Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 17:46, курсовая работа
Ауылдық жерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет салаларының 38919 қызметкерлеріне отын сатып алу үшін біржолғы көмекке 2011 жылы 294,2 млн.теңге төленсе, ағымдағы жылға 326,1 млн. теңге қаралды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларының ішінен ынталанып, өз бетімен кедейшіліктен шығамыз деген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықтарына мал алуға, жеке өз ісін ашуға біржолғы әлеуметтік көмек 200 мың теңге көлемінде берілуде.
Кіріспе
1 Алматы облысының 2012 жылдағы нақтыланған іс шаралар
1.1 Алматы облысында журіп жаткан шаралар
1.2 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
1.3 Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
1.4 Бюджет және негізгі капиталға инвестициялар
1.5 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық жоспары
2.Алматы облысында кен ауқымда жүріп жаткан жоспарлар
2.1 «Жетіген-Қорғас» темір жол жоспары
2.2 Мойнақ су электр станциясы
2012 жылдың қаңтар-наурыз
айларында 62,8 млрд. теңге инвестиция
тартылды, бұл өткен жылмен
Инвестицияның негізгі көлемі - 32652,2 млн теңге немесе 52,0 пайыз кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебінен, республикалық бюджеттен - 14469,3 млн. теңге немесе 23,0 пайыз, жергілікті бюджеттен - 3483,0 млн. теңге немесе 5,5 пайыз, шетел инвестициялары - 719,0 млн. теңге немесе 1,1 пайыз және басқа да несие қаражаттары - 11433,9 млн. теңге немесе 18,2 пайыз.
.
1.5 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық жоспары
2012 жылдың есепті кезеңінде облыста қазіргі бағамен 104,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі - 108,2 пайыз.
Тау-кен өндірісі жалпы өндіріс көлемінің 1,3 пайызын құрайды, есепті кезеңде 1,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібінің үлесі - 78,3 пайызды құрап, 81,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
Электрмен жабдықтау, газ
беру, бу және ауамен баптау облыстың жалпы
өндіріс көлемінің 19,5 пайызын құрайды
(20,2 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз
жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын
бақылау - 0,9 пайызды құрады (1,0 млрд.
теңге).Тамақ өнімдерін
2012 жылдың 1-ші сәуіріне берiлген мәлiметтер бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында 61,0 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артық, тиісінше сүт - 131,0 мың тонна (100,4%), жұмыртқа - 190,5 млн. дана (87,0%). Мал басының саны мынандай көрсеткіштерге ие болды: мүйізді ірі қара бойынша - 940,7 мың бас (өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 101,3%), қой мен ешкі - 3859,4 мың бас (101,4%), шошқа - 170,7 мың бас (104,3%), жылқы - 253,7 мың бас (102,0%) және құс - 9563,8 мың бас (104,8%).Облыс бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егістік көлемі 909,3 мың гектарды құрап (2011ж. - 909,0 мың гектар), былтырғы жылдың деңгейінен 0,3 мың гектарға артық. Ылғал сақтау технологияларын пайдалану 105 мың гектарға, тамшылап суару әдісі 3,0 мың гектарға жетеді.Жаздық дәнді дақылдардың қажетті көлемдегі тұқымы 50,3 мың тоннасы құйылды, барлық тұқымы кондициялы.Көктемгі дала жұмыстарына 36 мың бірліктен артық ауыл шаруашылығы техникасы іске қосылды (15900 трактор, 4012 соқа, 2477 дән сепкіш, 1383 қопсытқыш және 12670 тырма).Қажетті 23,8мың тонна дизель жанар майының 10,9 мың тоннасы немесе қажеттіліктің 46%-ы жинақталды. Көктемгі дала жұмыстарына 23,0 мың тонна арзандатылған дизель жанар майы бөлінген (наурыз - 6,0 мың тонна, сәуір - 8,0, мамыр - 9,0). Облысқа бөлінген көлемнің 5,3 мың тоннасы, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері іріктелуде.Бүгінгі күні көктемгі дала жұмыстары басталды.Сүдігер тырмалау 120,6 мың гектар (жоспардың 60,2 пайызы) жерінде жүргізілді, күздік тырмалау - 100,8 мың гектар (56,8 пайыз), көп жылдық шөпті тырмалау - 113,0 мың гектар (53,0 пайыз). 55,4 мың гектар жер жыртылды (жоспардың 16,3 пайызы), масақты дәнді дақылдар 17,3 мың гектарға (8,2 пайыз), мақсары - 2,0 мың гектарға (9,5 пайыз) отырғызылды
2 Алматы облысында кен ауқымда жүріп жаткан жоспарлар
2.1«Жетіген-Қорғас» темір жол жоспары
«Жетіген
- Қорғас» темір жолы биыл жыл соңына дейін
салынып бітеді. Сондай-ақ «Қорғас» халықаралық
шекаралық байланыс орталығының алғашқы
кешені желтоқсан айында іске қосылуы
тиіс.
Үдемелі индустриалды-инновациялық даму
бағдарламасына енген екі жобаның орындалу
барысымен танысу үшін үшін Вице-премьер
– Индустрия және жаңа технологиялар
министрі Әсет Исекешов Қорғас шекара
бекетіне арнайы келді. Жетіген – Қорғас
темір жолы маңызды стратегиялық жобалардың
бірі. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы
өзара сауда айналымын арттырып қана қой-май,
Азия мен Еуропа арасындағы негізгі көлік
дәлізіне айналмақ. Темір жол желісінің
қашықтығы – 293 шақырым. Онда 14 жаңа жеке
бөлімше жұмыс істейтін болады. Солардың
бірі – Алтыкөл стансасы. Теміржол, вокзал,
әкімшілік ғимарат пен қонақүйлер жыл
соңына дейін салынып бітуі тиіс. Осы күзде
әзірге атауы белгісіз тағы бір стансаға
алғашқы тұрғындар қоныс аударады. Кент
темір жолшыларға қызмет көрсету үшін
арнайы тұрғызылған. Мұнда 500 пәтерлі үй,
мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория,
асхана, монша мен өрт сөндіру депосы салынды. Ерік
СҰЛТАНОВ, ҚТЖ ҰК ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
-90 пайыз жұмысымызды бітірдік. Қазір мұнда
4 мың адам жұмыс істейді. 2 мың техник бар.
Мигранттар жоқ, барлығы жергілікті тұрғындар.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының
иығына жүктелген тағы бір жоба – «Қорғас»
халықаралық шекаралық байланыс орталығы.
Шет елдіктер визасыз бір ай жүруге мүмкіндік
алатын сауда алаңы деуге болады. 113-ке
жуық негізгі нысандардың құрылысын мемлекеттің
өзі салады, ал қалған – қонақүй, мейрамхана,
сауда және ойын-сауық кешендер инвесторлар
есебінен. Алда халықаралық орталықты
кәдімгі қалаға айналдыру ойда бар. Салынуы
18-шы жылға дейін созылатын ұзақ мерзімді
жобаның алғашқы кешені осы желтоқсанда
пайдалануға берілуі тиіс.Ерхат ЕСҚАЛИЕВ,
ҚТЖ ҰКВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
-Біз алда ел аумағы мен шекара бекеті
арқылы жоғары жылдамдықпен өте алатындай
мүмкіндігі бар транзитті мемлекет боламыз.
Қызмет көрсету жағы да замануи талапқа
сай болу тиіс. Үшіншісі – ол қауіпсіздік.
Соңғысы – тұрақтылық. Тағы бір жаңалық,
қашықтығы 304 шақырым болатын Алматы-Қорғас
4 жолақты автобан құрылысы келесі жылы
басталады. Бұйыртса, аталмыш құрылыс
2015 жылға қарай аяқталмақ.
\
2.2 Мойнақ су электр станциясы
Жобаның мақсаты:Алматы облысының Райымбек ауданындағы Шарын өзенінде салынып жатқан қуаттылығы 300 МВт Мойнақ ГЭС-інің қуатын беруді қамтамасыз ету. Мойнақ ГЭС-і қуат пен электр энергиясының тапшылығын азайту, барынша көп жүктемелерді жабу, Алматы облысын және Қазақстанның Оңтүстігін тұтастай алғанда, тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында салынып жатыр.Жобаны қаржыландыру Халықаралық Қайта құру және даму банкінің қарыз қаражаттары және «KEGOC» АҚ-ның жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.7 326 730 мың теңге сомаға «2009 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз қаражаттары есебінен қаржыландырылуға ұсынылған инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009ж.21.09 № 1416 қаулысы шығарылды.Сондай-ақ «Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру» жобасы бойынша мемлекеттік кепілдікпен беру туралы» ҚР Үкіметінің 2009ж.06.11 № 1771 қаулысы шығарылды.Жобаны іске асыру үшін 2009 жылғы 12 қарашада «KEGOC» АҚ Халықаралық Қайта құру және даму банкімен (ХҚДБ) мемлекеттік кепілдікпен 48 млн. АҚШ доллары сомасына кредиттік келісім жасасты.Жобаны іске асыру мерзімі: 2010-2012 жылдар.Жоба бойынша 2008 жылғы 14 қарашада және 2009 жылғы 2 қазанда Алматы қаласында қоғамдық тыңдаулар болып өтті. ӘЖ трассасына сәйкес МҰПП аумағын айналып өтетін Мойнақ ГЭС-інің нақтыланған схемасын есепке ала отырып, «Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру» жобасының ТЭН-не түзету жасалды. «Мемсараптама» РМК-ның 2010ж.29.04 № 02-0219 сараптамасы алынды.ТЭН түзетілімдерінің нәтижелері бойынша ҚР ҚОҚМ 2010ж.07.04 № 06-05-01-18/282-1 мемлекеттік экологиялық сараптамасының қорытындысы алынды.Консультациялық қызметтер көрсетуге арналған MVV Decon GmbH 2010ж.21.06 жасалған №17-К-1004 келісім-шартқа қол қойылды.220 кВ Мойнақ ГЭС – Шелек ҚС және Мойнақ ГЭС – Робот ҚС жоғары вольтты электр жеткізу желілерін жобалауға, салуға және пайдалануға енгізуге 2011 жылғы 01 наурызда KEPCO консорциумымен және Hyundai Corporation (Корея) №17-К-193 келісім-шартқа қол қойылды.Жобаның бекітілген құны - 54,1 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары кезінде 700-ге дейін адамдар жұмыспен қамтылады. Іске қосылғаннан кейін станцияда 127 жаңа жұмыс орны ашылады.2011 жылы келесі жұмыстар орындалған:Мойнақ СЭС Бестөбе су қоймасының құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Өлшеуіш қондырғылар орнатылған.Су шығаратын тегеуріндік төнел дайындалған.Сыртқы электрмен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Автокөлік жолы салынған және абаттандырылған, ішкі алаңдық инженерлік тораптармен 80 тұрғын үй бар пайдалану қызметінің кенті салынды.
ҚР Оңтүстік өңіріндегі энергия тапшылығын болдырмаудағы оңтайлы электр энергиясы көздерін жасақтау.
Қатысушылар
«Мойнақ СЭС» АҚ; «Самұрық-Қазына «ӘАҚ» АҚ
Іске асыру кезеңі 2006 - 2011 жж.
Іске асыру орны
Жылысай селолық округі, Райымбек ауданы, Алматы облысы
Жобаның жалпы құны 54 128 млн. теңге
Қаржыландыру сызбасы
Несиелік қаржы -49 549 млн. теңге ( «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, « Қытай Даму Банкі»).
Жеке қаражаты - 4 579 млн. теңге («Мойнақ СЭС» АҚ құрылтай жарнасы).
Жұмыс орны (жылдық орташа есеппен) СЭС пайдалану кезеңінде 127 жұмыс орны құрылады. Қазіргі уақытта Мойнақ СЭС құрылысына 758 адам тартылған
9 Жобалық қуаттылығы 300 МВт
Күтілетін нәтиже
Электр энергиясын орташа жылдық өндірілуі 1027 млн.кВтч. ҚР Оңтүстік өңіріндегі энергия тапшылығын болдырмаудағы оңтайлы электр энергиясы көздерін жасақтау.
Жұмыс нәтижелері
Жалпы жұмыс барысында
810 адам қосылған және 186 дана құрылыс
техникасы мен арнайы
Мойнақ-Бестөбе
-жер тасты платина құрылысы-100%;
- жұмыстық суағынды қысымдық туннель-100%
-ГЭС суқабылдағышы-100%
-гидромеханикалық қондырғылар монтажы-100%
-Бестөбе су қоймасын
1736м көрсеткішіне дейін
Қосымша қондырғылар
-17 км жол құрылысы
жасалды, оның ішінде Бестөбе
су қоймасына баратын жолдың,
ГЭС ғиматарына баратын жолдың,
контрреттегішке баратын
- барлық нысандар мен
ғимараттардың сыртқы
Қорыта келгенде 2011 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 9,6 млрд. теңге болатын 10 нысан қолданысқа берілді, 609 жұмыс орны құрылды: «Кормовик-Евротехнология» ЖШС-нің премикс және концентраттарды шығару, «ЮринвестСтрой» ЖШС-нің асфальтті шығару, «Байсерке Агро» ЖШС-нің сүт өнімдерін шығару, «Компания SONIK» ЖШС-нің профильді құбыр шығару, «ХундайАвтоТранс» ЖШС-нің Хундай маркалы жүк көліктерін және автобустарын жинайтын ірі торапты зауыттар, «Кайнар-АКБ» кәсіпорынында индустриялды аккумулятор батареяларын иегерелуі бойынша жабасы, «Байсерке Агро» ЖШС-нің серіктестігінің ет өңдеу, «Жеңіс 2006 компаниясы» ЖШС-нің балық өңдеу кешендері, «Жаңа Ақ-дала» ЖШС-нің 13 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы, «Green House - зеленый дом» ЖШС-нің аумағы 3,65 га жылыжайы.2011 жылы Республикалық карта аясында Жетіген-Қорғас теміржол желісі іске косылды, Мойнақ ГЭС-ы құрылысы жобасының жүзеге асырылуы жалғасуда. Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет министрлікке туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу міндетін жүктеді. Қазіргі кезде саланы дамытудың алдын ала жүйелі жоспары дайындалуда. Бұл бағдарлама жыл соңына қарай бекітілмек. Ал Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мырза елде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуына бірнеше жайттың кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы мемлекеттік жекеменшік әріптестік институты мемлекет пен бизнес қарым-қатынасының үлгісі ретінде «Концессиялар туралы» Заң қабылданып, қажетті нормативтік-құқықтық база дайындалып 2006 жылдан бастап дами бастаған. Қазіргі кезде 6 концессия жүзеге асырылуда.
Дегенмен соңғы жылдары мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің дамуы бірнеше себеп бойынша тежелген. Мәселен 20082009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы еліміздегі МЖӘ-нің даму жоспарын өзгертіпті. Алдымен бұл автожол саласына әсер етіпті. Сонымен бірге еліміздің қолданыстағы заңнамасы әлемдік тәжірибеде пайдаланылатын мемлекеттік жекеменшік әріптестік келісімшарттарының түрін қолдануға мүмкіндік бермейді екен. Оны қолдану саласы әлеуметтік салада және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында шектелген. Жобаларды дайындау мен жүзеге асыру барысы қиындатылған. Бұл экономиканың әлеуметтік маңызды секторына шетелдік және отандық инвестицияларды тартуға кедергі келтірмек. Отырыста Премьер-Министр мырза Үлкен Алматы айналма жолы құрылысының жобасын жүзеге асыруды аяқтау қажеттігін де тілге тиек етті. Сөйтіп, бұл істі ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевке жүктеді.