Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 13:57, реферат
1990 жылдардың басында көптеген жеке ұйымдарды олар туралы азаматтардың қоғамдық пікірі мен көзқарастары жөнінде ой қорытындылары қызықтырды. Отандық ұйымдар имиджді қалыптастыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізе бастады. Имидж – белгілі бір топ түсінігінде қалыптасқан ұйым бейнесі.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ИМИДЖІ МӘСЕЛЕСІ
1990 жылдардың басында
көптеген жеке ұйымдарды олар
туралы азаматтардың қоғамдық
пікірі мен көзқарастары
Жоғары оқу орнының имиджін жақсарту міндеті білім беру ордасының тауары (беретін білімі) мен қызметін нақты тұтынушылармен 5 байланыс орнататын басшылыққа артылады. Себебі, аталмыш ұйымның қоғамдағы өз орнын табу үшін ұмтылатын стратегиясы мен ресми саясаты жағымды имиджге ықпал ететін маңызды фактор саналады. Жоғары оқу орнының имиджі адам санасында оқу орнының оқыту, ғылыми, тәрбие, қоғамдық қызметтері жөніндегі ақпараттардың сақталуы негізіндегі қабылдауы және бағалауы болып табалады. Жалпы бұл түсініктің мазмұны екі құрамдас бөліктен тұрады: 1) ұйым қызметінің бейнесін көрсететін ақпараттың түрі; 2) бағалаудан тұратын қарым-қатынастар түрі.
Біріншісі, имидж айқындалатын қоғамға жіберілген барлық ақпарат. Вербальды, бейвербальды және нышандық ақпараттарды жүйелендірген жөн. Ақпараттың бұл түрлеріне жоғары оқу орнының ғимараты, әкімшілік және оқу корпустары, ішкі бөлмелер өрнегі, оқытушылар мен студенттердің киім стилі, өзара қарым-қатынастарындағы ерекшеліктер жатады. Ғимараттағы естілетін дыбыстар мен жағымды иіс оқу ордасының өңір мен қаладағы білім беру, әлеуметтік және бизнес кеңістіктегі бейнесін айқындайды.
Екінші, жоғары оқу орны имиджінің маңызды құрамдас бөлігі саналатын оның миссиясы мен тарихы саналады. Жоғары оқу орнының ректоры, түрлі қызмет салалары бойынша проректорлар, факультет басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер білім беру ұйымының имиджін қалыптастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы барлық ақпарат, түрлі акциялар, жұмыс кездесулері білім беру ұйымының тұрақты мифтерін жасайды. Жоғары оқу орнының имиджін қалыптастырудың құрылымы төмендегідей сегіз сипаттамалық белгіден тұрады: Білім беру ордасының тауары (білімі) мен қызметінің имиджі. Бұл көрсеткіш білім беру ұйымының студенттерге беретін білімімен өлшенеді. Мұның негізгі сапалық құндылығына оқу ордасының мемлекеттік лицензияға ие мамандығы, мемлекеттік органдардан аттестация мен аккредитациядан өтуі, бітіруші түлектің мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы және ЖОО-ның оған ықпалы, оның бәсекеге қабілетті болуы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, әкімшілік арасындағы өзара байланысындағы сыйластық қатынастары жатады. Білім беру қызметіне қажетті саналатын келесі ерекшеліктерге де мән берген жөн: негізгі қажетті нышандар (атауы, әнұран, санада тез жатталатын логотип, ту, ғимараттарының орналасу орны мен архитектуралық көрінісі, дизайны, аудиториялардың ішкі жағдайы); қуаттаушы, бекітуші нышандар (төлемақысы, жоғары оқу орнынан кейінгі қайта даярлау және біліктілігін арттыру мекемесінің болуы, әлеуметтік кепілдіктер). Білім беру қызметін тұтынушылар имиджі. Студенттер, олардың ата-аналары, жұмыс берушілер, ғылыми қызметкерлер өмір салты 6олардың қоғамдық мәртебесін көрсетеді. Ол әлеуметтік-психологиялық тұрғыда айқындалып, өмір салтының келесі үш бөлігін көрсетеді: жеке тұлғалық құндылықтары (өз қызметін бағалау, жұмыс жасау стилінің көрсеткіші мен нәтижесі, студенттердің білім алуға ұмтылысы); тұлғаның мүдделері мен көзқарастарын айқындайтын құндылықтар жүйесі (шәкірттерінің білім алуын ойлау немесе жеке басын ойлау, сыбайлас жемқорлыққа ұйытқы болуы, ұжым арасындағы өзара сенімсіздік); тұлғаның белсенділігі. Жоғары оқу орнының ішкі имиджі. Бұл тұста ұйым туралы өз қызметкерлері мен студенттерінің көзқарастары арқылы имидж қалыптасады. Түрлі сыртқы аудиторияға берілетін имидждік ақпараттың маңызды көзін профессор-оқытушылар құрамы жеткізеді. Жоғары оқу орны туралы қызметкерлері мен студенттерінің пікірі білім беру ұйымының имиджін қалыптастыру мен қолдаудың маңызды мызғымас құралы. Ішкі имидждің негізгі көрсеткішіне ұйымдастырушылық мәдениеті, қызметкерлерді басқару, білім беру ортасы мен оның әлеуметтік-психологиялық ахуалы жатады. Жоғары оқу орны басшыларының имиджі. Білім беру ұйымының негізгі басшыларының қызметі олардың мақсат-міндеттері, талаптары, уәждері, алғырлығы, зеректігі, қабілеттілігі, құндылықтары мен ұстанымдары арқылы айқындалады. Дегенмен, басшылардың мына ерекшеліктеріне мән берген жөн деп санаймыз: КЕЛБЕТІ (киім киюі, шаш сәні, физикалық сипаттамасы, мимикасы, күлкісі, сөйлеу мәнері мен тембрі, сезім дәрежесі); ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ (жынысы, жасы, берік отбасы, білім деңгейі, табысы, тұрғын үйі); ҚЫЛЫҚТАРЫ (кез келген жағдайда адамның көрсететін мінез-құлқы оның тұлғалық ерекшелігін көрсетеді); ҚЫЗМЕТІНЕН ТЫС ЖЕКЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ (басшының шығу тегі, қызметтегі өсу кезеңдері, отбасылық және достық айналасы, мүдделері, пікірлері, спортқа қызығушылығы, хоббиы, демалысты өткізу түрі). Жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің имиджі. Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің біліктілігі, мәдениеттілігі, әлеуметтік-демографиялық жағдайы, өмір салты мен мінез-құлқының ерекшеліктері де білім беру ұйымының имиджіне ықпалын тигізеді. Біліктілігіне адамның түрлі қызметтерді атқаруға дайындық дәрежесі жатады. Мәдениеттілігі оның ақ ниетілігі немесе агрессивтілігі, сыпайылығы, төзімділігі, толерантылығы секілді ұстанымдары арқылы айқындалады. Әлеуметтік-демографиялық жағдайы бойынша оқытушылар мен студенттердің жас ерекшеліктері, шығу тегі мен білімінің деңгейі, жыныстық құрамы қарастырылады. Өмір салты мен мінез-құлқының ерекшеліктерінде олардың жігерлігі, орындаушылығы, іскерлік және мәдени жинақылығы, өмірлік ұстанымдары көрініс табады. 7 Сонымен бірге, оқытушылардың бұқаралық ақпарат құралдарында көрінуі, еңбектерінің жариялануы жоғары оқу орнының имиджіне оң ықпал тигізеді. Жоғары оқу орнының визуалды имиджі. Білім беру ұйымы көрінісіне оқу ғимараттарының, аудиторияларының сыртқы келбеті, оқытушылар мен студенттердің мінез-құлқы жатады. Имидждің мұндай түріне жеке, психологиялық және этникалық ерекшеліктері де ықпал етеді. Сән үлгісі ретінде саналатын әлеуметтік факторлардың да әсері мол. Жоғары оқу орнының әлеуметтік имиджі. Білім беру ұйымының мемлекеттегі, өңір мен қаланың экономикалық-әлеуметтік өміріндегі рөлі мен әлеуметтік мақсаттары да имиджді айқындайды. Жастарға жоғарғы білім беру және тәрбиелеу, ғылыми қызметті қарқынды түрде ұйымдастыру, өңірлік ірі жобаларға қатысу арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы қызметін де ерекше атап кеткен жөн. Жоғары оқу орнының бизнес имиджі. Бүгінде ЖОО білім беру тауары қызметін ұсынатын ірі бизнестік ұйым саналады. Сондықтан олардың іскерлік абыройы, ұйымның белсенділік қызметі, нарықтағы үлесі, білім және өзге технологиялардың жаңашылдығы мен оны игеру дәрежесі, төлемақы саясатын әлеуетті тұтынушылар бақылап отырады. Қорыта айтқанда, әрбір оқытушы мен студент, олардың кез келген қимылы мен мінез-құлқы имидж көрсеткіші екенін түсінуі керек. Сондықтан әкімшілік мінез-құлықтық маркетингтің әлеуметтік мәдениетін жоғарылатқаны жөн. Жоғары оқу орны басшылығы клиент мүддесін сыйлау барысында профессор-оқытушылар құрамының нормаларымен ұштастыра білуі керек. Оқу ордасының имидждік идеологиясы уақыт талабына сай болса ғана, бұл саясат әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсарта түседі.