жауап берген 2 оқушы қалады.
  • «Жолайрық» бөлімінде барлық сұрақтарға жауап берген 1 оқушы қалады.

Барлық сұрақтарға жауап беріп жеңіске жеткен сайыскер «Алтын көмбе» сұрағына жауап беруге шақырылады.

1-жүргізуші:

- Абайдың оныншы  қара сөзі бойынша өткізілгелі  отырған «Алтын сақа» танымдық сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

  1. «Табалдырық»

Құдайдан біреудің тілейтіні не?

Жауап: Біреулер құдайдан бала тілейді

Баланы құдайдан не үшін тілейді?

Жауап: Өлсем  орнымды бассын дейді,артымнан құран  оқысын дейді,қартайған күнімде  асырасын дейді.

Баланың жақсы  қандай,жаманы қандай?

Баланың жақсы-қызық,,жаманы-күйік.

Баланың қандай болуы екіталай?

Баланың мал  табарлық болары да,мал шашарлық болары болары да екіталай.

2.«Әудем жер»

Адамға құдай  тағала не берді?

Жауап: Құдай  тағала адамға еңбек қылып мал табарлық қуат берді.

Балаңды әуелі  қалай алдайсың?

Жауап: Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне,оны берем,міне мұны берем» деп.Басында балаңды алдағанға бір мәз боласың.Соңыра балаң алдамшы болса,кімнен көресің?

Тіршілікте  өзің жақсылық қылған кісің көп болса олар қайтер еді?

Жауап: Тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң,балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді?

Абай бабамыз  «Қартайған күнімде асырасын» деп  бала тілеу неліктен бос сөз деп есептейді?

Жауап: Қартайған  күнімде асырасын десең,ол а –бір бос сөз.Әуелі, өзің қаруың қайтарлық  қартаюға жетісемісің,жоқ па? Екінші, балаң мейірімді болып,асырарлық  болып туа ма,жоқ па? Үшінші, малың  болса кім асырамайды? Малың жоқ  болса қай асырау толымды болады?

  1. «Қозы көш»

Құдайдан және не тілейсің?

Жауап: Және мал  тілейсіңдер, неге керек қылайын  деп тілейсіңдер?

Құдай тағала адам қуатын орнын тауып,сарып қылырлық не тіледі?

Құдай тағала адам қуатын сарып қыларды білерлік ғылым  берді,оны оқымайсың.Ол ғылымды ұғарлық ақыл берді.Оны қайда жібергеніңді кім біледі?

Малды «иттікпен» тапса не болады.

Жауап: Малды  иттікпен тапса да адамшылықпен жұмсаған ешбір қазақты көрмедім. Малды  иттікпен тапса ,иттікпен айырылыды.

  1. «Бел асар»

Бай болудың  жолдары қындай?

Жауап:Ерінбей  еңбек қылса,түңілмей іздесе,орнын  тауып істесе,кім бай болмайды?

Біреулер барында  қаайтеді ,жоғында қайтеді?

Барында «баймын» деп  мақтанады. Жоғында «маған баяғыда  мал бітіп еді» деп мақтанады.

  1. «Жолайырық»

Ғылымсыз нелер  ғибадат орнына бармайды?

Жауап: Ғылымсыз оқыған намаз,тұтқан ораза,қылған қажылық  ешбір ғибадат орнына бармайды.

  1. «Алтын көмбе»

Мал таптың, байыдың.Сол  малды сарып қылып не табу керек?

Жауап: Мал таптың, байыдың.Сол малды сарып қылып  ғылым табу керек.Өзің таба алмасаң балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ.

1-жүргізуші:

Көп емес-ау саған  артар міндетім,

Ең оңайы  өзіңе-өзің жүр жетіп.

Бір өлеңін жатқа  оқысаң Абайдың,

Сол болады еліңе  еткен құрметің.

Осындай түрлі  ойындар бала қиялын ғана дамытпай оқушылардың сабаққа деген қызуғышылығын арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.

Ойын-бұл еркін  және өзіндік әрекет, ол баланың  жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен  ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады. «Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дердестігі...»

Ойын әрекеті  балалардың санаткерлік және тілдерін дамытудағы көп әсер ететіндігі жалпыға  мәлім. Ойын баланың білімді игеруі үшін қажетті ерікті зейіні мен жадын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ойындық әдістер осы оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, бастауыш сыныптарда дәстүрлі түрде қолданылады. Ойындардың қай-қайсысы болса да оқушыдан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздықты, шеберлікті тағы басқа толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Ойын кеіндн баланың жеке басындағы қасиеттері дамиды, ойын баланы үйретеді, тәрбиелейді, өзгертеді.

Ғасырлар бойы дамып қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін қадірлеп ұлтттық тәрбиеге жан-жақты көңіл бөле бастағанымыз – болашақтың сәулетіне нұрын шашатын күн шуағы іспетті. Еңбекті ұрпағына үйретіп, адамдыққа баураған халқымыздың дәстүрлері, ұлттық ойындары, салт - санасы, бай да баянды мұра.

Қорыта келгенде, оқушыны инабатты парасатты болып өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың жстарды әдептілікке тәрбиелеудегі сол қазынасын бүгінгі күн талабымен ұштастыра отырып, ХХІ ғасырдағы қоғам талабына сәйкес үйлесімді оқытып, дамытуымыз қажет.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Психологиялық ғылымда "тұлға" категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ "тұлға" ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде филасофиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық  ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?

Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік - жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Ол сезімнің, әсердің, ішкі күйініш - сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.

Қорыта келгенде, оқушының тұлғалық қасиетін тәрбиелеуде  мынадай ерекшеліктерді ескеруіміз керек:

  • оқушының ақыл - ой мәдениетін дамыту;
  • оқушының адамгершілік-имандылық құндылығын қалыптастыру;
  • оқушы мен мұғалімнің қарым - қатынасы арқылы оқушы дүниетанымы қалыптасып, баланың ақыл - парасаты толысып, еңбекке, рухани-адамгершілік деңгейі біртіндеп дамитынын ескеру;
  • сабақ тақырыбына жай ұлттық педагогика элементтерін оқушының адамгершілігін арттыруға тиімділігін көрсету.

Жеке тұлға  дегеніміз - қоғам мақсатына сай, ойлау - сөйлеу қабілетінің арқасында саналы әрекет, қарым - қатынас жасайтын, рухани құндылықтарды бойында жинаған, тәрбие, білім, мәдениет, дүниетаным, рухани зерделілік, мінез - құлық ерекшеліктерімен дараланатын адам.

Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерi бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасында негiзгi орын алады. Онда былай деп көрсетiлген: ”Жеке тұлғаның қалыптасуы үздiксiз күрделi процесс. Әрбiр балаға жеке тұлға ретiнде қарап, оның өзiне тән санасы, еркi, өзiндiк әрекет жасай алатын қабiлетi бар екенiн ескерiп, олардың ақыл - ой қабiлетiн, жеке бас қасиеттерiн дамытып, оны қоғам талабына сай iске асыруға көмектесу”.

Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне  тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген  ынтасын арттыру, олардың ақыл - ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу – тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады.

Қурстық жұмысты жазу барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін бағалауда тиімді әдіс – тәсілдерді анықталды. Курстық жұмыстың І - тарауында педагогика-психологиялық әдебиеттерді зерттеп тұлғалық ерекшелік жайлы ғалымдар ой - пікірін талдадым. ІІ - тарауда озат мұғалімдердің іс - тәжірибесін зерттеп бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастыру үрдісінде психология элементтерін қолдану тиімділігін анықтадым.

Қорыта келгенде, оқушыны инабатты парасатты болып  өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын  басшылыққа алып, халқымыздың жстарды әдептілікке тәрбиелеудегі сол қазынасын бүгінгі күн талабымен ұштастыра отырып, ХХІ ғасырдағы қоғам талабына сәйкес үйлесімді оқытып, дамытуымыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

 

  1. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан - 2030” жолдауы
  2. Андреева Г. М. Психология социального познания: Учебник для вузов. Ведущий ред. Л. Н. Шипова. М: Аспект – пресс, 2000 – 288 с
  3. Андриенко Е. В. Социальная психология: Учеб.пособ.для студ.пед вузов/под.ред. В. А. Сластенина. М: Академия, 2000 – 264 с
  4. Асмолов А. Г. Психологияличности: Принципы общепсихологического анализа. Учеб.для студ высш.учеб.заведений. М:Смысль, 2001 – 416 с
  5. Выготский Л. С. Психология. М: Апрель Пресс, 2000 – 1008 с
  6. Дубровина И. В. Данилова Е. Е. Психология. Москва: 2001-460 с
  7. Елікбаев Н. Ұлттық психология: көмекші оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 1992 – 96 б
  8. Жантикеев С. Психология: Учебное пособе. Астана: Елорда, 2001 – 256с
  9. Жаңабеков Ж. Психология. Алматы: Қазақ университеті, 2002 – 132 б
  10. Крылова А. А. Психология. Москва: 2000 – 584 с
  11. Қалиев. С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері / С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г. Нысанбаева, А.А. Бейсенбаева / Алматы: Білім. – 2001 ж.
  12. Майерс Д. Социальная психология. СПб.:Издательство «Питер», 2000 – 688 с
  13. Немов Р. С. Психология книга1. М: 2000-608 с
  14. Оразбекова К. А. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында. Алматы: «Дәуір», 2000 – 554 б
  15. Педагогика / под ред. В.А.Сластенина и др. – М., 2002. – 566 стр.
  16. Подласый И.П. Педагогика. В 2-х кн. Кн.1. -М., 2002. 573 стр.
  17. Реан А. А., Коломинский Я. Л. Социальная педогогическая психология. СПб:Издательство «Питер», 2000 – 416 с
  18. Социальная психология: Учеб.пособие для студ.высш.учеб.заведений/под.ред. А. Н. Сукова, А. А. Дергеча. М: Академия, 2001 – 600 с

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздері