Алматы облысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 17:46, курсовая работа

Краткое описание

Ауылдық жерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет салаларының 38919 қызметкерлеріне отын сатып алу үшін біржолғы көмекке 2011 жылы 294,2 млн.теңге төленсе, ағымдағы жылға 326,1 млн. теңге қаралды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларының ішінен ынталанып, өз бетімен кедейшіліктен шығамыз деген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықтарына мал алуға, жеке өз ісін ашуға біржолғы әлеуметтік көмек 200 мың теңге көлемінде берілуде.

Оглавление

Кіріспе
1 Алматы облысының 2012 жылдағы нақтыланған іс шаралар
1.1 Алматы облысында журіп жаткан шаралар
1.2 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
1.3 Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
1.4 Бюджет және негізгі капиталға инвестициялар
1.5 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық жоспары
2.Алматы облысында кен ауқымда жүріп жаткан жоспарлар

2.1 «Жетіген-Қорғас» темір жол жоспары
2.2 Мойнақ су электр станциясы

Файлы: 1 файл

Алматы облысы.docx

— 32.29 Кб (Скачать)

                                         Жоспар

Кіріспе

1 Алматы облысының 2012 жылдағы нақтыланған іс шаралар 

    1. Алматы облысында журіп жаткан шаралар
    2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
    3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
    4. Бюджет және негізгі капиталға инвестициялар
    5. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық жоспары

2.Алматы облысында кен  ауқымда жүріп  жаткан жоспарлар 

 

   2.1 «Жетіген-Қорғас» темір жол жоспары

   2.2  Мойнақ су  электр станциясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Кіріспе

   2012 жылдың 1 тоқсанына әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат

Мемлекет қоғамның әлжуаз мүшелерін қолдап, жауапкершілікті  іс жүзінде асырып отыр. Бұл бағытта  да облысымызда атқарылған істер  аз емес.

Мұқтаж жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бюджеттен  бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын  ұлғайып көрсетілетін қызметтердің шоғыры кеңеюде.

     2012 жылдың 1 тоқсанында 47,1 мың адамға 327,2 млн. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Оның ішінде:

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес кедейлік шегінен (2012 жылдың 2 тоқсанына - 6898 теңге) төмен тұратын отбасыларына әлеуметтік көмектер көрсетілуде.

 Мемлекеттік атаулы  әлеуметтік көмек 4417 адамға 37,7 млн.  теңге сомасында төленді. 2012 жылдың 1 сәуіріне МАӘК-ті алушылар ретінде  есепте 4408 адам қалды. Соған байланысты  кедейшілік деңгейі облыс бойынша  0,2 пайызды құрады.

  Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес орта есеппен жан басына шаққандағы    айлық табысы облыс бойынша белгіленген азық-түлік себетінің (2012 жылдың 2 тоқсанына - 10348 теңге) құнынан төмен отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына тағайындалып төленеді. 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 35121 балаға 165,3 млн. теңге төленді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес тұрғын үй көмегі жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілген Ережеге сәйкес төленеді. Аталған ереже бойынша, тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары шегінде отбасының жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.

Тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегі облысымыздың 7303 отбасына 107,1 млн. теңге мөлшерінде төленді.

  Сонымен қатар жергілікті өкілетті органдардың шешімімен әлеуметтік қорғаудың қосымша түрлері төленуде:

  Ауылдық жерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет салаларының 161 қызметкерлеріне отын сатып алу үшін біржолғы көмекке 1,2 млн.теңге төленді.

92 жұмыс істеген және  жұмыссыз азаматтарды жерлеуге  біржолғы әлеуметтік көмекке  2012 жылдың 1 тоқсанында 1,5 млн. теңге  төленді.

2011 жылдың қорытындысыМұқтаж  жандардың өмір сүру сапасын  жақсартуға бюджеттен бөлінетін  қаржы көлемі жыл сайын ұлғайып  көрсетілетін қызметтердің шоғыры  кеңеюде.2011 жылы 116,1 мың адамға 1750,9 млн.теңге  мөлшерінде әлеуметтік көмектер  көрсетілді.Оның ішінде:

 Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек туралы»  Заңына сәйкес кедейлік шегінен  (2012 жылдың 1 тоқсанына - 6792 теңге)  төмен тұратын отбасыларына әлеуметтік  көмектер көрсетілуде.Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек 7572 адамға 162,7 млн. теңге сомасында төленді. 2011 жылдың 1 қаңтарына МАӘК-ті алушылар  ретінде есепте 4596 адам қалды.  Соған байланысты кедейшілік  деңгейі облыс бойынша 0,2 пайызды  құрады. 2012 жылға атаулы әлеуметтік  көмек 8193 адамға 174,3 млн. теңге  мөлшерінде қарастырылып отыр. Қазақстан  Республикасының «Балалы отбасыларға  берілетін мемлекеттік жәрдемақылар  туралы» Заңына сәйкес орта  есеппен жан басына шаққандағы  айлық табысы облыс бойынша  белгіленген азық-түлік себетінің  (2012 жылдың 1 тоқсанына - 10188 теңге)  құнынан төмен отбасылардың 18 жасқа  дейінгі балаларына тағайындалып  төленеді. 18 жасқа дейінгі балаларға  берілетін мемлекеттік жәрдемақы  51508 балаға 654,5 млн. теңге төленді.  Бұл шараға 2012 жылы 773,5 млн. теңге  бөлінді. Қазақстан Республикасының  1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын  үй қатынастары туралы» Заңының  97 бабына сәйкес тұрғын үй көмегі  жергілікті өкілетті органдардың  шешімімен бекітілген Ережеге  сәйкес төленеді. Аталған ереже  бойынша, тұрғын үй көмегі осы  елді мекенде тұрақты тұратын  және тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді  тұтыну шығындары белгіленген  әлеуметтік нормалары шегінде  отбасының жиынтық кірісінің  10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда  тағайындалады.Тұрмысы төмен отбасыларына  тұрғын үй көмегі облысымыздың 14735 отбасына 414,1 млн. теңге мөлшерінде  төленді. Ал, бұл мақсатқа 2012 жылға  507,7 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар жергілікті өкілетті органдардың шешімімен  әлеуметтік қорғаудың қосымша түрлері  төленуде:

  Облыс әкімінің гранты бойынша оқитын жетім және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан 402 студенттің тегін оқытылуына 105 млн.теңге бөлінді. Ал, 2012 жылға 113,4 млн. теңге көлемінде қаржы жоспарланды.

 Ауылдық жерде тұратын  білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік  қамсыздандыру, мәдениет салаларының  38919 қызметкерлеріне отын сатып  алу үшін біржолғы көмекке  2011 жылы 294,2 млн.теңге төленсе, ағымдағы  жылға 326,1 млн. теңге қаралды.  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмек алып отырған отбасыларының  ішінен ынталанып, өз бетімен  кедейшіліктен шығамыз деген  отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықтарына  мал алуға, жеке өз ісін ашуға  біржолғы әлеуметтік көмек 200 мың теңге көлемінде берілуде.Жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін 103 отбасы (448 адам) 20,3 млн. теңгеге мал сатып алды және 4 отбасы (16 адам) 800,0 мың. теңгеге жеке меншік іс ашты.Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын 2252 отбасына 2011 жылы 67,8 млн.теңге көлемінде төленді, ал 2012 жылға 81,5 млн. теңге жоспарланып отыр. 490 жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмекке 2011 жылы 7,4 млн. теңге төленді.2012 жылға 14,6 млн. теңге жоспарланды.

   

       1 Алматы облысының 2012 жылдағы нақтыланған іс шаралар

1.1Алматы облысында журіп жаткан шаралар

Аталуы 2012 жылға нақтыланған  жоспар       

 Бюджеттің жалпы көлеміне  үлес салмағы (%) 01.04.2011 нақты 2012 жылдың 1 сәуіріне     жоспар  нақты % орын.  2011 жылдың нақты  3 айына өсу қарқыны (%)

Мемлекеттік бюджетке салық  алымы және басқа төлемдер: 120,8 100,0 35,7 27,4 32,8 119,7 91,8

оның ішінде:       

Республикалық бюджетке 58,8 48,7 21,0 13,6 15,1 111,1 71,8

Жергілікті бюджетке  62,0 51,3 14,7 13,8 17,7 128,3 120,4

Түсімдер - барлығы 231,7 100,0 48,2 46,2 48,0 103,8 99,6

оның ішінде:       

өзіндік кірістер 62,0 26,8 14,7 13,8 17,7 128,3 120,4

Трансферттердің түсімі - Барлығы 158,7 68,5 33,3 29,7 30,0 101,0 90,1

оның ішінде:       

Нысаналы трансферттер  РБ 54,8 23,7 15,2 8,9 9,2 103,4 60,5

Субвенция  РБ 103,9 44,9 18,1 20,8 20,8 100,0 114,9

Жергілікті бюджеттен  берілген, бюджет кредиттерін өтеу 0,1 0,0 0,2 0,0 0,1  53,3

Займдардың түсуі 2,5 1,1 0,0 0,2 0,2 100,0 

 Бюджет құралдарының  бос қалдықтарын жыл басына  бағытталуы 8,4 3,6  2,5   

Шығындар - барлығы 231,7 100,0 44,6 46,2 45,4 98,3 102,0

оның ішінде:       

Білім беру  85,2 36,8 13,2 18,9 18,7 99,0 141,5

Денсаулық сақтау  35,2 15,2 6,4 8,3 8,3 99,8 129,4

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 7,9 3,4 1,3 1,7 1,6 98,0 126,3

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық  34,9 15,1 15,1 6,8 6,7 99,0 44,4

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік  10,0 4,3 2,0 2,5 2,5 99,5 127,8

Ауыл шаруашылық  18,7 8,1 1,1 1,4 1,0 69,3 86,8

Транспорт және коммуникация 13,6 5,9 0,6 0,7 0,7 99,6 119,3

Басқалар 26,2 11,3 4,9 6,0 6,0 98,9 121,6

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1.2 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту туралы жоспар

 

      Облыс бойынша  тұрғын үйлер саны 314,5 мың теңге  үй (311,4 мың- жеке меншік, 3,1 мың-  көппәтерлі), жалпы аумағы 27,7 млн.  шаршы метр. Алматы облысында  3125 көппәтерлі тұрғын үй бар,  оның ішінде жөндеуді қажет  ететіні 2278 дана. 2011 жылы қайта  жаңғырту бағдарламасын іске  асыру барысында қаржыландырудың  екі жүйесі бойынша үш қалада  жалпы соммасы 323 млн. теңгені  құрайтын 27 көпқабатты тұрғын үйлер  жөнделді (Талдықорған қаласында-19 үй, Қапшағай қаласында-6 үй, Текелі  қаласында- 2 үй).

    Бірінші механизм  бойынша Талдықорған қаласында  «Жетісу» 48,0 тенге бөлініп, 4 тұрғын  үй жөнделді.

    Екінші механизм  бойынша үш арнайы мамандырылған  уәкілетті кәсіпорындарға 275,0 млн.теңге  жолданды («Талдықорған қаласы тұрғын  үй қызметі» ЖШС-197,7 млн. теңге,  «Қапшағай тұрғын үй» МКК-69,5 млн.  теңге, «Текелі қаласының тұрғын  үй- пайдалану кешені» ЖШС-7,8 млн.  теңге), 23 үйде жөндеу жұмыстары  жүргізілді. 27 көпқабатты тұрғын  үйлер жөнделді (Талдықорған қаласында-19 үй, Қапшағай қаласында-6 үй, Текелі  қаласында- 2 үй), мемлекеттік қабылдау  комиссиясының актісіне қол қойылды  (17), қалғандарында қол қою жалғасуда. 2012 жылы екі механизм бойынша  жалпы соммасы 1,625 млрд. теңге  болатын 97 тұрғын үйді жөндеу  жоспарлануда. 245 кондоминиум нысандарының  техникалық паспорттарды даярлауға  жергілікті бюджеттен 28,7 млн.  теңге бөлінді. Осыған қоса  әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға  тұрғын үй көмегі қарастырылған.  Алматы облысы әкімінің қаулысына  сәйкес (2012жылдың 29 қарашадағы №257) барлық аудандар мен қалаларда  тұрғын үй инспекциялары құрылған (облыс бойынша штат 46 адам).

      2011 жылы  тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты  дамытуға 4,3 млрд. теңге, ал 2012 жылы 7,7 млрд. теңге бөлінді.

     2011 жылғы  13 қыркүйектегі №1048  ҚР Үкіметінің  қаулысының 15 армағына сәйкес тапсырманы  орындау туралы Алматы облысының  әкiмшiлiгiнiң ақпараттық бюлетені

Тұрғын-үй құрылысы - жалпыұлттық  сипаттың өте маңызды есептерiнiң  бiрi болып табылатын Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі стратегиялық дамытуының басым бағыттарының бiрi.Алматы облысында  мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы бағдарламасының  шеңберiнде 2005-2007 және 2008-2010 жылдары 2810,7 ш.м тұрғын-үй немесе 22, 8 мың пәтер  пайдалануға енгiзiлген Тұрғын-үй қатынастары  бойынша нормативтік-құқықтық актілерге  сәйкес  Қазақстан Республикасының  «Тұрғын-үй қатынастары туралы»  Заңының 67-шi, 74-ші  бабына сәйкес  обылстың жергiлiктi атқарушы органдарында 12246 азамат есепке алынған, оның ішіңде  4175 азамат мемлекеттiк қызметшiлермен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерi.   Мемлекеттiк Бағдарлама шеңберiнде  облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының 659 мемлекеттiк қызметкерлері тұрғын-үйiмен қамтамасыз етілген.

    1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

     2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыста 3397 жұмыс орны құрылды, оның ішінде ірі, орта және шағын кәсіпорындарында - 2130 (62,7%), жеке кәсіпкерлік және шаруа қожалықтарында - 1267 (37,3%) жұмыс орны.

Жұмыс сұрап келген 5158 адамның 2208-і жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға - 2157 азамат жіберілді.

Әртүрлі әлеуметтік көмек 80,5 мың алушыға 442,6 млн. теңге көлемінде  төленді, оның ішінде: аз қамтылған  отбасындағы 18 жасқа дейінгі балаларға - (35,1 мың адамға) 165,6 млн. теңге, кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек - (4,4 мың алушыға) 37,9 млн. теңге, 717 ҰОС қатысушылар  мен мүгедектерге - тұрғын үй коммуналдық  қызметтер бойынша жеңілдіктерге - 9,8 млн. теңге.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 4025 жұмыссыз тіркелген, экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда жұмыссыздық 0,4 пайызды құрады.

2012 жылдың қаңтар-ақпан  айында ірі және орта кәсіпорындарда  орташа нақты еңбекақы 73554 теңгені  құрап, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда 22,7 пайызға артты.

 

 

 

    1. Бюджет және негізгі капиталға инвестициялар

    2012 жылдың 1 сәуіріне мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 32,8 млрд. теңгені құрап, болжам 119,7 пайызға орындалды.

    Республикалық бюджетке - 15,1 млрд. теңге түсті немесе болжам 111,1 пайызға орындалды, жергілікті бюджетке 17,7 млрд. теңге түсті (128,2 пайыз).

    Бюджет кірістерінің негізгі көздері: қосымша құн салығы - 23,4 пайыз, акциздер - 23,7, жеке табыс салығы - 11,6, кеден төлемдері - 4,9, табыс салығы - 9,5, мүлік салығы - 6,8, әлеуметтік салық - 8,5 пайыз.

Есепті кезеңге берешек 12444,4 млн. теңге көлемінде болып, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8339,7 млн. теңгеге төмендеді

Информация о работе Алматы облысы