Кәсіпорынды басқару жүйесінде экономикалық стратегияны қалыптастырудың тиімді жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:02, реферат

Краткое описание

Стратегиялық басқаруға өтудегі негізгі мақсат жоғары басқарудың көңілін өз мүддесіне аудару және онда болып жатқан үдерістерді реттеу. Қазіргі менеджментте стратегиялық және тактикалық аспектілерін атауға болады. Стратегиялық мәселелерге ұйымның мақсаты, оның негізгі әрекеттік түрлері мен бағыты, одақтастары мен қарсыластарын, өз артықшылықтарын анықтау жатады. Құжаттардың айналу технологиясы, өнімді тұтынушылармен жүргізілетін әрекеттерді тактикалық мәселелерге жатқызуға болады.
Стратегиялық басқарудың нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру стратегиялары).

Файлы: 1 файл

Дарихожаева.docx

— 66.12 Кб (Скачать)

 

PEST талдау факторларының артықшылықтары:

1) PEST факторларымен жұмыс істей бастағанда басшылар сыртқы қоршаған орта туралы ойлана бастайды.

2) Адамдар сыртқы қоршаған  ортаны дұрыс көруге мүмкіндік  туады. Сыртқы қоршаған ортаның  факторларын есепке алу мәдениеті  тәрбиеленеді.

3) Бір фактордан екінші  факторға еркін ауысу және  сол арқылы қоршаған орта туралы  тұтас пікір қалыптастыру.

4) Сыртқы қоршаған ортаны  талдау үшін жалпы тіл табысу.

5) Ішкі мәселелермен айналыса  бермей, сыртқы қоршаған орта  туралы ойлауды әдетке айналдыру.

SWOT талдау – бұл рыноктың макрожүйесі және олардың нақтылы мақсаттарын талдау әдісі. Фирманың және оның бәсекелестерінің кешендік сызбасының үлгісі: «күшті жақтары – әлсіздігі-мүмкіндіктері - қауіптер».

Ішкі күшті және әлсіз  жағдайларды талдауға ұйымның өзінің пайдасымен және кемшіліктерін бағалауды  қамтиды. Сондай-ақ, коммерциялық ұйымдарда  маркетинг, қаржылар, адами ресурстар, өндіріс, ұйым, мәдениеті талданады  және бағаланады. Мемлекеттік ұйымдарда  да осындай көптеген бағалаулар орын алады.

Саланың ішіндегі бәсекенің  табиғи пайда болуын мен деңгейін талдау үлгісін (моделін) Портер әзірледі. Оның пікірі бойынша бес бәсекелік  факторлар бар. Осылар сала ішінде бәсекелестік деңгейді анықтайды:

- Салада жаңа бәсекелестер  пайда болу қаупі;

- Жаңа ауыстырушы-қызметтердің  пайда болу қаупі;

- Сатып алушыға әсер  ететін тұтқалар (сатып алушы  саны және сатып алған нәрсенің  көлемі, тауарды жеткізіп беруші  компаниялардың саны мен көлемі);

- Тауар жеткізушілердің  әсер ететін тұтқалары (жеткізілген  ресурстың өте сиректігі және  тапшылығы; басқа ресурсқа ауысуға  байланысты шығындар; керек ресурсты  қажет ететін салалардың саны; нақтылы ресурсты жеткізуші фирмалардың  саны мен мөлшері);

- Саладағы бәсекенің деңгейі  (бағалық бәсеке, жетіліп қалыптасқан  салалар, ауыстырушылардың болуы) [58,59].

Осы орайда 16 кестеде «РЗА»  АҚ – ның қызметінің күшті және әлсіз жақтары мен мүмкіндіктері  мен қауіптеріне талдаулар берілген.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Зерттеу жұмысында  жүргізілген жан-жақты талдаулар  келесідей қорытынды мен ұсыныстар  жасауға мүмкіндік береді:

1. Стратегия - ол менеджердің өз міндетін атқарудағы сайманы. Фирманың стратегиясы анықталған көрсеткіштерге қол жеткізудегі персоналдық іс-қимылына байланысты болады. Компанияның стратегиясы оспарланған іс-әрекеттерден тұрады.

Стратегияны әзірлеу үшін бірінші қадам талдау жұмысын жүргізу. Талдау қалыптасқан, болған жағдайларды анықтау үдерісі. Онсыз ешқандай болжау, жоспарлау, бағдарламалау  мүмкін емес. Компания қандайда болмасын стратегияны қабылдауы үшін, алдымен  ішкі және сыртқы жағдайларды анықтап  бағалау қажет. Ол үшін үш бағытта  зерттеу жүргізіледі: 1) саладағы жағдайлар  жйне бәсекелестік мүмкіндіктре; 2) компанияның  өз ішіндегі жағдайы; 3) оның бәсекелестік қабілті. Саладағы жағдай және ондағы бәсекелесік шарттар жалпы алғанда компанияның макроортасына жатады. Сондықтан қалыптасқан жағдайды талдау үшін ең алдымен макроортаны зерттеу керек.

2. Жүйелік  талдау мақсаты – шығарылатын  тауарлардың (қызметтердің) бәсекеге  қабілеттілігін, кәсіпорынның тиімділігі  мен жұмыс істеу тұрақтылығын  арттырудың стратегиялық және  тактикалық факторларын белгілеу.

Ұйым жағдайына  жүйелік талдау жасау жөнінде  Р.А. Фатхудинов ұсынған ғылыми ұстанымдар негізінде кәсіпорын субъектілерін  бәсекелестік дамытудың бара-бар  стратегиясын біз келесі кезеңдерді ескеріп әзірлеуді ұсындық:

І кезең –  маркетингтік талдау: елдің макроортасы  мен аймақтың инфрақұрылымы факторларын  талдау; жүйенің шығысында негізгі  бәсекелестердің бәсекеге қабілеттілігін, жұмыс істеуінің тиімділігі мен  тұрақтылығын, сыртқы қауіптер мен  мүмкіндіктерді, бәсекелестердің ішкі мықты және әлсіз жақтарын талдау.

ІІ кезең  – техникалық талдау: басқару жүйесінің  басқарылатын жүйешесінің сапа көрсеткіштерін, тауарлардың ресурс сіңіргіштігін, олардың сервис сапаларын, рынок  инфрақұрылымын қалыптастыру жағынан  сапасына талдау жасау.

ІІІ кезең  – экономикалық талдау: ресурстарды  пайдалану тиімділігі мен өндіріс  рентабельдігіне талдау; ұйымның  жұмыс істеу тұрақтылығына талдау; бәсекелестік заңының әрекет ету  тетігіне, саладағы бәсекелестік құрылымы мен күшіне талдау.

ІV кезең – стратегиялық: жүйеге кіру мен шығу компоненттеріне, яғни ұйым стратегиясының сапасына талдау, ішкі мықты және әлсіз жақтардан, сыртқы қауіптер мен мүмкіндіктерден шыға отырып, мақсаттарды нақтылау; ұйымды басқару жүйесінің персоналдарды басқару жағынан басқарушы жүйеше сапасына талдау; тауарлардың бәсекеге қабілеттігі, ұйымның жұмыс істеуінің тиімділігі мен тұрақтылығының стартегиялық және тактикалық факторларын, солардың негізінде стратегия әзірлеу үшін, белгілеу; қолданылатын ғылыми ұстанымдар мен басқару әдістерінің саны мен тереңдігі тұрғысынан басқару жүйесін ғылыми тұжырымдау сапасына талдау; даму стратегиясын негіздеу.

3. Тәуекел  менеджментінде ұйымдастыру белгілі  бір ережелер мен процедуралардың  негізінде тәуекелді капитал  салымының бағдарламасын өткізетін  адамдардың бірігуімен түсіндіріледі.  Бұл ережелер мен процедураларға  басқару органдарын құру, басқару  аппаратының құрылымын қалыптастыру, басқарушылық бөлімшелердің арасында  арабайланысты бекіту, нормалар, нормативтер,  әдістемелерді жасау және т.с.с.

Тәуекел менеджментінде реттеу арқылы берілген параметрлерден ауытқу жағдайында басқару объектісінің тұрақтылық жағдайына жету іске асырылады.  Реттеу ең алдымен туындаған ауытқуларды  жою бойынша жасалып жатқан шараларды  қамтиды. Тәуекел менеджментінде координациялау тәуекелді басқару жүйесінің  барлық буындарының, басқару аппараты және мамандардың барлығының жұмысының келусішілігімен түсіндіріледі.

4. Басқару ортасы- стратегиялық  маңызды объект. Талдаудың өзі  сол объектіден басталуға тиіс.

Басқару ортаны зерттеу көптеген әдістермен жүргізіледі. Оларға мынандай талдау әдістері жатады: Әлеуметтік, технологиялық, экономикалық, саясаттық (PEST-анализ) және күшті жағы, әлсіз, мүмкіндіктер, қауіптер (SWOT –  анализ).

SWOT талдау – бұл рыноктың  макрожүйесі және олардың нақтылы  мақсаттарын талдау әдісі. Фирманың  және оның бәсекелестерінің кешендік  сызбасының үлгісі: «күшті жақтары  – әлсіздігі-мүмкіндіктері - қауіптер». 

Диссертациялық жұмыста зерттеліп  отырған «РЗА» АҚ – ның күшті  жағы барлық өндірілген өнім сапалы және сапалығын дәлелдейтін сертификацияланған құжаттары бар; компанияның саясаты  клиенттермен компания қызметкерлері  арасында барынша қарапайым байланыс орнату; компанияның әілсіз жақтарын және қауіптерін жоюда қаржылық және кадр потенциалы жеткілікті; компанияның  қосымша көздерден қаражаттар тарту  мүмкіндігі бар; жоғары кәсіби білікті  персоналды таңдау жоспары бар; ішкі шаруашылық қызметті қатаң бақылау; әлсіз жақтары лизинг компанияларының  алдында міндеттемелерінің болуы, мүмкіндіктері жергілікті басқару  органдарын ауылшаруашылығы саласын  дамытуға қызығушылықтарын тудыру; «РЗА»  АҚ интенсивті өнім өндірісін дамытып  Қызылорда облысында ауылшаруашылығы  өнімдерін өндіру  түрлері бойынша  негізгі жеткізіп берушілердің қатарында  болу; компанияның бірден бір басымдықтарының  бірі клиенттерге сапалы өнімді қамтамасыз ете отырып, азық түлік нарығында  жағымды позицияны иелену; қауіпті  жағы үкіметтің салық саясатын өзгерту  – салықтың деңгейін өсіру өнім бағасының өсуіне де әсер етеді және соның салдарынан нарықта өнім баяу жылжыйды; - өмір сүру деңгейінің төмендеуі - өнімді өткізу қарқынына жылдам әсер етеді.

 

 

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША  ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ

 

1 Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны қалыптастыру мен реттеудің теориялық негіздері // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Экономика» факультетінің 20 – жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы – экономикалық өрлеу» атты облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдар жинағы, Қызылорда, 2012 жыл.

2 «Кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін арттыру стратегиясы» // Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияның материалдары «Жаһандану жағдайларындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы және бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелері», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті,  2012 жыл.

Резюме

 

Дарихожаева Индира Кулмагамбетовна

 

Эффективные пути формирования экономической  стратегий в системе управления предприятия

(на примере предприятий Кызылординской  области, перерабатывающих сельскохозяйственных продукцию)

 

на соискание академической  степени магистра

экономики и бизнеса по специальности 6 М050600 - «Экономика»

 

Оъектом исследования являются предприятия Кызылординской области, перерабатывающие сельскохозяйственную продукцию.

Предмет исследования – выступают совокупность экономических и управленческих отношений, возникших в процессе становления и развития стратегического управления на предприятии.

Цель  исследования – разработка теоретико – методологических аспектов формирования и развития стратегии управления предприятием.

Основами  теоретических методологических аспектов исследовния выступили научные комплексные методологии: анализ и синтез; абстрактно – логические методы; методы оценки и анализа статистическо – экономических данных; системно – факторные методы; методы экономико – математического моделировния; методы SWOT – анализа, а также программы стратегического развития, стратегические планы Республики Казахстан, данные Агенства РК по статистике использованные для анализа.

Научная новизна исследования:

- определены основные концепции и уточнены теоретические аспекты стратегии управления предприятия;

- сформировны  методология управления стратегического  развития предприятия и критерии  оценки степени стратегического  развития;

- анализируя  текущее состояние предприятий,  перерабатывающих сельскохозяйственную  продукцию, определены их потенциалы  развития;

- предложена  стратегия оптимизации среды  деятельности предприятий, перерабатывающих  сельскохозяйственную продукцию.

Значимость  теоретических и методологических аспектов исследовательской работы опеределяются практической направленностью сформулированных научно – методологических результатов и их воздействием на решение важных научно – практических проблем при формировании эффективной стратегии управления предприятием. Материалы исследования можно использовать как методологическую основу совершенствования путей развития стратегического управления предприятий, перерабатывающих сельскохозяйственную продукцию.

 

 

SUMMARY

 

Darihozhaeva Indira Kulmagambetovna

 

Effective ways of formation of economic strategy in enterprise’s control system (on example of the enterprises of Kyzylordinsky area overworking agricultural production)

 

on receiving of the academic degree of the master

Economy and business on a speciality 6 М050600 - "Economy"

 

 

Object of research are the enterprises of Kyzylorda area overworking agricultural production.

Subject of research – a complex of economic and administrative relations arisen in process of formation and development of strategic management on the enterprises.

Objective of research– working out of theoretical and methodological aspects of formation and development of management strategy on the enterprise.

As bases of theoretical and methodological aspects of research have acted scientific complex methodology: the analysis and synthesis; abstractly – logic; estimation and analysis methods of statistical and economical dates; system – factorial methods; methods economic – mathematical methods; SWOT – the analysis, also programs of strategic development, strategic plans of the Republic Kazakhstan, dates of Agency on the statistics of Kazakhstan.

Scientific novelty of research:

- The basic concepts are defined and theoretical aspects of strategy of management of the enterprise are specified;

- methodology of management of enterprise’s strategic development and criteria of an estimation of strategic development’s degree are defined;

- Analyzing a current condition of the enterprises overworking agricultural production and their potentials of development are defined;

- Strategy of optimization of the environment of activity of the enterprises overworking agricultural production is offered.

The importance of theoretical and methodological aspects of research work defined by a practical orientation formulated scientifically – methodological results and their influence of the decision of important scientifically – practical problems at formation of effective strategy of business operation. Research materials can be used as a methodological basis of perfection ways of developments of strategic management of the enterprises overworking agricultural production.


Информация о работе Кәсіпорынды басқару жүйесінде экономикалық стратегияны қалыптастырудың тиімді жолдары