Кәсіпорынды басқару жүйесінде экономикалық стратегияны қалыптастырудың тиімді жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:02, реферат

Краткое описание

Стратегиялық басқаруға өтудегі негізгі мақсат жоғары басқарудың көңілін өз мүддесіне аудару және онда болып жатқан үдерістерді реттеу. Қазіргі менеджментте стратегиялық және тактикалық аспектілерін атауға болады. Стратегиялық мәселелерге ұйымның мақсаты, оның негізгі әрекеттік түрлері мен бағыты, одақтастары мен қарсыластарын, өз артықшылықтарын анықтау жатады. Құжаттардың айналу технологиясы, өнімді тұтынушылармен жүргізілетін әрекеттерді тактикалық мәселелерге жатқызуға болады.
Стратегиялық басқарудың нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру стратегиялары).

Файлы: 1 файл

Дарихожаева.docx

— 66.12 Кб (Скачать)

SWOT – талдау (күшті және әлсіз жақтары,  мүмкіндіктер мен қауіп-қатер)  бүгінгі күнмен түсінуге негізделіп  жүргізіледі.

Автордың  пікірі бойынша, мақсаттарды барлық мүмкін тәсілдермен реттілікпен  және тұрақты түрде талқылау қажет. Түсіндірулер, диалогтар, дискуссиялар әртүрлі сөздер тізбегінсіз түсінікті  әрі анық тілде жазылуы қажет.

Менеджерлер өздерінің жүктерін ауыртпашылық енгізу қажет деп есептейміз  (өз түсініктерін қалған персоналдарға жеткізуі). Шамасы бойынша адам ретінде түсінушілікке  келеді және көзге түсетін менеджерлер  мақсатын қабылдайды, менеджер ауыртпашылықты басқа қызметкерлермен бөлісуі  мүмкін. Менеджер түсінудің сақтаушысы болады және оны мерзім сайын бекітуі  қажет.

Бірінші мүмкіндік  – «қозғаушы күш» тәсілі, екіншісі –«пәндердің маңыздылығы» тәсілдерін қолдану. «Қосымша құн тізбегі» негізінде  талдап, пайдалануға ешкім кедергі  жасамайды. Нақты қажеттілікке құрылған барлық тәсілдер комбинациясын қолдануға  болады.

Сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша, стратегия немесе көптеген басқа факторлар анықтамасына байланыссыз корпоративтік немесе бәсекелестік стратегияны таңдауға әсер ететін жауабын білуге тиіс сұрақтар бар (1-сурет):

Стратегия –  ұйымның перспективалық даму бағыттарын, сонымен бірге қоршаған орта өзгерісі жағдайында оның жұмыс жасауының  әдістері мен тәсілдерін анықтайтын басқарушылық шешім жүйесі. Басқарудағы  стратегиялық тәсілдер оның орындалуын ұзақ мерзімді перспектива бойынша  ұйым қызметі мен нарық талаптарының арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуден тұрады.

Ұйым қызметіне  әсер ететін факторларды бағалау  барысында ұйым жүйе ретінде қарастырылады  және кәсіпорынның келесі параметрлері бар:

1. Кәсіпорынның  перспективалық дамуы мен нақты  жетістікке жету туралы көрсеткіштер: рыноктың ұлғаю географиялық  динамикасы; кәсіпорын өніміне сұраныстың  қанығу деңгейі; басқа кәсіпорындармен  іскерлік байланыс; кәсіпорын өнімінің  қоғамдық қолайлылығы; өнімді  сату/өткізу көлемі; өнімдерге «тапсырыс  портфелінің» жағдайы; жаңа өнімдер  ассортименті мен ағымдық ассортименттегі  өнімдердің өзара ара қатынасы.

  1. Кәсіпорынның ғылыми-техникалық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер: ескірген өнім түрлерінің деңгейі; өнімдерді жаңарту дәрежесі; өндірістегі техникалық олқылықты сипаттайтын бұйымның үлес салмағы; бұйымның өмірлік циклын қысқарту деңгейі; ҒЗТҚЖ-ды жүзеге асыру барысында техникалық жетістіктің ықтималдылығы; ғылыми-техникалық ресурстар саны; ағымдық өңдеу бағыттары; өнім сапасының деңгейі.
  2. Кәсіпорын қызметінің қаржылық аспектісін сипаттайтын көрсеткіштер: қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу деңгейі; шығынды төмендету саясаты; жаңа өнімдер үшін бастапқы шығындар; алынған пайданың тұрақтылығы мен өсуі.
  3. Өндірістік потенциал көрсеткіштері: өндіріс көлемінің өсу шегіне жету деңгейі; өндірістік қуаттылық (жаңа өнімдердің өндірістік талаптар арасындағы алшақтық дәрежесі) (2 - сурет).

 

 

                   


    


 

Ескерту – Бердалиев К.Б. Стратегиялық менеджмент: Оқулық. – Алматы.: Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы, 2011 ж. -312 б.

 

2 сурет -  Кәсіпорынның стратегиясын қалыптастыру  процессі

 

Сыртқы орта жағдайында келесі параметрлер бар:

1. Нарықты  сипаттайтын көрсеткіштер: өнімді  тұтынушылар санының өсуі; мемлекеттік  тапсырыстың кері қайту (төмендету)  ролі; нарық көлемі; саудадағы ынталандыру  мен тосқауылдар; өнімді тұтынуда  болашақ тұрақсыздық деңгейі;  өндіруші монополистер немесе  тұтынушылар қызығушылығының алғы  шарттары.

2. Сыртқы  ортаның ғылыми-техникалық қызығушылығын  сипаттайтын көрсеткіштер: өнім  сапасының деңгейі; өнімді жаңарту  дәрежесі.

3. Сыртқы  ортаның қаржылық аспектісін  сипаттайтын көрсеткіштер: валюта  тенденциясы; инфляция тенденциясы;  баға белгілеу тенденциясы.

Аталған көрсеткіштер кәсіпорынның даму стратегиясын салыстырмалы түрде құруда өзара қарым-қатынасы мен даму перспективасының жағдайын экономика-статистикалық бағалауға  мүмкіндік береді.

Жүйеден шығу стратегиялық бағыттарды (сәйкес саласы бойынша кәсіпорынның даму жоспары: нарық, ғылыми-техникалық деңгей, қаржы, өндіріс) дайындау болып табылады.

Стратегиялық  басқарудың этаптары:

1-этап. Сыртқы  ортаны талдау.

2-этап. Ішкі  мүмкіндіктерді бағалау. 

3-этап. Негізгі  стратегия мен стратегиялық баламаларды  таңдау.

4-этап. Функционалдық  стратегияны таңдау мен бағалау. 

Қоршаған  ортаны талдау барысында көп вариантты  ситуациялар жоспарлау қолданылады  және ол мыналардан тұрады: ішкі және сыртқы ортадағы жағдайларды болжау; кәсіпорынның болашақ дамуының әрбір ситуациясы үшін сценарий дайындалған.

Әдетте сценарийдің  алдын-ала 3 түрі құрылады: әлдеқайда  қолайлы (оптимистік); әлдеқайда қолайсыз (пессимистік); әлдеқайда ықтималды. Ситуациялық жоспарлау процесінде шешімдердің варианттылығы келесі басталған мезеттерге негізделеді: мақсаттың әртүрлі құрылымында; тәуекелділіктің әртүрлі дәрежесінде; ресурстарды бөлу барысында өзгешеліктерін табу; кепілді нәтижелер мен тәуекелділік қатынастарының бірдей еместігі.

Сыртқы ортаны талдау өзінің құрастырулары бойынша  өткізіледі (экономикалық, әлеуметтік-саяси, өндірістік және технологиялық орта). Ол  үшін  кәсіпорын екі жүйеде қарастырылады: 1) «өнім-нарық» жүйесі; 2) кәсіпорынның циклдық даму жүйесі.

2 «РЗА» Акционерлік қоғамының  қызметін басқаруда стратегияны  қалыптастыру жағдайын талдау

«Рза» Акционерлік Қоғамы 17.08.2000 жылы құрылып өзінің қызметін бастады. «Рза» АҚ-ы аудандағы тұрақты жұмыс жасап келе жатқан, қуатты техникалық және өндірістік базасы, жеке темір жол тұйықтары, үлкен дәрежелі инженерлік-техникалық қызметкерлері, көптеген материалдық ресурстары бар ең ірі мекеме.

«Рза» АҚ-ның негізгі саласы –  құрылыс-монтаж жұмыстарын атқару болғанымен, қазіргі нарықтық қатынастар талабына сай ауылшаруашылығы өнімдерін  өңдеу, басқа да түрлі кәсіптермен  айналысатын көп салалы кәсіпорын.

Жаңа технологиямен  және құралдармен жабдықталған өндірістік зертханада сырттан келген және дайын  өнімнің сапасына бақылау жүргізіледі. 2007 жылдың 20 сәуірінде «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ы  Қызылорда филиалының аналитикалық зертханадағы өлшемдер құрамын бағалау  туралы куәлігіне ие болған. 

Қоғамның  жұмысын толық жетілдіру үшін ИСО 9001:2000 Халықаралық стандартының Сапа менеджмент жүйесі, ҚР СТ ИСО 9001:2001 енгізіліп, 2007 жылы ҚР СТ ИСО 22000-2006 Тамақ  өнімдері қауіпсіздігінің менеджементі жүйелері бойынша, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге, күріш және сүт өнімдерін өндіру, өңдеу, таратуға қатысты сәйкестік сертификаттарын алуға іс-шаралар жүргізіп, оларға ие болды.    

 

Кесте 1 - «РЗА» АҚ – ның негізгі технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер

Өлшем бірлік

2009 ж

2010 ж

2011 ж

Өзгерісі 2011-2009ж. ж

+,-

%

1. Өнім өткізуден түскен табыс

Мың теңге

2487431

2608401

4121378

+1512977

158,0

2. Өткізілген өнімнің  өзіндік  құны

Мың теңге

2262392

2229693

3797860

+1568167

170,3

3. Жалпы табыс

Мың теңге

348604

323518

378708

+55190

117,0

4.Қаржыландырудан түскен табыс

Мың теңге

-

-

-

-

-

5. Басқа да табыстар

Мың теңге

9369

23594

320666,0

+297072

13 есе

6. Кезең шығындары

Мың теңге

115962

160823

121785

-39038

75,7

7. Салық салынғанға дейінгі табыс

Мың теңге

118446

241479

522399

+280920

2,2 есе

8. Жұмысшылар саны

адам

1005

1110

1200

+90

108,1

9. Еңбек ақы қоры

Мың теңге

782344,3

924674,4

1080000

+155325,6

116,8

10.  Жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы

теңге

64871

69420

75000

+5580

108,0

11. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

Мың теңге

606460

1303699

2722661

+1418962

2,0 есе

12. Айналым қорларының орташа жылдық құны

Мың теңге

551137

276749

1083232

+806483

3,9 есе

13. Таза табыс (зиян)

Мың теңге

94757

193183

515997

+322814

2,7 есе

14. Дебиторлық борыш

Мың теңге

51262

28424

110713

+82289

3,9 есе

15. Кредиторлық борыш

Мың теңге

68388

17810

12834

-4976

72,0

16. Қор қайтарымы

теңге

4,1

2,0

1,5

-0,5

-

17. Қор сыйымдылығы

теңге

0,24

0,50

0,66

+0,16

-

18. Қормен жарақтандыру

теңге

603,4

1174,5

2269,0

+1094,5

-

19. Рентабельділік

%

4,2

8,7

13,6

+4,9

-

Ескерту – «РЗА» АҚ –ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді


1 кестеде «РЗА» АҚ – ның негізгі технико – экономикалық көрсеткіштеріне талдау берілген. Талдау деректерінен көріп отырғанымыздай акционерлік қоғамның өнімді өткізуден түскен табыс 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 1512977 мың теңгеге немесе 58,0 пайызға өскен.  Өткізілген өнімнің өзіндік құны  2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 1568167 мың теңгеге немесе 70,3 пайызға артқан.

Басқа да табыстар 297072 мың теңгеге немесе 13,0 есеге  өскен. Жұмысшылар саны 2010 жылмен салыстырғанда 90 адамға немесе 8,1 пайызға, соған сәйкес еңбек ақы қоры 155325,6 мың теңгеге  немесе 16,8 пайызға, жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы 5580 мың теңге  немесе 8,0 пайызға өсіп отыр. Негізгі  қорлардың құнында да өсу тенденциясы  болғанын байқаймыз себебі 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы негізгі қорлар құны 1418962 мың теңгеге немесе 2,0 есеге, айналым қорларының орташа жылдық құны 806483 мың теңгеге немесе 3,9 есеге  өсіп отыр. Таза табыс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 322814 мың теңгеге  немесе 2,7 есеге өсіп отыр.

Кәсіпорында дебиторлық борыш көлемі есепті жылы 82289 мың теңгеге немесе 3,9 есеге  өсіп отыр, ал кредиторлық борыш  керсінше 2011жылы 2010 жылға қарағанда 4976 мың теңгеге немесе 28,0 пайызға  кеміп отыр.

Қор қайтарымы  көрсеткіші 2010 жылмен слыстырғанда 2011 жылы 0,5 теңгеге кемісе, қор сыйымдылығы  көрсеткіші есепті жылы 0,16 теңгеге, қормен жарақтандыру көрсеткіші 1094,5 теңгеге, рентабельділік көрсеткіші 4,9 пайызға  өсіп отыр.

Қазіргі экономика  ғылымының өз қаруында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың әр түрлі әдістері мен  тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот  болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі  тәсілін  қарастырамыз:

  1. несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
  2. формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;
  3. төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
  4. қаржылық ағымның құйылуының талдау.

Осылардың ішінен несие беру қабілеттілік индексінің есебін қарастырайық. Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика-математикалық моделдеу қолдануы мүмкін. Экономика - математика моделдеу көрсеткіштер динамикасын келешекте қаржылық процестердің дамуына тигізетін факторлар әсеріне байланысты белгілі дәрежеде дәл анықтауға мүмкіндік береді. Экономикалық - математикалық моделдеудің қаржылық болжамының ең, тиімдісін алу үшін ол эксперттік бағалау тәсілімен толықтырылады, нәтижесінде қаржылық; процестердің сандық мәндерге түзетулер жасауға мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорынның тұрақтылығын болжау оның қаржылық стратегиясын таңдау сонымен қатар оның тәуекелділігін анықтау және банкроттығын болжау үшін экономикалық - математикалық модельдер қолданылады. Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Э.Альтман ұсынған Z модельдері.

Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель болып табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Алтьманның пікірінше, банкроттың ықтималдылығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэффициенті (КN) немесе ағымдағы өтімділік (КТА ), яғни кәсіпорынның активтерінің өтімділігін сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуекелділік коэффициентіне байланысты болып табылады. Эмперикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер коэффициенттердің салмақтық мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір тұрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибе статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже Z теріс болса, банкроттық ықтималдылық үлкен емес. Ал егер Z мәні оң болатын болса, ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екендігін көрсетеді.

Америка тәжірибесінде  мынадай 4 коэффициенттердің салмақтық мәндері қолданылады:

- Жабу немесе ағымдағы өтімділік(К mn) көрсеткіші үшін: (Кn )-(-1,0736);

- Баланстың  пассивіндегі заемдық қаражаттың үлес салмағының көрсеткіші үшін: (Кз ) - (+0,0579 );

- Тұрақты  шама -(-0,3877 ).

Бұдан Z есебінің формуласы мынадай болады:

 

Z = - 0,3877+ К(- 1,0736 )+ К *0,0579

(11)


Кесте 2  - Z екі факторлы модель бойынша «РЗА» АҚ –ның күйреуін болжауы

Көрсеткіштер

2009 ж

2010 ж

2011 ж

Өзгерісі 2011-2010 ж.ж

+,-

%

1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2,93

6,24

3,83

-2,41

61,4

2. Қаржылық тәуекелділік коэффициенті

0,51

0,76

0,62

-0,14

81,6

3. Z банкроттық ықтималдылығының көрсеткіші

-3,5

-7,05

-4,46

-2,59

63,2

4. Банкроттық ықтималдылығы

< 50%

< 50%

< 50 %

-

-

Ескерту – «РЗА» АҚ-ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді


 

Z =0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдылығы 50 %- ға тең және Z төмендеген сайын пайыз да төмендей береді. Егер Z >0 болса, онда банкроттық ықтималдылығы 50 %-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді

 

 

3 Кәсіпорын қызметін басқаруда тиімді стратегияны қалыптастыруды дамыту жолдары.

Информация о работе Кәсіпорынды басқару жүйесінде экономикалық стратегияны қалыптастырудың тиімді жолдары