Менеджменттегі комуникация

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 21:02, доклад

Краткое описание

Ұйымның мақсатқа жетуін жеңілдету үшін басшылар атқаратын істердің барлығы ақпаратпен тиімді алмасуды қажет етеді. Егер адамдар ақпаратпен алмаса алмайтын болса, олар бірге жұмыс істей алмайтындығы, мақсаттарды тұжырымдап, оған жете алмайтындығы түсінікті. Алайда коммуникация біздің ойымызды өзге тұлғаға түсінікті ету үшін қажет өзара тәуелді қадамдардан тұратын күрделі процесс. Ақпаратпен алмасу басқару қызметінің барлық негізгі түрлеріне кіретіндіктен коммуникацияны байланыстырушы процесс деп атаймыз.

Оглавление

1 Коммуникациялар және олардың түрлері.
2. Адамдар арасындағы коммуникация жасындағы кедергілер

Файлы: 1 файл

менеджмент лекция.docx

— 38.78 Кб (Скачать)

Бақылау процесі 3 кезеңнен тұрады: стандарттар мен критерийлер жасау, оларды нақты нәтижелермен салыстыру, енгізілетін қажетті түзетулерді қабылдау, олардың әрқайсысында алуан түрлі шаралар жиынтығы жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-ші тақырып.  Ұйымдастырушылық құрылымының дәстүрлі  түрлері. Ұйымдастырушылық  жүйенің  сипаттамалары.

 

Дәріс жоспары:

1.Құрылымды таңдау, құрылу  тәртібі.

2. Басқарудың дивизионалды  құрылымдары.

3. Басқарудың функционалды  адаптивті құрылымдары.

4. Ұйымдастырушылық жүйелердің  жіктелуі.

5. Ұйымдардың типтері.

 

Ұйымдық құрылымды қалыптастырған кезде, отандық және шетелдік көп жылғы басқару тәжірибесінде оны құрудың ұйымдық принциптерін басшылыққа алу керек.

Басқарудың ұйымдық  құрылымы көптеген сапалық қасиеттермен сипатталады, сондықтан да құрылымды қалыптастырғанда оған ықпал ететін факторларды талдауды дұрыс үйлестіре отырып, тиісті принциптерді талап ету қажет.

1. Жарлық беру мен   дербес жауапкершілік принципінің  тұтастығы. Әрбір бөлімде тек  бір ғана басшы болуы, әрі  тек соған ғана бағынып, тікелей  соның өзінен шешім алу қажет.

2. Сызықты және функционалдық  басшылықтың аралығындағы дәл  шекараны анықтау принципі. Сызықты  басшының өндіріс өнімдерін басқаруды  жүзеге асырады, ол функционалдық-сызықты  басшылыққа жәрдем көрсетеді,  оны қажетті ақпараттармен, ұсыныстармен  жабдықтайды.

3. Бақылаудың өрістеу  принципі. Басқара алу нормасын  дұрыс анықтау керек.

4. Функционалдық  нақты  шектеу принципі. Әрбір өндірістік  және функционалдық бөлімнің  айқын белгіленген функциясы  болуы, басқа бөлімшелердің функциясына   басшылықтың барлық  деңгейінде  араласпауы тиіс.

5. Әрбір бөлім басқарушысы  мен лауазымды адамның құқығының,  міндеті мен жауапкершілігінің  сәйкес келу принципі.

6. Икемділік пен үнемділік  принципі. Сыртқы және ішкі орта  өзгерістерін ең аз шығынмен  сезіну.

Ұйымдық жүйелердің тиімді құрылымы тұтастай және басқару жүйелері жекелей тиімді басқару үшін қажетті жағдай болып саналады.

Ұйымдық құрылымның мынандай түрлері бар:

- сызықты;

- функционалдық;

- сызықты-функционалдық;

- матрицалық..

 

 

 

 


Информация о работе Менеджменттегі комуникация