Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 15:57, курсовая работа
Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсатарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек.
Көптеген мемлекеттердің бірнеше жылдық жинақтаған тәжрибесі контроллингтік жүйені кәсіпорында қолдану жоғары пайдаға жетуді, жұмыс орындарды сақтауды, кәсіпорынның едәуір күрделі шарттарда қызмет етуін қамтамасыз етуді куәландырады. Сонымен қатар, контроллинг пайда көлемін ұлғайтуға, персонал бөліміндегі инновацияаларды жүзеге асыру үшін қаражат көздерін табуға, қызметкерлердің шығармашылық еңбектерін шабыттандыруға, еңбек нәтижелілігін арттыруға ынталандырады, сонымен қатар қызметкердің қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде еңбек қызметінің жоғары өнімділігіне әкеп тірейді. Қазіргі таңда кез келген кәсіпорында контроллинг жүйесін енгізу отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елімізге өмір сүру деңгейін жоғарылату кепілі болып табылады.
Қазіргі
заманғы экономиканың дамуында кез
келген кәсіпорын қатаң бәсеке шарттарында
қызмет етеді. Кәсіпорын қызметінің
осындай жағдайында, әсіресе ұзақ
мерзімді келешектегі тиімділігі, яғни
нарықта тек жай ғана өмір сүріп
қана қоймай, жоғары қарқынды дамуды қамтамасыз
ету және бәсекеге қабілеттілікті арттыруы
кәсіпорындағы қаржылық әлеует деңгейімен
және кәсіпорынды басқару сапасымен
анықталады. Компаниядағы контроллинг
жүйесін тиімді ұйымдастыру өте
маңызды болып есептеледі. Әлемдік
және отандық нарықтарда бәсекелік қарым–қатынастардың
күшеюі, технологиялардың серпінді дамуы
және өзгермелілігі, бизнестің өспелі
әртараптандырылуы, бизнес–жобалардың
күрделенуі және т.б. факторлар кәсіпорында
бақылау жүйесіне және оны басқаруға деген
жаңа талаптарды еңгізуге себепші болып
отыр. Тек кәіпорындардың табысты қызмет
етуі үшін бақылау үдерісін жай ғана ұйымдастыру
жеткіліксіз, тиімді контроллинг жүйесін
құру жіне енгізу қажет. Контроллинг бақылауға
қарағанда едәуір кең ұғым, ол ол компанияны
мақсатқа сай жоспарлау және басқаруды
білдіреді. Контроллинг кәсіпорынның
келешегі үшін жауапты, ал бақылау өткен
кезеңге бағытталып «жоспар» мен «нақтыны»
салыстырумен шектеледі. Сондықтан жақын
аралықта қазақстандық кәсіпорындардың
көпшілігінде компанияның стратегиялық
мақсаттарын орындауға бағытталған контроллинг
жүйесін енгізуге мүмкіндіктері бар екенін
басып айтуға болады.
Қолданылған
әдебиеттер