Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 21:02, доклад
Ұйымның мақсатқа жетуін жеңілдету үшін басшылар атқаратын істердің барлығы ақпаратпен тиімді алмасуды қажет етеді. Егер адамдар ақпаратпен алмаса алмайтын болса, олар бірге жұмыс істей алмайтындығы, мақсаттарды тұжырымдап, оған жете алмайтындығы түсінікті. Алайда коммуникация біздің ойымызды өзге тұлғаға түсінікті ету үшін қажет өзара тәуелді қадамдардан тұратын күрделі процесс. Ақпаратпен алмасу басқару қызметінің барлық негізгі түрлеріне кіретіндіктен коммуникацияны байланыстырушы процесс деп атаймыз.
1 Коммуникациялар және олардың түрлері.
2. Адамдар арасындағы коммуникация жасындағы кедергілер
Дәріс № 7
Тақырып: Менеджменттегі комуникация
Дәріс жоспары:
1 Коммуникациялар және олардың түрлері.
2. Адамдар арасындағы
коммуникация жасындағы
1 Ұйымның мақсатқа жетуін жеңілдету үшін басшылар атқаратын істердің барлығы ақпаратпен тиімді алмасуды қажет етеді. Егер адамдар ақпаратпен алмаса алмайтын болса, олар бірге жұмыс істей алмайтындығы, мақсаттарды тұжырымдап, оған жете алмайтындығы түсінікті. Алайда коммуникация біздің ойымызды өзге тұлғаға түсінікті ету үшін қажет өзара тәуелді қадамдардан тұратын күрделі процесс. Ақпаратпен алмасу басқару қызметінің барлық негізгі түрлеріне кіретіндіктен коммуникацияны байланыстырушы процесс деп атаймыз.
Коммуникация - бұл оның негізінде басшы тиімді шешім қабылдау үшін қажет ақпарат алатын ақпаратпен алмасу. Коммуникациялар былайша жіктеледі:
а)тік - ақпарат ұйымның бір деңгейінен екіншісіне ауысады:
б)көлденең - ұйым бөлімшелерінің арасында ақпарат алмасу. Бұл міндеттер мен іс-әрекеттерді үйлестіру үшін қажет. Ұйым өзара байланысқан элементтердің жүйесі болғандықтан, басшылық осы элементтер бірлесе жұмыс істеп, ұйымды қажетті бағытқа жетелеуін қамтамасыз етуі тиіс. Көлденең коммуникациялардың тағы бір артықшылығы тең құқықты қатынастарды қалыптастыру болып табылады.
в)бейресми - сыбыстарды тарату арқылы.
2 Адамдар арасындағы коммуникация жолындағы кедергілердің себептері мынадай:
Адамдар айналасында іс жүзінде болып жатқанға емес, олар болып жатыр деп түйсінгеніне жауап қайтарады. Ақпаратпен алмасу барысында түйсінуге әсер ететін кейбір факторларды ескеру түйсінумен себептелген кедергілерді дер кезінде жойып, коммуникация тиімділігін төмендетпеуге мүмкіндік береді. Мұндай кедергілердің бірі жөнелтуші мен алушының пайымдау негіздері арасындағы келіспеушілік себебінен пайда болады. Адамдар жинақталған тәжірибеге байланысты бір ақпараттың өзін түрліше түсіндіре алады. Пайымдау негіздері арасындағы алшақтық адамдардың мүдделері, қажеттіліктері, ішкі күйі мен қоршаған ортасына байланысты ақпаратты таңдамалы түйсіну салдарынан болуы мүмкін. Бұл сипаттама ақпаратпен алмасу үшін өте маңызды. Осыған орай көптеген жағдайларда адамдар қабылдаған хабарламаның тек бөлігін ғана түйсінеді. Ақпаратпен алмасуды ұйымдастырудағы қиындықтар адамдардың қабылдаған ақпаратты түрліше түсінуімен себептелген. Осының салдарынан жөнелтуші кодтаған идеялар бұрмаланып, дұрыс түсінілмеуі мүмкін.
Семантика сөздер арқылы берілетін
мағыналар мен сөздердің
Ауызша символдар (сөздер)
жеткізуге арналған идеяларды кодтаудың
негізгі құралы болғанмен хабарламаны
жеткізу үшін ауызша емес символдар
да қолданылады. Ауызша емес коммуникацияда
сөздерден басқа кез келген символдар
пайдаланылады. Көбіне ауызша емес жеткізу
ауызшамен бір уақытта жүріп,
сөздердің мағынасын күшейтуі немесе
өзгертуі мүмкін. Көзқарас, бет әлпеті,
сұқ саусақпен нұсқап көрсету
ауызша емес коммуникацияға мысал бола
алады. Ауызша емес коммуникацияның
тағы да бір түрі сөзді қалай айтатындығымызға
(дауыс ырғағына) байланысты қалыптасады.
Өмірлік тәжірибеден
Сіз жіберген хабарлама жайлы кері байланыстың болмауы адамдар арасындағы ақпаратпен алмасудың тиімділігін шектеуші тағы да бір кедергі болуы мүмкін. Кері байланыс маңызды, өйткені алушы қабылдаған сіздің хабарламаңыз сіз берген мағынада түсінілгендігін білуге мүмкіндік береді. Сіздің пікіріңізше сіздің идеямен толық сәйкес келетін жіберген хабарламаңыз дұрыс түсінілмеуі мүмкін болатын көптеген себептер бар. Кері байланысты қамтамасыз ету үшін адамдар арасындағы қарым-қатынасты үзбеу шеберлігін жетілдіру қажет.
Тиімді коммуникация адам хабарламаны жөнелткен және қабылдаған кезде бірыңғай дәл болғанда ғана мүмкін. Сондықтан да тыңдай білу қажет. Өкінішке орай көптеген адамдар тиімді дәрежеде тыңдай білмейді. Көбінің ойынша тыңдау тек тиыш отыру мен өзге адамның сөйлеуіне мүмкіндік беру. Алайда бұл мұқият тыңдау процесінің шағын бөлігі ғана. Сізге тапсырма жайлы, жұмыстағы өзгерістер жайлы, тиімділікті арттыруға қажет жаңа идеяларды айтқан кезде нақты баяндалған мәселелерді есту қажет. Сондай-ақ сезімдерге де зейін қою керек. Сезімдерді көп жағдайда дене тұрысы мен қимылы, дауыс ырғағы білдіреді.
Бақылау сұрақтары:
1Коммуникациялық
2. Ұйымдық қатынастарды реттеудің нақты көрінісі.
3. Коммуникациялық процесс сатылары.
Дәріс № 8
Тақырып: Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
Дәріс жоспары:
1Шешім қабылдау процесі және шешім қабылдау кезеңдері
2.Шешім салдары: бағалау мен болжау.
3.Бағдарламалы мақсаттық және проблемалы бейімделген басқару
1.Шешім қабылдау процесі және шешім қабылдау кезеңдері
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау маңызды орын алады. Шешім қабылдау басқару қызметінің міндетті бөлігі болып табылады. Басшының кез келген әрекеті қандайда бір шешім қабылдаудан басталады. Кәсіпорын және оның бөлімшелері қызметінің нәтижелері ең алдымен басшының дұрыс шешімді уақтылы қабылдау мен жүзеге асыра білу қабілетіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы оның тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технология мен адамдарды жақсы біліп, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Басшы жете ойластырып, жоқ мәліметтерді толықтыра білуі, дұрыс қорытынды жасап, соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Кез келген жағдайда басшы шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс. Ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдайтын немесе оны өзге адамдар арқылы жүзеге асыратын адамды ғана менеджер деп атауға болады.
Шешім қабылдау - бұл қолда бар нұсқалар немесе баламалар ішінен ең қолайлысын таңдау. Маңызды ұйымдық шешім қабылдау үшін жауапкершілік басқарудың жоғары деңгейлерінде әсіресе айқын көрінетін ауыртпалық болып табылады. Қабылданған шешім бүкіл ұжымның, әрбір қызметкердің экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне оң немесе теріс әсер етеді. Сондықтан да шешім қабылдаған адам үлкен жауапкершілік тартады.
Ұйымдық шешім - бұл лауазымына байланысты міндеттерді атқару үшін басшы жасауы керек таңдау. Оның мақсаты - ұйымның алдына қойған міндеттеріне жету үшін қозғалысты қамтамасыз ету. Сондықтан да іс жүзінде жүзеге асатын әрі түпкі мақсатқа жетуге барынша көп үлес қосатын таңдау ең тиімді ұйымдық шешім болып табылады.
Басқарушылық шешім деп ықыласты міндетті таңдаудан тұратын және өндірістік қызметтің нақты өрісіндегі әдістер мен құралдарды анықтайтын басқару органы қызметінің әлеуметтік-экономикалық актісін айтамыз. Басқарушылық шешімнің маңызды белгісі объект, яғни өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып табылады. Шешім мәселе туындаған жағдайда қабылданады.
Мәселе дегеніміз - жүйенің қажетті (ықыласты) және қазіргі күйі арасындағы өзгешелікті сипаттайтын жағдай. Мінсіз әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) теориялық тұрғыдан шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде оған қол жеткізу мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген теріс ықпал ету жағдайлары (ауа-райы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы және т.б.) болатындықтан, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.
Басқарушылық шешімді
қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың,
пайда болған мәселелерді шешуде
бірізділікті сақтаудың маңызы зор.
Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді
өрістету үшін қабылданып, бірыңғай өндірістік
міндеттерді кезең-кезеңімен
Басқарушылық шешімнің маңызды талабы оның уақтылылығы болып табылады. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезеңінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуын бөгегеннен гөрі, ең дұрысы тәуекелге бару.
Мақсаткерлік басқарушылық шешімнің маңызды талаптарының бірі болып табылады. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, қайсыбір жұмыстың тікелей орындаушылары мен олардың тапсырмаларын анықтайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты көздейді.
Кез келген шаруашылық шешімі объективті болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы ескерілуі керек. Сонымен бірге кез келген шаруашылық шешім құзырлы болуы тиіс. Практикалық тәжірибені ғылым жетістіктерімен байланыстыру қажет, яғни кез келген шешім ғылыми негізделген болуы керек. Басқарушылық шешімдер кешенді болуы, яғни шаруашылық мәселелермен қатар әлеуметтік сипаттағы мәселелер де шешілуі тиіс. Кез келген шешім, ол ауызша не жазбаша нысанда қабылданғанына қарамастан, дәл, айқын, түсінікті, нақты, толық болып әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, жүзеге асыру мерзімдері мен тәсілдері, сондай-ақ жауапты орындаушылар көрсетілуі керек.
2.Шешім салдары: бағалау мен болжау.
Басқарушылық шешімдерді жіктеудің теориялық және тәжірибелік маңызы зор. Басқарушылық шешімдердің табиғаты алуан түрлі. Сол себепті оларды бір жүйеге келтіру үшін оларды түрлі белгілер бойынша жіктейді.