Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 09:27, курсовая работа
МКурстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызы, дамыту жолдарына сипаттама.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін қарастыру;
• Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін талдау;
• Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін ұлттық ойындар арқылы жамыту жолдары.
2. Мен - тұжырымдамасының эмоционалды бағалануы немесе өзіндік бағалау. Адам тұлға ретінде өз - өзін бағалайтын болмыс. Өзіндік бағалау – адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі. Өзін бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімділігін дамытады. Өзін бағалау адамның айналасындағылармен қарым - қатынасын, өзіне сын көзбен қарауын және талап қоя білуін, жетістікке және сәтсіздікке қалай қарайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, өзін бағалау адамның іс - әрекетінің тиімділігіне және оның тұлға ретінде дамуына әсер етеді. Өзін бағалау ең алдымен, адамға басқалардың беретін бағасына қарай қалыптасады. Адам өзін айналасындағылар қалай бағалайтынына қарай өзін - өзі бағалауға бейім келеді.
Өзіндік бағалау тұлғаның өзіне ғана тән жеке құндылығы. Яғни өзіндік бағалау дегеніміз адамның өзін - өзі құрметтеу сезімінің дамуы, жеке құндылығын сезу және «Мен» сферасына қатыстының бәріне деген позитивті көзқарасы. Тұлға қалыптасуындағы өзіндік бағалаудың бірнеше себептерін көрсетуге болады:
- өзге адамдардың бағасы;
- маңызды басқалардың ортасы немесе референттік топ;
- өзгелермен өзектілігін салыстыру;
- өзін және идеалды «Менін» салыстыру;
- өз әрекетінің нәтижесін өлшеу.
Өзіндік бағалау өз әрекетін бағалауда маңызды роль атқарады, онсыз өмірде өзін анықтау мүмкін емес. Нақты бағалау адамға рухани қанағат пен адамгершілік қасиеттеріне қолдау көрсетеді.
3. Әрекеттік құрама Мен - тұжырымдамасы. Мен - тұжырымдамасының ерекшелігі сол, қондырғылар комплексінде объектісі қондырғыны тасушының өзі. Осы өзіндік бағыттылық арқылы Мен - бейнесі әлді әрі тұрақты болады. Ол негізгі құрамдас бөлікке бөлінеді:
1. Реалды мен
– адамның актуалды
2. Айна шағылысы
мен – адамды өзгелердің
3. Идеалды мен
– ол адамның болашақтағы
4. Конструктивті мен (Мен болашақта). Бұл адамның алдына қойған мақсатына нақты жетуді жоспарлауы. Мен - бейнесінің әрбіреуінің аспектісі бар: физикалық эмоционалды, ақыл-ой және әлеуметтік мен. Яғни конструктивті мен адамның өз - өзіне бағытталған қондырғы. Бұл өзіндік танудың маңызды компоненті, өйткені ол адамның өз - өзін реттеу процесіне және тұлғаның өзін іске асыруына қатысы бар. Қарым - қатынас жасай білуге қабілеттілігі оның танымдық іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.
Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс - әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды.
Ұлт ойындары әр халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Кәсіби мал шаруашылығына негізделгендіктен халықтың ұлт ойындарында осыған икемделген.
Ұлттық ойындар мектеп оқушыларының үзілістерінде, сабақтан бос кездерінде айтылып, ойналады. Жазғы, қысқы демалыстарды пайдалануы мүмкін. Бұның өзі балалардың алған білімін толықтырып, жедел ойлай білуін, іште жинақы болуын сезімталдығын шыңдады. Ойын кезінде қаншама сұрақтар қойылып, соншама жауаптар беріледі, жұмбақтар шешіліп, жаңылтпаштар айтылады, ән, күй, би орындалады. Сөйтіп ойынның өзі мәдениетпен, өнермен ұштасады.
Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Мектепте ұлттық ойындар қозғалыс ойындары пайдалынылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілік тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.
Қазақ халықының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын- сауықтарда бәсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып ізінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Ұлттық ойын элементтерін сабақтың барысында пайдалану оқушылардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын оқушы санасына жақындатады. Ал оқушылардың табиғи жағдайда өткізілетін туристік іс - әрекетінде ұлт ойындарын пайдалану тәрбие жұмысына оларды қызықтығын іліктіре түседі.
Ұлт ойындары оқушылардың туристік іс-әрекетінің мазмұнын байытып, нақтылаудың нәтижесінде оқушылардың белсенділігін жетілдіріп, жұмыс қабілеттерін жақсартады, жорықтар барысында туындайтын табиғи қиындықтар мен кедергілерді еркін игеруге мүмкідік туғызады.
Ойын әрекеті - өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жұмыс өз алдына жеке тұрып оқыту ұстанымы бола алмайды. Ал баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шыңдалуы, оның ақыл - ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен дербес белсенділігі пайда болады. Соның нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы оқушы белсенділігі мен білімді игеруге деген саналық ұстанымы оқушы дербестігін туғызып, өздігінен оқу, білім алу дағдысын қалыптастырады.
Оқушы мектеп қабырғасында, мектептен тыс ұйымдарда ұжым арқылы білім алғанымен, ол әрайым өз алдына дербес тұлға ретінде танылады. Сондықтан туризм нұсқаушылары ұлттық ойын қолданған туристік іс - әрекеттерде әр оқушының дербес белсенділігін қамтамасыз етуі тиіс.Ойын ұжым арқылы іске асқанымен, ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болды.
Адамның қандай әрекеті болсын қоғамдық - әлеуметтік қажеттіктен туындайды. Оқушы өзінің қажеттігін өтеу үшін, ішкі талаптарын қанағатандыру үшін белсенді әрекет жасайды. Баланың ойын әрекеті оның ақыл-ой, дене дамытуы үшін қажет. Оқушының ойын әрекетіндегі белсенділігін туризм нұсқаушылары дұрыс бағалап туристік іс - әрекетте оның белсенділігіне, білім алуға, қажетті оқу мен дағдыны меңгеруге және оларды күнбе-күнгі тәжірибеде, өмірде пайдалана білуге үйренуге оқушының саналылықпен істейтін әрекетіне ұластыруы шарт.
Оқушы белсенділігі
негізінен екі түрлі: сыртқы және
ішкі белсенділіктен тұрады. Сыртқы белсенділігі
көбінесе ойын арқылы, қимыл, қозғалысы
әсіресе өмірлік әрекетіне
Үзіліс деген
ұғымға оқушылардың сыныптан, сабақтан,
тіпті мектептен тыс
Бұл қажеттілік жағымды мінез - құлық нормаларын мектеп табалдырығында жас жеткіншектердің бойына сіңісті ету үшін керек. Балалар өз бетімен ойнағанда олардың бір - бірімен тіл табыса алмауы мінез - құлық байқатуы, тәртіп бұзушылыққа дейін баруы, көбінесе үзілістерде байқалады. Үзіліс кездерінде жаңылтпаш ойындарын ойнау оқушылардың тілін дамытып, ойын жетілдіреді, ана тіліне деген түсінігін кеңейтеді. Үзіліс кезіндегі жаңылтпаш ойыны мектепте болатын кештерге әзірлік болып табылады. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өзін қоршаған өмірді танып білуге, сол ортамен жете танысуға мүмкіншілік береді. Жаңылтпаштардың тіл дамытуда,сөзді таза сөйлеп, ширақ айтуда пайдасы көп. Мектепте өткізілген “Алтын қақпа” жарысы кезінде оқушылар өздерінің белсенділігін танытып, логикалық сұрақтарға ұтымды, шапшаң жауап беріп, халықтың байырғы ауызша есептеріне жылдам жауап беріп өздерінің ұшкыр ойлылығын, тапқырлықтарын көрсете білді.
Оқушылар арасында баяу қимылдайтын, ұжымнан бөлектене беретін балалармен жұмыс жүргенде ұлттық ойындардың орны ерекше болды. Әсіресе, осындай балалар ойын барысында балалардың алдына шығып, сөйлей білді. Бала ширығып ашына түседі. Аз ойланып, берілген сұрақтарға жауап беріп, ынталанды.
Мысал ретінде "Қазақтың ұлттық ойындары" тақырыбына өткізілген тәрбие сағатының сабақ жоспарын қарастырсақ:
Сабақ атауы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
Мақсаты:
Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық,тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру.Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат әрекетіне бағышу, дағдысын, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген құрмен, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадың дамытып, әрекет үйлесінін жетілдіру.
Сабақ барысы:
Алдаркөсе балаларды жайлауға шақырып, онда жігіттер жарысын өткізіп, ойындар ойнауға шақырады.
"Киіз үй" қимыл-қозғалы ойыны, 6-7 жастағы мектепалды тобының балалары.
Балалар төрт командаға бөлінеді де, ойыншығы бар орындықтар айналасында шеңбер құрады, орындықта орамал ілулі тұр. Орындық айнакысында музыка ырғағымен айналады да, өлең айтады:
"Күннің көзі жарқырайды, көктем елі шақырады".
Басқа музыка шырқалады, балалар шашылып, әртүрлі би қимылдарын орындайды. Осы кезде ойыншықтар орнын ауыстырады. Музыка үзіледі, балалар өз ойыншықтарына жүгіріп келіп, киіз үй тігеді.
"Нысанаға
түс"- "Таяк,-тастау", "Балапандар",
"Арқаны тарту" ойын-
Мақсаты: Төзімшілікті, күшті, белсенділікті дамыту, өз әрекетін әріптесінің әрекетімен келістіру дағдысын меңгерту.
Эстафеталар:
Қазақтың ұлт ойындарының көбі дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгермегендіктен, бүгін ұмыт болған Сәбит Мұқанов өзінің “ Өмір мектебі” атты мемуарлық еңбегінде ертеректе “Орда” атты асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді.
Аты ғана сақталып қалған ойындардың аса бір маңыздарының бірі- “Абайдың алты алашы” атты ойыны. Дер кезінде жинаушылардың көзінен таса қалған ойындар әлі көп. Солардың арасында “Сары құлан”, “Сары ала қаз”, “Ақ аю”, “Ағызбақ”, “Жылмаң”, “Топай” ойындары.
Баланың дамуына ұлттық ойынның өз ықпалы бар. Бала ойын арқылы өз сана-сезімі құрылымының негізін құрайтын жеке басының қадір-қасиетін ұғынады. Балалар ойын арқылы өзінің денсаулығын нығайтып, айналадағы заттар мен қбылыстардың ақиқатсырын ұғынып, еңбек дағдысына үйреніп отырады. Іріктеліп алынған ойындар қазіргі ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Басты шарты ретінде ойындарда ой мен еңбектің бірлігі ескерілген. Сонымен, ойындар балаларды ептілікке, шеберлікке, шираққылыққа, табандылыққа басқа да жақсы қасиеттерге тәрбиелейді.
Ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды. Назарларыңызға 2 «Б» - сынып оқушыларымен ашық сабақта өткізілген «Алтын сақа» танымдық сайысын ұсынып отырмын.
Мақсаты: Абайдың оныншы қара сөзін негізге ала отырып оқушыларды дәлелді сөйлей білуге баулу.Ой-өрістерін,тілін, сөздік қорын ,есте сақтау қабілетін дамыту.Қарасөздің мазмұнын толық жеткізе білуге,ауызекі тілде жүйелі сөйлей білуге үйрету. Салыстыру, қорытындылау,талдау дағдыларын қалыптастыру.Оқушыларды өз білімін бағалай білуге баулу, ата-анасын қадірлей білуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Өлеңі-ақыл,өзі аңыз, Абай біздің бабамыз. Өсиетін сондықтан, Санамызға жазамыз. Шен-шекпенге жасыңнан, «Құмар болма!» депті Абай... Милары жоқ масылға, |
«Сыңар болма!»депті Абай ... «Бүкіл абзал адамның, Баласы бол!» депті абай. «Атаң менен анаңның, Панасы бол!»депті Абай. Өсиетін Абайдың, Орындап жүр кім қалай? |
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің теориялық негіздері