Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 09:27, курсовая работа
МКурстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы, дамыту жолдарына сипаттама.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін қарастыру;
• Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін талдау;
• Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін ұлттық ойындар арқылы жамыту жолдары.
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан халқының білімі мен әл - ауқатын арттыруға, жас ұрпақтың рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігіне басты назар аударған. Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіндегі көкейтесті мәселелердің бірі – жетілген, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Бастауыш мектеп – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзінің белгілі қызметін атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының бойында жалпы адамгершілік қалыптармен гуманистік, моральдық, қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық, сыпайылық тәрізді қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен қоршаған ортамен қарым-қатынасына мән беруіміз керек. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеудің - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс. Оқу үрдісіндегі тәрбие міндетін іске асырудағы қиындықтың бірі сыныптағы оқушылардың адамгершілік түсініктерінің әр түрлі болуында және де тәрбие күрделі үрдіс болғандықтан, бір сабақта баланы адалдыққа, қайырымдылыққа, батылдыққа, шындыққа тәрбиелеу мүмкін емес.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы, дамыту жолдарына сипаттама.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Курстық объект: Есіл ауданы, Николаевка орта мектебі 2 «Б» - сынып 7 оқушы: 3 ұл бала, 4 қыз бала.
Курстық жұмысты
жазу барысында Қазақстан
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тұлға: мәні, құрылымы, ерекшелігі
Психологиялық ғылымда "тұлға" категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ "тұлға" ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде филасофиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?
Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Мұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деғен сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларыныд әр қилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: "Бір жағынан, он нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтнжесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым - қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субьектісінде көреді.
Ғылыми әдебиеттегі
тұлға анықтамаларының
Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Ол сезімнің, әсердің, ішкі күйініш – сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.
Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп - сазарып, тас - түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін - өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.
Жеке тұлға дегеніміз – қоғам мақсатына сай, ойлау – сөйлеу қабілетінің арқасында саналы әрекет, қарым – қатынас жасайтын, рухани құндылықтарды бойында жинаған, тәрбие, білім, мәдениет, дүниетаным, рухани зерделілік, мінез – құлық ерекшеліктерімен дараланатын адам.
Сурет 1.1 – Жеке тұлға құрылымы
Темперамент дегеніміз – адамның жүйке қызметінің қасиеттерімен көрінетін, мінез – құлқының импульсивті – динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы.
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ. Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран – өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик (phlegma – шырыш), холерик (chole – өт), меланхолик (melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.
Сурет 1.2 – Темперамент түрлері
Мінез дегеніміз – бұл адамның әлеуметтік мінез – құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарым-қатынасынан көрініп отырады. Мінез негізінде жеке адамның моральдық – еріктік қасиеттері жатады.
Мінездің қасиеттері:
Мінездің мықтылығы. Мұндай мінезді адам қойылған мақсатқа жетуге, қиындықтарды жеңуге бнйім, өз сенімін дәлелдейді, іске қызу кірісіп, батылдық көрсете алады.
Мінездің ұяңдылығы жасықтықпен, тартыншақтықпен, жалтақтықпен, көзқарастың тұрақсыздығымен, көнгіштікпен, қорқақтықпен байқалады.
Мінездің өзіндігі
адамның басқалардан тым
Қабілет – кез - келген іс – әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса – онда іс –әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады.
Қабілеттің екі түрін ажыратады: жалпы және арнаулы. Жалпы қабілет ретінде жеке адамның білім меңгерудің жеңіл де нәтижелігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер жүйесі ұғынылады. Шетел психологиясында қабілекттің бұл түрі intelligens деп атайды, бұл «ақыл – ой қабілеті» деген сөздің мағынасын береді.
Өзіндік сана – сезім – сананың өзіңді білу мен өзіне қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана – сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез - құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Әрбір оқушының танымдық іс - әрекетінін, әсерленушілігінің, ерік - жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік – бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір - бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады.
Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.
1.2 Бірінші сынып оқушыларының мінез – құлықтық және тұлғалық ерекшеліктерін бағалаудың мәндері
Балалардың ойын және оқу әрекетін бақылау үдерісінде және әдептік - топтық және жекелей әңгімелесу нәтижесінде келесі көрсеткіштерді байқауға болады:
Танымдық белсенділік пен білуге құмарлықтың деңгейі:
Мінез - құлықтың еркін, өздігімен реттелуі:
Қиындықтарды жеңуге дайындығы:
Әлеуметтік белсенділігі:
Бірінші сынып оқушыларының мінез – құлықтық және тұлғалық ерекшеліктерін бағалаудың мәндерін толығымен қарастырып шықтық.
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан - жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Оқушының жан - жақты дамуына бағыт - бағдар берушi - мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздері