Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 09:27, курсовая работа

Краткое описание

МКурстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы, дамыту жолдарына сипаттама.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін қарастыру;
• Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін талдау;
• Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін ұлттық ойындар арқылы жамыту жолдары.

Файлы: 1 файл

НЕГІЗкурсовойІ.doc

— 208.00 Кб (Скачать)

Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерi бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасында негiзгi орын алады. Онда былай деп көрсетiлген: ”Жеке тұлғаның қалыптасуы үздiксiз күрделi процесс. Әрбiр балаға жеке тұлға ретiнде қарап, оның өзiне тән санасы, еркi, өзiндiк әрекет жасай алатын қабiлетi бар екенiн ескерiп, олардың ақыл - ой қабiлетiн, жеке бас қасиеттерiн дамытып, оны қоғам талабына сай iске асыруға көмектесу”.

Белгiлi психологтар Б.Г.Ананьев, В.В.Давыдов, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, М.М.Мұқанов, М.Б.Блонскийдiң, С.Л.Рубенштеин, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занковтың еңбектерiнде арқау болып, зерттеулерiнде оқушылардың бiлiмдері мен рухани байлықтарына, мiнез - құлықтарына, дүниетанымдарына қалыптастырып отыру қажеттiлiгi айқындалған.

Д.Б. Эльконин оқу әрекетi арқылы баланың үлкендермен қарым - қатынастарының барлық жүйесi мен жеке қарым - қатынасы бiлiнедi, деп көрсеттi.

Оқушының iшкi позициясының балада қалыптасуы көбiнесе оның оқу әрекетiнiң белгiлi мөлшерде нәтижеге жетуiне байланысты болады. Психикалық процестердiң жұмыс iстеуiнiң бiршама жоғары түрде қалыптасуы ерiктi мiнез - құлық түрiнiң дамуының негiзiн құрайды, баланың мiнез - құлық актісiнде мотивациялық деңгейiнiң дамуымен байланысты барлық мақсатқа бағытталған ниет, талаптары артады. Өзiмен бiрге оқитын оқушылармен тығыз өзара қатынастардың құрылуы, құрбыларының арасында да орнын анықтау, әр түрлi жағдайлардағы мiнез - құлық ережелерiн меңгеру, оларды өзiне талап етiп қоюының қажеттiлiгi, бастауыш сынып оқушыларының мiнез - құлық факторлары, эмоционалды және адамгершiлiк жүгiн арттырады.

Бастауыш мектептiк кезең, кейiнгi зерттеулердiң дәлелдеуi бойынша, адамгершiлiк дамуының, моральдық мөлшердi меңгерудiң қарқынды даму кезеңi. Адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана - сезiмдi, адамгершiлiк мiнез - құлық және адамгершiлiк қарым - қатынасты жинақтайды. Бұл кезеңде оқушыны тәрбиелеудiң негiзгi бағыты – мiнез - құлық мотивтерi мен әдеттердi қалыптастыру. Мектепке жаңа келген балаларда бұларды қалыптастыру бiршама қиындықтарды тудырып жатады, олар әлi де болса моральдық жағдайларды бiржақты қабылдайды, оларға талдау жасауға қиналады, жасы өсе келе бұл жастағы балалардағы бағалаулар бiршама бейiмделiп, адамгершiлiк мiнез-құлық ережелерi негiзделе бастайды. Оларға жан - жақты көмек, адамдық сезiмнiң жылылығы, шын көңiлмен сүю, ұғу қажет. Тiптi жай ғана мысалмен түсiндiруге болады: егер де гүлдi күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда ол жайқалып өседi, адамдарға көңiл әсемдiгiн сыйлайды. Ал егер оны қарамасаң, ол сарғайып, солып қалады. Мiне, бұл қарапайым шындық.

Бастауыш мектептен бастап қарым-қатынас мiнезi, құрбы-құрдастарымен өзара қатынастары айтарлықтай өзгередi. Тiптi олар үшiн өте маңызды болып саналатын жора - жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю, мейiрiмдiлiк, қайырымдылық сияқты қасиеттер табылады.

Атақты орыс ғалымы Н.И.Пирогов: “Пайдалы азамат болуға дайындалған адам ең алдымен адамшылыққа үйренуі тиiс” деп жазады. Яғни, оқулықтағы әр тарау бойынша оқушыларға түсiндiрiлетiн материалдың адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке, мамандықтың бәрi жақсы екендiгiне, оны қадiрлей бiлуiне байланысты қосымша материалдарды пайдаланып отыру қажет.

Мектептің ең негізгі  міндеті - балаға білім атаулының  әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны  қалыптастыруда ең бастысы – ақыл - ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу. Сонымен, оқушылардың адамгершілігі тәрбиенің ең маңызды міндеті болып табылады. Адамгершілік адамның іс - әрекеті мен қылықтарынан көрінетін қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді. Қатынас дегеніміз субъектінің қоршаған ортамен қалауы бойынша анықталатын байланысы.

Зерттеушілер  қатынастар жүйесіне әртүрлі компонентерді  кіргізеді. Әрбір қатынас белгілі  бір білімдерді игеру дегенді  білдіреді, алайда бұндағы ең бастысы бұл білімдерді өнегелілік түрде түсіну, сезіну болып табылады.

Н.Е. Щуркова, А.П. Сейтешев жеке тұлғаның қасиеттерін  құндылық қатынастардың қалыптасу  нәтижесі деп түсіндіреді. Осылайша, басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесі – гуманизм, өз өзіне – қадір - қасиет, еңбекке - еңбексүйгіштік, енбекқорлық болып табылады.

Жеке тұлғаның ең басты қасиеттерін осылайша бөлу өте маңызды, өйткені, қоршаған ортаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуы барысында адамгершіліктің барлық жақтарын қамту мүмкін емес.

Тәрбие нәтижелері туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты қасиеттерінің қалыптасуы туралы айтуға болады:

    1. Басқа адамға деген қатынас – гуманизм.
    2. Өз өзіне деген қатынас – қадір - қасиет.
    3. Еңбекке деген қатынас – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық.
    4. Ұжымға деген қатынас – ұжымшылдық.
    5. Отанға деген қатынас – отансүйгіштік, патриотизм.
    6. Табиғатқа қатынас – табиғатқа қамқорлық.
  1. Көркемдікке қатынас – көркемдікті эмоционалды - эстетикалық түрде қабылдау қабілеті.

Жеке тұлғаның осы бір қасиеттерін қалыптастыру – қоршаған орта туралы білімдерді өнегелілік түрде түсініп - сезіну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдер жинағын адамгершілікпен сезінуі тәрбие жұмысының басты мақсаты. Оқу материалының, әрбір сабақтың өзіндік тәрбиелік маңызы бар екені белгілі. Олардың әрқайсысы оқушылардың қоршаған ортаға деген, құндылық қатынасын қалыптастыруда басқа адамның жеке тұлғаға құрметінен бастап, болмысты эмоционалды - эстетикалық қабылдауға дейінгі, құндылық сапаларын тәрбиелейді. Қазақстан Республикасының мектептерінде білім беру мазмұны үнемі жаңарып отырады.

Мұғалімнің  алдында тұрған өзекті мәселе оны  адамгершілік тұрғысынан түйсіну. Оқу  пәндеріндегі тәрбиелік мүмкіндіктерді мұғалім білуге тиісті. Бұл жөнінде  негізгі пәндер гуманитарлық циклде болып келеді. Мектептің тәрбие міндеттеріне сүйене отырып, өз сыныбындағы окушылардың ерекшеліктері мен тәрбиелілік деңгейлерін ескере отырып, осы мәселені шешуге пән мұғалімдері, оқушыларды, ата - ананы, демеушілерді т.б. тарта отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Сыныптағы ұжымдық тұлғалық сана тәрбие процесі жағдайына тәуелді. Диагностикалық әдіс - тәсіл оқушының тұлғалық адамгершілік қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушыларды адамгершілік құндылықты сезінуге үйретуде және сапалы білімді меңгеруге іс - әрекетті ұйымдастырудың мәні зор.

Тәрбие нәтижелерінің  диагностикасы негізінде жеке тұлғалық дамудың сипаттамасы. Сынып жетекшісінің диагностикалық іс - әрекеті тәрбиелік жүйені құрудың негізі болып табылады.

 

 

1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік сана ерекшелігін талдау

 

Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесінде, оқу процесінде өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің, нарықты экономика кезеңінің  қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін  ойлау қабілеті мен шығармашылық, кәсіби біліктігі мен білімділігін керек ететіні белгілі.

Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне  тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген  ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу – тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады.

Мектепке алғаш  келген балалардың ой - өрісінде, сана - сезімінде кездесетін жеке ерекшеліктер олардың психологиялық даму жағдайларына байланысты. Өйткені барлық қабілет-қасиеттердің негізі мектепке дейінгі кезеңде қаланып, кейінгі жаста тереңдей түсетіні психология, педагогика, психофизиология ғылымдарында теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дәлелденген. Оқушыны тұлға ретінде жан-жақты зерттеп білу – оның даму бағытын айқындаудың басты шарты. Сондықтан да қазіргі педагогикалық психологияның оқушының саналы әрекетіне мән бере бастауының бір себебі осында. Біз өзімізді түсінуді үйренгіміз келеді. Тұлғалық қасиетіміз қалай қалыптасады? Адамдардың бізге ықпалы қандай? Біз күнделікті өмірдің түйткілінен арылу үшін өзімізді қалай танып, білуіміз керек? Өзімізді танығаннан кейін ғана, өзгелерді түсініп, өмірді танитын боламыз, тек сонда ғана алға қойған мақсатымызға жетеміз.

Тұлғаның өзін - өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.

1. Тұлғаның мотивациялық  аумағы: мінез - құлықтың және іс - әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер;

2. Белсенділік  аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін - өзі таныту;

3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық  аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары;

4. Тұлғаның этникалық  өзіндік санасының аумағы –  этникалық жаңсақ нанымдардың  негізінде қалыптасатын этномәдени  сәйкестілік.

Өзін - өзі танудың алғашқы қадамы: өзін - өзі тану, өзінің істеген ісінің салдарын білу, оны саналы түсіну. Өзін - өзі тану бастауыш буында оқитын жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамытуда, оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ең маңызды орын алады, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым - қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың зердесі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Ол арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, өзіндік пікірі қалыптасады, өзін-өзі танудың қарапайым қадамдарын жасай алады.

Өзін - өзі тану әңгімелесуге, шындықты бірлесе іздестіруге, білімді бірге игеруге, өздік шығармашылықты, ішкі белсенділікті оятуға бағытталған. Жеке тұлғаның бойында жақсы көру, бейбітшілік, әдептілік, шыншылдық, аяушылық, адалдық, имандылық, сыйластық, достық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, жанашырлық, жақсылық жасау, әділеттілік, елжандылық, ізеттілік, сенім, махаббат, қайырымдылық, қамқорлық жасау сияқты құндылықтарды қалыптастыру көзделген. Өзін - өзі тану психологиялық, педагогикалық, философиялық ғылым негіздеріне сүйене отырып, мына міндеттердің орындалуын көздейді:

- жеке тұлғаның  «Менің» (өзімшілдігін емес) ояту;

- қоршаған ортасына  деген қызығушылығын ояту;

- негізгі рухани - адамгершілік категорияларына көңіл аударту;

- балалардың  бойында әлем және адамзат  туралы түсінік қалыптастыру;

- өзінің адамгершілік  мінез - құлықтарына баға беру мүмкіндіктерін қалыптастыру және танымдық белсенділігін арттыру.

Өзіндік тану –  күрделі психологиялық құрылым, бірнеше қасиет ерекшеліктерін қамтиды. В.С. Мерлиннің есептеуі бойынша, біріншіден, өзінің бір беткейлігі, екіншіден, саналы түрде өзінің «мені», үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен ерекшеліктерін тану, төртіншіден, әлеуметтік - адамгершілік өзіндік бағалауын анықтау. Осы элементтердің барлығы өзара функционалды және генетикалық жағынан байланысты, бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Баланың санасы заттарды денесімен сезу арқылы ғана пайда болады. Үш жастан бастап өзін анықтай бастайды. Өзінің психикалық қасиеттерін тану мен бағалау әсіресе жеткіншек, жасөспірім шақта маңызды.

Өзiндiк сана – «Мен»  образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс - әрекетi (Мен-концепциясы). «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады.

Кесте 2.1 – Өзіндік  сана құрылымы

 

1. Эмоционалды құндылық  қатынасы

2. Өзiн - өзi тану

3. Өзiн - өзi реттеу

4. Өзiн - өзi бақылау

5. Өзiн - өзi бағалау

«Мен» субьект ретiнде  әртүрлi белсендi iс - әрекеттердiң әсерiнен өзiн - өзi тану қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi.

Қазіргі заман  психологиялық әдебиеттерде өзін - өзі тану мәселесін зерттеудің бірнеше тәсілі бар. Өзінің пайда болған сәтінен бастап Мен - концепциясы үш функционалды - рольдік аспектісінің белсенді бастауынан тұрады:

1. Мен - тұжырымдамасы - ішкі келісімді қамтамасыз ету құралы. Тұлға теориясының бірқатар зерттеулері адам жетістікке жету жолына әркез ішкі келісім негізінде барады. Ішкі үйлесімділік қажеттілігін сезу арқылы адам теңсізді жою үшін түрлі іс - әрекетке барады. Оның нақты факторы ретінде адамның өзі жайлы ойы саналады.

2. Мен - тұжырымдамасы - тәжірибе түсіндіру құралы. Бұл Мен - тұжырымдамасының функциясы адамның жеке тәжірибесін түсіндіреді, яғни адам өз тәжірибесі арқылы өзін, өз іс-әрекетінің тұрақты тенденциясын анықтайды.

3. Мен - тұжырымдамасы – күтілетін болжам жиынтығы тәрізді. Адамға әлде бір жағдайдың өту барысына болжау жасау қасиет берілген. Адам өз маңызына қарай өзгелердің өзіне деген қатынасын болжайды. Олар: ешкімге қажетсіз, ұнамауы мүмкін, соған байланысты әрекетке бару немесе өз қылығымен айналасындағыларға түсіндіру.

Мен - тұжырымдамасын күту, болжау, әр түрлі іс-әрекетке қатысты бағалау жүйесі ретінде қарастыра отырып, көптеген зерттеушілер бұл функцияны орталық деп санайды. Көптеген психологиялық теорияларды мен - концепциясы ең негізгі түсінік болып саналады. Содан бергі уақытта әлі бір әмбебап анықтама берілген жоқ, не терминологияда бірлік жоқ. Кейбір авторлардың мен-тұжырымдамасын жалпы белгілеуге қолданатын терминдерді кейбірі тек оның жеке элементтерін белгілеу үшін ғана қолданады.

Мен - бейнесінің үш негізгі құрамын қарастырайық.

1. Мен - тұжырымдамасы немесе Мен - бейнесінің когнитивтік құрамы.

Тұлғаның кей жағдайда өзі туралы түсінігі ереже бойынша сенімдірек болуы мүмкін, ол объективтік білім мен субъективтік пікірге негізделуіне байланысты емес. Кей кезде адамның қабылдау пәні - өз денесі, өз қабілеті, оның әлеуметтік қатынасы және тағы басқа ерекше құбылыстар болады. Мен-бейнесін қалыптастыруға жетелейтін өзіндік қабылдаудың нақты амалдары әр алуан болады. Адам өз өзін сипаттауда сын есімдерге жүгінеді, олар: «сенімді», «ашық», «әлді», «әдемі», тағы басқа, бұл сөздер абстрактілі мінездеме болып саналады, олардың нақты жағдайларға қатысы жоқ, яғни адам өзін, әрекетін, қылығын суреттейтін сөздер бұл оның өзіндік қабылдауында қалыпты. Бұл сипаттаулар: атрибутивті, рольдік, статусты, психологиялық, тағы басқа жалғастырыла беріледі. Осының бәрі өзін сипаттау сатысы элементтерін құрайды, олар өмір тәжірибесіне, еліктеу, өзге әсер ету кезіне байланысты өзгеріп отырады. Бұл орайдағы өзіндік сипаттау – бұл өзіне мінездеме беру әдісі, әр тұлғаның қайталанбас ерекше қасиеттерін көрсету. Бірақ адам өзін толық сипаттай ала ма? деген сұрақ туындайды. Сондықтан адамның өзі жайлы білімі ерікті, қарама-қайшылықты болуы мүмкін емес. Бұл Мен - концепциясының екінші құрамдас бөлігін көрсетеді.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздері